2024 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектісі, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:
- 247 мемлекеттік клуб кәсіпорны, оның ішінде ауылда - 228;
- 329 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылдық жерлерде - 289;
- 13 мұражай, оның ішінде ауылдық жерлерде - 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай-1 атындағы Ақмола облыстық филармониясы;
- 1 Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Облыстың клубтық кәсіпорындарының негізгі іс-шаралары.
Облыстың барлық клубтық кәсіпорындарында Қазақстанның ұлттық валюта күніне, ауыл шаруашылығы қызметкері күніне, Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізілді, сондай – ақ түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде әдеби-музыкалық, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, акциялар, челлендждер, бейне-роликтер және басқалары ұйымдастырылды.
Мәселен, Атбасар аудандық мәдениет үйінде «Жас толқын-2024» облыстық эстрадалық ән байқауы; «Мерей» вокалдық-аспаптық ансамблінің есепті концерті; «Бастау» ауылдық жастар мәдени-сауықтыру орталығында ауыл еңбеккерлеріне арналған «Нан болса, ән болады» мерекелік концерті, сондай-ақ, күрделі жөндеуден кейін Ақан Құрманов атындағы ауылдық мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті.
Аршалы ауданының «Радуга» үлгілі би ұжымы Астана қаласында өткен «Ерке АРТ» халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, 2-ші орын алды.
Астрахан ауданында жастар арасында аудандық «Жас талант» шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Біржан сал ауданының мәдениет үйінде «Біржан едім» спектаклінің премьерасы өтті.
Ерейментау ауданының аудандық мәдениет үйінде «Салт-дәстүрдің сырын ашқан әжелер» аудандық фестивалі өткізілді.
Сандықтау ауданында жоба әзірленіп, «Жас талант-2024» аудандық байқауына дайындық жүріп жатыр.
Есіл ауданында Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған челлендж өтті.
Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында өткен «Балғын шақ» қалалық балалар байқауында балалар мемлекеттік тілде өнер көрсетіп, өздерінің зияткерлік және көркемдік қабілеттерін көрсетті. Байқау шарттары бойынша әр бала бірінші кезеңде әнді мемлекеттік тілде орындады, екінші кезеңде актерлік шеберлігін көрсетіп, ертегілер мен қойылымдардан үзінділер орындады. Іс-шара соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды; «Жастар есірткіге қарсы» акциясы ұйымдастырылды. Акция жастардың есірткіден сақтануына, салауатты әлеуметтік орта құруға бағытталған. Акция аясында бірнеше іс-шаралар, атап айтқанда жастар флешмобы, автошеру ұйымдастырылды, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және жастардың есірткіге қарсы бизнесі бойынша ақпараттық парақшалар таратылды. Красный Яр ауылының «Көкше» мәдениет үйінің көрермендер залында 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар арасында жыл сайынғы «Күміс дауыс» вокалдық байқауы өткізілді. Байқау балалардың көркем шығармашылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, ұлттық ән мәдениеті дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Мерейтойлық күндер бойынша іс-шаралар
Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ақын, дарынды композитор Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына және қазақ халық ақыны, әнші және композитор Балуан Шолақтың 160 жылдығына арналған «Арқа әуендері» атты өңірлік дәстүрлі ән байқауын өткізді. Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және қорытынды кезең. Қорытынды кезеңге Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстары мен Астана қалаларынан 20-40 жас аралығындағы 12 дәстүрлі ән орындаушысы қатысты. Бас жүлде мен 300 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификаттың иегері Өмірзақ Шешхан (Көкшетау қ.) атанды. Медет Осатаев (Қарағанды қ.) III орынға және 100 000 теңге сомасына ақшалай сертификатқа лайық деп танылды. II орын және 150 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификат Камал Майдановқа (Астана қ.), І орын және 200 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Бек Мыңбай (Егіндікөл ауданы) иеленді. Қалған қатысушыларға ұйымдастыру комитетінің дипломдары мен 50 000 теңгеге ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Ақкөл ауданының ауылдық клубтарында Қазақстанның халық әртісі С. Майқанованың 110 жылдығына, қазақтың ұлы композиторы, әнші Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл, Балуан Шолақтың 160 жылдығы, әнші-домбырашы, Қазақстанның Халық әртісі Елубай Өмірзақовтың 125 жылдығына арналған ақпараттық-танымдық сағат, әдеби-музыкалық кеш, дөңгелек үстел өтті.
Аршалы ауданында Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығы аясында мүшәйра өтті.
Бурабай ауданында Б. Майлиннің 130 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті.
Зеренді ауданында ауылдық клубтарда Қорғанбек Аманжоловтың мерейтойына арналған «Зерендінің зерек ұлы» атты дөңгелек үстел, Жошының ұлысының 800 жылдығына, журналист, ауданның Құрметті азаматы Азнабаев Баймұраттың туғанына 90 жыл толуына арналған бейнероликтер көрсетілді.
Есіл ауданында Свободное және Двуречное ауылдарының 70 жылдығына арналған мерекелік концерттер өтті.
Жарқайың ауданының Уәлиханов клубында қазақ ақыны және жазушысы Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті. Іс-шараның жас қатысушыларына классика туралы деректі фильм көрсетілді, көрме ұйымдастырылды; Жаңадала АК-да оқушылармен дөңгелек үстел-экскурсия өткізіліп, Мәлік Ғабдуллиннің өмірбаяны туралы айтылды; «Қазақтың бұлбұлы Б.Төлегенова 95 жаста» өмірбаяны туралы слайд-презентация өткізілді.
Қосшы қаласының мәдениет үйі Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Маржан сөз, қоңыр үн» жүргізушілердің қалалық байқауын өткізді.
Ақмола облысы мемлекеттік кітапханалар жүйесінің
2024 жылғы қараша айында айында жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат
2024 жылдың 1 қарашаға Ақмола облысында барлық жүйелер мен ведомстволардың 338 кітапханасы жұмыс істейді, оның ішінде 329 мемлекеттік кітапхана жүйесі.
Қараша айында облыс кітапханаларында 13 962 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап берілімі - 508 235. Келушілердің жалпы саны – 305 428.
Кітап қоры – 4 454 846 дана. Бір ай ішінде 11214 дана әдебиет келіп түсті, 2271 шығарылды.
Интернет желісіне 255 кітапхана қосылған. 319 кітапхана компьютерленген. Телефон желісіне қосылған кітапхана саны -308
Қараша айында облыс кітапханаларында 2533 Мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру кезінде қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен мерейтойлық даталарға ерекше назар аударылды.
15 қараша Ұлттық валюта күні
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 15 қараша — Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге мәртебесі» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға №12 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар валюталардың тарихы мен олардың заманауи әлемдегі рөлі туралы қызықты ақпарат алды. Валюта айырбасы, курстардың өзгеруі және халықаралық сауда-саттықтың валютамен байланысы талқыланды. Бұл білім оқушыларға қаржы сауаттылығының негіздерін түсінуге мүмкіндік берді.
Есіл ОКЖ-де 15 қараша - Ұлттық валюта – Теңге күніне орай, кітапханада №2 жалпы білім беретін мектептің 5 «а» сынып оқушыларының қатысуымен «Теңге - мемлекет келбеті» тақырыбында іс-шара өтті.
Шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, теңгенің шығу тарихы мен маңыздылығы, сонымен қатар оқушыларға теңгенің енгізілуінің тарихи кезеңдері, алғашқы банкноттардың бейнесі және ұлттық валютаның еліміздің экономикасындағы рөлі туралы мағлұматтар беріліп, тақырып аясында видеоролик көрсетіліп, виториналық сұрақтар ойнатылды. Осы арқылы оқушыларда ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін оятып, экономикалық білімдерін кеңейту көзделді.
15 қараша күні Көкшетау Станциондық қалалық үлгілі кітапхана Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – мемлекеттік символы» танымдық сағатын өткізді. Кездесу барысында кітапхана оқырмандары №7 мектеп оқушылары «ұлттық валюта тарихынан» викторинасына қатысты. Белсенді іс-шараға қатысқан кітапхана оқырмандары Қалмұрзаева Жансая, Сейтқазин Мәлік, Хайыржан Аружан, Асан Анель . Іс – шараны «Ұлттық валюта-тәуелсіздік факторы» кітап көрмесі сүйемелдеді, басылымдар ұсынылды. Танымдық сағатты «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» бейнеролигі толықтырды.
15 қараша күні «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында «Теңге – тарих фактілері» атты викторина өтті Іс-шараға № 8 жалпы білім беретін мектептің 5 «ә» сыныбы қатысты. Балалар викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, ұлттық ойын «Теңге ілу» ойынына қатысты. Кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.
15 қараша күні Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасы «Төл теңге» атты аудио журнал ұсынды.
Әйтеке бидің туғанына 380 жыл
21 қараша күні Көкшетау қалалық қазақ үлгілі кітапханасында «Бірлікті ту еткен озық ойлы кемеңгер» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
Іс шараның мақсаты: халықтық мұра — шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сaқтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға шақыру. Би – шешендеріміздің рухани мұраларын жаңғырту, олардың бай мұрасын үлгі ете отырып, жастарды ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
18 қараша күні Көкшетау Застанциондық қалалық үлгілі кітапханада «Қаныш Сәтбаев- алғашқы академик» атты тақырыптық сағат өтті. Қаныш Сәтбаев-алғашқы қазақ геологы, академигі, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы. Елдің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым. Іс – шараға қосымша «Қаныш Сәтбаев-алғашқы академик» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
13 қараша Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай, Қарағанды облысы Теміртау қаласы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының шақыртуымен ZOOМ платформасында «Ұлағатты өмір» атты онлайн кездесу өтті.
Қазақтың даңқты ұлдарының бірі, академик ғалым, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдоллаұлы Ғабдуллинге арналған кездесу барысында музей директоры Кенжебай Мукушев ZOOМ жұмысына сәттілік тілеп, Батыр музейінің тыныс-тіршілігі жайында жалпы ақпаратпен таныстырды.
Платформа қатысушыларына музей экскурсоводы Біржан Баймағамбет экспозиция залдары бойынша онлайн экскурсия жүргізді.
Онлайн кездесу қатысушыларының сұрауымен музей қорының жұмысы туралы және қорға қабылданып, экспозиция залына қойылған бір жәдігер тарихы бойынша қор бөлімінің ғылыми қызметкері Жанат Қажыбай әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, музей жұмысының маңызды бір бөлшегі болып саналатын ғылыми зерттеулер, мерейтойлық жоспарлар мен жобалар туралы көпшілік іс-шаралар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова баяндады.
Кездесу барысында Қарағандылық әріптестеріміз музейдің ғылыми қызметкерлеріне өздерін ойлантып жүрген сұрақтарын қойып, өзара тәжірибе алмасты. Осылайша бір мезетте, бір алаңда қаншама әріптестердің басы қосылып, өзара ой бөлісті.
«Тағдырлас тарихи тұлғалар»
15 қараша Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туған күні. Батырдың туған күніне арналған іс-шаралар легі бүгін 14 қараша Қостанай қаласында өз бастауын алды.
Қостанай қаласына арнайы шақыртумен келген музей қызметкерлері Бауыржан Момышұлы атындағы 5 мектепте «Тағдырлас тарихи тұлғалар» атты танымдық кеш өткізді. Кеш аясында Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылып, музей қорында сақталған Бауыржан Момышұлының Мәлік Ғабдуллинге қолтаңбасымен сыйлаған кітаптары мен хаттары көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, Мәлік Ғабдуллиннің Бауыржан Момышұлы бастаған қазақтың 12 батыры туралы жазған «Қазақ баласы» кітабы туралы баяндалды. Мәлік батырдың туған күні қарсаңында Қостанай төрінде қос батырдың қатар ұлықталуы және іс шараның орыс тілінде білім беретін мектепте өткізілуі патриоттық және интернационалдық тәрбие берудің озық үлгісі деп білеміз.
«Батырға тағзым» М.Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі
Бүгін ерліктің, батырлықтың, туған жерге деген сүйіспеншілік пен адалдықтың үлгісі болған, қазақ халқының біртуар перзенті Мәлік Ғабдуллиннің туған күні.
Көкшетау қаласы «Даңқ» аллеясындағы Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне Ақмола облысы мәдениет басқармасы, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы ардагерлері кеңесі, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназия мен Красный Яр ауылы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым жасады.
Іс-шарада сөз сөйлеген Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Хабиболла Ғазизов, Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев қай дәуірде да болмасын, қазақ ұландарына үлгі болған Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы жайында әңгімелеп, даңқты жерлесіміздің ерлігі кейінгі ұрпақ үшін үлгі, өнеге екендігін атап өтті.
Ел тарихының мәңгілік шежіресіне алтын әріптермен есімі жазылған Мәлік батырдың жауынгерлік ерлігі мен бейбіт өмірге қосқан өлшеусіз үлесі мәңгі жадымызда сақталады
Ұлт руханиятының алып бәйтерегі
15 қараша қазақтың бір туар ұлдары Бейімбет Майлин мен Мәлік Ғабдуллиннің туған күндері.
Қос алыптың туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар легі Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин музейінде «Ұлт руханиятының алып бәйтерегі» атты ғылыми танымдық кешпен жалғасты.
Кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Мауданов, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ыбырайтанушы Пиалаш Сүйінкина Бейімбет Майлин шығармашылығы туралы сөз сөйледі. Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова «Әдебиет алыптарының Мәлік өміріндегі орны» тақырыбында баяндама жасады. Аталмыш баяндамада даңқты жерлесіміздің Бейімбет Майлинмен рухани байланысы туралы айтылды. Танымдық кеш соңында Ыбырай Алтынсарин музейінің қорына музейдің ғылыми қызметкерлерінің күшімен жарыққа шыққан кітаптар сыйға тартылды.
Экскурсия – 41 = 1163 адам;
Көрме – 1 = 150 адам;
Іс-шара – 4 = 380 адам;
Дәріс – 4 = 330 адам;
Барлығы 2023 адам.
АС музей: жалпы саны - 7380, енгізілді - 60
Көкшетау қаласының тарихы музейінің 2024 жылдың қараша айындағы қызметі туралы ақпарат
Көкшетау қаласының тарихы музейі қазан айында музейге келушілерге өткізді:
экскурсия – 61, қамтылған адам саны – 365 ;
дәріс – 2, қамтылған адам –35 ;
көрме – 1; қамтылған адам –25;
2024 жылдың қараша айында іс-шаралардың барлық түрімен 425 адам қамтылды.
Есептік кезең бойынша Көкшетау қаласының тарихы музейіне «Вечная весна» белсенді қарттар клубының қатысушылары, Көкшетау қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері, №18 мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, Көкшетау қаласының инновациялық колледж студенттері, сонымен қатар қала тұрғындары мен Астана қаласынан келген қала қонақтары музейге келіп, қаламыздың құрылу және даму тарихымен танысты.
20 қараша күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері М.М.Ахметжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңнама саласында құқықтық сауаттылықты арттыру туралы ақпаратты насихаттау, одан әрі тарату мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы дәріс өткізді.
22 қараша күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері Г.Қ.Зарапова Құрылыс-техникалық колледжінің студенттер назарына Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдеріне арналған «Көкшетау бүгін» атты жылжымалы фотокөрме-дәріс ұсынды.
Әлеуметтік желілердің оқырмандарын және музейге келушілер санын арттыру мақсатында музей сайтында, https://www.facebook.com/muz.kokche
«Facebook» әлеуметтік парақшасында, @muz.kokche инстаграмм парақшасында, youtube каналында музей оқиғалары, өткізілген іс-шаралар мен қала тарихының түрлі кезеңдері мен қызықты жәдігерлер туралы онлайн ақпараттар, мерекелік күндерге орай құттықтау бейнебаяндар тұрақты түрде жарияланды.
«АС-музей» бағдарламасы бойынша цифрланған – барлығы –4530 , оның ішінде қараша айында – 31 бірлік.
«Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК қараша айында 192 іс – шара өткізді (оның ішінде экскурсиялар - 152, дәрістер – 19, көрмелер – 9, бұқаралық іс-шаралар - 12, оған 2599 адам қатысты.
Негізгі іс-шаралар:
7 қараша күні Ақмола облысы Атбасар ауданы Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінде “І.Есенберлин және әлем музейі” атты музейдің 25 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Атбасар ауданының әкімінің орынбасары Қ.Ө. Қуатбеков Ақмола облысы тарихи-өлкетану музейінің директоры Қ.Р. Мырзабек, Атбасар қаласы оқу орындарының директоры мен мұғалімдері, ауданның қоғам қайраткерлері мен БАҚ қатысты.
“Жас экскурсовод” үйірмесі мүшелерінің күшімен және “Алтын асық” музейінің театр студиясының жас әртістерімен мереке қонақтарына музей залдары бойынша экскурсиялар, театр қойылымы ұсынылды. Сондай-ақ, Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінің жетістіктері мен жоспарлары туралы SPEECH-TIME және композитор Б.Байқадамов пен ақын-жазушы І.Есенберлиннің бірлескен шығармашылығына арналған “Сүйген сәулем” музейлік сабағы өтті.
Мереке соңында әдеби музейдің қызметкерлері Ақмола облысының мәдениет басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің алғыс хаттарымен марапатталды.
8 қараша Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» қаламызға әкелген “Отырар ғасырлар тоғысында” көрмесінің ашылуы өтті.
Көрме мазмұны ортағасырлық Отырар қаласының тағылымды тарихын, онда мекендеген халықтың тұрмыс-тіршілігін, мәдениеті мен өнерін, шаруашылығын мейлінше толымды таныстыруға бағытталған. Аталмыш көрмеде 200-ге жуық түпнұсқа жәдігер көрсетілген.
Көрме 2024 жылдың 8 желтоқсанына дейін жалғасады.
Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың қараша айында жұмыс жоспарына сәйкес көпшіліктің рухани өміріне серпін беріп, мәдени болмысын, эстетикалық талғамын өсірер, мазмұн мен мағынаға толы біршама іс-шара атқарды.
Музей педагогикасы жұмысын бір арнаға түсіріп, өткен мен бүгінгі сабақтастықты жаңғырту мақсатында жазылып, құрылған қазақ мәдениеті мен тарихына, әдебиеті мен өнеріне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қатысты төмендегі дәріс-көрмелерді айырықша атап өтуге болады. 1. Ұлттық жиһаздар жайындағы «Сандықтар сыры» атты дәріс-көрме; 2. Халық ақыны Көкен Шәкеевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Айтыстың ақиығы - Көкен ақын» атты дәріс-көрме;3. Қазақ қыз келіншектерінің әшекей бұйымдары жайындағы "Айдан алқа тағынып" атты көрме-дәріс; 4. Қазақтың дәстүрлі ән мектептері жайындағы "Ән қанатында" атты көрме-дәріс; 5. Қазақ халқының киіз үйі жайындағы "Қарашаңырақ" атты көрме-дәріс; 6. Жазушы Әбіш Кекілбаевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Шыңырау ойдың шындығы» атты әдеби-танымдық сұхбат; 7. Ақын, журналист Есекеев Жұмабай Қабділмәжитұлының туғанына 85 жыл толуына орай "Өнердегі өрнекті із" атты көрме-дәріс.
2024 жылдың 11 қарашасы күні Әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері Көкшетау қаласының №2 мектеп оқушыларына «Қазақ этнографиясы» тақырыбында көрме-дәріс өткізді.
2024 жылдың 18 қаршасында Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкерлері Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушыларына «Батаменен ер көгерер» тақырыбында көрме-дәріс өткізді. 2024 жылдың 20 қарашасында Әдебиет және өнер музейінде Салтанат Сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасының меңгерушісі Айдосова Бақытжан Досымбекқызы, Жанайдар Мусин атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері және музейдің ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты іс-шара болып өтті.
Биыл Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.
Осыған орай, Ш.Уәлиханов университетінің профессоры, ф.ғ.к. Сәбит Жәмбектің «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты бейне-дәрісі Әдебиет және өнер музейінің Үoutube каналына жүктелді.
Әдебиет және өнер музейінің 2024 жылдың қараша айында атқарған жұмыстарының көрсеткіші
Дәріс – 7, көрме – 6, экскурсия – 12, жәдігерлер саны – 48, қамтылған адам саны – 800.
Барлық іс-шара саны – 25
АС-ке тіркелген жәдігерлер саны - 347 (жалпы саны: 8041).
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және
пайдалану орталығы» КММ-нің 2024 жылғы қараша айының
есебі
Тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау: акциялар, көрмелер, экскурсиялар, конференциялар, тарих сабақтары, БАҚ, сайттардағы мақалалар және т.б.
8 қараша күні Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультетінің 1 курс студенттеріне Көкшетау қаласының орталығында орналасқан Абылай хан ескерткішінің 25 жылдығына орай, «Абылай ханның еңселі ескерткіші» атты акциясын өткізді. Акция барысында ескерткіштің тарихы, авторы жайлы айтылып, Қазақстан тарихындағы Абылай ханның рөлі туралы таныстырылды.
13 қараша күні Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері Ақмола облысының тарихи-өлкетану музейінің «Отырар ғасырлар тоғысында» атты көрмесіне қатысты. Отырар өңірі - көшпелі және ауылшаруашылық мәдениетінің тұрақты аймағы. Отырар өңірі - ауданы 200 км2 құрайтын ортағасырлық археологиялық ескерткіштердің: бекіністер, суару жүйелері, қорымдардың орны. Оның ішіндегі ірі қалашықтары: Отырар, Құйрықтөбе, Оқсыз, Қаракөншек, Күйікмардан, Мыңшұнқұр, Көкмардан, Пышақшы, Пұшықмардан, Жалпақтөбе, Алтынтөбе. Нысандар мәдени дәстүрге ғана тән құрылыстың, сәулет өнерінің және ландшафттың керемет үлгісі болып табылады, ол адамзат тарихындағы маңызды кезеңді бейнелейді.
19 және 26 қараша күні Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар мен оқытушылар Ақмола облысының бірегей тарихи және қасиетті ескерткіштерімен, олардың қазақстандықтар үшін маңыздылығымен және оларды болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығымен танысты. Мамандар біздің жеріміздің рухы мен дәстүрін бейнелейтін аймақтың мәдени және тарихи нысандары туралы айтып берді.
Мұндай іс-шаралар тарихты сақтап қана қоймай, жастардың туған мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелейтініне сенімдіміз.
20 және 28 қараша Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында облысымыздың қасиетті және тарихи ескерткіштеріне арналған көрме өтті.
Көрме оқушылар мен оқытушыларды аймақтың бай мәдени мұрасымен таныстырып, болашақ ұрпақ үшін тарихи ескерткіштердін маңыздылығын ашты. Көрме бізді өткенмен байланыстыратын және болашаққа шабыттандыратын терең дәстүрлер мен рухани мұралар туралы білуге мүмкіндік берді.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жағдайына, қорғау және пайдалану туралы заңнамасы қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізу
2024 жылдың 5-8 қараша аралығында МСМ 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 79 бұйрығымен бекітілген тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнаманың, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларының сақталуына Ақмола облысы Бұланды ауданында тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында Бұланды ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Т. Шортаевпен, Бұланды ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы О.С. Курумбаевамен бірлесіп, 28 ескерткіштің техникалық жағдайы тексерілді.
Бұланды ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі негізінде ескерткіштердің жай-күйі қанағаттанарлықтай, қала тұрғындарының және жергілікті атқарушы органның күшімен жыл сайын жеңіл жөндеу жұмысы жүргізіледі, ескерткіштердің аумағын абаттандыруы жүзеге асырылады. Техникалық байқау актілері жасалды.
Новобратское ауылында орналасқан ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті 30.04.2024 ж. мерзіміне дейін қанағаттанарлық жағдайға келтіріп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Ауданның, ауылдық округтердің, ауылдардың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен ескерткіштерді заңдастыру, оларды күтіп-ұстау және күту, сондай-ақ басқа да заң мәселелері бойынша кеңес-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылғы 11-14 қараша аралығында ҚР МСМ 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 79 бұйрығымен бекітілген тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнаманың, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларының сақталуына Ақмола облысы Бурабай ауданында тексеріс жүргізілді.
Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Г.Т. Амринамен бірлесіп, 33 тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің техникалық жағдайы қаралды. Тексеру барысында ескерткіштердің жай-күйі қанағаттанарлық, қала, ауыл тұрғындарының, кенттердің және жергілікті атқарушы органның күшімен жыл сайын жеңіл жөндеу жұмысы жүргізіледі, ескерткішттердің аумағы абаттандырылады. Техникалық бақылау актілері жасалды. Ауылдық округтердің әкімдері, ауыл әкімдері, әкімдіктердің мамандары, мәдениет үйлері директорлары,мектеп директорлары және т.б. монументалды өнер ескерткіштерін орнату, ескерткіштерді заңдастыру, оларды күтіп ұстау және күту, вандализм актілеріне жол бермеу мәселелері бойынша, сондай-ақ басқа да заң мәселелері бойынша кеңес-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның консультативтік-түсіндірме жұмыстары мен отырыстары
26 қараша күні Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде келесілер қарастырылды:
Қоғам қайраткері, журналист, еңбек ардагері, көптеген мемлекеттік наградалар мен грамоталардың иегері Темірбаев Айдархан Әбдірахманұлына Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 19 мекенжайында 1976-2021 жылдары тұрған үйдің қасбетінде мемориалдық тақта орнату мәселесі;
Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, ҰОС қатысушысы, ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, еңбек ардагері, көптеген мемлекеттік наградалар мен грамоталардың иегері Бүркітбай Мәсіпұлы Батырхановқа Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Буыржан Момышұлы көшесі, 19 мекенжайы бойынша бұрын тұрған үйдің қасбетінде мемориалдық тақта орнату мәселелері қарастырылып, комиссия мүшелері бірауыздан дауыс беріп, келісім берді.
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында 2024 жылдың қараша айында театр бекітілген репертуар бойынша – 17 және театрдан тыс – 18 қойылым ойнады . Жалпы қойылымдар саны –35 Қойылымдар жалпы – 4800 көрерменмен тамашаланды.
17 қараша күні театр майталманы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актеры, Қазақстан Республикасы "Мәдениет қайраткері ", "Ерен еңбегі үшін" төсбелісінің иегері, өнер саңлағы, аталған театрдың басшысы Қалдаров Жарас Шотбекұлының 50 жас мерейтой жоғары дерәжеде өтті. Көрермен назарына "Мен деп ойла " атты монодрама ұсынылды. Авторы: Мұқағали Мақатаев, қоюшы режиссері Қуандық Қасымов.
Мұқағали өлеңдері мен күнделіктерінен құралған қойылымды жалғыз өзі ойнаған талантты актер Жарас Қалдаров жүректерге сезім ұялатып терең ойға шомылдырды. Ісшараны Жарас Шотбекұлының жанашыр жақындарымен, өнердегі жора жолдастары және сүйікті көрермендері тамашалады.
Шараның екінші бөлімінде театр әртістері Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әдемі әндер ұсынды. Сондай-ақ Астанадан арнайы келген "Бәйтерек" тобы Ж.Шотбекұлының әуеніне, ақын Қуаныш Оспанның сөзіне жазылған "Достарым" атты әннің тұсауын кесті.
Кеш соңында өнер майдалманының ұстазы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр педагогы Машурова Рахилиям, Халық әртісі Жібек Есекеқызы "Сырлы суреттер" атты фотоальбомның тұсауын кесіп,көрерменге шашу шашты.
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының шығармашылық құрамы ересектерге арналған "Ән аты–Нурикамал" "Алаш" , және балаларға арналған "Байқа балақай " қойылымдарымен Қостанай облысына гасрольдік сапарға болды. Сапардың басты мақсаты екі облыс арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, есімі әнге арқау болған Нурикамал Сейтжанқызының есімін ұлықтау, алаш қайраткерлерінің мұрасын дәріптеу. Аталған қойылымдар Арқалық қаласында, Амангелді, Жангелдин аудандарында ойналды.
«Көкшетау» мәдениет сарайынында қараша айында 22 іс-шара өткізіліп, оған 10 050 көрермен қатысты.
8 қараша күні Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М. қатысуымен Ақмола облысының полиция Департаменті қызметкерлеріне автокөлік кілттерін табыстау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімін “Көкшетау” халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
15 қарашада Көкшетау жоғары медициналық колледжінің бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Марапаттау рәсімін "Тұмар" халықтық заманауи би ансамблінің қатысушылары өткізді.
"Көкшетау" мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары: "Көкшетау", "Сувенир" халықтық би ансамбльдері, "Тұмар" халықтық заманауи би ансамблі, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының және «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері студенттерді концерттік бағдарламамен құттықтады.
20 қарашада Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде "WorldSkills Kazakhstan - 2024" IX Ұлттық жұмысшы кәсіптері чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Концерттік бағдарламаға «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі қатысты.
20 қараша күні «Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М. қатысуымен ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қонақтарды ұлттық нақыштағы жанды музыкамен халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі қарсы алды. Марапаттау рәсімін «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
Концерттік бағдарламаға халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Он алты қыз» халықтық би ансамблі қатысты.
27 қарашада «Көкшетау» МС ұйымдастыруымен атақ-даңқы алты алашқа жайылған, өлең мен әннен маржан тізген Сарыарқаның саңылақ ақыны, ақиық әнші Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған «Ән жүйрігі - Біржан сал» облыстық вокалдық фестивалі өтті.
Фестиваль шымылдығын жарқын көрініспен ашқан «Көкшетау» халықтық би ансамблі және халықтық театрының қатысушылары: Сагдиана Сердалина, Илья Никифоров, Самира Омарова, Медина Сердалина.
Фестиваль бағдарламасында: Қанат Омашов, Мейрам Қалмағанбетов (Атбасар ауданы) , Мирас Сайлаубеков (Қорғалжын ауданы), «Думан» квартеті (Сандықтау ауданы), Эльмира Нургалиева, Айболат Мутан (Степногорск қаласы), Жарқын Құрметқан, Айымгүл Хасенова (Зеренді ауданы), Райымбек Төлеубай, Әліби Мұрат, Дидар Қабиденов (Көкшетау қаласы) өнер көрсетті.
Фестивальдің барлық қатысушылары естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Қатысушыларды Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы Төлекеев Қаратай Байкенұлы марапаттап, жылы лебізін білдірді. Көп жылдар бойы «Көкшетау» МС мәдени іс-шараларының өткізілуіне белсенді атсалысып, шығармашыл жастарды қолдаудағы қосқан үлесі үшін Қаратай Байкенұлына Алғыс хат пен сыйлық берілді.
Көрермендерді концерттік нөмірлермен қуантқан: «Көкшетау» халықтық би ансамблі, «Көркемтау» домбырашылар ансамблі.
28 қарашада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «Көкшетау» МС бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Құқық жолымен жүр» атты жастар акциясын өткізді.
Іс-шараны хореографиялық қойылыммен ашқан - «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі.
Концерттік бағдарламаны көрермендерге ұсынған: «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі, «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының солистері: Адия Абенова, Карина Егинбаева, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студияның солистері: Аяна Альмухамедова, Ерқанат Ербосынұлы.
АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін «Көкшетау» мәдениет сарайының директоры Алия Нурсултановна Курманова Алғыс хатпен марапатталды.
16 қараша күні Қарағанды қаласында өткен VIII Халықаралық “Storm dance” би чемпионатында “Сувенир” халықтық би ансамблі өз өнерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша ансамбль ГРАН-ПРИ, бес мәрте 1-орын және ақшалай сыйлық жеңіп алды.
16 қараша күні Қарағанды қаласында өткен VIII Халықаралық “Storm dance” би чемпионатында “Тұмар” халықтық заманауи би ансамблі өз өнерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша ансамбль ГРАН-ПРИ, 1-орын және ақшалай сыйлық жеңіп алды.
22-25 қараша аралығында «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымының кіші тобы Сочи қаласында балалар биі саласы бойынша Грант жүлдесіне қатысты.
Кәсіби қазылар алқасының қорытындысы бойынша ұжым:
Команда Мәскеуде өтетін «Level Up» шығармашылық қозғалысы бойынша үздік хореографиялық топтар арасындағы Бүкілресейлік жабық конкурсқа» эстрадалық би жүлдесіне шақыру алды.
Қараша айында "Көкшетау" МС сахнасында:
- "Өнер қырандары" театры актерлерінің концерті
- Қапаш Кулышеваның концерті
- Нұрболат Абдуллиннің концерті
- "Орда" тобының концерті
- "Шоқан жұлдыздары" студенттік фестивалі
- "Невидимка в Зазеркалье" сиқырлы балалар шоуы
"Ақмола облыстық орыс драма театры" МКҚК қараша айында 24 спектакль өткізді.
Негізгі іс-шаралар: қойылымдар: 31, көрермендер саны: 2418.
2024 жылғы 7-10 қараша аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің IX Халықаралық театр фестивалі аясында білім беру бағдарламалары өтті. Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық Қазақ академиялық театрының 95 жылдығына арналған бұл фестиваль ұлтаралық диалогты дамытуға және Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Ақмола облыстық орыс драма театрының бас режиссері Ольга Луцива белгілі орыс режиссері, "Алтын маска" ұлттық театр сыйлығының иегері Юрий Бутусов жүргізген режиссура бойынша шеберлік сабағына қатысты.
Білім беру бағдарламаларына Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушысы Айгүл Наремгенованың (Қазақстан) сахналық сөйлеу және Ташкент мемлекеттік музыкалық комедия (оперетта) театрының директоры Бури Ганиевтің (Өзбекстан) театр менеджменті бойынша шеберлік сыныптары кірді.
Фестиваль түрлі елдердің театр қайраткерлерінің кәсіби тәжірибе алмасуы мен ынтымақтастығын нығайту үшін бірегей алаңға айналды.
14-16 қараша аралығында біздің театр кәсіби диалог алаңына айналды. "Te-ART-КӨКШЕ: жаңа кезең" халықаралық форум-зертханасы аясында көрермендер театрымыздың үздік үш қойылымын тамашалады, олардың әрқайсысы толық залдарды жинаған оқиғаға айналды.
Үш күн ішінде біз репертуарымыздың жан-жақтылығын және шығармашылық топтың шеберлігін көрсететін қойылымдарды ұсындық:
М. Макдонахтың «Калека с острова Инишмаан» - бұл күрделі адамдар арасындағы қарым-қатынас әлеміне енетін тапқыр ирландиялық комедия.
О. Богаевтың «Пошта-Почта» - зейнеткер Иван Жуковтың көзімен айтылған уақыт, адамдар және олардың армандары туралы әсерлі қиял.
А. Н. Островскийдің «Волки и овцы» - адам табиғатының мәңгілік мәселелерін жаңа жолмен ашатын классикалық комедия.
Спектакльдердің әрқайсысы аншлагпен өтті, көрермендерге жарқын эмоциялар мен шынайы жауап берді. Зал қошемет көрсетті, ал спектакльдерден кейінгі талқылауға Қазақстан мен Ресейдің театр зерттеушілері мен сыншылары қатысты. Сарапшылар режиссерлік шешімдерді, терең актерлік өнерді және сахнада билік еткен шығармашылық атмосфераны жоғары бағалады.
Бірақ форум зертханасы тек спектакльдер ғана емес. Басты оқиғалардың бірі театр өнерінің сарапшыларын, жетекшілері мен сыншыларын біріктірген «қазіргі заманғы театрдың жаңа менеджменті» панельдік талқылауы болды. Қатысушылар маңызды мәселелерді талқылады: театр қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге қалай бейімделе алады, жұртшылықпен өзара іс-қимылдың қандай форматтары неғұрлым өзекті және бірлескен жобалар мен гастрольдер халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтады.
Форумның соңғы аккорды біздің театр мен Новосибирск академиялық драма театры «Глобус» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл қадам алмасу гастрольдері, бірлескен жобалар және Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени диалог үшін жаңа перспективалар ашады.
19 және 20 қарашада Ақмола облыстық орыс драма театрына гастрольдік сапармен Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры келді. Петропавлдан келген қонақтар біздің көрермендерге екі тамаша қойылымды — «Әкем, менің сүйікті әкем» әсерлі оқиғасын және «Күміс тұяқ» сиқырлы ертегісін ұсынды.
«Әкем, менің сүйікті әкем» пьесасы-махаббат, қамқорлық және отбасылық құндылықтар туралы әсерлі оқиға. Қойылым жақындарыңызды қорғаудың және туыстарыңызбен өткізген уақытты бағалаудың маңыздылығы туралы айтады. Балалар мен ересек көрермендер кейіпкерлердің шынайы эмоцияларына еніп, сюжеттің дамуын шынайы қызығушылықпен бақылап отырды.
«Күміс тұяқ» ертегісі көрермендерге нағыз қысқы сиқыр атмосферасын сыйлады. Бұл қойылымның сюжеті Павел Бажовтың шығармашылығына негізделген және әсем күміс жылқыларды жасай алатын керемет ешкі туралы баяндайды. Кішкентай көрермендер жақсылық, ғажайыптар мен ғажайыпқа деген сенімнің ертегі әлеміне сүңгіп кетті, ал олардың ата-аналары балалық шақтарын қуана еске алды.
Гастрольдер Ақмола жұртшылығы үшін, әсіресе жас көрермендер үшін нағыз мереке болды. Мұндай гастрольдік алмасулар аймақтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтады және көрермендерге әртүрлі театр дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.
23 қарашада Ақмола облыстық орыс драма театры «Страсти-мордасти или как Кощея снегом завалило» ертегісінің қайырымдылық көрсетілімін өткізді. Спектакльге "Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернаты"КММ оқушылары қатысты.
Көрсетілім Халықаралық мүгедектер күніне арналған айлықтың аясында ұйымдастырылды. Мектепте Көкшетау мен Ақмола облысының есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалары, соның ішінде кохлеарлық импланттары бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар оқиды.
«Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында қараша айында 21 іс-шара өткізілді, оған 3657 көрермен келді, оның ішінде 2 гастрольдік сапар, қамтылған көрермен саны 850.
Негізгі іс-шаралар: К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің қатысуымен «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, дирижер Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлтсін кеудемді күй еркесі» шығармашылық кеші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышеваның 75 жылдығына арналған «Ән ғұмырым – сұлу Көкшем» шығармашылық кеші, «Музыкалық Тип – топ» музыкалық-интерактивті қойылым, «Бұлбұлдың оқиғасы» музыкалық қойылым, С.Прокофьев «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегі, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Саундтреки» концерті, Симфониялық оркестрдің концерті, Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті, КСРО-ның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған вокалдық музыка кеші.