Ақмола облысында 2 театр ұйымы жұмыс істейді - «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК және «Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК және 1 концерттік ұйым - «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК.
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры 1996 жылы 6 наурыз күні Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклімен шымылдығын ашқан болатын. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров.
Театрды ашуға Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының бір топ жас түлектерін бастап әкеліп, ұжымға алғашқы басшы болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Үкібайұлы Оспановтың еңбегін айта кеткен орынды.
1977 жылдың 8 ақпанында Қазақстан Компартиясының Көкшетау облыстық комитетi бюро отырысында «Облыстық драма театрының ашылуы туралы» қаулы қабылдайды.
«Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК 1977 жылы құрылды. 1977 жылдың 28 қазанында алғашқы театр маусымы жарияланды. Көрермендер пiкiрiне театрдың басты режиссерi, ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Куклинский Яков Аронұлының қойылымында Л.Славинның «Интервенция» спектаклi ұсынылды. Я.А. Куклинский — Карпенко — Карого атындағы Киев ГИТИС –нiң түлегi, мүдделестер тобымен бiрге Қостанайдан Көкшетауға келiп, орыс драма театрын құрды. Я.А. Куклинский 20 жыл бойы (1977-1997 ж.) театрдың ауысымсыз көркемдiк жетекшiсi болып қызмет еттi.
Театр өнерiнiң өркендеуiне үлес қосқан еңбегi үшiн Я.А. Куклинскиге 08.06.1987 жылдан Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумның Қаулысымен «Қазақ КСР еңбек сiңiреген өнер қайраткерi» құрметтi атағына иелендi.
1981 — 2000 ж. — А.П. Мирошниченко — театр директоры.
2001 ж-дың қараша айынан — 2014 ж. қантарына дейiн — директор және театрдың көркемдiк жетекшiсi, 1984 ж. Мәскеуде Ресей театр академиясын (экономист, театр бiлгiрi, театр театр iсiнiң жетекшiсi) бiтiрген, ҚР еңбек сiңiреген қайраткерi. Оның жетекшiлiгiмен театр айтарлықтай табыстарға жеттi, репертуарда орыс, қазақ және шетел драматургиясының iрi аңызды түрлерi пайда болды. Театр үнсiздiктен жаңа ғасыр талабына жауап беретiн, табыскер, Республикамыздың және оның шекарасынан тыс жерлерiнде толықтай қатынаса алатын деңгейге шықты.
О.Б. Луцива — театрдың басты режиссеры, «Мәдениет саласы үздiгi». Оның қойылымдарын көпшiлiк сүйедi. Олар көрермендерге қызықты да, олармен талқыланады, ол сан-алуан жанрларды қызық көретiн, эспериментке әрқашан дайын болатын режиссер болып табылады.
2014 жылдан бастап — «Мәдениет саласының үздiгi» директоры — Б.С. Бахтыгереев.
Ақмола облыстық филармониясы Көкшетау қаласында 1946 жылы 7 желтоқсанда құрылды. Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің Көкшетау облыстық атқару комитетінің "облыстық концерттік-эстрадалық бюроны ұйымдастыру туралы" №33/5 шешімімен джаз-оркестрінің және қазақ концерттік бригадасының базасында облыстық концерттік-эстрадалық бюро құрылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 1963 жылғы 1 маусымдағы № 152 Л бұйрығы негізінде.КСРО-ның облыстық концерттік-эстрадалық бюросы Көкшетау "Целинконцерт"бөлімшесі болып өзгертілді.
1965 жылдың 1 желтоқсанында мәдениет басқармасының № 91 Бұйрығымен Көкшетау мемлекеттік облыстық филармониясы ұйымдастырылды. Дәл осы уақыттан бастап Көкшетау мемлекеттік облыстық филармониясы дербес шығармашылық концерттік ұйым болып табылады.
Бүгінгі таңда Ақмола облыстық филармониясы облыс әкімдігінің 28.05.2009 ж. № а-5/235 қаулысымен берілген бұрынғы Теміржолшылар мәдениет сарайының ғимаратында орналасқан.
Театрлар мәдени мұраны сақтау мен насихаттауда шешуші рөл атқарады. Ақмола облысында 2 мемлекеттік театр жұмыс істейді (штат 254 маман, оның ішінде шығармашылық ұжым – 79). Қазақ театрының «Халық әртісі» труппасында Жібек Багисова, «Мәдениет қайраткері» - 4, «Мәдениет саласының үздігі» - 8.
Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің 90 жылдығына орай көрікті Көкше төрінде былтыр бастау алған Халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық фестивалі өткізілді. Биыл Қазақстандық театрлармен бірге Түркия, Әзербайжан мемлекеттерінің өнер ұжымдары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Павлодарда Алаш арысы, жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ертіс-Баян» республикалық театрлар фестивалінде 30 театр арасынан «Үздік эпизодтық ер адам бейнесі» аталымын «Тартюф» комедиясындағы рөлі үшін Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері Қайрат Мырзаболатов жеңіп алды.
Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «ABISH ALEMI» ІІІ Халықаралық театр фестивалі аясында Ақмола облыстық орыс драма театрының «Станционный смотритель» спектаклі «Үздік режиссура» және «Үздік спектакль» жүлделерімен марапатталып, «ТҮРКСОЙ» жүлдесін жеңіп алды.
Сонымен қатар, театрдың талантты актрисасы, «Мәдениет саласының үздігі» Нұргүл Рыспайқызы фестивальде Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына орай «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ» құрмет медалімен, театр директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Салауатұлы «Түркі әлемінің мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«Сыншылардың VI театр премиясында» орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев «Үздік театр менеджері» номинациясында, ал Александра Букреева мен Тимур Валиев «Жылдың үздік дуэті» номинациясымен марапатталды. Театр директоры, «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» Бақтыгереев Бейбіт Салауатұлы мәдениет және ақпарат министрінің мәдениетті дамуына қосқан үлесі және қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Филармонияның шығармашылық кәсіби ұжымдары 232 концерт өткізді. Түскен қаражат сомасы 20592,3 мың теңгені құрады, іс-шараларға 48 120 көрермен қатысты.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы концерттік ұйым болып табылады (216,5 штат), онда 3 оркестр табысты жұмыс істейді. К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптары, симфониялық және эстрадалық-үрмелі. «Гәкку» халықтық би ансамблі, камералық музыка ансамблі, «Bipl» театр студиясы, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Орда» этно-фольклорлық тобы, камералық хор, солистердің шығармашылық бөлімі, олардың арасында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жәмилә Жарқымбаева, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» Бисара Мәкенова, Мара Есмұханова. 2024 жылы филармония 232 концерт (2023 жылы - 230), 48 120 көрермен (2023 жылы – 48 100) өткізді.
Облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Өмірзақ Шешханұлы дәстүрлі әндер орындаушыларының фестиваль-байқауында ІІ орынды иеленіп, Тұрсынғазы Рахимов атындағы медаль иегері атанды.