Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпарат

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпарат

 

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ «балалар клубтарының» қызметін жандандыру міндетін қойды.

2021 жылғы қыркүйектен бастап 3 жыл ішінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруында 2,4 млрд. теңге игерілді:

2021 жылы 147,3 млн. теңге сомаға 5106 бала қамтылды

2022 жылы - 1 млрд. 045,5 млн. теңге сомасына 7769 бала қамтылды

2023 жылы - 1 млрд 134,0 млн. теңге сомасына 8052 бала қамтылды.

Балаларды шығармашылық үйірмелермен қамту бойынша жұмысты жалғастыруға облыстық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді, 2024 жылы жоспарланған қамту 8500 баланы құрайды.

Ақмола облысында барлығы 4 жастан 17 жасқа дейінгі 179464 бала бар, олардың 31,5 мыңнан астамы білім беру үйірмелеріне, спорт секцияларына және шығармашылық үйірмелерге тегін барады. 13062 бала мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда ұйымдастырылған тегін үйірмелерге қатысады. Мемлекеттік тапсырыс аясында 8690 бала мемлекеттік тапсырыс аясында шығармашылық үйірмелерге барады.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мәдениет саласында 65 жеткізуші қызмет көрсетіп, 220 үйірме жұмыс істейді.

Ең көп сұранысқа ие бағыттар: кескіндеме, сурет салу, эстрадалық вокал, вокалдық-хор ансамблі, хореографиялық ансамбльдер, қазіргі заманғы эстрадалық билер, ұлттық халық билері, домбыра, халықтық ән айту, сәндік-қолданбалы өнер бағыттарының үйірмелері, бисер тоқу, пішу және тігу үйірмелері, тоқу, кестелеу, актерлік өнер, компьютерлік графиканы оқыту.

Екі жыл ішінде жоба www.artsport.edu.kz ақпараттық платформасында іске асырылды, 2024 жылы мәдениет басқармасына ақпараттық жүйеге қолжетімділік берілді www.damubala.kz

3 жыл ішінде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс толыққанды деңгейге шықты, бүгінгі таңда жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеудің барлық процесі толық жолға қойылған және пысықталған, өтінімдер мен есептерді өңдеу процесі автоматтандырылған.

Үш жыл бойы үйірмелерде шұғылданатын балалар өңірдің мәдени өміріне, Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы мерекелік және мерейтойлық іс-шараларға белсене қатысуда.

Мысали, сурет және хореография үйірмелерінің тәрбиеленушілері (Аюпов ЖК, Леонардо ЖК) Степногорск қаласының 60 жылдығын мерекелеу аясында концерттік бағдарлама мен көрмеде өз шеберліктерін көрсетті.

Атбасар ауданының (Клименко ЖК), Есіл ауданының (Поплавская ЖК), Жарқайың ауданының («Антре радуга» ЖК), Көкшетау қаласының (Гүлбану Гумырзаковна ЖК, Закамалдина ЖК, «Арт энд дэнс» ЖК, «Adagio» ЖК, «Аманат» би студиясы), Қосшы қаласы («Bonus» шығармашылық студиясы, Өнер ЖК) «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауының аудандық, қалалық және облыстық гала-концерттеріне қатысты.

2024 жылдың маусым айында Көкшетауда «Таланттар әлемі» мемлекеттік шығармашылық тапсырысы аясында жұмыс істейтін балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бірлестіктерінің (үйірмелерінің) облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальдің концерттік бағдарламасына Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан балалар ұжымдары қатысты. «New star» сән театры «Fashion Barbie» атты жарқын дефиле, Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылының жас бишілері «Макаренаны» орындады. «Adagio» ЖК (Қошетау қ.), «Өнер» шығармашылық орталығының (Қосшы қаласы), «АнтреРадуга» би студиясының (Жарқайын ауданы) және т.б. халықаралық, республикалық фестивальдар мен байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті.

Сондай-ақ, фестиваль аясында «Кескіндеме және сурет салу», «Бисер тоқу», «Модельдеу, пішу және киім тігу» шығармашылық үйірмелерінде шұғылданатын балалардың жүзден астам еңбегі қойылған кескіндеме және сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті.

Әдебиет және өнер мұражайында Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан «Timu Gym» (Тиму Джим) ЖК шығармашылық үйірмесіне қатысушылардың көркемдік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады.

Биылғы «Оқжетпес» (Көкшетау қ.) стадионында «Ұлттық домбыра күніне» мерекелік іс-шара өтті, оған Көкшетау, Қосшы қалаларының және Целиноград ауданының шығармашылық үйірмелерінің жас домбырашылары қатысты (Өнер ЖК, Калиева ЖК, Гүлбану Гумырзаковна ЖК, Даниярова ЖК).

Шығармашылық үйірмелердің үздік тәрбиеленушілері биылғы Көкшетау қаласында өткен XV ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды бағыттары бойынша қазіргі заманғы эстрадалық билер, актерлік өнер және сахналық сөз (Артдэнс ЖК, Гравитация ЖК, ЗакамалдинаЖК және Онер ЖК).

Ақмола облысының үздік ұжымдарының концертіне V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының мәдени бағдарламасы аясында Қосшы қаласының жас домбырашылары қатысты (Өңер ЖК, Абырой ЖК, «Сельская молодежь» ЖК)

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың балалар ұжымдарының жетістіктері және олардың байқаулар мен іс-шараларға қатысуы туралы Ақмола облысы мәдениет басқармасының ресми аккаунтының инстаграммасы мен фэйсбукінде парақшалар жүргізілуде.

Соңғы жылдары Қазақстан балалар шығармашылығын дамыту саласында елеулі қадамдар жасап келеді. Бұл бағыт жас ұрпақтың әлеуетін көрсетуге және ашуға септігін тигізіп қана қоймай, еліміздің мәдени және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосады. Балалар шығармашылығын қолдау балалардың өзіне деген сенімін, креативті ойлау қабілеті мен дағдыларын тәрбиелеуге көмектеседі. Шығармашылықтағы жетістіктер балаларға мақтаныш пен сенімділік сезімін береді, бұл олардың өзін-өзі бағалауына оң әсерін тигізеді.

Ақмола облысында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бағыты бойынша жұмыс жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 ноября 2024