2024 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектісі, оның ішінде 597 мемлекеттік, оның ішінде:
- 248 мемлекеттік клуб кәсіпорны, оның ішінде ауылда - 228;
- 331 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылдық жерлерде - 289;
- 13 мұражай, оның ішінде ауылдық жерлерде - 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай-1 атындағы Ақмола облыстық филармониясы;
- 1 Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Облыстың барлық клубтық кәсіпорындарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын, Тілдер күні, Қазақстан Республикасы күні, Ұстаздар күні, Құтқарушылар күні және Нан күнін мерекелеуге арналған түрлі форматтағы іс - шаралар, оның ішінде әдеби-музыкалық тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, бейне-роликтер, челлендждер, көшпелі концерттер және т.б. ұйымдастырылды.
Республика күні қарсаңында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Сағындырған әндер-ай!» облыстық байқау-фестивалінің гала-концерті өтті. Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан келген өнерпаздардың орындауында өткен жылдардағы шлягерлер шырқалды. ХХ ғасыр стилінде безендірілген тақырыптық фотоаймақ өнер кешіне ерекше сән берді. Іс-шара қонақтары қуана суретке түсіп, жастық шағын, адал достары мен сүйікті әуендерін еске алды.
Астрахан аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары зардап шеккендер мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айы аясында Новочеркасское, Первомайка, Первомайское ЦССУ, Жарсуат, Оксановка, Ст.Колутон ауылдарына көшпелі концерттер ұйымдастырды.
Аршалы ауданында «Қарттарым – асыл қазынам» ардагерлер ұйымдарының аудандық фестиваль-байқауы өтті; «Радуга» үлгілі би ұжымы «Би ұшқыны» балалар мен жастар шығармашылығының республикалық байқауына қатысып, 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ерекше балаларға арналған «Мейірім шуағы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы концерттік бағдарламасымен өнер көрсетіп, соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Бұланды ауданында клубтық кәсіпорындар кітапханамен бірігіп, «Қазыналы карттарым» қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айлығы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді.
Есіл ауданында күрделі жөндеуден кейін Свободное селолық клубының салтанатты ашылуы өтті.
Жақсы ауданының Киев ауылдық клубында «Вместе мы согреем мир в лучах добра» акциясы өткізілді. Іс-шара қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйінде өтті. Іс-шараның мақсаты: отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық дәстүрлерді сақтау; Запорожье ҚДК-да «Хлеб –всему голова» нан-тоқаш өнімдерінің көрмесі, аудандық мәдениет үйінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары, аудандық ТЖБ бастығы, саланың ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Құтқарушыларға медаль, төсбелгі және алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Красный Яр ауылындағы «Көкше» мәдениет үйінің көрермендер залында «Вальс листопада» мерекелік концерт өтті. Концертке көркемөнерпаздардың шығармашылық ұжымдары қатысты. Аға буын өкілдеріне жылы құттықтаулар айтылып, балалар ата-әжелеріне өлең оқыды. Мәдениет үйінің фойесінде «Как молоды мы были» фото-көрмесі ұйымдастырылды, онда ауыл активі өкілдерінің фотосуреттері орналастырылды; 18 қазанда өткен «Ал, қанекей, әжелер!» байқауына қатысушылар «Үздік әже» атағы үшін бақ сынасты.
Целиноград аудандық мәдениет үйінде өткен «Жұлдыздар шеруі» республикалық шығармашылық байқауына «Ассоль» би ұжымдары, «Карамелька» үлгілі ұжымы, «Нәзік» би ұжымы қатысып, жүлделі орындарға ие болды; 2024 жылғы 12 қазанда Родина а. АМҮ би ұжымдары Астана қаласындағы «Ре Соль» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Мелодия осени» атты 2-ші Республикалық байқауға қатысып, «Якутяночка» биі Бас жүлде мен 2-ші орынды жеңіп алды, сондай-ақ Жалғызқұдық ауылынан қатысушы Ербол Жұлдыз аталмыш байқаудың «Көркемсөз оқу» номинациясында Бас жүлдені иеленіп, одан әрі Ташкентте өтетін байқауға қатысу үшін шақыру алды; «Дана&dance» (Софиевка а.) мен «Тұмар» (Талапкер ауылы) би ұжымдар «Бақытты жұлдыз» республикалық байқауына (Астана қ.) қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Мерейтойлық күндер бойынша іс-шаралар
2024 жылғы 11 қазан күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысы
әкімдігінің қолдауымен, Ақмола облысының мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Қазақстанның халық ақыны, республикалық ақын-жыршылар одағының президенті, белгілі айтыскер ақын Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына орай, халқымыздың ұлттық өнерін насихаттап, айтыс өнерін дамыту мақсатында «Көкшенің көк семсері – Көкен ақын» атты еларалық ақындар айтысын өткізді. Айтысқа Қазақстан мен Қырғызстаннан ақындар қатысты. Еларалық айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргізді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы - Жүрсін Ерман қазылар алқасына төрағалық етті.
Сахнада өнер көрсеткен дәстүрлі әншілер Айгүл Қосанова (Қазақстан) мен Эльзара Осконбаева (Қырғызстан), күйшілер Достиярова Бекзада (Қазақстан) мен Закирбек Дүйшенбекұлы (Қырғызстан), жыршылар Елмұра Жаңабергенова (Қазақстан) мен Самат Кочербаев (Қырғызстан), термешілер Арафат Ысқақов (Қазақстан) пен Айбек Қалиев (Қырғызстан) көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Өнерпаздарға ұйымдастыру алқасының дипломдары мен ақшалай сертификаты табыс етілді.
Бас жүлде мен ақшалай сертификаттың иегерлері Мақсат Аханов (Қазақстан) пен Амантай Құтманәлиев (Қырғызстан) болды.
I орын және ақшалай сертификат Нұрлан Есенқұловқа (Қазақстан) және Азамат Болгонбаевқа (Қырғызстан) табысталды.
ІІ орын мен ақшалай сертификатқа Асланбек Шұғатаев (Қазақстан) пен Нұрсұлтан Малдыбаев (Қырғызстан) ие болды.
Жансая Мусина (Қазақстан) мен Кубат Түкешов (Қырғызстан) ІІІ орын және ақшалай сертификатты иеленді.
Белсенді қатысқаны үшін Мұхамед Қонқаев (Қазақстан) пен Жамайка Дүнқанаева (Қырғызстан) дипломдармен марапатталып, ақшалай сертификатқа ие болды.
Көкшетау қ. «Достар» МҮ - де Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, импровизатор ақын Құдайберлі Мырзабектің 60 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті. Құдайберлі Мырзабек біздің облыста ғана емес, елге танымал ақын. Ол облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі 60-тан астам айтыста өнер көрсеткен.
Оның белгілі шығармалары «Айрауық», «Ащылы-Жекебояқ», «Қармыс атаның ұрпақтары», «Сұр көжек» және т.б. Қ.Мырзабек бірқатар әндер мен өлеңдер жинағының авторы.
2024 жылғы 18-19 қазанда Біржан сал ауданында Қазақстан Республикасы күніне және жерлесіміз, ақын Біржан салдың 190 жылдығына арналған Мәсіп Батырханұлы атындағы «Құсбегілер» дәстүрлі халықаралық турнирі өтті. АМҮ шығармашылық ұжымы концерт ұйымдастырып, «Асыл Дария» әжелерінің вокалдық тобы «Шашу» рәсімімен Моңғолия, Қырғызстан, Венгрия елдерінен және Қазақстанның 10 өңірінен келген қатысушыларды қарсы алды.
Зеренді ауданында ауылдық клубтарда Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып Омаровтың 85 жылдығына арналған бейне ролик түсірілді.
Есіл аудандық мәдениет үйінде «Дәстүрлі әнші Бисара Мәкенова» атты портрет-кеші өтті.
Ақкөл ауданы клубтық кәсіпорындарының ұйымдастыруымен Гарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Елубай Өмірзақовтың 125 жылдығына, Баянғали Әлімжановтың 70 жылдығы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы, Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы және Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған танымдық, тақырыптық, ақпараттық сағаттар, әдеби кештер, танысу сағаттары, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Ақмола облысы мемлекеттік кітапханалар жүйесінің
2024 жылғы қазан айында айында жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат
2024 жылдың 1 қарашаға Ақмола облысында барлық жүйелер мен ведомстволардың 338 кітапханасы жұмыс істейді, оның ішінде 329 мемлекеттік кітапхана жүйесі.
Қазан айында облыс кітапханаларында 14 183 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап берілімі -507 762. Келушілердің жалпы саны –315 440.
Кітап қоры – 4 445 903 дана. Бір ай ішінде 4632 дана әдебиет келіп түсті, 5 шығарылды.
1 қазан - қарттар күніне арналған іс- шаралар
1 қазан күні Көкшетау Орталық қалалық үлгілі кітапханада қарттар айлығы аясында «Өмір жолы ұрпаққа үлгі» атты ізгілік кеші өтті. Шараның мақсаты: зейнетке шыққан кітапханашыларды мерекелерімен құттықтау. Кітапхана ісінің ардагерлері шақырылды, оларға слайдтар сүйемелдеуімен мерекелік бағдарлама дайындалды.
2 қазан күні «Достар» МС жанындағы қалалық кітапхана «Қарттарым – асыл қазынам» көрмесін өткізді. Көрмеде денсаулық пен ұзақ өмір сүруге, жас аралығындағы дағдарыстарын еңсеру және ұрпақтар арасында диалог орнату мәселесіне арналған кітаптар, пайдалы тағамдардың рецептерімен дұрыс тамақтану туралы, тері мен шаш күтімі, сауықтырудың дәстүрлі тәсілдері туралы әдебиеттер ұсынылған. Сондай-ақ бау-бақшада бағбандар мен жазғы тұрғындарға, қолөнер және басқа да істерге арналған басылымдар ұсынылды.
Степногорск ОКЖ-нің Үлгілі балалар кітапханасында Қарттар күніне орай «Ақ жаулықты дана әжелер» байқауы өтті. Шараға кішкентай оқырмандарымыз әжелерімен келді. Олар бірігіп шығармашылық тапсырмаларды орындап қана қоймай, ертегілер, мақал-мәтелдер, түрлі ұлттардың мәдениеті, мектептегі пәндер бойынша білімдері бойынша сайыстарға белсене қатысты. Қатысқандары үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар, немерелеріне тәтті сыйлықтар табыс етілді.
25 қазан — Республика күніне орай
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 25 қазан — Республика күніне орай «Отаным — мақтанышым» атты облыстық патриоттық өлең оқу челленджін бастап, Аршалы аудандық кітапханасына жолдайды.
23 қазан күні Көкшетау қ.Застанциондық қалалық үлгілі кітапханада «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты поэтикалық сағат өтті. Кітапхана оқырмандары, №14 ЖБ мектептің оқушылары: Сұлтан Алина, Капышева Алия, Мухарская Александра, Опрышкина Ангелина белгілі ақындардың: Мұқағали Мақатаевтің, Оразқын Асқар, Қадыр Мырзалиева өлеңдерің оқыды.
23 қазан күні Балалар кітапханасында «Мәңгілік жаса, қыран елім!» атты патриоттық сағат өткізілді. Кітапхана оқырмандары мерекенің пайда болу тарихы туралы білді, викторина сұрақтарына жауап берді. Іс – шара барысында Отан, тіл туралы өлең жолдары оқылды. Іс-шара әдебиеттерге шолу жасаумен аяқталды.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай
3 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде «Курляндия қаһарманы» атты әдеби кеш өткізді. Аталмыш іс-шарада оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылық жолы жайлы мәліметтер берілді. Шара барысында оқушылар жазушының «Қан мен тер», «Соңғы парыз», «Курляндия» сынды кітаптары мен туындыларынан жинақталған ақпараттарды көріп, танысуға мүмкіндік алды.Оқушылар жазушының шығармашылық әлемімен тереңірек танысып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін жақсырақ түсінді.
Степногорск ОКЖ-нің Үлгілі балалар кітапханасында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр жазушысы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға кітапхананың оқырмандары қатысты. Кітапханашы Қазақстанның халық жазушысының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, бейне материалдар мен аудио жазбаларды ұсынды. Балалар «Қан мен тер» трилогиясы бойынша түсірілген фильмінен үзінді тамашалап, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қазақ және әлем әдебиетіне қосқан үлесін белсенді талқылады. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.
3 қазан күні Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп гимназиясы мен Мәлік ғабдуллин музейінің бірлесе ұйымдастыруымен Республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» клубының негізін қалаған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Журналистер одағының мүшесі Құдайбрлі Мырзабектің 60 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегімдегі Қазақстан» атты онлайн семинар өтті.
Онлайн семнарға Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Зеренді ауылының М.Ғабдуллин атындағы мектеп- гимназиясы», Ақтөбе қаласы М.Ғабдуллин атындағы №70 ЖББОМ, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектептер қатысты.
Семинарда Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері, Республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» клубының жетекшісі Аягөз Махметова «Мәлікшіл ұландар, халықшыл қырандар» тақырыбында баяндама жасады.
Клуб жетекшілері «Жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында онлайн газет қорғаса, клуб мүшелері «Қазақ келеді», «Ту түбіндегі толғаныс» өлеңдерін оқыды.
«Қазыналы қарттарым» кездесу кеші
4 қазан күні Даналық пен мейірім айлығы аясында Мәлік Ғабдуллин музейінде қоғам қайраткері, музей жанашыры Қаратай Төлекеевпен «Қазыналы қарттарым» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында Қаратай Бәйкенұлы өмір жолындағы әдемі естеліктерімен бөлісіп, өзінің суретшілік қыры, әншілік қыры туралы баяндап берді.
М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп гимназиясының ұстаздары Ботагөз Ахметжанова мен Ербол Рахимович ыстығы мен суығы қатар жүрген ұстаздық жолдың қызықты сәттерін еске алды.
Музей директоры Кенжебай Мұқышев кешті Біржан салдың «Жамбас сипар» әнімен өрнектесе М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш оспан сиясы кеппеген «Іңір» өлеңін оқып көрермен қауымның ықыласына бөленді.
Кеш соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызының алғыс хаты табысталды.
Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ерболат Баятұлы жүргізді.
«Көрікті Көкшем менің» жас суретшілер байқауы
23 қазан күні қалалық қазақ кітапханасында Республика күніне және Көкшетау қаласының күніне арналған «Көрікті Көкшем менің» атты жас суретшілер байқауының ақтық кезеңі өтті.
Іс-шараның мақсаты: Сурет өнері арқылы қазіргі жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге атсалысу, Республика күнінің және қала күнінің мерекеленуіне үлес қосу болып табылады.
Екі кезеңнен тұрған байқауға қала мектептерінен барлығы 18 өтінім келіп түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші кезеңнен өткен 10 оқушы екінші кезеңде бақ сынады.
Арнайы тағайындалған қазылар алқасы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын сарапқа салып, үздіктерін іріктеп алды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынды №12 орта мектеп оқушысы Кожахметова Камила, жүлделі II орынды Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектептің оқушысы Сәтбек Адина, III орынды №19 орта мектеп оқушысы Ислям Маржан жеңіп алды.
Сондай-ақ, «Ұшқыр қиялы үшін» номинациясымен №16 орта мектеп оқушысы Сабирова Мадина, «Сюжеттік композиция» номинациясымен №21 орта мектеп оқушысы Аппасова Аиша, «Сурет салу техникасы» №21 орта мектеп оқушысы Казбекова Малика марапатталды.
Жүлдегер атанған жас суретшілерге ұйымдастырушы тарап Мәлік Ғабдуллин музейі мен Қалалық білім бөлімінің атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Экскурсия – 47 = 1285 адам;
Көрме – 0 = 0 адам;
Іс-шара – 3 = 140 адам;
Дәріс – 1 = 70 адам;
Барлығы 1495 адам.
АС музей: жалпы саны - 7320, енгізілді - 60
2024 жылдың қазан айында Көкшетау қаласының тарихы музейіне Назарбаев зияткерлік мектебі, №17, №15 мектептердің оқушылары мен мұғалімдері, медициналық колледж, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік Университеті, А.Мырзахметов ат. Көкшетау Университеті студенттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсына келген ұстаздар қауымы, сонымен қатар Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе қалаларынан және Ұлыбритания, Германия шетелдерден келген қала қонақтары мен туристер музейге келіп, қаламыздың құрылу және даму тарихымен танысты.
Германия елінен келген қала қонақтары музей экспозициялары арқылы халқымыздың мәдениетімен, қаламыздың даму тарихымен танысуда.
Мейірімділік пен даналық айлығы аясында Көкшетау қаласының тарихы музейіне ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Шортанды ауданының Құрметті азаматы, мәдениет саласының үздігі, белгілі суретші, сүйек зергері Кәрім Бектас Кәрімұлы келіп, музей экспозициясын тамашалады.
Қазан айы Мемлекеттік мереке – Республика күніне арналған іс-шаралардан басталды.
«Мектептегі музей апталығы» музейлік жобасы аясында Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарының оқушылары үшін «Жер сұлтаны – Көкшетау» атты жылжымалы фотокөрме-дәріс өткізілді.
4 қазан күні V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы «Көшпенділер Әлемі» қазақ ауылында өткен мәдени шаралардың жоғары деңгейде өтуіне елеулі үлес қосқан мәдениет қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Еңбектері еленіп, облыс әкімінің алғыс хатымен Көкшетау қаласының тарихы музейінің директоры Ботагөз Ғабдуллина және облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен музей экскурсоводтары Гүлмира Зарапова мен Руслан Макашев марапатталды.
9 қазан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері «Туған қалам – қазынам» жобасы аясында Біржан сал ауданына қарасты Андықожа батыр жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының назарына «Арқаның кербез Көкшесі» атты жылжымалы көрмені ұсынды. Іс-шара барысында ұстаздар ұжымы мен оқушылар жылжымалы этнографиялық көрмедегі бұйымдар арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнерімен, мәдениетімен, Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдеріне арналған фотокөрме арқылы туған өлкеміздің тарихымен, бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Көкшетау қаласының тарихы музейі шілде айында әуесқой фотографтар арасында «Кербез сұлу Көкшетауым» атты фотобайқау жарияланған болатын. Фотобайқауға «Қала келбеті» және «Ретро стиліндегі Көкшетау» аталымдары бойынша 17 әуесқой фотографтың жұмыстары ұсынылды. 18 қазан күні қазылар алқасы – балалар көркемөнер мектебінің директоры Ю.Желобкова, «Степной маяк» газетінің фототілшісі В.Отт және "JETI QAZYNA" ойынының авторы және ұйымдастырушысы А.Байжолов фотобайқау жеңімпаздарын анықтады. Е.Г. Емельянов пен Т.С.Савченко «Қала кебеті» аталым бойынша және Н.М.Пудинова «Ретро стиліндегі Көкшетау» аталым бойынша фотобайқау жеңімпаздары атанды.
22 қазан күні Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Салтанат сарайының» залында Көкшетау қаласының тарихы музейі ұйымдастырған «Кербез сұлу Көкшетауым» атты фотобайқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі мен фотокөрменің ашылуы өтті.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А. Сәбитова, балалар көркемөнер мектебінің директоры Ю.Желобкова, «JETI QAZYNA» ойынының авторы және ұйымдастырушысы А.Байжолов фотобайқаудың «Қала келбеті» аталымы бойынша жеңімпаздары Е.Г. Емельянов пен Т.С.Савченкоға және «Ретро стиліндегі Көкшетау» аталымы бойынша жеңімпаз атанған Н.М.Пудиноваға дипломдар мен бағалы сыйлықтар – компьютерлік планшеттер табыс етті.
Фотобайқаудың барлық қатысушылары музей шығарған Көкшетау қаласының тарихы туралы брошюралар мен дипломдарға ие болды. Конкурстық фотосуреттер Көкшетау қаласының тарих музейінің фотоқорын толықтырды.
Жиналған қауым фотокөрме арқылы Көкшетаудың жарқын көріністерін тамашалады. Қатысушылардың жұмыстары қаланың сұлулығын ғана паш етіп қоймай, сонымен қатар оның өткеніне үңіліп, қала тарихының жаңа қырларын ашуға көмектесті. Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А. Сәбитова және Музей директоры Б.Габдуллина қатысушыларға, қазылар алқасы мен қонақтарға фотобайқау мен фотокөрмеге қатысқандары үшін алғыс білдіреді.
Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлықпен күрес – азаматтық парыз» атты дәріс-сұхбат өтті.
Көкшетау қаласының тарихы музейі қазан айында музейге келушілерге өткізді:экскурсия – 58, қамтылған адам саны – 361, дәріс – 8, қамтылған адам – 443, көрме – 6, қамтылған адам – 440, көпшілік іс-шара – 2, қамтылған адам – 113, 2024 ж. қазан айында іс-шаралардың барлық түрімен 1357 адам қамтылды.
«АС-музей» бағдарламасы бойынша цифрланған – барлығы – 4499, оның ішінде қазан айында – 94 бірлік.
«Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК маусым айында 201 іс – шара өткізді (оның ішінде экскурсиялар - 140, дәрістер – 19, көрмелер – 18, бұқаралық іс-шаралар - 24, оған 3650 адам қатысты.
Негізгі іс-шаралар:
10 қазанда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі 2 іс-шара өткізді:
1) Халық ақынының 100 жылдығы жылында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп «Көкен Шәкейұлы: «Айтыстағы алтын көпір» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, оған мәжіліс депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ақындар, жазушылар қатысты және журналистер, айтыскердің оқушылары: Жабал Ерғалиев, Аманжол Әлтаев, Жүрсін Ерман, Баянғали Әлімжанов, Қорғанбек Аманжолов, Қойлыбай Асанов, Сәбит Жәмбек, Құдайберлі Мырзабек, Гүлден Тілеубердина.
Аталған іс-шараға облыстық мұражай облыстық музей қорынан Көкен Шәкеевтің құжаттары, фотосуреттері мен жеке заттарының көрмесін дайындады.
2) «Достар» мәдениет сарайында өткен ақын, айтыскер Құдайберлы Мырзабектің 60 жылдығына арналған «Мен де бір бұлбұлыңмын!..» атты шығармашылық кеш аясында облыстық музей автордың жеке мұрағатынан фотосуреттер, наградалар мен құжаттар, сондай-ақ жеке заттар көрмесін дайындады.
2024 жылғы 22 қазанда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитованың қатысуымен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Туған жерім - тұғырым» атты облыстық өлкетанушылар форумы өтті. Форум жұмысына Көкшетау, Степногорск қалаларынан, Атбасар және Зеренді аудандарынан өлкетанушылар қатысты. Форум аясында өлкетанушылар қауымдастығының бір жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалып, өлкетанушылардың зерттеу жұмыстары туралы хабарламалар, баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ 2023-2024 жылдары өлкетанушылар шығарған кітаптар ұсынылды.
Қазақстан Республикасы күніне орай Ақмола облысының өлкетанушылары Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әмренованың және Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б. Сәбитованың Алғыс хатымен марапатталды.
Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың қазан айында жұмыс жоспарына сәйкес көпшіліктің рухани өміріне серпін беріп, мәдени болмысын, эстетикалық талғамын өсірер, мазмұн мен мағынаға толы біршама іс-шара атқарды.
Музей педагогикасы жұмысын бір арнаға түсіріп, өткен мен бүгінгі сабақтастықты жаңғырту мақсатында жазылып, құрылған қазақ мәдениеті мен тарихына, әдебиеті мен өнеріне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қатысты төмендегі дәріс-көрмелерді айырықша атап өтуге болады.
«Қазақ фольклорындағы жыраулық өнердің тарихы» атты дәріс-көрме,ұлттық қолөнер туралы «Ши тоқу өнері» атты дәріс-көрме, музей қорындағы көне кітаптар турасындағы «Көне кітап тарихы» атты көрме-дәріс, қазақ халқының саятшылық дәстүрі жайындағы «Құс салып айдын көлде дабыл қақтым...» атты көрме-дәріс, қазақ халқының күйшілік өнері жайындағы «Қоңыр күйдің күмбірі» атты көрме-дәріс, қазақ халқының киіз үйі жайындағы «Қарашаңырақ» атты көрме-дәріс.
Биыл ақын, жыршы, драматург, әуесқой сазгер Құдайберлі Мырзабек асқаралы 60 жасқа толды. Осы мерейтойды лайықты атап өту мақсатында 2024 жылғы 3 қазан күні Әдебиет және өнер музейінде «Тыңдатам жер шарына жүрегімді...» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Аталған іс-шараға шығармашыл тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласы қызметкерлері қатысты.
Ақынды құттықтай келген Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өнер иесіне шығармашылық толайым табыс, отбасына амандық тіледі. Бұл өңір басшысының халық өнеріне деген, ұлттық құндылықтарға деген зор құрметі болды.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің талантты жастары ақын өлеңдерін жатқа оқып, көпшілік көрерменді парасатты поэзия патшалығына, өрелі өлең өлкесіне жетелей жөнелді. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасенов Құдайберлі Мырзабектің әндерін әуелете шырқап, жиылған қонақтардың ризашылығына бөленді.
Одан әрі сөз алған Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғманов мерейтой иесін қуанышымен құттықтап, шығармашылық табыс тілеп, сый-сияпат жасады. Ақын шығармашылығы жайлы ой қозғап, поэзия жайлы пайымды пікір білдірген ғалым ф.ғ.к. Сәбит Жәмбек Құдайберлі Мырзабектің ақындық, айтыскерлік, азаматтық тұлғасын аша түсті.
Іс-шараны ұйымдастырушы Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы өнерсүйер қауымға, ақынның өнерін құрметтеп келген көпшілікке алғыс білдіріп, мерейтой иесіне құттықтау хат пен естелік кәде-сый табыстады. Өз кезегінде сөз алған Құдайберлі Мырзабек музей ұжымы мен жиналған қауымға алғыс сезімін білдіріп, жырдан шашу шашты.
Көпшілік жұрт рухани кештен риза көңілмен тарқасты.
2024 жылдың 9 қазаны күні Әдебиет және өнер музейінде Даналық айы аясында музей ардагерлерінің қатысуымен «Қарттарым, аман-сау жүрші!» тағылымдық кеші болып өтті. Кеш барысында музейде жұмыс атқарып, зейнетке шыққан ардагерлерге жаңа экспозициялық залдарға экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, арнайы мерекелік дастархан дайындалып, зейнеткерлерге естелік сыйлықтар тапсырылды. Музей қызметкерлерге ән-күйден шашу шашып, ақ тілектерін жаудырды. Естеліктерімен бөлісіп, әуезді ән, әсерлі әңгіме айтылған кештен зейнеткерлер көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.
2024 жылдың 9 қазаны күні Әдебиет және өнер музейінде Даналық айы аясында музей ардагерлерінің қатысуымен «Қарттарым, аман-сау жүрші!» тағылымдық кеші болып өтті. Кеш барысында музейде жұмыс атқарып, зейнетке шыққан ардагерлерге жаңа экспозициялық залдарға экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, арнайы мерекелік дастархан дайындалып, зейнеткерлерге естелік сыйлықтар тапсырылды. Музей қызметкерлерге ән-күйден шашу шашып, ақ тілектерін жаудырды. Естеліктерімен бөлісіп, әуезді ән, әсерлі әңгіме айтылған кештен зейнеткерлер көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.
2024 жылдың 17 қазаны күні Әдебиет және өнер музейінде Республика күні мерекесіне арналған суретші, қолөнер шебері, Шортанды ауданының құрметті азаматы, ҚР этнодизайнерлер одағының мүшесі Бектас Кәрімұлының «Жауырындағы сырлы өнер» атты жеке шығармашылық көрмесі болып өтті. Көрменің мақсаты Республика күні мейрамын лайықты деңгейде атап өту, қылқалам шебері Бектас Кәрімұлының шығармашылығын көпшілік қауымға насихаттау, халықты мәдени ошақтарға тарта отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Көрмеге шебердің қолынан әр жылдары шыққан суреттермен қатар, жылқының жауырын сүйегінен ойып, жонып, оюлап жасаған еңбектері қойылды. Бұл жауырын сүйектердегі бейнелерден қазақтың терең тарихы, қолөнері, салт-дәстүрі жайлы мол мағлұмат алуға болады.
Көрменің ашылуына Ақмола облысының мәдениет басқармасы, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО ұстаздары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Көрменің ашылу рәсімінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова сөз сөйлеп, өнер иесіне облыс әкімі орынбасарының алғыс хаты мен естелік сыйлық табыс етті. Сондай-ақ іс шара барысында сөз алған суретші, мүсінші Юрий Попов, педагог-суретші Дужан ағзұмов шеберге шығармашылық табыс тілеп, мерекемен құттықтады. Қазақ халқының ұлттық бет-бейнесі көрініс тапқан көркемсуреттен айырықша әсер алған көпшілік қауым риза көңіл-күймен тарқасты.
Дәріс – 8, көрме – 9, экскурсия – 8, жәдігерлер саны – 2, қамтылған адам саны – 1050, барлық іс-шара саны – 25, АС-ке тіркелген жәдігерлер саны - 230 (жалпы саны- 7694).
Тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау: акциялар, көрмелер, экскурсиялар, конференциялар, тарих сабақтары, БАҚ, сайттардағы мақалалар және т.б.
4 қазан күні Орталықтың қызметкерлері «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ауданнан келген тарих пәнінің мұғалімдеріне Ақмола облысының киелі объектілер туралы «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» атты тарих сабағын өткізді.
Ақмола облысының киелі объектілер туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетіліп, туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді.
11 қазан күні Тарихи-мәдени мұра ескерткіштер мен тарихи орындар туралы «Ақмола облысының тарихи орындары мен ескерткіштері» көрмесі өткізілді. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсына келген тарих пәнінің мұғалімдеріне «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге және отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, тарих пен рухани-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады. (20 адам)
17 қазан күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультетінің 1 курс студенттеріне Көкшетау қаласының орталығында орналасқан тарихи-мәдени мұра: Тәуелсіздік стеласы, М. Ғабдуллин, Абылай хан ескерткіштеріне экскурсия өткізілді. Іс-шара барысында аталмыш ескерткіштердің авторлары, «Тәуелсіздік» стеласы туралы, Абылай хан мен М.Ғабдуллиннің өмірбаяны мен қызметі туралы ақпарат берілді. Экскурсияның басты мақсаты - тарихи-мәдени мұра құндылықтарын сақтау, қорғау және болашақ ұрпаққа аманат ету болып табылады.
23 қазан күні, Қазақстан Республикасының күніне орай, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Мәдени мұра - тарих толқынында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға: өлкетанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысы өлкетанушылар қауымдастығының төрайымы Салық Г.Д.; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Уәлиханов атындағы КУ ректорының кеңесшісі Сейтқасымов А.А.; Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының оқытушысы, тарих ББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Кенжебек Д.К.; Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің комплаенс-офицері, заң ғылымдарының магистрі Аманкелді Б.А.; Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ жанындағы К. А. Акишев ат. археологиялық ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Тлеуғабылов Д.Т.; Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология мамандығының магистранттары Рысбергенов М. А., Мухаметзянов А.Р., Тагленов А. М., Тлекешев С.Н. және А. Мырзахметов атындағы КУ тарих факультетінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында ғалымдар мен өлкетанушылар өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасы, Сандықтау және Зеренді аудандарындағы археологиялық қазбаларынан табылған артефактілер туралы сөз сөйлейді. Ұлы Даланың тарихи өткенін, оның әлемдік өркениет үшін маңыздылығын зерттеуге археология да баға жетпес үлес қосатындығы сөзсіз.
Бурабай ауданындағы археологиялық қорғау-құтқару жұмыстары
14 қазан күні Бурабай ауданының киелі жерлері мен тарихи орындарын анықтау мақсатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» жазғы барлау жұмыстары нәтижесінде жаңадан анықталған «Абақай сақ ғибадатханасы» қорымдарына археологиялық қорғау-құтқару, зерттеу жұмыстарын бастады.
Қазан айы бойы болатын экспедицияда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторы, археолог - Тлеугабылов Д.Т. ғылыми жетекшілігімен жүргізілуде, сонымен қоса аталмыш университеттің жас магистрант ғалымдары мен студенттері қатысуда.
Зерттеу барысында мұртты обалар және оның құлаған менгір тастары қалпына келтірілетін болады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жағдайына, қорғау және пайдалану туралы заңнамасы қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізу
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ 2024 жылғы 1 - 4 қазан аралығында Аршалы ауданында тарихи-мәдени мұраны сақтау саласын реттейтін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында Аршалы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.К. Қажетовпен бірлесіп, Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің техникалық жағдайы қаралды, тексеру барысында 16 ескерткіш қаралды. Аршалы ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі негізінде ескерткіштердің жай-күйі қанағаттанарлық, қала, ауыл тұрғындарының, кенттердің және жергілікті атқарушы органның күшімен жыл сайын жеңіл жөндеу жұмысы жүргізіледі, ескерткішттердің аумағы абаттандырылады. Техникалық бақылау актілері жасалды.
2024 жылғы 09-11 қазан айы аралығында Ақкөл ауданында тарихи-мәдени мұраны сақтау саласын реттейтін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру жүргізілді. Тексеру барысында Ақкөл мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.М. Түменбаевамен бірлесіп, Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің техникалық жағдайы қаралды, тексеру барысында 17 ескерткіш қаралды. Ақкөл ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі негізінде ескерткіштердің жай-күйі қанағаттанарлық, қала, ауыл тұрғындарының, кенттердің және жергілікті атқарушы органның күшімен жыл сайын жеңіл жөндеу жұмысы жүргізіледі, ескерткішттердің аумағы абаттандырылады. Техникалық бақылау актілері жасалды.
Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның консультативтік-түсіндірме жұмыстары мен отырыстары
14 қазан күні Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК ғимаратының қасбетінде Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, КСРО Денсаулық сақтау үздігі, Қазақстан республикалық онкологтар қоғамының құрметті мүшесі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, көптеген мемлекеттік наградалар мен грамоталардың иегері Өмірбек Кәкімұлы Байкеновке; Ерейментау ауданы, Ерейментау қ. «Ерейментау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратының қасбетінде, самбо күресінен КСРО спорт шебері, самбо күресінен ҚазКСР мен бүкіл одақтық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, Ерейментау ауданының Құрметті азаматы Рүстем Нұрмұхамедұлы Ибраевқа мемориалдық тақта орнату мәселелері қарастырылып, комиссия мүшелері бірауыздан дауыс беріп, келісім берді.
29 қазан күні, Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібінде Балкашино ауылының маңында, Сандықтау ауданының төтенше жағдай қызметкерлерімен оқу-жаттығу өткізу кезінде табылған «Тастағы адам бетінің бедерлі бейнесі» тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің алдын ала есепке алу; Кеңес кезеңі ескерткіштері: В. И. Ленин, Кеңес өкіметін орнату үшін күрескерлерге арналған ескерткіш, Азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан көкшетаулықтардың естелігіне орнатылған ескерткіштеріне жүргізілген тарихи-мәдени сараптама қорытындысы; Бурабай ауданындағы 4 киелі ескерткіштерге негізделген «Төрт ханшайым» триумфалды аркасын орнату мәселелері қарастырылды. Отырыстың соныңда мынадай шешім қабылданды: Ақмола облысының мәдениет басқармасы 09.02.2024 ж. тарихи-мәдени сараптама негізінде Көкшетау қаласындағы Кеңес кезеңінің ескерткіштерінің тарихи маңыздылығын жоғалтты деп танысын және тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен алып тасталсын: Көкшетау қаласының Орталық қалалық саябағында орналасқан В. И. Ленин ескерткіші алдын ала есептен шығарылып, монументалды көркемөнер обьект санатына жатқызылсын; Кеңес өкіметін орнату үшін күрескерлерге арналған ескерткіш (1918 ж. 60-адам жерленген жер, қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан); Азаматтық соғыста қаза тапқан көкшетаулықтардың жерленген жеріндегі ескерткіш (1918-1921) қаланың Орталық саябағында орналасқан) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тасталсын және монументалды көркемөнер обьектісі санатына жатқызылсын; жоғарыда аталған ескерткіштерді көшіру үшін аумақ бөлу туралы Көкшетау қаласының әкімдігіне хат жолдасын; Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Бурабай ауданының 4 археологиялық ескерткішінен негізделген Бурабай ауданының Бурабай кентіндегі «4 хайшайым» монументі (Триумфальная арка) сәулет объектісін орнату жобасын іске асыру ұсынылды; Балкашино ауылының маңындағы Сандықтау ауданында табылған «Тастағы адам бетінің бедерлі бейнесі» алдын ала есепке алу тізіміне енгізілсін, осы ескерткіш бойынша зерттеудің трасологиялық әдісін жүргізе отырып, ғылыми қорытынды дайындалсын. Комиссия мүшелері бірауыздан дауыс беріп, келісім берді. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-шара
2024 жылдың 21 қазан күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңнама саласында құқықтық сауаттылықты арттыру туралы ақпаратты насихаттау, одан әрі тарату мақсатында, Орталықтың Г.Жаманова Орталық мамандарымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалуына тиімді мониторингті қамтамасыз» тақырыбындағы дәріс өткізді.
2024 жылдың Қазан айында театр бекітілген репертуар бойынша – 13 және театрдан тыс – 16 қойылым ойнады, бірлескен іс шара –4 ,концерттік бағдарлама-1, қайырымдылық акциясы – 1. Жалпы қойылымдар саны –35 .
Қойылымдар жалпы – 4800 көрерменмен тамашаланды.
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры XXVIII театр маусымын Л.Разумовскаяның «Емтихан» драмасымен ашты. Қоюшы режиссері Тасқын Мәжитов. Театр маусымының ашылуымен тұстас келген ұстаздар мерекесіне орай аталған қойылым білім саласының мамандарына тегін көрсетілді. Ұстаз бен оқушы арасындағы түрлі сезімдер мен түсініспеушіліктерді арқау еткен қойылым көрерменді терең ойға жетеледі.
Театр маусымының ашылуына орай театр қызметкерлері қызыл кілемнен өтіп сүйікті көрерменнің қошеметіне бөленді. Шара соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы мен Театр басшысы Жарас Шотбекұлы құттықтау сөз сөйлеп біршама театр қызметкерлеріне «Көшпенділер ойындарына» белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызының атынан алғыс хат табыстады.
5 қазан «Көкшетау» мәдениет сарайында білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры актерлері “Ұлттың ұлағатты - ҰСТАЗДАРЫ” атты поэтикалық композициясымен бастады.
«Достар» мәдениет сарайында өткен «Мен де бір бұлбұлыңмын!..» атты шығармашылық кеш еліміздің өнері мен мәдениетіне, әдебиеті мен руханиятына өзінің табиғи дарынымен, қоғамдық белсенділігімен еңбек сіңіріп жүрген ақын Құдайберлі Мырзабектің 60 жасқа толу мерейтойына арналды. Кеш Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры актерлерінің лирикалық композициясымен басталып, ақын өлеңдері жиналған қауымды бір тебірентіп, жастық шаққа бойлатты.
Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара.
Құттықтау және марапаттау рәсімін Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің Президенті Уразалин Марат Тулегенович өткізді.
Ұстаздар күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасының Оқу –ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың қолы қойылған Алғыс хатпен колледж оқытушышылары марапаталды, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Қыдырбайқызы Балташеваның қолы қойылған Құрмет грамотасымен және колледждің ақшалай сыйлығымен колледж оқытушылары марапатталды.
Жүргізушілер, имидж тобы және концерттік бағдарламаға театр актерлары қатысты: Мақпал Сулейменова, Жанар Құсайынова ҚР «Мәдениет қайраткері», Жалғас Түйғумбеков, Әлиби Муратұлы.
Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған қариялардың қараусыз қалмағаны қуантады. Ай сайын театр актрерлар труппасы концерттік бағдарламасымен барып тұрады.
Ән айтып, би билеп көңілдері көтерілген көрермен ризашылықтарын білдіреді.
Қарттар мерекесіне орай «Даналық пен мейірімділік айлығы» аясында ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды аталарымыздың құрметіне Вина Дельмврдың «ӨМІР ДЕГЕН ОСЫ МА?» драмасы тегін сахналанды. Қоюшы режиссері Сафуан Шаймерденов. Өмірлік мәні зор қойылымға келген көрерменнің қарасы көп болды.
Театр директоры Ж.Қалдаров театрда қызмет жасаған зейнеткерлеріне құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ төрағасы Е.Аубакиров ақшалай сый-сияпат табыс етті.
«Киотаға жол» бұл қойылым адам мен табиғат арасындағы байланысты өзек ете отырып, адамзатқа ортақ мәселелерді қозғайды.
Өзгеше бір формадағы, ерекше қойылым үш бөлімнен тұрады. «Зулайқаның сатысы, «Антракт», «Шөлдегі кеме».
Көкшетау қаласының бала бақшалырында «Байқа,балакай» ертегісімен құыршақ театры «Арман», Гагарин атындағы б/б, «Еркем-ай», «Ертөстік» бала бақшаларында , №13 мектеп-гимназиясына, №3 М.Габдуллин атындағы мектеп-гимназиясы ертегісі қойылды.
11 қазан А.Сәбиттің «Байқа,балақай» ертегісі театр сахнасында қойылды.
«Алаш» қойылымда ұлт ұстазы атанған алып тұлға Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары арқылы Алаш зиялыларының қилы тағдыры мен ұлт мүддесін алға тартқан өр рухы көрсетіледі.
Аталған аралықта 2 жаңа премьера сахналанды.
«Ар. Рух. Муза.» монодрама,авторлар А. Құнанбайұлы, М . Өтемісұлы, М. Мақатаев, қоюшы режиссері Қ. Қасымов.
Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының
2024ж. қазан айынын есебі
Қазан айында 23 іс-шара өткізіліп, оған 12 650 көрермен қатысты.
1 қазан күні «Көкшетау» МС мобильді шығармашылық тобы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ардагерлерін күздің шуақты мерекесі – Даналық күнімен құттықтады. Концерттік бағдарламада «Көкшетау» халықтық би ансамблінің солисі - Ажар Мырзағали, «Сувенир» халықтық би ансамблі, халықтық ардагерлер хорының солисі - Алтыншаш Шукубаева, «Көркемтау» домбырашылар ансамблінің қатысушысы - Аяулым Рахметжанова, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері - Меруерт Сержанқызы, Вячеслав Волков және Ерқанат Ербосынұлы, «Балдәурен» вокалды-хореографиялық ансамблінің солистері - Лейла Мереке, Асылым Аманжолова және Адема Қойбағарова өнер көрсетті.
5 қазанда Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының қатысуымен Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Марапаттау рәсімін «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
6 қазан күні Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша Республикалық Референдум өтті. "Көкшетау" МС фойесінде №18 және №19 учаскелерінің дауыс берушілері үшін шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы өтті.
Концерттік бағдарламада «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі, «Көкшетау», «Он алты қыз», «Сувенир», «Шалқыма» халықтық би ансамбльдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі, «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы, халықтық ардагерлер хоры, «Көркемтау» домбырашылар ансамблі, «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы өнер көрсетті.
9 қазан күні Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы мен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ибрайханов Ерболат Мақсұтханұлының қатысуымен Егіндікөл ауданы су құбырының қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны «Көкшетау» халықтық би ансамблі жарқын «Салтанат би» биімен ашты.
Даналық, мейірім және қарттарды құрметттеу күнін, жүректеріңіздің жылуы үшін, жұмысқа берілген күш-жігерлеріңіз үшін, жас ұрпақпен бөліскен тәжірибелеріңіз үшін алғыс айту күнін атап өту жақсы дәстүрге айналды. 9 қазанда «Көкшетау» МС «Асыл қариялар» концертін өткізді. Концерттік бағдарламада Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі (жет.Д.Біржанов), халықтық би ансамбльдері «Он алты қыз» (жет.М.Дусмогомбетова), «Сувенир» (жет.М.Авдеенко), «Шалқыма» (жет.Г.Амантай), «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі (жет.Т.Жанспаева), «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы (жет.В.Семёнова), халықтық ардагерлер хоры (жет.С.Пушкина), «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы, «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі (жет.А.Хасенова), «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы (жет.А.Абдулла), солистер: Алтыншаш Шукубаева, Айымгүл Хасенова, Ақниет Абдулла, Аминат Хасанова, Вячеслав Волков өнер көрсетті.
11 қазан күні «Көкшетау» МС сахнасында Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Көкшенің көк семсері - Көкен ақын» атты Қазақстан мен Қырғызстан ақындарының арасында еларалық ақындар айтысы өтті.
Марапаттау рәсімін «Көкшетау» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
16 қазанда Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблінің 25 жылдығына арналған «Дала сазы» мерейтойлық концерті өткізілді. Бағдарламада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова, Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаттары: «Көкшетау» және «Он алты қыз» халықтық би ансамбльдері, «Кербез сұлу» ансамблінің солисі Төлеген Аманов өнер көрсетті.
Ансамбльдің репертуарын байытып, түрлендіріп, бүгінгі концерттің бағдарламасын дайындауға әсіресе зор үлесін қосқан – «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Қойшыбаевқа алғыс ретінде гүл шоқтары ұсынылды.
Концерт барысында мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі үшін ансамбльдің жетекшісі Біржанов Дәурен Еркінұлы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды; ансамбль Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен және ансамбльдің әр қатысушылары Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова А.Б. атынан Алғыс хаттармен марапатталып, гүл шоқтары сыйланды. Марапаттау рәсімін «Көкшетау» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
19 қазан күні халық қаһарманы, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, атақты жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай Рақымжан Қошқарбаевтың туған жері Тайтөбе ауылында салтанатты бюсттің ашылу рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға "Көкшетау" және "Он алты қыз" халықтық би ансамбльдері қатысты.
23 қазан күні «Көкшетау» МС Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М. қатысуымен ұлттық мереке - Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар жерлестерімізге ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы табысталды. Марапаттау рәсімін «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
26 қазан күні Астана қаласында Ақмола, Қостанай, Ұлытау облыстарының «Елорда Базары» атты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Құрметті қонақтарды, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін және елорда тұрғындарын халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі және 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі орындауындағы «Арайлы Көкшетауым» жарқын, бұқаралық хореографиялық картинамен қарсы алды.
Шығармашылық ұжымдардың жұмысы - шығармашылық пен таланттың сарқылмас қайнар көзі, керемет, ерекше ауыр және таңғажайып қуанышты жұмыс.
30 қазан күні Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайы шығармашылық ұжымдарының талантты қатысушылары «Өнерге қанат қаққандар» атты үлкен концерттік бағдарламамен жаңа шығармашылық маусымды ашты.
Концерттік бағдарламада Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, «Сувенир» халықтық би ансамблі, жетекшісі Маргарита Авдеенко, «Он алты қыз» халықтық би ансамблі, жетекшісі Мадина Дусмогомбетова, «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Виктория Семёнова, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі, жетекшісі Томирис Жанспаева, 25 жылдық тарихы бар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Дәурен Біржанов, халықтық ардагерлер хоры, жетекшісі Светлана Пушкина, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы, «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі, жетекшісі Айымгүл Хасенова, фортепиано студиясы, жетекшісі Элла Гладкова, «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы, жетекшісі Ақниет Абдулла», «Көркемтау» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Альбина Касенова өнер көрсетті.
Даналық, аға ұрпақты құрметтеу және қастерлеу күнін жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналды. 31 қазан күні қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында Щучье қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Көкшетау» мәдениет сарайының мобильді шығармашылық тобы мерекелік концерт берді.
Концерттік бағдарламада Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары: ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова, «Он алты қыз», «Сувенир» халықтық би ансамбльдері, халықтық ардагерлер хорының солисі Алтыншаш Шукубаева, және Ақниет Абдулла өнер көрсетті.
22-25 қазанда Сочи қаласында IX Бүкілресейлік хореографиялық өнердің «Сердце Сочи» байқауы өтті, оған «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы қатысты.
Кәсіби қазылар алқасының қорытындысы бойынша ұжым:
Сондай-ақ ұжым қазылар алқасының «Хореографиялық өнердегі шығарма-шылық ізденісі үшін» арнайы дипломымен марапатталды.
Қазан айында «Көкшетау» МС сахнасында:
«Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК-ның
2024 жылғы қазан айындағы қызметі туралы
ақпарат
Ақмола облыстық филармониясында қазан айында 15 іс-шара өткізілді, оған 3903 көрермен келді, оның ішінде 5 гастрольдік сапар, қамтылған көрермен саны 1200.
Негізгі іс-шаралар: қарттар күніне арналған концерт, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен «Гәкку» би ансаблінің және солистердің концерті,музыкалық кофехана С. В.Рахманиновтың шығармашылығына арналған, «Ветка сирени» концерті Дәрісші-музыкатанушы Ю.Никитенко,
Дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасеновтің ақын, әнші Мұса Асайыновтың 95 жылдығына арналған «Асқақ әнші, ақтаңгер ақын» рухани-танымдық кеші, ҚР Республика күніне арналған мерекелік концерт, Музпати «Арна» колледжі.