2024 жылғы «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«БЕКІТЕМІН»

«Ақмола облысы мәдениет басқармасы» ММ-нің басшысы

_____________А. Сәбитова

«___» ___________ 2025 ж.

 

 

2024 жылғы «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

талдамалық анықтама

 

Көкшетау қ.                                                                                                  2025 ж. «___» мамыр

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Басқармамен жұмыс тобы құрылды.

Корупциялық тәуекелдерге талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 1-31 мамырар алығында.

Талданатын кезең: 2024 жылғы 1 наурыздан 2025 жылғы 1 наурызға дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталады.

Ұйымдастырушылық–басқарушылық қызмет деп келесі мәселелер  түсініледі:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.1. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларында» аныкталған сыбайлас жемқорлық нормалары.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығымен бекітілген «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын» тексеру барысында құқық қолданушыға ыңғайлы түрде түсінік беру әдісін таңдау мүмкіндігін беретін лингвистикалық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық актінің сол бір жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасындағы құқықтық тұрғыдан әртүрлі түсіндіруге мүмкіндік беретін мағыналық сәйкессіздіктер.

 

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

Құрылымдық элемент

Қазақ тіліндегі редакция

Орыс тіліндегі редакция

 

«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларына» 1-қосымшаның 9-тармағы – «Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер»

 

 

 

 

 

 

Өтінімді қабылдаудан бас тарту себебі - көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы.

 

 

 

 

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;

3) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

Ұсынымдар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығымен бекітілген «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларына» өзгерістер енгізу бойынша бастамашылық жасау.

              

1.2. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында» аныкталған сыбайлас жемқорлық нормалары.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларының» тексеру барысында құқық қолданушыға ыңғайлы түрде түсінік беру әдісін таңдау мүмкіндігін беретін лингвистикалық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық актінің сол бір жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасындағы құқықтық тұрғыдан әртүрлі түсіндіруге мүмкіндік беретін мағыналық сәйкессіздіктер.

 

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 Құрылымдық элемент

Қазақ тіліндегі редакция

Орыс тіліндегі редакция

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларының» 4-тармағының 4) тармақшасы

 

4) өнім беруші бекіткен оқу бағдарламасы:

- оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;

- болжамды шығармашылық нәтижелер;

- оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес бір тақырыпқа жұмсалатын сабақтардың санын көрсете отырып, күнтізбелік бір жылға сабақтардың тақырыптарын аудару));

- сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;

- сабақтарды өткізу кестесі;

- баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде конкурстық (жарыстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;

- сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;

- осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда қашықтықтан сабақтар өткізу мүмкіндігін ескере отырып, өнім беруші бекіткен шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;

- шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;

4) утвержденная поставщиком учебная программа по видам творчества, содержащая:

- цели и задачи учебной программы;

- прогнозируемые творческие результаты;

- содержание занятий по степеням обучения (перечисление тем занятий на один календарный год с указанием количества занятий, затрачиваемых на одну тему в соответствии с Методикой;

- описание материально-технического оснащения для обеспечения занятий;

- график проведения занятий;

- планируемый график проведения внутренних мероприятий, в том числе конкурсных (соревновательных), отчетных мероприятий и открытых уроков для законных представителей ребенка;

- сведения об индивидуальном инвентаре и экипировке детей, необходимых для проведения занятий;

- регламент посещения творческого кружка;

 

Ұсынымдар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына» өзгерістер енгізу бойынша бастамашылық жасау.

 

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2.1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды айқындау:

Басқарма құрылымы 3 бөлімнен тұрады, штат саны 13 бірлік (бос орын – 1 бірлік) және басқарма басшысы, бөлім басшылары – 3 бірлік, бас мамандар – 9 бірлікт құрайды.

Мемлекеттік қызметке қабылдау/жұмыстан босату, тәртіптік жаза қолдану және алып тастау, басқарма қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу және т.б. барлық конкурстық рәсімдерді облыс әкімі аппараты жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған барлық қызметкерлер мемлекеттік қызметке кіруге байланысты шектеулерді қабылдайды.

Қолданыстағы заңнамада лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзу (оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және т.б.) анықталған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардан Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Басқарманың ережесіне сәйкес ведомстволық бағыныстағы 11 мәдениет ұйымы (6 мемлекеттік кәсіпорын, 5 мемлекеттік мекеме) болып табылады.

Басқарма ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды жүзеге асырады.

Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығымен  бекітілген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларымен және шарттарымен» (бұдан әрі -  №189-Қағида) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларымен» регламенттелген.

2024 жылы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің 2 директоры және мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындардың 2 директоры аттестаттаудан өтті.

Өз кезегінде ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар №189 Ережеге сәйкес азаматтық қызметшілерді өз ұйымдарының ішінде аттестаттаудан өткізеді. 

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу:

Мүдделер қақтығысын талдау барысында: жақын туыстарына қатысты лауазымдық міндеттерін атқаруға; мемлекеттік қызметшінің өзге де ақылы қызметпен айналысуына; бағалы қағаздарды, облигацияларды және өзге де мүлікті иеленуіне; сыйлықтар қабылдауға (сыйға тартуға) және қызметтер алуға (көрсетуге); мүліктік міндеттемелер мен сот талқылауларына; жұмыстан босатылғаннан кейін бұрынғы жұмыс берушімен өзара іс-қимылға және жұмысқа орналасуға және белгіленген шектеулер мен тыйымдар анықталған жоқ.

2.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету:

Басқарма үш Мемлекеттік қызмет түрін  көрсетеді: «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру», «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру» және «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру».

Бір мемлекеттік қызмет («Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру») толығымен автоматтандырылған және «электрондық үкіметтің» веб-порталдары арқылы көрсетіледі.

Екі мемлекеттік қызмет («Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» және «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау») ішінара автоматтандырылған – «электрондық үкіметтің» веб-порталдары немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ғана жүзеге асырылды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтималдығын болдырмады.

2.4. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру.

Басқарма балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруды және олардың жұмыс істеуін жүзеге асырады.  

Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға 2024 жылы 1 млрд. 279, 3 млн. теңге бөлініп, игерілді. 63 жеткізуші қызмет көрсетеді, 220 үйірме жұмыс істейді, 8570 бала шығармашылық үйірмелерге барады.  

2.4.1. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру кезіндегі тәуекелдер:

Біріншіден, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларына» сәйкес өнім берушіге ақы төлеу әрбір баланың сабаққа нақты қатысуы негізінде жүргізіледі.  

Ол үшін өнім беруші барлық балалардың қатысуының электрондық табельдерін және дәлелді себептер бойынша қатыспауды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін жолдайды. Оператор тек ұсынылған құжаттардың толықтығын және баланың дәлелді себептер бойынша қатыспау сәйкестігін  тексереді. Бұл ретте операторға балалардың шығармашылық үйірмелерге нақты қатысуын тексеру мүмкін емес, өйткені, оператордың өнім берушілер ұсынылған есептердің дұрыстығын тексеру тетігі көзделмеген. Осылайша, жосықсыз өнім беруші көрсетілген қызметтер үшін бюджет қаражатын заңсыз алу мақсатында сабаққа нақты қатыспаған балалар («мертвые души») туралы деректерді бару есебінің табеліне енгізе алады.

Екіншіден, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес (бұдан әрі - Қағидалар) шығармашылық үйірмеге қабылдауға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке қою үшін электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

Мемлекеттік спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстары шеңберінде ел ауқымында бір балаға спорт секцияларының немесе шығармашылық үйірмелердің қызметтеріне кезекте баланың заңды өкілінің бірден көп емес өтінішінің болуына жол беріледі.

Республика ауқымында бірыңғай платформа жоқ. Әрбір облыстық (мәдениет және спорт) басқармасы мемлекеттік сатып алуды жүргізу арқылы ақпараттық жүйеге қолжетімділік бойынша өнім берушілерді дербес айқындайды. Қолданыстағы ақпараттық жүйелер («Артспорт», «Даму бала», «Дара бала» және т.б.) бір-бірімен интеграцияланбаған. Бұл мән-жай ақпараттық жүйенің жоғарыда көрсетілген талапты (бірден көп емес) бұза отырып берілген өтініштерді анықтау және күшін жою мүмкіндігін болдырмайды.

Яғни, өнім берушілерге бюджет қаражатын заңсыз төлеумен байланысты бір баланы шығармашылық үйірмеге және спорт секциясына қабылдау тәуекелі туындайды.

Ұсынымдар: орталық атқарушы органға мынадай ұсыныстар енгізу:

- жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды іске асыру үшін бірыңғай ақпараттық жүйені құру туралы;

- балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың биометриялық функциялар (Face ID, Alaqan) немесе QR-код арқылы балалардың қатысуын есепке алу бөлігінде жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу.

2.5. Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

Басқарма «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде екінші санаттағы рұқсат құжаттарына жататын куәлік береді.

Талдау жүргізілген  кезеңде рұқсат құжаттары берілген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ықтимал тәуекелдер 2.3-тармақтарда көрсетілген.

2.6. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:

Басқарма бақылау-тексеру функцияларын іске асырған жоқ.

2.7. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

Басқарманың бюджет және қаржы қаражатын игеруі және бөлуі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу үшін мекеме жасаған бекітілген бюджеттік өтінімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына бөлінген бюджет қаражатына сәйкес жүргізіледі. Бөлінген қаражатты игеру қатаң түрде мақсатты мақсатта жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Негізгі құралдарды, материалдық емес актілерді және тауарлық-материалдық қорларды түгендеу «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Барлық нәтижелер түгендеу ведомостарына енгізіліп  мекеменің есепті жылдағы балансын жасау кезінде ескерілді. Түгендеу нәтижелері уақтылы ұсынылды, кемшілігі  немесе артықшылығы анықталмады, ескертулер жоқ.

Жұмыс уақытын есепке алу табельдері Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабының 20-тармағының және 79-бабының негізінде уақтылы жасалады. Жұмыс уақытын есепке алу табельдері  мекеме басшысы бекітеді және есепті айдың қорытындысы бойынша айына бір рет есеп бөліміне жолданады. Уақыт кестелері қызметкерлердің нақты жұмыс уақытын, нақты жұмыс істемеген уақытын, еңбек демалысын, демалыс және мереке күндерін көрсетеді. Табельдер жалақыны есептеудің ресми құжаты болып табылады. Жұмыс уақытының табельдерін жасау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, жұмыс істемеген жұмыс уақыты бойынша барлық ілеспе құжаттар (аурухана парақтары, анықтамалар, бұйрықтар) толық көлемде бекітілді. Бұзушылықтар мен ескертулер жоқ.

2.8. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

Басқарма мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. №648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізеді. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Шарттар жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын айқындауға мүмкіндік берді. Электрондық шарттарды және Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған бірқатар басқа нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Басқарманың барлық мемлекеттік сатып алулары бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

2024 жылы жалпы сомасы 14480,6 мың теңгеге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы барлығы 64 шарт жасалды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілдері бойынша:

- бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен 1815,9 мың теңге сомаға 1 шарт тікелей жасалды, бұл шарттардың жалпы санының 1,5 %  құрады;

- 5957,3 мың теңге сомасына 40 шарттың баға ұсыныстарын сұрату, бұл шарттардың жалпы санының 62,5 % құрады;

- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден 1598,5 мың теңге сомаға 15 шарт жасалды, бұл шарттардың жалпы санының 23,4 % құрады;

- негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі - 3784,0 мың теңге сомаға 4 шарт жасалды, бұл шарттардың жалпы санының 6,2 %  құрады;

- алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс - 806,4 мың теңге сомасына 1 шарт, бұл шарттардың жалпы санының 1,5 % құрады;

- ашық конкурс - 518,5 мың теңге сомасына 3 шарт, бұл шарттардың жалпы санының 4,9 % құрады.

2023 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен 2024 жылы жасалған шарттар саны 2 есеге, ал 2022 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда - 5 есеге төмендеді (2023 жылы - 1994,0 мың теңге сомаға 2 шарт, 2022 жылы - 6 073,8 мың теңге сомаға 5 шарт).

Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған шартта «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есеп» қалыптастырылды, онда осы әдісті қолдану туралы шешім қабылдаудың барлық негіздемелері және жасалған шарттардың жеткізушілері мен бағаларын таңдау негіздемесі бар.

2024 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен бәсекелестік ТЖҚ сатып алу жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көрсетілген қағидаттарға негізделеді.

Ішкі талдау нәтижесінде басқармада мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жауапты адамдардың жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

2.9. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:

Басқарма  ақпараттық жүйелерді жасаумен айналыспайды. Электрондық құжат айналымы, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу, өтініштерді есепке алу, Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету жүйелерін пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.10. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

2.10.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 189 жолданым келіп түсті. Қайталанған өтініштер түскен жоқ. Азаматтардың өтініштерін қарау және қайта бағыттау мерзімдері бұзылған жоқ. Әкімшілік актілерге сот тәртібімен шағым жасалмады.

Ең жиі көтерілетін мәселелер: белгілі бір атаулы күндерге орайластырылған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге; мемориалдық тақталарды (бюсттер, ескерткіштер және т.б.) орнатуға; іздестіру, құрылыс және жер пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға байланысты. Ведомствоаралық пысықтауды талап ететін мәселелер жоқ.

Басқармасының сайтында басшының жеке қабылдау кестесі орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/activities/appointment-schedule?lang=ru

«Онлайн қабылдау» функционалы бар, оның көмегімен онлайн-режимде жеке қабылдауға жазылуға, жазбаша сұрақ қалдыруға немесе өтініш беруге болады.

Жеке қабылдауға жазылу сайтта көрсетілген телефон арқылы да мүмкін.

Мұның бәрі қабылдау кестесін әзірлеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде анықталған проблемалық мәселелер жоқ.

Жолданымдарды және жауаптарды зерделеу барысында тәуекелдер анықталған жоқ.

2.10.2. Құқықтық сауаттылықты арттыру:

Құқықтық сауаттылықты арттыру, Конституцияда белгіленген негізгі құндылықтарға сәйкес азаматтардың заңды әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мақсатында Басқарма құқықтық насихатпен және құқықтық білім беруге байланысты жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында 2024 жыл ішінде Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде басқарма 81 жарияланым орналастырды, 6 тікелей эфир өткізді.

 

 

Мәдениет ұйымдарының қызметін

қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                                   Д. Бейсембаева

 

Мемлекеттік шығармашылық

тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі

бөлімінің басшысы                                                              Г. Макова

 

Қаржы және әкімшілік жұмысы

бөлімінің басшысы                                                               С. Головашова

 

Мемлекеттік шығармашылық

тапсырысты жүзеге асыру

жөніндегі бөлімінің бас маманы                                          С. Нурканов

 

Дата публикации
16 июня 2025