облысында халық шығармашылығын екі ұйым жүзеге асырады: «Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» МКҚК және «Көкшетау» мәдениет сарайы МКҚК
Ақмола облысының мәдениетін сақтау мен дамытуға 1998 жылы құрылған облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы өз үлесін қосады.
ОХШО жұмысы қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен, оқу орындарымен, мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста құрылады. Облыстың мәдени-демалыс объектілерінің проблемалық мәселелері зерделенеді, облыстық байқаулар, конкурстар, фестивальдар, семинар-практикумдар, шеберлік сыныптары және көркемөнерпаздар ұжымдарының басшылары үшін жеке кеңестер өткізіледі.
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимараты 1970 жылы берілген, 2001 жылы толық жөндеуден өткізілген.
Жалпы алаңы 5029 кв.м. «Көкшетау» МС негізгі міндеттеріне халықтың бос уакыттарын ұйымдастыру және рухани сұранымдарын қанағаттандыру, моральдық, эстетикалық тәрбие беру, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды дамыту және сақтап қалу. Осы міндеттерді орындау үшін барлық мүмкіндіктер жасалған; 600 орындық көрермендер залы, көрме, би және балет залдары, гримерлар мен үйірмелер, дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, дыбыс күшейткіш және жарық беруші аппаратуралар, компьютерлік техника интернет желісіне шығатын, сахналық киімдерді сақтау бөлмелері бар.
«Көкшетау» мәдениет сарайы жақсы тарихымен белгілі. Ақмола облысындағы мәдени, қоғамдық жұмыстар өткізілетін қала орталындағы мәдени орда. Жыл сайын 100 ден астам мерекелер өткізіліп, оларды он мыңнан астам адам тамашалайды. Бала көрермендер арасында алуан түрлі шаралар өткізіледі. Олардың көпшілігі тақырыптық - олар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қызықты бағдарламалар, күлкі күніне, балалар күніне арналған шоу концерттер. Жыл сайын қыркүйек айында дәстүрлі мектепке алғашқы барушы Бірінші сыныптықтарға арналған бағдарламалар өткізіледі. Жаңа жыл қарсаңында «Көкшетау» МС жаңа жылдық шырша қойылып Президент шыршасы өткізіледі. Осы мерекеге обылыс балалары қатысады. Жаңа жыл мерей - шараларында Аяз Ата мен Ақшақар қатысып барша балаларды құттықтайды. Жасөспірімдер мен балалар арасында жас дарындарды ашу үшін қалалық және облыстық байқаулар өткізіледі. Жастар үшін алуан түрлі мәдени демалыс шаралары ұйымдастырылады.
«Көкшетау» мәдениет сарайында 28 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді және оларға 900 ден астам өнерпаздар қатысады, жас аралықтары 4 пен 60 арасы. Осылардың 10 ұжымы «Халықтық» атағына ие, 4 ұжым «үлгілі» атағын алған. Бұл ұжымдар өнерпаздардың көркемдік талғамдарын қалыптастырып өнер шығармашылықтарына, мәдени әдемілікке үйрету болып табылады. Жыл сайын дәстүрлі облыстық көркемөнерпаздар байқауы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізіледі. Бірнеше дүркін бас жүлде иегері. Мәдени қызметкерлер мен үйірмелер жетекшілері кәсіптік білім алған. Мәдени ағарту және бос уақыт ұйымдастыру бөлімдері халықпен жұмыс істейді. Олар түрлі концерттер, байқаулар, конкурстар, фестивальдар, клубтық кештер, шоу-бағдарламалар және т.б. өткізеді.
Халық шығармашылық бөлімі көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыстарын қадағалайды, балаларды қабылдап, дайындық күнтізбелерін жасайды. Ұжымдар туралы толық мәлімет жинап, дайындалу сабақтарын гастрольдік концерттерін қадағалайды.