2024 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектісі, оның ішінде 597 мемлекеттік, оның ішінде:
- 248 мемлекеттік клуб кәсіпорны, оның ішінде ауылда - 228;
- 331 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылдық жерлерде - 289;
- 13 мұражай, оның ішінде ауылдық жерлерде - 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай-1 атындағы Ақмола облыстық филармониясы;
- 1 Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Тамыз айында клубтық мәдениет мекемелері 3095 іс-шара өткізді, оған 456 075 адам қатысты.
Облыстың клуб кәсіпорындарының негізгі іс-шаралары.
Облыстың барлық клубтық кәсіпорындарында ҚР Конституциясы күні, Абай күні, құрылысшылар күні, теміржолшылар күні, Халықаралық Жастар күні, Спорт күні мерекеленді. Сонымен қатар, түрлі форматтағы іс-шаралар, соның ішінде әдеби-музыкалық тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, челлендж және басқалар ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 12-28 тамыз аралығында ауылдық клуб – біздің қамқорлығымыз инфрақұрылымдық жобасы аясында «Үздік ауылдық клуб – 2024» облыстық байқауы өтті. Бұл конкурс ауылдық жерлерде мәдениетті қолдау және насихаттау, әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында 2 жылда бір рет кезеңділікпен тұрақты негізде өткізіледі. Конкурстың басты міндеті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бизнес құрылымдардың назарын ауылдық клубтардың проблемаларын шешуге тарту, сондай-ақ бизнестің, меценаттардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру болып табылады. 2024 жылғы тамыз айының екінші онкүндігінде қазылар алқасының мүшелері Зеренді ауданы Айдабол ауылының АМҮ, Сандықтау ауданының Спасское а.АМҮ, Атбасар ауданының Шуйское а. АМҮ, Астрахан ауданының Старый Колутон а. АК, Ақкөл ауданының Красноборск а. АК, Егіндікөл ауданының Ұзынкөл а. АМҮ, Қорғалжын ауданының Шалқар а. АК, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының АМҮ, Целиноград ауданының Тайтөбе а. АК болып қайтты;
27-28 тамызда Шортанды ауданының АДО «Көнеден жеткен күмбір» облыстық фольклорлық ансамбльдер фестивалі
Қосшы қаласында Халықаралық Жастар күніне орай «Жастарымен көрікті жас қала» атты мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламада мәдениет үйінің ұжымы және қаланың шығармашылық жастары өнер көрсетті.
Целиноград ауданында Жастар ресурстық орталығы мен аудандық мәдениет үйі Халықаралық Жастар күніне орай «White Party» диско-фестивалін ұйымдастырды. Кеште қатысушылар ақ киім киіп, Холи гүлдерімен көңілді мерекелік атмосфера жасады. Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі жүлделер ұтысы мен лотерея болды, онда әр қатысушы бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік алды.
Степногорск қаласының «Горняк» ОМС-да «Nice one» заманауи би ұжымының есептік концерті өтті.
Құрылысшылар күні қарсаңында Красный Яр ауылындағы «Көкше» МҮ-де бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған бейне-ақпараттық сағат өтті. Мұнда Конституция күні қарсаңында мемлекеттік мерекеге арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің кіші залында ауылдың орта мектеп оқушыларына арналған «Мен – ҚР азаматымын» викторинасы өткізілді. Балалар Қазақстан тарихы, Мемлекеттік рәміздер және ҚР Конституциясы туралы білімдерін көрсетті. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: «Қазақстандық рәміздер тілі», «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз», «Құқық әліппесі» және т. б. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мерейтойлық күндер бойынша іс-шаралар
Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 15 тамызда Бурабай ауданының «Оқжетпес» мәдениет үйінде Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Көркіңнен айналайын, Көкшетауым!» аймақтық фестивалін өткізді. Іс-шараға Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының шығармашылық ұжымдары мен әртістері қатысты. Бұл фестиваль өнердің дамуына серпін беріп, көмейінен күмбірлі күй төгілген қазақ аспабымен күй тартылып, ән де, жыр да төгіліп, би де биленді.
«Көркіңнен айналайын, Көкшетауым!» аймақтық өнер фестивалінің гала-концертінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болған Алпысбай Ерасыл (Солтүстік Қазақстан облысы), Сынабай Қылышбек (Қосшы қаласы), Қасымов Еркебұлан (Целиноград ауданы), Квайдулов Баимбет (Солтүстік Қазақстан облысы), Балтабай Сералі (Зеренді ауданы), Әйгерім Әзімқызы (Қорғалжын ауданы), Ноғаев Мұхан (Қостанай облысы), Жарасов Дархан (Солтүстік Қазақстан облысы), Ғинаятова Ақбөбек (Жақсы ауданы), «Очарование» би ұжымы (Есіл ауданы), «Алтын домбыра» халықтық қазақ ұлт аспаптар ансамбілі (Солтүстік Қазақстан облысы), «Жастар» халықтық би ансамблі (Ерейментау ауданы), «Ұлы дала» этно ұлттық аспаптық тобы (Бурабай ауданы), «Шабыт» би тобы (Егіндікөл ауданы), «Тұмар» этно-эстрадалық ансамблі (Целиноград ауданы), «Шабыт» этно-фольклорлық ансамблі (Зеренді ауданы), «Queens» триосы (Аршалы ауданы), «Жас START» триосы (Есіл ауданы), «ЖасStar» триосы (Зеренді ауданы), «Нұрлы саз» квартеті (Қорғалжын ауданы) өз өнерлерін ортаға салды.
Барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Біржан сал ауданында өнерпаздар жерлес, қазақтың импровизатор-ақыны Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерттік бағдарламамен ауылдық елді мекендерге шығып жүр.
Барлық клубтық кәсіпорындарда Абай күні кеңінен атап өтіледі.
Ақкөл ауданының ауылдық клубтарында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы А. Құнанбаевқа арналған «Абай - әлемге белгілі ұлы тұлға» атты әдеби-музыкалық кештер, тақырыптық сағаттар, поэзия сағаттары, бейне-роликтер, челлендждер өтті. Урюпинск АМҮ «Әйтеке би – Ұлы дала тұлғасы» музыкалық тарихи кеші ұйымдастырылды. Сондай-ақ Жүсіпбек Елебековтің туғанына 120 жыл толуына, Мадина Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті.
Атбасар ауданында ауылдық клубтарда А.Құнанбаевқа арналған «Абай жаққан бір сәуле сәнбейді» тақырыптық, музыкалық сағаттар, дөңгелек үстелдер, бейне-әңгімелер өтті.
Біржан сал ауданында «Абай-дара қазақта» тақырыптық музыкалық кеш өтті. Іс-шарада Абайдың әндері мен өлеңдері шырқалды. Ақынның шығармашылығы мен өмірбаянын білуге арналған викториналар өткізілді.
Аудандық мәдениет үйі мен Құдықағаш а. АК әлеуметтік желілерде бейнеқұттықтау мен «Көкек» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Д.Мұхтархан мен Б.Абдығалымовтың орындауында «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін жариялады.
Бұланды ауданында Никольск және Тоқтамыс АМҮ-де Абай Құнанбаевқа арналған онлайн-тарихи сағат өтті.
Жақсы аудандық мәдениет үйінде Абай Құнанбаев күніне орай мәдениет қызметкерлері «Әсемпаз болма әрнеге» челленджін ұйымдастырды.
Целиноград ауданында Конституция күні қарсаңында қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың ескерткіші ашылды.Шара соңында аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтті.
Красный Яр ауылында «Көкше» мәдениет үйінің кіші залында «Горные вершины» жастар музыкалық-поэтикалық кеші өтті. Театр студиясына қатысушылардың орындауында қазақ поэзиясының негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармалары орындалды.
Целиноград ауданы Ақмол ауылының мәдениет үйінде қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына арналған «Абай мұрасы-ұлттық қазына» атты әдеби кеш өтті. «Ақыл» білім беру орталығының тәрбиеленушілері мен «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Мәдениет үйінің әртістері Абай әндерін орындады. Сондай-ақ, іс-шара аясында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Қосшы қ. Тайтөбе ауылының мәдениет үйінде мереке қарсаңында белгілі абайтанушы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалықызымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» әдеби – рухани кездесу өтті. Іс-шара барысында Мәдениет үйі ұжымдарының орындауында Абайдың әндері шырқалды.
Негізгі іс-шаралар қатары
2024 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша Ақмола облысында барлық жүйелер мен ведомстволардың 338 кітапханасы жұмыс істейді, оның ішінде 331 мемлекеттік кітапхана жүйесі.
Тамыз айында облыс кітапханаларында 9751 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап берілімі -262 223. Келушілердің жалпы саны –152 523.
Кітап қоры – 4 442 367 дана. Бір ай ішінде 1321 дана әдебиет келіп түсті, 507 шығарылды.
Интернет желісіне 262 кітапхана қосылған. 312 кітапхана компьютерленген. Телефон желісіне қосылған кітапхана саны -309
Тамыз айында облыс кітапханаларында 1972 іс-шара өткізілді. Қатысушылар саны –65 606
Мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру кезінде қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен мерейтойлық даталарға ерекше назар аударылды.
10 тамыз-Абай күні
1 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК –да Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абайдың сөзі — қазақтың бойтұмары» атты челлендж жалғасуда
6 тамыз күні Көкшетау Станциондық қалалық үлгілі кітапхана «Ұлы Абай» әдеби көрме ұйымдастырды. Мақсаты: Абай шығармаларын оқу, білу, тану, жаңғырту, насихаттау. Әдебиеттер көрмесінен ұлы ақынның әдеби мұрасы, абайтанушылардың еңбектері мен әлем тілдеріндегі ақын шығармаларының аудармалары орын алған
8 тамыз күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты поэтикалық кеш ұйымдастырды.
Кітапханашылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы шабытпен әңгімеледі. Оқырмандар А.Құнанбаевтың үздік шығармаларын еске алып, оның өлеңдерін оқуда, оның ой әлеміне, философиясына бойлауда өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Бұланды ОКЖ Осы атаулы датаға орай модельдік балалар кітапханасының мамандары білім бөлімімен бірлесіп «Әлем таныған ұлы Абай» әдеби вернисажын өткізді. Жастар күніне арналған «Мейірімділік апталығы» марафоны аясында
«Жастар күні»
Халықаралық жастар күнінің онкүндігіне орай Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Болашаққа - үміт, жастарға сенім» флешмобын ұйымдастырды.
13 тамыз күні Көкшетау Салтанат сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы «Жастар күні» мерекесі аясында «Жаңа белестегі жастар» атты кездесу өткізді.
Шара мақсаты: жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беру, жаңа белестерге ұмтылуға ынталандыру, олардың бойында отаншылдық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ұйытқы болу және кәсіби тұрғыда өсіп-өнуіне жол ашу. Шараға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы С.Е.Бекешев, №19 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Сұлтанова Асемгүл Маратқызы Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Шара мінберге болашағынан зор үміт күттіретін ең белсенді, перспективалы жастар өкілдерін жинайды. Кездесу барысында жастар спорт, саясат, білім саласында еңбек етіп жүрген жетістікке жеткен тұлғалармен кездесіп, қойған сауалдарына жауап алады.
Бұланды ОКЖ – нің модельдік орталық аудандық кітапханасында қала жастарының қатысуымен «Жастар елдің болашағы» атты көрме-пікірталас өтті.
18 тамыз – спорт күніне орай
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 18 тамыз – спорт күніне орай «Спорт денсаулық кепілі – Мы выбираем спорт» атты таймплас ұсынады. Аталмыш таймпласта «Бурабай» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі шорт-трек бөлімінің тәрбиеленушілері.
Сарбас Ақтаевтың 90 жылдығына орай
14 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын, жазушы, аудармашы, Шоқантанушы Сарбас Ақтаевтың 90 жылдығына орай дайындалған «Қазақ журналистикасының майталманы» атты Inform plus ұсынады.
Ағымдағы жылдың тамыз айында облыс мұражайларымен 435 іс - шара,көрермен - 6046.
Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың тамыз айында жұмыс жоспарына сәйкес көпшіліктің рухани өміріне серпін беріп, мәдени болмысын, эстетикалық талғамын өсірер, мазмұн мен мағынаға толы біршама іс-шара атқарды.
Музей педагогикасы жұмысының бір арнасында өткен мен бүгіннің сабақтастығын жаңғырту мақсатында жазылған және құрылған қазақ мәдениеті мен тарихына, әдебиеті мен өнеріне, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне арналған келесі дәріс-көрмелер ерекше атап өтіледі «Ақмола, Көкше өңіріндегі салт-дәстүрдің сақталуы және жалғас табуы», «Самауырлардың тарихы»,Қазақ халқының саятшылық дәстүрі жайындағы «Құс салып айдын көлде дабыл қақтым...» ,Қазақ қыз келіншектерінің әшекей бұйымдары жайындағы «Айдан алқа тағынып»,Қазақ халқының тұрмыстық ыдыс-аяқ түрлері, жасалауы жайындағы «Саптыаяқта сақталған сыр»,қазақ халқының ұлттық саз аспаптары жайындағы «Ұлы Дала әуендері»,қазақтың дәстүрлі ән мектептері жайындағы «Ән қанатында»,қазақ халқының күйшілік өнері жайындағы «Қоңыр күйдің күмбірі»,қазақ халқының киіз үйі жайындағы «Қарашаңырақ» атты көрме-дәріс.
2024 жылдың 8 тамызы күні Әдебиет және өнер музейінде Мемлекеттік кірістер органдарының 10 жылдық меретойына арналған «Мемлекеттік кірістер органдары объективте» атты фотокөрменің ашылуы болып өтті. Іс-шара мақсаты мемлекеттік кірістер органдары қызметкерінің оң имиджін қалыптастыру және насихаттау, мемлекеттік кірістер қызметкерлерін мысалға ала отырып, жастарды ерінбей еңбек етуге шақыру болып табылды.Көрмеге Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің осы салада атқарып жатқан жұмыстарынан көрініс беретін әр тақырыптағы 30-ға тарта фотосуреттер қойылды.
Көрменің беташар сөзін Әдебиет және өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы сөйледі. Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, дәстүрлі әнші Кенжебай Мұқышев ән салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Өз кезегінде сөз алған Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер Теңбай Ыбыраев ел үшін еңбек етіп жүрген жастарға батасын берді. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов көрменің ашылуына келген көпшілікке алғысын айтып, Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. «Көкшетау» әнін орындаған Айлана Серікбайдың өнері де көпшілікті тәнті етті.
2024 жылдың 28 тамызы күні Әдебиет және өнер музейінде «Гранат» шығармашылық студиясы оқушыларының 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған шығармашылық көрмесінің ашылу болып өтті. Көрмеге студиясы оқушыларының 30-ға тарта жұмыстары қойылды.
«Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК маусым айында 311 іс – шара өткізді (оның ішінде экскурсиялар - 267, дәрістер – 19, көрмелер – 13, бұқаралық іс-шаралар - 12, оған 4033 адам қатысты.
Негізгі іс-шаралар:
Ағымдағы айда музей қызметкерлері экспозициялық залдарда көрме жабдықтарын монтаждаумен, сондай-ақ жылу жүйесін жөндеуден кейін реэкспозициямен айналысты. Астана қаласында Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарын өткізу аясында этноауылда көрме ұйымдастыру үшін экспонаттар іріктелді.
26 тамызда Біржан сал атындағы тарихи-өлкетану музейінде реэкспозиция өткізілді.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау: акциялар, көрмелер, экскурсиялар, конференциялар, тарих сабақтары, БАҚ, сайттардағы мақалалар және т.б.
Халықаралық жастар күніне орай өз қабілетімізді тексере алатын арнайы шағын квиз - викторина дайындалды. Викторина онлайн өтті.
15 тамыз күні Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттеріне, орталықта орналасқан «Тәуелсіздік», М. Ғабдуллин, Абылай хан ескерткіштеріне танымдық экскурсия өткізілді.
Мақсаты-студенттерге өз Отанын, мәдениетін, туған өлкесінің тарихын жақсы көретін саналы азаматтарды тәрбиелеу. 40 адам.
2024 жылғы 19-23 тамыз аралығында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Зеренді ауданы Васильковка ауылының оңтүстік-шығысында, Шағалалы өзенінің бойында орналасқан ерте темір дәуірі мен орта ғасырларға (әр түрлі кезеңге) жататын Алтынтау IX (Васильковка IX) қорымдарында археологиялық қорғау-құтқару жұмыстары жүргізілді. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде, ортағасырлық қола айна табылды. Қатысушылар саны 10 адамды құрады.
26 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Ақмола облысының білім бөлімі жанындағы «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК тәрбиеленушілері арасында «The best сурет» суреттер байқауын өткізді.
Балалар өздерінің білімдерімен дағдыларын пайдалана отырып, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерімен, ел тәуелсіздігінің нышандарымен көркем образдар жасауға ынталы болды. Балаларды мәдениетке баулу, ізденімпаздық және сауатты адамды тәрбиелеу өте маңызды болып саналады.
Байқау өз өлкесі мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу арқылы бүлдіршіндерді азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, тарих және мәдениет ескерткіштеріне, өз қаласының табиғи мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Ағымдағы айда «Мәлік Ғабдулин мұражайы» КММ 112 экскурсия өткізді, келушілер саны 2013 адам. 27 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнінің атаулы мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласының өрт сөндіру күзеті қызметкерлеріне «Тәуелсіздік тірегі – ата заң» тақырыбында дәріс өткізілді.