Ақмола облысының мемлекеттік шығармашылық тапсырысы бойынша ақпарат

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ «Балалар клубтарының» қызметін жандандыру міндетін қойды.

2023 жылы облыстық бюджет қаражатынан Ақмола облысының мемлекеттік шығармашылық тапсырысын іске асыруға 8052 ваучер беріліп, 1,1 млрд. теңге бөлінді. Балаларды шығармашылық үйірмелермен қамту бойынша жұмысты жалғастыруға 2024 жылы облыстық бюджет қаражатынан 1,6 млрд теңге бөлінді, 2024 жылы жоспарланған қамту 8500 баланы құрады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мәдениет саласына 63 жеткізуші қызмет көрсетеді, 268 үйірме жұмыс істейді, 18057 ваучер берілді.

  Үйірмелердің 50 бағытының ішінде Ақмола облысында 36-сы жұмыс істейді, олардың ішінде кескіндеме, сурет салу, эстрадалық вокал, заманауи эстрадалық билер, ұлттық (халықтық) билер, модельдік өнер, домбыра, халық әні, сәндік-қолданбалы өнер, актерлік өнер, сахналық сөйлеу бағыттарының үйірмелері үлкен сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта басқа ақпараттық жүйеге көшуге байланысты Ақмола облысында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру damubala.kz платформасында жүзеге асырылады.   

Дата публикации
30 марта 2024