Ақмола облысының мәдениет басқармасының концерттік-театралды ұйымдарының І тоқсанда атқарылған іс-шаралары бойынша ақпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде:

«Негізгі құндылықтарымызды бұқаралық ақпарат құралдары мен креативті индустрия, әсіресе, кино, музыка және әдебиет арқылы дәріптеу аса маңызды»-деп атап өтті.

Биылғы жылдың І тоқсанында Ақмола облысында бірқатар ауқымды қоғамдық маңызы бар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры ұлттық рух, қазақы дүниетаным, биік сана-сезім мен адами асыл қасиеттерге үндейтін қазыналы қойылымдар сахналауды негізгі мақсат санайды.

Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше.

 Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды. Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

Көкшетаулық көрермендер үшін «Алаш» пластикалық драмасының тұсау кесері өтті, қоюшы режиссері Қ.Мырзаболатов, Н.Әбділ.

        Қойылымда ұлт ұстазы атанған алып тұлға Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары арқылы «Алаш» зиялыларының қилы тағдыры мен ұлт мүддесін алға тартқан өр рухы көрсетіледі.

      Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбайұлының 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық апталығы «Өнермен өрілген өмірім» атты бенефис-шоу концертімен басталып, апталық аясында мерейтой иесі басты рөлін сомдайтын «Тартюф» комедиясы қойылды.

Театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін кәсіподақ атынан Төлеубек Көңбайұлы «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды.

Шығармашылық апталықтың соңғы күні арнайы сахналанған Мырза Ғапаров пен Ғалия Ғапарованың қаламынан туған, қоюшы режиссері Баатырбек Шамбетовтың «Киотоға жол» қойылымының алғашқы премьерасы сәтті ойналып, көрерменге жол тартты., қоюшы суретшісі Садыр Ниязакунов, балетмейстер Ғазиза Алимбаева. Қойылымда басты рөлдерді ойнаған Төлеубек Көңбайұлы мен талантты актриса, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі, театр майталманы Маржан Букешова сахнада сан құбылып, актерлық өнердің озық үлгісін көрсетті. Қосымша кейіпкерлер дарынды жас артистер Асланбек Шайсұлтанов пен Әсем Шайсұлтанова  әсерлі ойындары мен әдемі пластикалары арқылы қойылымның сәнін кіргізді.

Шара соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының  мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың құттықтау хаттарын табыстады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көп жылдар бойы Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы болған Нұрикамал Сейтжанқызының 75 жылдығына арналған авторы және қоюшы режиссері, Халық әртісі Ерсайын Төлеубайдың «Ән аты - Нұрикамал» драмасының тұсау кесері көрермендердің көңілінен шықты.  

    Қойылым «Нұрикамал» әнінің шығу тарихынан сыр шертеді, бүгінде ел арасына  кеңінен танылған әнінің шығу тарихы қызық. Әннің сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы - Тұрдықылыш Ізтаев. Шығармашылық адамының жан сезімі мен жай күйін бейнелей отырып нәзік иірімдерімен баурап алатын қойылым.

Қойылым премьерасына ақын Ханбибі Есенғарақызы шырайлы Шымкенттен арнайы келіп қатысып Көкшеліктерге ыстық лебізін жеткізді.

Наурыз  мейрамы қарсаңында «Наурыз көшесіндегі той немесе @КЕЛіН_КӘ.KZ» әзіл-сықақ аралас думанды қойылым, қоюшы режиссері Төлеубек Көңбай.

Бұл қойылымда Ұлыстың ұлы күні ауыл өмірінен сыр шертіліп, адамдарының түрлі мінез  - құлықтары қызықты оқиғалармен өрбиді. 

Осы есеп  кезеңінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясымен 41 іс-шара өткізіліп, 7239 көрермен тамашалады.

25 қаңтар Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, бар өмірін өнер жолына арнаған жезтаңдай, гәкку үнді Ғазиза Жұмекенованың 70 жылдығына арналған еске алу  кеші  К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

        23 ақпанда «Көкшетау» МС-да Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылық қызметіне  арналған  «Айналайын Көкшеден, еркелеткен!» шығармашылық кеші өтті.

        Қазақстан композиторларының мұраларын және халық  әндерін  бала кезінен насихаттап, жаңғыртып, саналы  ұрпақ тәрбиесіне де зор үлесін  қосып келе жатқан өзіндік шығармашылық қолтаңбасы бар шығармашыл тұлғаның кеші

К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен және өнерпаз ұлы Арман Мәкен, Астана қаласының Еркеғали Рахмадиев атындағы филармониясының әншілері: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясова, Мәдениет қайраткері Арайлым Рахымқызы қатысуымен өтті.

Филармония сахнасында композитор, КСРО-ның Халық әртісі Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған романс кеші ҚР еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембірова, Наталья Грицаева, Ольга Гергель, Халықаралық  байқаулардың лауреаты Батыржан Смаков, Жанар Искакованың фортепианода сүйемелдеуімен,   Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Жарқымбаева, Бекұлан Ерболатұлы, Саида Рашит, Аякөз Қалмағанбетова, Жанар Сақтағанова, Саида Сағди,  Абзал Ес қатысуымен өтті.

Есептік кезеңде Дирижер Абай Ақбужуров  жетекшілік еткен симфониялық оркестр әртүрлі дәуірлерде өмір сүрген атақты композиторлардың музыкалық миниатюраларын көрермендер назарына ұсынған сюита жанрына арналған классикалық музыка  кеші өтті.

Концерттік бағдарламада  көрнекті композитор Альфред Шниткенің барокко дәуірінің музыкасына тән стильдендірілген «Сюита в старинном стиле», сонымен қатар әлемнің асыл өнер туындыларының алтын топтамасына  кіретін  Эдвард Григтің әйгілі ақын және драматург Генрик Ибсеннің «Пер Гюнт» драмасына арналған сюитасы, Игорь Федорович Стравинскийдің шағын оркестрге арналған #1 және #2 сюиталары орындалды.

        Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің дәстүрге айналған  «Солистер шеруі» атты  концерті өтті.      Музыканттар бас дирижер «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалинның және  дирижер Шыңғыс Елемановтың жетекшілік етуімен концертте Жандос Құрманбаев (труба, флюгельгорн) Артур Сандавалдың «Closely Dancing» туындысы, Рустам Жахин (тромбон) және Илья Чапаниди (труба) – Гордон Гудвиннің «Don’Steal My Stuff». Роман Борисовский (баян) Астор Пьяцоллдың «Libertango» шығармасын тыңдармандарына сыйға тартты.

        Сонымен қатар, жеке партияларды Ильяс Төлеген (кларнет), Виталий Яныков (гитара), Наталья Серафимович (саксофон альт), Сергей Никитин (тромбон), Даяна Кенжекеева (саксофон тенор), Мақпал Дәулетжанова (фортепиано), Илья Чапаниди (труба), Владимир Тарасов (клавиши), Алексей Забродин (перкуссия), Михаил Кислицкий (ұрмалы аспаптар) орындады.

 

 

        Сонымен қатар, майталман шебер гитарашы Әлібек Ахмалишевтің жеке концерті,  Наурыз мейрамына арналған «Гәкку» би ансамблінің «Шақырады көктем»  атты мерекелік өтті.

25 ақпан  күні Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Студенттер сарайы мен Халықаралық спорт  кешенінің  салтанатты ашылу рәсіміне арналған мерекелік концертке  «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Он алты қыз», «Көкшетау» халықтық би ансамбльдерінің, облыстың үздік шығармашылық ұжымдары қатысты.

Қазақстанның бірінші Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионаттарының, Азия ойындарының және Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Ақмола облысының Құрметті азаматы Владимир Михайлович Смирновқа арналған салтанатты іс-шара қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының Республикалық базасында патриоттық, жарқын және салтанатты түрде аталып өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның спорт сүйер қауымды және еліміздің түкпір-түкпірінен біріктіретін алғашқы олимпиадалық медалінің 30 жылдығына арналған мерекеге облыстық "Көкшетау" сарайының хореографиялық ансамбльдері, "Көкшетау", "Он алты қыз", "Шалқыма" халықтық би ансамбльдері, Бурабай ауданының "Viva dance" би ансамбльдері және "Жұмбақтас" костюмдер театры, Ұлттық ұланның үлгілі-көрме оркестрі және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері, Ш.Уәлиханова атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының курсанттары, A-capella вокалдық квартеті, автор, композитор Жанарту Бекмұрат, Шаңғы жарысы бөлімшесі және Щучинск қ. БЖСМ биатлоны және №2 ОСДЮШОР, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының хоры қатысты.

        Ақмола облыстық орыс драма театрында есептік кезеңде 5 қойылымның тұсаукесері өтті (отандық авторлардың шығармалары бойынша – 1, шетелдік – 4), ерекше балаларға арналған 2 қайырымдылық ертеңгілік.

20-21 қаңтар күнде «Көкшетау – шығармашылық пен достық» мекені атты Халықаралық форумға Театр өнерінің Ресей академиясының ректоры, танымал театр сыншысы Григорий Заславский, РФ еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, А. Брянцев атындағы Санкт-Петербург жас көрермендер театрының директоры Светлана Лаврецова, Қазақстан және Ресей театрларының өкілдері қатысты.

Форум аясында әлеуметтік бағдарлама арқылы ГИТИС түлектерімен, ресейлік режиссерлармен қойылған К. Ибраеваның пьесасы бойынша, режиссер А. Галимовпен қойылған «Голоса в темноте», А. Пушкин пьесасы бойынша Т. Куловтың «Станционный смотритель» қойылымдары көрсетілді.

Терең мағынаға толы «Калека с острова Инишмаан» қойылымның премьерасы көрермендерге көптеген ұмытылмас эмоцияларды сыйлады. Я. Куклинский атындағы эксперименталды сахнада С. Бэкеттің «В ожидании Годо» трагикомедиясының режиссер Аян Әлімбаевтың қойылымындағы тұсаукесері өтті.

8 наурыз қарсаңында сүйікті кинофильмдер желісі бойынша «Как в кино» концерттік бағдарламаның тұсаукесері өтті.

Наурыз айы бойынша «Пригласи маму в театр!» мерекелік акция аясында бастау алды, көрермендердің аналарына, әпкелеріне, құрбыларына керемет тосын сый ретінде театрға сыйлық билеттері ұсынылды.

Биыл ерекше тойланған Наурыз мейрамы аясында «Наурызнама» онкүндігі асында қазақ ұлттық салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау мақсатында «Эй, детвора, Наурыз встречать пора!» атты интерактивті-ойын бағдарламасы өтті.

Театрмен «Дар милосердия» жеке қайырымдылық қорымен «Морозко» ертегісінің 2 қайырылымдық көрсетілімі және «Союз родителей особенных детей Казахстана» қоғамдық бірлестікпен ертеңгілік ұйымдастырылды.

        Жалпы, екі театрда 195 қойылымды 17240 көрермен тамашалап, 10  қойылымның тұсаукесері (4 балаларға, 6 ересектерге) өтті.

 

Дата публикации
25 апреля 2024