Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақмола облысының театрларымен 46 қойылым қойылды, көрермендер саны 3598 (олардың ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар саны- 29), отандық авторлардың шығармалары бойынша 13 спектакль, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылына 1 гастрольдік сапар ұйымдастырылды.
Ай ішінде репертуар бойынша ойналған қойылымдар - «Ар.Рух.Муза», «Қызық екен», «Станционный смотритель», «Волки и Овцы», «Кавказская история», «Калека с острова Инишмаан», «Слуга двух господ», «Саня, Ваня, с ними Римас», «Панночка», «Чичиков», «Моя парижанка», (балалармен жасөспірімдерге «Бремен музыкантары» «Байқа,балақай», «Бәрінен күшті қорқақ көжек», «Все мыши любят сыр», «Фунтик и компания», Приключения в Простоквашино», «Лиса и медведь», «Тайна потерянного времени»,«Морозко», «Приключения Чебурашки», «Царевна-лягушка», «Страсти-мордасти», или как Кощея снегом завалило, «Выкрутасы Бабы Яги», «Весёлый Роджер», «Кто сказал МЯУ»).
Қаңтар айында облыстық концерттік ұйымымен 9 концерт ұйымдастырылып, 1820 көрермен қамтылды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының үздік шығармашылық ұжымдарымен «Енки» ЖШС еңбек ұджымына көшпелі концерт ұйымдастырылды.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармония сахнасында Симфониялық оркестр сүйікті көрермендерінің назарына «Саундтреки к популярным турецким сериалам» атты концерті, ал кішкентай тыңдармандарға «BIPL musical» театралдық студиясы дайындаған «Бұлбұлдың оқиғасы» атты музыкалық қойылымы ұсынылды.
Концерттік-театр кәсіпорындарының қаңтар айында ақылы көрсетілген қойылымдарынан түскен қаражат 7265,0 мың теңгені құрайды, жоспар 139% орындалды, жалпы қаржыландыруы – 106019,0 мың.тг.