Ақмола облысының мәдениет мекемелерінің
2024 жылғы желтоқсан айында атқарылған жұмыс туралы
АҚПАРАТ
2024 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектісі, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:
- 247 мемлекеттік клуб кәсіпорны, оның ішінде ауылда - 228;
- 329 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылдық жерлерде - 289;
- 13 мұражай, оның ішінде ауылдық жерлерде - 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай-1 атындағы Ақмола облыстық филармониясы;
- 1 Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Облыстың клубтық кәсіпорындарының негізгі іс-шаралары.
Облыстың барлық клубтық кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар, театрландырылған жаңа жылдық қойылымдар, балаларға арналған ертеңгіліктер, сондай-ақ түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде әдеби-музыкалық, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылды.
Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Ауылдық клубқа біздің қамқорлығымыз» жобасы аясында «Үздік ауылдық клуб-2024» облыстық байқауын өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: ауылдық клубтардың әлеуметтік мәртебесін сақтау, дамыту және арттыру,ауылдық жерлерде мәдениетті қолдау және насихаттау, материалдық-техникалық базаны нығайту, оның ішінде ауылдық клубтық мәдениет нысандарын жөндеу және қалпына келтіру, мәдени-демалыс мекемелерінің оң имиджін қалыптастыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бизнес қауымдастықтар мен меценаттардың назарын проблемаларға аудару, қоғамда клубтық мәдениет қызметкерінің кәсібін насихаттау. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде және номинация иегерлері:
- "Үздік ауылдық мәдениеті үйі -2024" Бас жүлдесі, Атбасар ауданы Шуйское а. АМҮ -500 000,0 теңге;
- "Үздік ауылдық клуб-2024" Бас жүлдесі, Аршалы ауданы Сараба АК-500 000,0 теңге;
- "Мәдениет пен өркениет ордасы" номинациясы, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ат. АМҮ– 300 000,0 теңге;
- "Ауылдың рухани айнасы" номинациясы, Ақкөл ауданы Красный бор а.АК - 300 000,0 теңге;
– "Ауыл мәдениетінің ошағы" номинациясы, Сандықтау ауданы Спасское а. АМҮ-300 000,0 теңге.
11 ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері 100 000,0 теңге сомасында ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Достар» мәдениет сарайында «Жыл үздігі» облыстық байқауын өткізді.
Байқауға аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлерінің клубтық құрылымдарының өкілдері қатысты. Олар іріктеу кезеңінде қазылар алқасына өз жобалары мен жетістіктерін ұсынып, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және шығармашылық ұжымдармен жұмыс жасау барысындағы кәсіби дағдыларын көрсетті.
Кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды:
«Үздік әдіскер» аталымы бойынша Айсұлу Сариева (Зеренді ауданы),
«Үздік үйірме жетекшісі» бойынша Нұржан Жайбусинов (Қосшы қаласы),
«Үздік ұйымдастырушы» аталымы бойынша Талғат Смағұлов (Ерейментау ауданы),
«Үздік фольклорлық ұжым» аталымы бойынша «Мирас әуендері» халықтық фольклорлық ансамблі, жетекшісі Қуандық Әлімжанов (Степногорск қаласы),
«Үздік хореографиялық ұжым» аталымы бойынша «Асыл мұра» халықтық би ансамблі, жетекшісі Дина Орманшина (Көкшетау қаласы),
«Үздік қалалық/аудандық мәдениет үйінің қызметкері» аталымы бойынша Руслан Жапаров (Целиноград ауданы),
«Үздік креативті жоба» аталымы бойынша «Серілер салған сара жол» жобасы, Аян Кемалов (Аршалы ауданы).
Облысымыздағы клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, клубтық құрылымдар жұмысын жетілдіру, мәдениет нысандарының әлеуметтік мәртебесін арттыру мен дамыту бағытында жеткен жетістіктері мен мәдени іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін диплом және 500 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатпен Зеренді аудандық мәдениет үйі марапатталды.
Атбасар аудандық мәдениет үйінде "Жас толқын-2024" облыстық эстрадалық ән байқауы өтті.
Бұланды ауданының ауылдық клубтарында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық сағаттар өткізілді.
Зеренді ауданының ауылдық клубтарында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бурабай ауданында 450 адам қатысқан "Көк туым" флешмобы өтті.
Сандықтау аудандық мәдениет үйінде "Каламбур" миниатюралар театры қойған 3 жастан асқан балаларға арналған жаңа қойылым - "Федорино горе" премьерасы өтті.
ЖИТС-пен күрестің алдын алу аясында Жарқайың ауданының ауылдық клубтарында жастар арасында «ЖИТС туралы не білесің?» танымдық сағаты өткізіліп, қатысушылар барлық пайдалы ақпарат алды. Алған білімдерін бекіту үшін жасөспірімдерге көрнекі құрал ретінде брошюра ұсынылды.
Қосшы қаласының мәдениет үйі, зорлық-зомбылықсыз күн аясында «Зорлық зомбылықсыз отбасы!» тақырыбында кездесу өткізіліп, оған Қосшы қаласының әйелдерді қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны-Еркизбаева Әйгерім, отбасын қорғау орталығының маман-психологы Әділбекова Әсем қатысты. Іс-шара барысында психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, кеңестерімен бөлісті. Кеш соңында жас ұрпақтың бойында ұлттың рухани құндылықтарын тәрбиелеуге өз үлесін қосып жүрген Жайбосыновтар шығармашылық отбасы өз шеберліктерін көрсетті.
Көкшетау қаласының "Достар" МҮ-де мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мереке барысында мәслихат депутаттары сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады. Мереке соңында шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
Мерейтойлық күндер бойынша іс-шаралар
Ақкөл ауданының ауылдық клубтары қазақ дирижері, домбырашы, композитор Жаппас Қаламбаевтың 115 жылдығына, Балуан Шолақтың 160 жылдығына, әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Гарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына және Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған тарихи, танымдық сағаттар, шығармашылық кештер өткізді.
Жарқайың ауданында ауылдық клубтар мерейтойлық даталарға орай көрнекті ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына, қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған "Жарқын бейне" айдарының жобасын шығаруды ұйымдастырды. Қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенова туғанына 95 жыл толуына орай, "Аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенова" атты дәріс сағаты өткізілді, онда дәріс қатысушылары әншінің өмірбаяны және шығармашылығымен танысты. Аудио-форматында "Көктем туралы вальс", "Қазақ вальсі", "Бұлбұл" атты танымал әндер шырқалды; Тәуелсіздік күніне орай А.Байтасовтың 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы қайғылы оқиғалар туралы "Тәуелсіздік таңы" деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Есіл ауданында Двуречное ауылының 70 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.
Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылының мәдени-демалыс орталығында мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары Ақмола облысының 85 жылдығына арналған "Ауылым алтын бесігім" атты концерт ұйымдастырды.
Жақсы ауданының Терісаққан ауылдық клубы ауылдық кітапханамен бірлесіп, мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай "Қазақ халқының ұлы" атты ақпараттық сағат өткізді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Целиноград аудандық мәдениет орталығында Балуан Шолақтың 160 жылдығына және Біржан салдың 190 жылдығына арналған "Заман бұлбұлдары" атты дәстүрлі әншілердің мерекелік концерті ұйымдастырылды. Көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтбек Нығызбаев, республикалық байқаулардың лауреаттары Еркебұлан Қасымов, Аяулым Камажан, Ақтілек Дүйсебаева, Ерлан Ыбырайхан, Жалғас Сұлтан, Диана Алтаевна, Азамат Сәкенов сөз сөйледі. Сондай-ақ, концертке "Тұмар" этно-эстрадалық ансамблі мен "Қазына" фольклорлық ансамблі қатысып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық өнерін паш етті.
Қосшы қаласында Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты опера әншісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығын мерекелеу аясында "GAUHARTAS" қалалық әншілер байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты-әнші Бибігүл Төлегенованың ән өнерін насихаттау, дарынды әртістерді анықтау, қазақ ән өнерінің деңгейін арттыру. Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Еламанова Сабира, 2-ші орынды Бөкен Жігер, екі 3-ші орынды Ерім Гүлнар, Сапабекова Назерке иеленді.
Ақмола облысы мемлекеттік кітапханалар жүйесінің
2024 жылғы желтоқсан айында айында жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат
2024 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша Ақмола облысында барлық жүйелер мен ведомстволардың 338 кітапханасы жұмыс істейді, оның ішінде 329 мемлекеттік кітапхана жүйесі.
Желтоқсан айында облыс кітапханаларында 12 612 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап берілімі -483 645. Келушілердің жалпы саны –278 985.
Кітап қоры – 4 429 834 дана. Бір ай ішінде 26 194 дана әдебиет келіп түсті, 51 206 шығарылды.
Интернет желісіне 256 кітапхана қосылған. 319 кітапхана компьютерленген. Телефон желісіне қосылған кітапхана саны -309
Желтоқсан айында облыс кітапханаларында 2450 мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру кезінде қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен мерейтойлық даталарға ерекше назар аударылды.
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арнап «Атыңнан айналайын, Азаттығым!» атты облыстық челлендж жариялайды.
Облыстық челленджге 20 ОКЖ қатысты, олардың әрқайсысы 1-2 бейнеролик шығарды.
Аршалы ОКЖ ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Сиқырлы туындылар шеберлері" атты дөңгелек үстел өткен аудандық орталық кітапхананы ерекше атап өткім келеді. Іс-шара "тәуелсіздіктер" арнайы көрмесінің тұсаукесерімен аяқталды, онда аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қатысушыларға 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған әдебиеттер туралы айтып берді.
Атбасар ОКЖ 13.12.2024 жылы Поровка ауылдық кітапханада ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырының астында» атты дөңгелек үстел өткізілді.Кітапханашы қатысушыларды Тәуелсіз Республиканың қалыптасу және даму тарихымен таныстырды, 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалар туралы, осы оқиғаларға қатысушылар туралы айтты.
Іс – шара барысында біздің мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері-тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін айтылды.
Іс - шара «Қазақстанның тәуелсіздігі туралы фактілер» слайд-презентациясының көрсетілімімен сүйемелденді. Соңында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдерді ашқан «Отаным-менің Қазақстаным» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай Бурабай ОКЖ-де іс-шаралар циклі өтті. Атап айтқанда, Зеленый бор, Қарашілік, Ұрымқай, Веденовка, Обалы, Ақылбай, Златополье, Дмитриевка, Қызылағаш, Наурызбай батыр, Жасыл, Атамекен ауылдарының кітапханашылары «Тәуелсіздік таңы – мәңгілік» патриоттық сағаттарын өткізді.
Оқжетпес ауылының үлгілі кітапханасында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Ж.С. Касымовтың қатысуымен «Тарих беттерінен» ашық диалог алаңы өтті. Іс-шара барысында желтоқсаншы сол кездегі фактілермен бөлісті және іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, жастарды Отан тарихына құрметпен қарауға, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсінуге шақырды.
Орталық аудандық кітапханада «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз» атты ашық диалог алаңы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тәуелсіз елде өмір сүрудің маңыздылығы, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, ұсынылған мүмкіндіктер туралы және егер олардың әрқайсысы өз еңбегі мен жанының бір бөлігін туған еліне берсе, онда Қазақстанның болашағы мықты болады деген пікірлерімен бөлісті. «Желтоқсан оқиғалары», «Тәуелсіздік жетістіктері» бейнероликтері көрсетілді.
Біржан сал ОКЖ Тәуелсіздік күні-әрқайсымыздың, Қазақстанның барлық халықтарының мерекесі. Заурал а/к осы күнге дейін "Моя Родина – мой Независимый Казахстан" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға ауыл әкімдігінің мамандары мен кітапхана пайдаланушылары шақырылды.
Есіл ОКЖ Ақсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай, ауыл мектебінің 4 сынып оқушылары үшін «Тарих тарту еткен Тәуелсіздік» тақырыбында тарих сағатын өткізді. Іс-шара отансүйгіштікке, өз елінің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған. Нәтижесінде балалар Тәуелсіздік күні туралы білімдерін кеңейтті, отансүйгіштік сезімін және ел дамуындағы өз рөлін түсінуді нығайтты.
Зеренді ОКЖ Аудандық кітапханада Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік -еліміздің ерлік жолы» атты патриоттық сағат ұйымдастырды.Мемлекеттік гимнді орындаудан басталған шарада балдырғандар тәуелсіз еліміздің жетістіктері, айқын бағдары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайлы көптеген ақпарат алып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктері туралы мағлұмат беретін «Тәуелсіздік туының астында» атты кітап көрмесі мен танысты.
Шортанды ОКЖ Орталық аудандық кітапханада Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы” атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға №3 қазақ орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы тәуелсіздіктің тарихы туралы жете түсіндіріп, оқушылардың тың ойлары тыңданды.
Степногорск ОКЖ Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты – библиографиялық бөлімінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтары» атты азаматтық сабағы өтті. Шараға Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 ЖББМ 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Желтоқсан құрбандарын есек алып, бір сәт үнсіздік жарияланып, кітапханашы Тәуелсіздік тарихи туралы мағлұмат берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бойынша іс-шаралар
(305 іс-шара өткізілді, 4 311 адам қатысты)
М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өткізген «AntiParaCraft» бірінші республикалық квест ойынына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.
Іс-шара жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сезімдерін нығайту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест ойыны – жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді тартуға, адалдық пен академиялық адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге және тәрбиелеуге бағытталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдісі. Әлеуметтік желіде «Адалдық-адамдықтың белгісі» атты тақырыптық бейнеролик жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша материалдар, сонымен қатар газет материалдары мен кітапханада бар кітаптардан жарияланымдар туралы ақпараттар көрсетіледі.
Ақкөл ОКЖ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында Абай атындағы Ақкөл аудандық кітапхананың коворкинг орталығында «Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы» РММ-нің қызметкерлерімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлық – «жоқ» ісің» атты ақпараттық сағат өткізілді. Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаменті.
Бұланды ОКЖ Аудандық модельді орталық кітапханада оқырмандар назарына «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – ортақ мақсатымыз» атты көрме-рефлексия ұйымдастырылды.
Капитоновка ауылдық модельді кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қауіп» атты көрмеге экспресс-шолу, №1 қалалық кітапханада «Сыбайлас жемқорлық–әлеуметтік зұлымдық!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ерейментау ОКЖ Аудандық кітапханада аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі тұрақты оқырмандармен кездесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу бағдарламасы» атты ашық ақпараттық викторина өткізіп, жемқорлықтың алдын алу қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Олжабай батыр ауылдық модельді кітапханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Парасат жолы» кітап көрмесі қойылды.
Степногорск ОКЖ Орталық қалалық кітапханада Юрий Гагарин атындағы №7 мектеп оқушыларының қатысуымен «Жемқорлық індет, күресу індет» тақырыбында құқықтық акция өтті. Іс-шара барысында мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, елідің экономикалық және әлеуметтік дамуына, демократиялық құндылықтарға кері әсер тигізетіні жөнінде айтылып, «Қоғам өзегі» атты кітап көрмесіне экскурсия жасалды.
Көкшетау ҚАКЖ Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған қалалық арнайы кітапханада оқырмандар үшін «Адам бол, адал бол» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің жанындағы көпсалалы колледж оқытушысы қатысып, сыбайлас жемқорлық пен оның қоғамдағы орны мен ықпалы туралы өз ойын білдірді. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, сауалнама жүргізілді.
Мәлік Ғабдуллин музейі мен Сәкен сері Жүнісов атындағы №18 орта мектеп ынтымақтастық меморандумы аясында тығыз байланыста жұмыс істейді.
М. Ғабдуллин музейінің желтоқсан айында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат.
3 желтоқсан күні Сәкен сері Жүнісов атындағы №18 орта мектепте «Тарих» пәні апталығы аясында «Батырлық біздің салтымыз» атты музейдің экспозициялық залдары бойынша дәріс сабақ өтті.
Сабақ барысында Мәлік Ғабдуллиннің өмір мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылып, 1943 жылы батырдың елге келген сапарынан түсірілген деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, оқушылар ақын, Мәлік Ғабдуллиннің шәкірті Төлеген Қажыбаевтың «Қоңыр қаз» өлеңін оқыды.
Дәріс-сабақ мектеп оқушыларының шағын концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
13 желтоқсан күні жазушы Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына орай Көкшетау қаласы Сәкен сері Жүнісов атындағы №18 орта мектепте Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «С.Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері» атты тақырыпта телекөпір өтті.
Мәлік Ғабдуллин музейі мен Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп ынтымақтастық меморандумы аясында тығыз байланыста жұмыс істейді. 2020 жылы музейдің ғылыми қызметкерлерінің мұрындық болуымен жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған музей ашылған болатын. Аталмыш телекөпір сол ынтымақтастық меморандумының бір жемісі болып табылады.
«Zoom» платформасында өткен телекөпірге Мәлік Ғабдуллин музейінің бас қор сақтаушысы Мейрамгүл Жолаушина қатысып, «Сәкен серінің өмірі мен мұралары» атты тақырыпта баяндама жасады.
Экскурсия – 32 = 1590 адам;
Дәріс – 2 = 150 адам;
Барлығы 1740 адам.
2024 жылғы желтоқсан айындағы
«Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
қызметі туралы ақпарат
«Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК қараша айында 575 іс – шара өткізді (оның ішінде экскурсиялар - 405, дәрістер – 111, көрмелер –18, бұқаралық іс-шаралар - 41, оған 6197 адам қатысты.
Негізгі іс-шаралар:
Көрме 2024 жылдың 8 желтоқсанына дейін жалғаспақ. Қала тұрғындары мен қонақтарын бірегей жәдігерлер мен материалдар ұсынылған көрмемен танысуға шақырамыз!
2024 жылдың 2-6 желтоқсан аралығында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде “Ғасырлар аманаты” атты көшпелі көрмесін өткізді. Іс-шара тарих апталығы аясында ұйымдастырылып, 5-7 сынып оқушыларына таныстырылды.
10 желтоқсанда тарих бөлімінің қызметкері Жексенбек Қонысбек «Тәуелсіздік - тұғырым» тарихи-танымдық керуеніне қатысып, облыстық мұражай қорынан көрме ұсынды.
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы “Жас дәурен” балаларды сауықтыру лагерінде 2024 ж 12-13 желтоқсан аралығында Ақмола облысы тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері музей қорынан көшпелі көрме ұсынды. Балалар мен бірге лагерь қызметкерлері де аталған көрмемен танысты.
19 желтоқсанда кезекті қор-іріктеу комиссиясының отырысы өтті. Отырыста табиғат және экология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г.Т.Кренделева 1990-2015 жылдар аралығында жиналған КСРО кезеңінің музейлік маңызы бар заттар топтамасын ұсынды. Коллекция М.Қ.Шаймерденовтің жұбайы Раушан Бекенқызы тапсырған 50 бірлік, радиотехникадан, сағаттардан, керосин шамдарынан, үтіктерден, тұрмыс заттарынан тұрады.
Сондай-ақ, Г.Т.Кренделева музейлік маңызы бар заттар кешенін ұсынды: марапаттар, Зоя Михайловна Мольберттің құжаттары, барлығы 12 бірлік.
Содан кейін комиссияның назарына ғылыми-әдістемелік бөлімнің аға ғылыми қызметкері Г. Н. Агубаева Шортанды ауданы Петровка ауылының тумасы Е.И. Журавель отбасының заттар кешенін ұсынды. Музейлік маңызы бар заттар Шортанды ауданы бойынша тарихи-этнографиялық экспедиция барысында жиналды. Кешен 20 бірлік мөлшерінде әртүрлі тұрмыстық заттардан тұрады.
Көкшетау қаласының тарихы музейінің
2024 жылдың желтоқсан айындағы қызметі туралы ақпарат
Көкшетау қаласының тарихы музейі желтоқсан айында музейге келушілерге өткізді:
экскурсия – 53, қамтылған адам саны – 203;
дәріс – 4, қамтылған адам – 70;
көрме – 3; қамтылған адам – 92;
көпшілік іс-шара – 1, қамтылған адам – 37;
2024 ж. желтоқсан айында іс-шаралардың барлық түрімен 402 адам қамтылды.
11 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкері А.Қ.Әміржанова қаламыздың Құрылыс-технологиялық колледжінде болып, ұстаздар ұжымы мен студенттер назарына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тағылым мен тағзым» атты дәріс-презентация ұсынды.
13 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай музейдің ғылыми қызметкері А.Ж. Сатыбаева Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Көкшетау: тарих беттері» тақырыбында дәріс өткізді.
11 желтоқсан күні Музейдің экскурсиялық-көпшілікпен жұмыс бөлімі меңгерушісі К.Нұрғалиева, қорларды ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі О.Сартова, қор бөлімінің ғылыми қызметкері С.Бижанова және музей экскурсоводы Г.Зарапова біліктіліктерін бекіту мақсатындағы аттестация тапсырды. Музей директоры Б.Габдуллинаның төрағалығымен өткен аттестаттау комиссиясы құрамында Ақмола облысы мәдениет басқармасының бас маманы Ж.К.Шарипова, музейдің бас есепшісі Г.М.Ахметова, музей қызметкері А.Сатыбаева. Аттестатталушы қызметкерлер 2022-2024 жж. атқарған жұмыстарына есеп беріп, комиссиясының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Комиссия шешімі бойынша аттестатталушы қызметкерлер өз лауазымдарына сай деп танылды.
20 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері Р.Макашев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңнама саласында құқықтық сауаттылықты арттыру туралы ақпаратты насихаттау, одан әрі тарату мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы дәріс өткізді.
23 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Жаңажылдық ертегі” атты балаларға арналған музейлік интерактивті іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарлама аясында өткен ғасырда қолданылған шырша ойыншықтары мен құттықтау ашық хаттарының көрмесі ұйымдастырылды.
Әлеуметтік желілердің оқырмандарын және музейге келушілер санын арттыру мақсатында музей сайтында, «Facebook» әлеуметтік парақшасында, @muz.kokche инстаграмм парақшасында, youtube каналында музей оқиғалары, өткізілген іс-шаралар мен қала тарихының түрлі кезеңдері мен қызықты жәдігерлер туралы онлайн ақпараттар, мерекелік күндерге орай құттықтау бейнебаяндар тұрақты түрде жарияланды.
Әдебиет және өнер музейінің 2024 жыл желтоқсан айының жұмысы.
Ғылыми-зерттеу және ағартушылық жұмыстары.
Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың желтоқсан айында жұмыс жоспарына сәйкес көпшіліктің рухани өміріне серпін беріп, мәдени болмысын, эстетикалық талғамын өсірер, мазмұн мен мағынаға толы біршама іс-шара атқарды.
Музей педагогикасы жұмысын бір арнаға түсіріп, өткен мен бүгінгі сабақтастықты жаңғырту мақсатында жазылып, құрылған қазақ мәдениеті мен тарихына, әдебиеті мен өнеріне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қатысты төмендегі дәріс-көрмелерді айырықша атап өтуге болады.
2024 жылдың 4 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан ақын жыршылар одағының президенті, айтыс өнеріндеде айырықша өшпейтін із қалдырған Көкен Шәкеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған "Көкшенің көк нөсері - Көкен ақын" атты еске алу кешін ұйымдастырды.
Іс-шараға Көкен ақынның ұрпақтары Зайра Көкенқызы, Алмагүл Серікқызы Мұнайтпасова және немересі Арман қатысып, естеліктерімен бөлісті.
2024 жылдың 5 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Дизайн және мәдени демалыс жұмыстары» кафедрасы студенттерінің «Свет и тень творчества» атты көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрмеге бейнелеу өнері туындылары, қолөнер бұйымдары, сәулет-құрылыс жобалары, ландшафт дизайны жұмыстары қойылды.
Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің бірінші проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Лязат Каримова студент жастардың шығармашылығын насихаттауға мүмкіндік жасаған музей басшылығына алғыс білдірді. «Дизайн және мәдени демалыс жұмыстары» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Мұғжанова алдағы уақытта да университет ұжымы музеймен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істейтінін жеткізді.
Іс-шара өнерлі студенттердің ән-күйімен жалғасып, көрермен қауымның ризашылығына бөленді. Жасампаз жастардың шығармашылығы талғампаз көрерменнің мәдеени өміріндегі елеулі оқиға болды деп сеніммен айта аламыз.
2024 жылдың 11 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, жазушы, ақын Майра Қуанышқызы Кенжебекованың «Ақ дүние – ертегі» атты шығармашылық кеші өткізілді.
Іс-шараның жалпы мақсаты, ақын, жазушы Майра Қуанышқызымен жоғары деңгейдегі кездесу өткізу, қаламгердің рухани мұрасына ғылыми тұрғыда зерттеу жасау, талдау, шығармашылығы мен өмір жолын көпшілікке насихаттау болып табылады.
Рухани кеште Әдебиет және өнер мұражайының директоры Нұрбек Нұралы сөз сөйлеп, Майра Қуанышқызына Ақмола облысы Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың атынан құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ, белгілі әншілер ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Жанат Есов пен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысы филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасенов әуезді әндерімен кештің көркін арттырып, көрерменннің көңілдерін серпілітті. Оған қоса, кештің музыкалық композициясын Шахмет Құсайынов атындағы драма театрының белгілі актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Маржан Букешованың шәкірттері, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжінің студенттері кеш иесінің өлеңдерінен құралған моно спектакльді ұсынып, көптің ықыласына бөленді. Кеш барысында Майра Қуанышқызы өзіде жүрек жарды өлеңдерін оқып, ақындық жолдағы өткен өмірінен сыр шертіп әңгіме өрбітті. Жиынның қорытынды бөлігінде ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Манарбек Қыдырбайұлы әріптесін құттықтап, кештің жақсы өткенін тілге тиек ете келе, сөз соңын өзінің Көкше өңірін суреттеген туындысымен аяқтады.
2024 жылғы желтоқсанның 19 күні Әдебиет және өнер музейінде қала мектептері оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Алаштың ардақтысы – асыл Ахаң» мысал оқушылар сайысы мәресіне жетті. Биыл қала мектептерінен 30-ға жуық үміткер сайысқа қатысуға тілек білдірген еді. Олардың арасынан іріктеліп шыққан 12 жүйрік, байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алды. Бұл іс-шараның басты мақсаты: оқушыларды музейге тарту, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау болатын.
Балалардың өнеріне ф.ғ.к., Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы Сәбит Жәмбек, Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы, ф.ғ.к. Аян Қажыбай және Әдебиет және өнер музейінің директоры, ҚР мәдениет саласының үздігі Нұрбек Нұралы қазылық етті.
Тартысты өткен сайыста жүлделі үшінші орынға ІІІ орынға Құнанбай Жанерке мен Оразова Тоты ие болды. Екінші орын Нұркен Саянға бұйырды. Жарыстың жеңімпазы болып №21 ОМ оқушысы Дильназ Нұртаева танылды.
Қатысушылар мен жүлдегерлер, оқушыларды дайындаған ұстаздар қазылар алқасының алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Әдебиет және өнер музейінің 2024 жылдың желтоқсан айында атқарған жұмыстарының көрсеткіші:
Дәріс – 6,көрме – 7, экскурсия – 11, жәдігерлер саны – 3, қамтылған адам саны – 912. Барлық іс-шара саны – 24.
Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының
2024ж. желтоқсан айынын есебі
Желтоқсан айында 43 іс-шара өткізіліп, оған 11 500 көрермен қатысты.
5 желтоқсан күні Студенттер сарайында Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының қатысуымен «Жалынды Ақмола жастары» облыстық форумы өтті.
«Көкшетау» халықтық би ансамблінің жетекшісі – «Мәдениет қайраткері» Тлеулина Мадина Бекетовна «Жылдың шығармашылық ұжымы» номинациясының иегерлерін марапаттады.
Облыстық форумында халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты «Он алты қыз» халықтық би ансамблі дәстүрлі облыстық «JAS AQMOLA» жастар сыйлығының «Жылдың үздік хореографиялық ұжымы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды.
6 желтоқсан күні Көкшетау қаласында Ақмола облысының Шахмат үйінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімді «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
6 желтоқсанда Болашақ сарайында Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М. қатысуымен Қазақстан Республикасының прокуратура күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Концерттік бағдарламада халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары: «Көкшетау» халықтық би ансамблі - жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, «Он алты қыз» халықтық би ансамблі - жетекшісі Мадина Дусмогомбетова және Алтынбек Арыстанбек өнер көрсетті.
11 желтоқсан күні Болашақ сарайында Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М. қатысуымен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Марапаттау рәсімін «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
11 желтоқсанда «Через годы с песней» атты халықтық ардагерлер хорының концерті өтті.
Көрермендерді жарқын нөмірлермен қуантқан: халықтық ардагерлер хоры, қазақ, әйелдер және ерлер вокалдық топтары, хор солистері: Василий Деревенчук, Петр Озерянский, Петр Юшин, Светлана Ибрагимова, Роза Муканова, Салтанат Омарова, Рысжан Мустафина, Алима Талипова, Алтыншаш Шукубаева - жетекшісі Светлана Пушкина, концертмейстері «Мәдениет саласының үздігі» Анатолий Казимирский, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: «Көкшетау» және «Сувенир» халықтық би ансамбльдері.
«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық өміріне белсенді қатысқаны, хор өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін халықтық ардагерлер хорының қатысушылары «Көкшетау» мәдениет сарайының директоры Курманова Алия Нурсултановнаның атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Баршаның көптен күткен, сүйікті мерекесі - Жаңа жыл қарсаңында «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты шығармашылық ұжымдардың концерті өтті.
Концертті ертегідей қойылыммен ашқан: халықтық театрының қатысушылары - жетекшісі Жансая Казбеккызы.
Концерттік бағдарламада жарқын нөмірлермен өнер көрсеткен: «Көкшетау», «Сувенир», «Он алты қыз» халықтық би ансамбльдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі, «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы, «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы.
18 желтоқсанда "Поляна" үлгілі хореографиялық ұжымының есептік жаңа жылдық концерті өтті.
20 желтоқсан күні Көкшетау мәдениет сарайында № 1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары мен Ақмола облысының Қазақстан әйелдер күштері альянсының балалары үшін қайырымдылық ертеңгілігі өтті. Жас көрермендер ертегі кейіпкерлерімен бірге Жаңа жылдық ғажайыптар еліне аттанды. Жарқын саяхат қызықты ойындар мен жалынды билерге ұласып, ең үлкен және ең әдемі шыршаның алдында қонақтар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды.
«Көкшетау» МС сахнасында:
- Б. Самединованың Концерті
- Ratovich Концерті
- "Адажио" студиясының концерті
- "Ұстаз"фильмін көрсету
- Балалардың жаңа жылдық ертеңгіліктері өтті.
«Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы»
МКҚК-ның 2024 жылғы желтоқсан айындағы қызметі туралы ақпарат
Ақмола облыстық филармониясында желтоқсан айында 26 іс-шара өткізілді, оған 2 434 көрермен келді.
Негізгі іс-шаралар:
Кеш барысында Сәрсенбай Хасеновтің Біржан салдың 190 жылдығы аясында жарық көрген «Жалғыз арша» кітабы мен Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Жігіттің падишасы» кітаптарының тұсауы кесілді.
Қазақ поэзиясының жарқын өкілдері сал-серілердің асыл туындылары насихатталатын кешке әнші-өнертанушы Ерлан Төлеутай (Алматы қ.), «Мәдениет саласының үздігі» Біржан Есжан (Қызылжар қ.), «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, Республикалық байқаулардың лауреаты Өмірзақ Шешханұлы қатысты.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Жанат Рашит.
Дирижері «Мәдниет саласының үздігі» Руслан Қойшыбаев.
Қазақтың профессионалды музыкасының жазба дәстүрінде ұлттық классикалық стильдің дамуына үлес қосқан, талантты композиторлардың бірі Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған кештің концерттік бағдарламасына Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева, «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, Республикалық байқаулардың лауреаты Аякөз Қалмағанбетова, Өмірзақ Шешханұлы, Серікболсын Бекмолдин, Саида Сағди қатысты.
Дирижерлер Жанат Рашит, Темірлан Нұржау, Дина Ардақтың жетекшілік етуімен симфониялық оркестр «Великолепный век», «Зимородок», «Кара севда», «Королёк - птичка певчая», «Чукур» және тағы басқа да танымал түрік телехикаяларының саундтректерін орындап, тыңдармандарын сүйікті фильмдерінің әлеміне бойлатты. Өнер сүйер қауым Арай Букаева, Саида Сағди, Дариға Исмағұлованың орындауында тамылжыған түрік әндерін ден қоя тыңдап, әншілерді қошемет астына алды.
Кешті дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко жүргізді.
Концерттік бағдарламада камералық музыка ансамблі, камералық хор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, Республикалық байқаулардың лауреаты Аякөз Қалмағанбетова өнер көрсетті. Концертмейстерлері: Ольга Гергель, Наталья Грицаева, Ярослава Кравцова. Сонымен қатар музыкалық колледж студенттері Алтынай Әйтен мен Дарья Бондаренко концертке қатысып, әнмен шашу шашты.
Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі мен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі дайындаған бірегей мерекелік бағдарламада «Мәдениет қайраткері Жанат Есов, Аманғали Жұматаев, Марина Зяблинцева, Арай Букаева, Бауыржан Алибеков, Мерғали Хамит, Саида Сағди, Анастасия Волошина, Мария Петрова, Дариға Исмағұлова өнер көрсетті.
Ш. Құсайынов атындағы қазақ- драма театрының 2024 жыл желтоқсан айының жұмыс есебі.
2024 жылдың желтоқсан айында театр бекітілген репертуар бойынша – 31 және театрдан тыс – 4 қойылым ойнады. Жалпы қойылымдар саны– 35. Қойылымдарды жалпы – 4869 көрермен тамашалады.
Аталған аралықта 2 жаңа премьера сахналанды.
Жаңа жыл мерекесіне орай тамаша концерттік бағдарлама қойылды. Қоюшы режиссері ҚР Мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбай. Әдемі әзіл мен әсем ән астасқан қойылым барша көрерменге мерекелік ғажайып көңілкүй сыйлауға бағытталған. Қойылым 26-30 желтоқсан аралығында ойналды.
Жаңа жыл қарсаңында балаларға арнап «Бремен
музыканттары» қойылымын әзірленді. Қойылым 20-30 желтоқсан аралығында ойналды. «Бремен музыканттары» ертегісі жасөспірімдердің жан-дүниесіне ізгілік нәрін себетін, достық пен бауырмалдыққа баулитын қойылым.
Театр ұжымы Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драма театрының 145 жылдығына арналған халықаралық IV Шеки театр фестиваліне қатысты. Тәжірибе алмасып мәдени байланыс орнату мақсатында өткен фестивальде Азербайжан драматургі Бахтияр Вахабзаденің «Көктүріктер» драмасын көрермен назарына ұсынды. Қоюшы режиссирі: Сұлтан Сраилов.
Ақмола облыстық орыс драма театрының 2024 жылғы желтоқсан айындағы қызметі туралы ақпарат.
Желтоқсан айында Ақмола облыстық орыс драма театрында 47 спектакль өтті. Негізгі оқиғалар: қойылымдар -47, көрермендер саны -9545.
3 және 4 желтоқсан біздің Киндер театры Петропавл қаласындағы облыстық қуыршақ театрының сахнасында өнер көрсетті.
Бұл гастрольдер барлық көрермендерге нағыз театр сиқырын сыйлады. Жас көрермендер мен олардың ата-аналары үшін, олардың сүйікті "Колобок" ертегісін ұсынды, ол үнемі күлкі мен қуаныш сыйлайды. Сондай — ақ, «Маленькая колдунья» біздің жарқын оқиғамыз - "кішкентай сиқыршы"спектаклінің гастрольдік премьерасы өтті. Бұл осы қойылымның алғашқы сапары және залда болғандардың барлығы үшін нағыз мереке болды. Біз Солтүстік Қазақстан қуыршақ театрындағы әріптестерімізге жылы, жылы шырайлы қабылдауы және гастрольдерді ұйымдастыруға көмектескені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Біздің көрермендерге ерекше алғыс! Сіздің шынайы эмоцияларыңыз, шынайы күлкілеріңіз бен қошеметтеріңіз бізді жасауға және қуаныш сыйлауға шабыттандырады.
7 желтоқсанда театрымыздың сахнасында Әлия Ахетованың «Тебе, мой город» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл жай ғана басылым емес, туған Көкшетауды, оның бай тарихын, қайталанбас халқы мен бірегей дәстүрлерін шын жүректен мойындау. Кітаптың әр беті жылулыққа, шынайылыққа және туған жерге деген терең құрметке толы.
14 желтоқсанда Псков қаласында (Ресей) талантты режиссер Тимур Куловтың шығармашылығына арналған беделді «Кулов-фест» театр фестивалінде Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы өнер көрсетті. Фестивальда театр «Станционный смотритель» и «Лютый» спектакльдерін қойды.
18 желтоқсанда Қазақстанның театр өнеріндегі үздік жетістіктерін жыл сайын атап өтетін сыншылардың VI-шы театр сыйлығының қорытындысы жарияланды. Жылдың үздік театр менеджері сыйлығының ең беделді наградаларының бірі “Қазақстанның үздік театр менеджері" атағына, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" театр директоры Бейбіт Бақтыгереев ие болды. Біздің театрымыздың тағы бір жарқын жеңісі "Жылдың үздік дуэті" номинациясындағы марапат болды, оны актерлер Александра Букреева (Купавина) мен Тимур Валиев (Бүркіт) "қасқырлар мен қойлар"спектакліндегі керемет рөлдері үшін лайықты алды. Талантты режиссер Тимур Куловтың туындысы Островскийдің нәзік драматургиясын ашып, оның шығармасының қазіргі замандағы өзектілігін көрсетті. Александра мен Тимурдың дуэті спектакльдің нағыз безендірілуіне айналды және олардың сахнадағы өзара әрекеттесуі көрермендер мен сыншылардың көңілінен шықты.
21-30 желтоқсан аралығында Ақмола облыстық орыс драма театрында балалар мен олардың ата-аналарына ұмытылмас әсерлер мен көптеген жағымды эмоциялар сыйлаған жарқын және оқиғалы жаңа жылдық марафон өтті.
Көрермендер Д.Урбанның шығармасы бойынша «Все мыши любят сыр» сиқырлы Ертегісін тамашалай алды. Достық, өзара түсіністік және отбасылық құндылықтар туралы бұл әсерлі оқиға жас көрермендерді таңғажайып әлемге батырды.
Азқамтылғанотбасылардыңбалаларыменәлеуметтікмекемелердіңтәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылғанүшқайырымдылықшыршасыерекшежылулықсыйлады.
9000-нан астам балалар мен олардың ата-аналары біздің ертегілер мен ертеңгіліктерге қатысты.
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және
пайдалану орталығы» КММ-нің 2024 жылғы желтоқсан айының
есебі
11 желтоқсан күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында «Ақмола облысының киелі жерлері» тақырыбында Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты оқушыларды Қазақстанның мәдени және рухани мұрасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын Ақмола облысының тарихи және қасиетті ескерткіштерімен таныстыру болды. Дәріскер қасиетті орындардың маңыздылығы, олардың тарихы мен мәдениеті, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Ежелгі қорғандар, көрнекті тұлғалардың қорымдары терең тарихи-рухани маңызы бар басқа да объектілер мен ескерткіштерге ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара жастардың өз аймағының мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығына тәрбиелеуге ықпал етеді.
13 желтоқсан күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейіне облысымыздың тарихи және киелі орындарына арналған көрме өткізді.
Экспозиция оқушыларды аймақтың бай мәдени мұрасымен таныстырып, болашақ ұрпақ үшін тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын ашты.
Жоба мәдени мұраны қорғау мен сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыруды арттыруға, сондай-ақ халқымыздың дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған. Көрмеге қатысушылар бірегей ескерткіштер туралы біліп қана қоймай, олар бейнелейтін мәдениет пен тарихтың рухын сезіне алды.
13 желтоқсан Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, Абай Мырзахметов атындағы КУ бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік пен тарихи-мәдени құндылықтар» атты дөңгелек үстел өткізді.
отыр. Осы уақыт ішінде еліміз өзін күллі әлемге таныта білді. Аз ғана мерзімде жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға қол жеткізді.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстары елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың нәтижесі болып табылады.