Хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындауға құжаттарды қабылдау ашылды. Құжаттарды қабылдауды «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жүзеге асырады.
Атаулы стипендияны тағайындау шарттары комиссияның 2024 жылғы 26 тамыздағы хаттамасымен бекітілген.
Атаулы стипендия-тиісті білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар белгілейтін стипендия.
Меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны (бакалавриат) бойынша ақылы негізде (тапшы мамандықтар үшін) оқитын студенттерді облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау үшін іріктеуді Ақмола облысы әкімдігінің жанынан құрылатын Комиссия жүзеге асырады.
Комиссияның жұмыс органы «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Атаулы стипендия алу конкурсына қатысу үшін Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау шарттарымен танысып, конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін ұсыну қажет.
Қосымша ақпаратты 8 (716 2) 72-35-00 телефоны және Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының сайты арқылы алуға болады gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp?lang=ru
Хабарландыруға қоса беріледі: