Ағымдағы жылдың ақпан айында Ақмола облысының театрларымен 67 қойылым қойылды, көрермендер саны 5821 (олардың ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар саны- 40), отандық авторлардың шығармалары бойынша 27 спектакль, Бурабай ауданы, Щучинск қаласына 1 гастрольдік сапар ұйымдастырылды.
Театрларда гастрольдік сапар аясында Новосібір қаласының «Глобус» академиялық жастар театры мен Астана қаласының «Жан» театрының «Өліара» және «Олеся», «Шанель» қойылымдары көрсетілді.
Ай ішінде репертуар бойынша ойналған қойылымдар - «Қиотаға жол», «Емтихан», «О,Қыздар», «Ар.Рух.Муза», «Ән аты-Нурикамал», «Расёмон», «Сиротливый Запад», «Лютый», «Ночь перед Рождеством», «Чичиков» «Моя парижанка», «Кавказская история», «Волки и Овцы», «Варшавская мелодия», «Петя и его женщины» (балалармен жасөспірімдерге «Байқа,балақай», «Бразилия байлығы», «Алдар көсенің дүрбісі», «Бремен музыкантары», «Выкрутасы Бабы Яги», «Кто сказал МЯУ», «Тайна потерянного времени», «Все мыши любят сыр», «Морозко», «Колобок», «Тайна потерянного времени», «Фунтик и компания», «Маленькая колдунья», «Весёлый Роджер»)
Ақпан айында облыстық концерттік ұйымымен 23 концерт ұйымдастырылды, оның ішінде Солтүстік-Қазақстан облысына 1 гастрольдік сапар, жалпы 4367 көрермен қамтылды.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Ақан сері атындағы Солтүстік-Қазақстан облыстық филармониясы «Туған жер» ансамблінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пластикалық қойылымымен гастрольдік сапары өтті.
3 ақпан күні эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпановтың «Өткен ғасырдың қазақ-орыс ретро әндері» атты жеке концерті Қазақстан Республикасының Халық әртісі, маэстро Абзал Мұхитдиновтың қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, филармония сахнасында Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің ретро кеші, музыкалық кофехана форматында «Viva, Оpera» концерттері өтті.
Концерттік-театр кәсіпорындарының ақпан айында ақылы көрсетілген қойылымдарынан түскен қаражат 12632,2 мың теңгені құрайды, жоспар 173% орындалды, жалпы қаржыландыруы – 150754,0 мың.тг.