«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы.
Кәсіпорынның мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218 үй, тел. 8-716-2-25-68-06.
Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұжымның мәдени-демалыс қызметін, қаржылық және өндірістік-шаруашылық ісін басқарады, қабылданған шешімнің нәтижесіне толық жауап береді. Аудандық мәдениет үйлері құрылымдық бөлімшелерінің өзара қатынасын ұйымдастырады, әлеуметтік-мәдени басымдылықтар мен клубтардың заман талабына сай дамуын есепке ала отырып, олардың қызметін клубтық жұмыстарды дамытуға және жетілдіре түсуге бағыттайды.
Білуге тиіс: Конституция; Бюджет кодексі; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс; Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»; «Мәдениет туралы»; «Мемлекеттік мүлік туралы»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық ғылымдар (жалпы даму, гуманитарлық пәндер, тілдер және әдебиет пән мұғалімдерін даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және /немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет саласында немесе басқарушы лауазымдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде 5 жыл, не мәдениет саласында немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында және жұмыс органы бекітетін адамдар үшін кемінде 4 жыл кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар: педагогикалық ғылымдар (Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар педагогтарды гуманитарлық пәндер бойынша даярлау, және / немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және / немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және / немесе бизнес, басқару және құқық және / немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы).
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сонымен қатар оның кандидатурасын келісу Ережелері негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттармен танысады және 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Ақмола облысының мәдениет басқармасында өтетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218, 209-кабинет. Анықтама телефоны: 8-716-2-29-79-33, каб.202.