Ақмола облысы мәдениет мекемелерінің
2024 жылдың наурыз айында атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:
- 247 мемлекеттік клубтық кәсіпорын, оның ішінде ауылды жерде – 227;
- 331 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылды жерде – 289 (Зеренді ауданы Баратай ауылында ауылдық кітапхана ашылды);
- 11 музей, оның ішінде ауылды жерде – 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы – 1;
- 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Наурыз айында мәдениет мекемелері 3 198 іс-шара өткізді, оған 398 584 адам қатысты.
Облыстың клубтық кәсіпорындарының негізгі және мерейтойлық іс-шаралары.
«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында облысымыздың елеулі жетістікке жеткен аяулы әйелдер қауымы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері – көп балалы аналар, ару-қыздарымыз ерекше аталып өтті.
Өңір басшысы құттықтау сөзінде ел өмірінде әйелдердің ерекше рөл атқаратынына тоқталып, қызметтің барлық салаларындағы жетістіктерге қарамастан, ең алдымен, әйел заты отбасылық ошақтың қамқоршысы, отбасы ұйытқысы екендігін ерекше атап өтті.
Түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен қыз-келіншектер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, залда отырған нәзік жандылар иелеріне облыс әкімінің атынан ықылас гүлдері үлестірілді.
Марапаттау рәсімін «Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің қатысушылары өткізді.
Марапат иелерінің құрметіне орай Ақмола облысының үздік шығармашылық ұжымдары мен Қазақстан мәдениет саласының жарық жұлдыздары концерттік бағдарламасын ұсынды.
Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Жарқымбаева, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары «Bel canto» квинтеті, Әсем Сембина, Гүлдана Аладосова, Дінмұхаммед Көшкенбаев, Аягөз Қалмағамбетова, Серікболсын Бекмолдин, Бекұлан Ерболатұлы, Ринат Нұрмахан, Айлин Акынер, Зарина Божакова, сондай-ақ, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық бірлескен оркестрі, дирижер ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдинов, «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева, дирижер Жанат Рашит, аспаптық квинтет, дирижер Абай Акбужуров және Қазақстанның эстрада жұлдызы Қанат Үмбетов көрермен қауымына керемет көңіл күй сыйлады.
Халықаралық әйелдер күніне орай Облыстық «Көкшетау» Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Алтыннан қымбат анама» атты балалар концерті өтті.
Концерттік бағдарламаға: «Көкшетау» (жет. «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина), «Сувенир» (жет. Маргарита Авдеенко), «Он алты қыз» (жет. Мадина Дусмогомбетова), «Шалқыма» (жет. Гүлжан Болат) халықтық би ансамбльдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі (жет. Томирис Жанспаева), «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы - (жет. «Мәдениет саласының үздігі» Виктория Семенова), «Көркемтау» домбырашылар ансамблі (жет. Альбина Касенова), «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы (жет. Ақниет Абдулла), «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі және «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы (жет. Айымгүл Хасенова) өнер көрсетті.
Биыл Ақмола облысында Ұлы мереке – Наурыз мейрамы жаңаша, ерекше нақышта тойланды.
Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аясында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналды.
14 наурыз – «Көрісу күні» («Амал» мерекесі) дәстүр бойынша көршілерге сәлем беретін уақыт. Бұл күні алғаш рет Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысының мәдениет майталмандары, мәдениет қайраткерлері ұзақ қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Әдемі-ау» би ансамблі, солистері Ғалымжан Нұрпеисов, Еркебулан Карипов және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблі ұжымдары облыс шекарасы аумағында кездесу өткізді.
14-20 наурыз күндері «РИО» сауда ойын-сауық орталығында креативті индустрияны дамытуға бағытталған тұңғыш рет «Ғасырлар үні» жобасы аясында облыстың халықтық фольклорлық ансамбльдерінің концерті мен «Көшпенділер мұрасы» open space аймағы ұйымдастырылды. Жетекші креаторлардың қатысуымен сәнді-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі мен жаппай сатылымдар өтті.
Жобаның алғашқы күнін 25 жылдық тарихы бар, репертуары өте бай, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Көкшетау» мәдениет сарайының «Кербез сұлу» фольклорлық ансамблі ашты. Мерекелік іс-шара аясында «Ұлт дәмі» ұлттық тағамдар көрмесінде бауырсақ, кұрт, жент, қоспа, самса, бүйрек, тәтті бәліштер Нұрмағанбетова Ақыл, Ахметова Раушан, Каттебаева Гүлнар ұсынды. Сол сияқты, көрмеде Серікжанова Гүлнар декор жастықтары, Саркина Асем және Мугжанова Гүлжанат ұлттық әшекей-бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
«Көшпенділер мұрасы» open space аймағы аясында шығармашылық көрме апта бойы декоративті-қолданбалы өнер шеберлері, жетекші креаторларының: құрақ көрпе, кимешек, қыз жасауын тігетін Ұлжалғас Қабденқызы Қарымсақованың, сырмақ, ши, тұскиіздер, басқұрлар, шашақбаулар жасайтын Смағұл Кенжебай Смағұлқызының, құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын «Күнтай құрақ» брендінің негізін қалаушы Гүлнар Жылқайдарқызы Серікжанованың, киізден ұлттық бұйымдар жасайтын Гүлнар Мырзағалиқызы Орынбаеваның, киізден аяқкиімдер тігетін Алма Аменқызы Кәкімованың, қыштан, киізден бұйымдар жасайтын Вера Ивановна Фризеннің, қыздардың бас киімдерін тігумен айналысатын Шынар Шалғынбайқызы Досмағанбетованың, табиғи тастардан ұлттық нақыштағы әшекейлер жасайтын Жібек Хайырденқызы Сұлтанованың, балалардың ұлттық стильдегі киімдерін тігумен айналысатын ісмер Ғалия Мұратбекқызы Мүслімова, табиғи тастардан, былғарыдан ұлттық стильдегі әшекейлер мен кәдесыйлар жасайтын Ғайша Алтынбайқызы Медетованың қолдарынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдар, Анар Талапқызы Саттыбаеваның қыштан жасаған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай облыстық мәдениет мекемелері, «Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз», «Шалқыма», «Көкшетау» халықтық би ансамбльдері, «Кербез сұлу» фольклорлық ансамблі «Үміт шаңырақ» пансионатының қызметкерлері мен пансионат қамқорлығындағы қарияларды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады. Концерттік бағдарламаға: халықтық ардагерлер хорының қазақ вокалдық тобы, солистер Дәуренбек Нұркенов, Тамара Акбердина, Рысжан Мустафина, Светлана Ибрагимова, Алтыншаш Шукубаева, Евгения Короткова, Салтанат Омарова, Ақниет Абдулла қатысты.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Шанс» қоғамдық бірлестігінің балаларына музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізсе, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Аялау» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық акциясы аясында орталық тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлар тарту етілді.
Облыстық театрларда кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Наурыз-базарлық» маусымы «Қаңбақ шал» ертегісі және «Әз-Наурыз» ойын-сауық бағдарламасының, «Эй, детвора, Наурыз встречать пора!» атты интерактивті-ойын бағдарламасы аясында қайырымдылық қойылымы тегін сахналанды.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі «Шақырады көктем» атты қайырымдылық концертін өткізіп, түскен қаражатты қайырымдылық қорына аударды.
Халқымыз «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпаған. Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне Әдебиет және өнер музейі Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейінде «Ақ бата – асыл қасиет» атты батагөйлер байқауы өтті. Ел ақсақалдары Наурыз бата беріп, көпшілікті ұлыс күнімен құттықтады.
Бұл күні тақырып аясында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Бесікке салу», Мәлік Ғабдуллин музейі «Дәстүрлі ән», Көкшетау қаласының тарихы музейі «Тұсау кесу» салт-дәстүрлерінен көріністер ұсынды.
«Көкшетау» МС отбасылық құндылықтарды насихаттау аясында «Әдепті келін – отбасы көркі» облыстық байқауын өткізді. Іс-шараға Ақмола облысының Ерейментау, Аршалы аудандарының, Степногорск және Көкшетау қаласының сұлу келіндері қатысты.
Фестивлаль-байқау қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен – Даутова Толғанай (Көкшетау қаласы), ІІ дәрежелі дипломмен – Жанар Хуандаг (Ерейментау ауданы), I дәрежелі дипломмен – Сабдина Динара (Степногорск қаласы) марапатталды.
Әр қатысушыға диплом, ас астауы, қазақтың ұлттық киіз үй мүсіншесі және гүл шоқтары табыс етілді.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі қазақтың суырып салма өнері «Наурызнама» жыр арнау байқауын және облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығымен бірлесіп онлайн айтысын өткізді.
Сонымен қатар, Ш.Құсайынов атындағы қазақ-музыкалық драма театры мен Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы балалар ертеңгіліктері көрермендеріне «Асық ату» ұлттық ойынынан көріністер ұсынды.
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Атам мен әжем» облыстық онлайн байқау-фестивалін ұйымдастырды.
Дәл осы күні «Неке сарайы» мекемесінде 25, 35, 45, 50 жыл отасқан отбасыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтары табысталды.
Наурызнаманың 18 наурыз – Ұлттық киім күні ұлттық киімдерді, ұлттық құндылықтарды танымал ету мақсатында «Көкшетау» мәдениет сарайында «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты ұлттық киімдер шеруі (дефиле) өтті.
«Ұлттық киім» күніне арналған этно дефилеге Ақмола облысының мәдениет қайраткерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесі, Ақмола облысының мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдар, спорт шеберлері, білім саласының қызметкерлері, денсаулық сақтау қызмеркерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері, «Көкшетау» МС шығармашылық ұжымдары қатысты.
19 наурыз – Жаңару күніне орай «Наурыз – елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» идеологема аясында жетекші тарихшы мамандар тарих ғалымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректоры кеңесшісі Аманбай Асылбайұлы, тарих ғалымдарының магистрі Ғалымтай Мәлікұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбек қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желі парақшаларына жарияланды.
Ерейментау ауданында ақын, әнші, импровизациялық өнер шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Асайыновтың 95 жылдығына арналған «Бала ақын – жас дарын» облыстық оқушылар айтысы ұйымдастырылды.
Ақын, әнші, айтыскер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайынов – халықтың салт-дәстүрін, айтыс өнерін, халық әндерінің орындалу мәнерін насихаттаушы. Сегіз қырлы бір сырлы талант иесі Мұса Асайыновтың бойындағы бір кесек өнер – айтыс болған екен.
Айтысқа Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан 12-18 жас аралығындағы жас ақындар қатысты.
Қазылар алқасының құрамына: айтыскер-ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Ақмола облысы бойынша төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Құдайберлі Мырзабек; айтыскер ақын, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы Қабдыжәлел Сахария; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақмола облысы мәдениет басқармасының сарапшысы Мерген Тоқсанбай енді.
Айтыстың нәтижесі бойынша жүлделі 3 орынды Хызырбекұлы Сырым (Бұланды ауданы), Мұхаммед Эргашев (Целиноград ауданы), 2 орынды Мисалбек Назар (Ерейментау ауданы), 1 орынды Серікболат Сәттілік (Ерейментау ауданы) және Бас жүлдені Берік Әсет Абылайұлы (Қорғалжын ауданы) иеленді.
Айтыстың жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әдебиет және өнер музейінде студенттер арасында «Наурыз нақыштары» қылқалам шеберлері байқауы өтті.
Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дiң «Бейнелеу өнерi, сызу және дизайн» кафедрасы, Ақан серi атындағы мәденет колледжiнің суретшi студенттерi, А.Мырзахметов университетінің жұмыстарын ұсынды.
Жас суретшiлердiң жұмысына суретші Ибрагим Иса, Наталья Лосева, музей директоры Н.Нұралы төрелiк жасады.
Қазылар алқасының шешiмi бойынша жүлделi ІІІ орынды Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнiң студенті Еркежан Есет пен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дiң студенті Перизат Серік өзара бөлісті. ІІ орын Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнiң студенті Даная Әлиеваға бұйырды. Сайыстың жеңімпазы болып Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнiң студенті Диана Сейсенбаева танылды.
Қазылар алқасы іс-шара соңында сайысқа қатысушы жас суретшiлерге шығармашылық табыс тіледі. Байқауға жұмыстарын ұсынған басқа да балғын суретшiлер алғыс хаттармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, жүлдегерлерге бағалы бұйымдар табыс етiлдi.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Атадан ұл тумайды ондай сабаз» атты ұлттық ойындардан шеберлік сағаты, әлемдік күнтізбелерді зерттеген кеңестік ғалым Мыңбай Ысқақовқа арналған «Халық жыл санауының тарихи негіздері және ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қажымұқан» спорттық-сауықтыру кешенінде «Жүзден жүйрік» атты ұлттық ойындардан жарыс (асық, тоғызқұмалақ) өткізді.
21 наурыз – Ынтымақ күніне орай мәдениет мекемлерімен жақын және алыс шетелдердің жетекші шеберлерінің тікелей эфирде құттықтау мерекелік эстафетасы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қаланың «Жайлау», «Сарыарқа», «Бірлік», «Автогородок» «Темір жол» бекеті шалғай шағын аудандары, «Жеңіс» ТҮК, «Көкшетау» МС және «Достар» МС алаңдарында, облыстың барлық аудандары мен қалаларында «Жарапазан» көшпелі концерттік бағдарламалары өтті.
22 наурыз – Жыл басы күні Көкшетау қаласының алаңдары жаңа нақышта безендіріліп, алғаш рет 3 ауыл тігілді: қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Біржан Салдың 190 жылдығына арналған «Біржан Сал ауылы», қазақтың халық композиторы, атақты палуан, спортшы Балуан Шолақтың 160 жылдығына арналған «Балуан Шолақ ауылы» және «Қолөнершілер ауылы».
«Абылай хан» және «Тәуелсіздік» алаңдарында бой тіккен 20 киіз үйлерде қазақ халқының ұмыт қалған салт-дәстүрлері: «Беташар», «Ашамайға мінгізу», «Тұсау кесер» және т.б. көріністер ұсынылды.
Ақмола облысының мәдениет мекемелерімен құрылған киіз үйде Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының жетекші әртістері ҚР Мәдениет қайраткерлері Қайрат Мырзаболатов, Жанар Құсайынова және жас буын әртістерінің орындауында қазақ халқының «Беташар» салт-дәстүрінен көрініс сахналанды.
Киіз үйдің алдында ұлттық оюлары бар тоқыма бас киімдері, қыз жасауын жасайтын Ұлжалғас Қарымсақованың, құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын жасайтын Гүлнар Серікжанованың, зергер, ағаш бұйымдарын жасайтын Руслан Амангелдіұлының және ағаш, сүйек өңдеу шебері Алмасбек Бегзамның қолымен жасалған бұйымдарының көрмесі ұсынылды.
Біржан Сал ауылында орналасқан орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтары «Наурыз – көктем, жыр думан!» атты ауқымды театрланған қойылымын тамашалады.
«Көктем әуені» композициясы халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты «Асыл мұра» халықтық би ансамблінің мың бұралған биші қыздарының орындауындағы нәзік көктемгі хореографиялық композициясымен ашылды. Сахна төрінде қазақ халқының көнеден келе жатқан ырым сенімі, адамдарды бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтауға бағытталған әр-түрлі әрекеттер арқылы оттың көмегімен жасалынатын көне дәстүрлердің бірі – «Аластау» рәсімі өткізілді.
Қазақ халқы ертеден Ұлыс күні «жыл басы» деп санайды. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған.
«Жеті әлемнің болжамы» композициясы сан қырлылығымен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орнын айшықты түрде белгілеген, жас та болса, жасампаз өнер ордаларының бірі – Астана қаласының «Жастар» театры әртістерінің орындауында «Жұлдызашар» рәсімі сахналанды.
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халқымыз ежелден ешбір ісін батасыз бастамайтын. Ұрпағына үлкеннен бата алуды, елдің тілегін, ықыласын алуды санасына сіңіріп отырған.
«Ақ тілек пен Ақ бата» композициясы халықтың қорғаушысы, қайырымды, әулие Қыдыр ата даланы аралап, жиналған қауымға ақ батасын арнады.
Қыдыр ата батасынын кейін жер бетінің жандануы мен гүлденуі байқалады деген сенім бар. «Көктем – ғұмыр» композициясында «Достар» мәдениет сарайының «Асыл мұра», «Арай» халықтық би ансамбльдері мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жетекші би ұжымдарының биші қыздарының орындауында әсем би композициясы ұсынылды.
Көктемді сағынған ауыл жастары дала қызықтарына жиналып ән салады. Айтысып, қыздар мен жігіттер ұлттық ойындар ойнайды. Қазақтың халық әндері орындалып, көңілді кештер орын алады.
«Жастар ойыны» композициясында өнер жастарының орындауында ел аузында жүрген қазақ халқының «Молдабай», «Тойбазар», «Шыбыным», «Гүлдерайым» әндері орындалды.
Біржан Сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған «Базарың құтты болсын, ардақты елім!» атты композициясында қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Біржан сал Қожағұлұлы кейпіндегі «Жастар» театрының әртісі сахна төрінен көпшілік қауымға атақты «Айтпай» әнін арнады.
«Наурызнама» композициясы театрландырылған қойылымның барлық қатысушыларының орындауында барша ұлт пен ұлыстарды, ойыны адамзатты теңестіретін көктемнің керемет мерекесінде Наурыз керуенімен бейнеленді.
Концерттік бағдарлама «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты композициясында облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Он алты қыз», «Көкшетау» және «Шалқыма» халықтық би ансамбльдерінің қатысушылары әсем хореографиялық композициясы арқылы Наурыз мейрамына арналған би шашуын арнады.
Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, жетекшісі және бас дирижері Жанат Рашит, бірлескен хор және солистерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов, бірлескен хор, «Гәкку» би ансамблінің орындауында Қазақстан композиторларының шығармашылығынан мерекелік поппури, солистері Аягөз Қалмағамбетова мен Серікболсын Бекмолдиннің орындауында «Той бастар», ҚР Мәдениет қайраткері Жамиля Жарқымбаева, солистері Валерия Болиева, Аягөз Қалмағаметованың орындауында Қазақ халық әндерінен поппури, ҚР Мәдениет қайраткері Жанат Есовтың орындауындағы «Наурыз тілек» және т.б. керемет әндері көрермен қауымының зор қошеметіне ие болды.
Қазақстанның эстрада жұлдыздары «Жігер» тобы көкшелік өнер сүйер қауымына әсем сазды жарқын әндерін ұсынды. Жиналған қауым сүйікті әндерін әншілерімен қоса орындады.
Мерекелік іс-шара «Көкше» мәдениет үйінің және «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарымен ұсынылған мерекелік концертке ұласты.
Балуан Шолақ ауылы орналасқан «Тәуелсіздік» алаңында қазақ күресі, тоғыз құмалақ, арқан тарту және басқа да көптеген ұлттық ойындар мен спорттық іс-шаралары өтті.
Бұланды, Ақкөл аудандары 2024 жылдың мерейтой иелері, Балуан Шолақтың 160 жылдығы және Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған киіз үйлерде арнайы көрмелер ұйымдастырып, көрермен қауымына құнды жәдігерлерді ұсынды.
Целиноград ауданы қала жұртшылығын Ұлыстың ұлы – Наурыз мейрамымен құттықтап, «Наурыз – шаттық береке» театрландырылған қойылымын сахналап, көркемөнерпаз ұжымдары жарқын концерттік бағдарламасын ұсынды.
Бой тіккен арнайы киіз үйде Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған көрмесі ұйымдастырылып, ұлы тұлғаның өмір жолы мен ерлігінен сыр шертетін, елге беймәлім қырлары жөнінде тың мәліметтер мен жәдігерлер ортаға салынды.
Сандықтау ауданымен бой тіккен арнайы киіз үйде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Владимир Быстрицкийдің көрмесі өтті. Суретшінің туындалары арасынан жерлесі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған көркем суреті көрермендер қауымымен жоғары бағаланды.
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында тұңғыш рет қос алаңды жалғастырушы Абай көшесі бойымен «Қолөнершілер ауылы» орналасты.
Ұлттық мәдениетті, ата-бабаларымыздың ұлттық мұрасын және ұлттық кодын сақтау мақсатында мерекелік безендірілген жарты киіз үйлерде келушілер назарына өңіріміздің жетекші креаторлары жергілікті ісмер-қолөнер шеберлері: құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын Гүлнар Серікжанованың, киізден ұлттық бұйымдар жасайтын Гүлнар Орынбаеваның, тоқылған бұйымдар, бисерлер мен тастардан әшекейлер жасайтын Марина Бойченконың, Олеся Кочетыгованың, қағаздан себепттер жасайтын Алма Қажанбергенованың, бисерден әшекейлер жасайтын Алтын Сүлейменованың, ұлттық ою-өрнектері бар этностильдегі бұйымдар жасайтын Галина Малицкая, Айым Қайратованың, ұлттық нақыштағы әшекейлер, кәдесыйлар, тоқыма бұйымдарын жасайтын Гүлбарам Гукенованың, былғарыдан сөмке, білезік, брелоктер әзірлеуші Роза Медетованың бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
23 наурыз – Тазару күні облыс төңірегінде жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті.
Есепті кезеңде Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығын қаржыландыруға 20 253,0 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтердің орындалуы 709,0 мың теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында облыстың 331 кітапханасында 46 028 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап беру 538 866 дананы құрады. Келушілердің жалпы саны – 387 576 адам.
Кітап қоры 4 458 640 дана, бір ай ішінде 5 863 дана әдебиет келіп түсті, 68 693 дана шығарылды.
Интернет желісіне 253 кітапхана қосылған, компьютерлендірілген – 312 кітапхана, телефондандырылған – 310 кітапхана.
5 наурыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сұлулық пен жетістіктің үйлесімі» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара талантты ақын ұл-қыздардың аруларға арнаған өлеңдерімен ашылды.
Мерекелік кешке «АҚАЙ» сән үйінің бастығы – Ғалия Серікқызы Алдабергенова; Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК, өнер бөлімінің меңгерушісі – Бостангүл Азатқызы Ерманова; «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ бас маманы – Раиса Булатовна Жангалиева; Мәлік Ғабдуллин музейінің аға-ғылыми қызметкері – Аягөз Мұратқызы Махметова арнайы қонақ болып шақырылды.
Еңбек жолында қиыншылық пен қуаныштың қатар жүретінін жастарға түсіндіріп, алға қойған арман-мақсаттарға қалай жету керектігін өз тәжірибелерімен түйді.
Көрісу күніне орай М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК Ақпараттық библиографиялық бөлімнің библиостудиясының қадірлі қонағы, тіл және мәдениет жанашыры Төлекеев Қаратай Бәйкенұлымен кездесу өтті.
Қаратай Байкенұлының бойындағы көп қасиеттің бірі домбырамен ән айту. Аудан, облыстағы талай өнер додаларында лауреат атанған. Ұстаздыққа ауысуымен ән айтуды екінші жолға қойған. Қазіргі таңда жастар тәрбиесіне арнап жазған әңгімелерін бастырып, жаңа шығармаларын жинақтауда. Қолы бос кезін аңшылық пен балық аулауға ең бастысы немерелерін тәрбиелеуге жұмсайды.
Осындай жан-жақты, білімді, ұлағатты, қадірлі ағамыз Қаратай Бәйкенұлы Наурыз мейрамы, Көрісу күніне анралған сұхбат беріп, қалың оқырманға өз тілегін білдірді.
15 наурыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Наурыз мерекесі қарсаңында «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Кітапханашылар Көкшетау қаласындағы арнайы қызмет көрсету орталығына барып, балаларға сыйлықтарын сыйға тартты. Акция барысында балаларға кітапхана, кітап туралы айтып, ұстаздарды құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
Есепті кезеңде облыс кітапханаларында 2 620 іс-шара өткізіліп, оған 108 687 адам қатысты. Кітапхананы қаржыландыруға 19 281,0 мың теңге бөлінді.
2024 жылдың наурыз айында облыс музейлерімен 213 экскурсия, 47 дәріс, 48 көрме өткізіліп, 346 іс-шара ұйымдастырылды. Келушілер саны – 14 992 адам.
АС музей цифрландырылған жәдігерлер саны – 1 250, барлығы – 28 069.
Аудиогид жобасын іске асыру: дыбысталған эскурсиялар саны – 0.
4 наурыз күні Мәлік Ғабдуллин музейі Көкен ақынның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Красный Яр №3 мектеп-гимназиясында «Айтыстың көк семсері Көкен ақын» атты музейлік сабағын өткізді.
Музейлік сабақ аясында ақын, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Мұхамед Қонқаев шеберлік сағатын өткізді. Сабақ барысында философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Ерболат Баятұлы халық ауыз әдебиетіндегі айтыс өнерінің тарихы туралы баяндады.
Іс-шара Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Кенжебай Жәнібекұлы Мукушевтың орындауындағы Ақан серінің «Шырмауық» әнімен қорытындыланды.
Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні Мәлік Ғабдуллин музейінде «Қош келдің, Әз наурыз!» мерекелік кеші телевизиялық форматта өтті.
Іс-шара Наурыз мерекесінің жаңа форматта тойланып, жастар арасында насихатталуына үлес қосу мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанынан құрылған «Жауқазын» жастар театрымен бастаңғы форматында ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында «Тоқымқағар» дәстүрі көрсетіліп, ұлттық ойындар ойналды. Осылайша әуелетіп ән салған, мың бұралып би билеген жастар кештің сәнін кіргізді.
16 наурыз Мәлік Ғабдуллин музейі мен Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Қайрат» қазақ күрес залында Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін қазақ күресінен ашық қалалық турнир өтті.
Көкшетау қаласының жас балуандары 11 салмақ бойынша бақ сынады. Жарысқа барлығы 200 бала қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 46 келі салмақ бойынша III орынды Молдахметов Батырхан, II орынды Дулан Мәди, ал жүлделі I орынды Алтайбаев Нуржан иеленді. Топ жарған білекті балуандар дипломдар мен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
16 наурыз күні Қазақстанның халық ақыны, ақын-жыршылар одағының тұңғыш президенті «Көкшенің көк нөсері» атанған Көкен Шәкейұлының туғанына 100 жыл толады.
Осыған орай, 15 наурыз күні Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен «Көкен Шәкейұлы – айтыс өнерінің ақтаңгері» атты облыстық ІV ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция аясында Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Жанат Қажыбай «Өмірі ұрпаққа өнеге болған Көкен ақын» тақырыбында баяндама жасады.
1 наурыз күні «Доңғалақты музей» музей жобасы аясында Ақмоло облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Табиғат және экология» бөлімінің ғылыми қызметкерлері «Ақмола облысының жануарлар әлемі» көрмесін ұйымдастырып, «Балаларға аңдар туралы» дәріс оқыды.
20 наурыз белгілі ғалым-математик, «Халық күнтізбесі» авторы Мыңбай Ысқақовты еске алуға арналған «Халық жыл санауының тарихи негіздері мен ерекшеліктері» атты іс-шара өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен «Friends» кофеханасында өткен қолөнершілермен нетворкинг ерекше шабыттандыратын және айтулы оқиғаға айналды. «Әйел – әлем жарығы» атты іс-шараға әр-түрлі қолөнер салаларының шеберлері: кондитер Камила Ахметжанова, киіз басу шебері, ұлттық қолөнер шеберханасының меңгерушісі Гүлнар Орынбаева, «Күнтай құрақ» брендінің негізін қалаушы Гүлнар Серікжанова, қуыршақ жасау шебері Анастасия Елисеева, стрейч жаттықтырушы Айдана Нұрқышева қатысты.
Әдебиет және өнер музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай суретші Махаббат Рахметованың «Көктем шуағы» атты жеке көрмесі өтті.
Махаббат Рахметова – Көкшетау қаласының тумасы. Көкшетау балалар көркемсурет мектебінің түлегі. Астана қаласындағы «Шабыт» өнер акдемиясында білім алған. Академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Италияның Флоренция қаласында тағлымдамадан өткен. Бүгінде Ш.Уәлиханов университетінде еңбек етіп жатыр.
Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған музей директоры Нұрбек Нұралы суретшіге шығармашылық табыс тіледі. Суретші, мүсінші Юрий Попов, Ш.Уәлиханов университетінің ұстазы Рүстем Шәріпов жас маманның шеберлігіне, ұмтылысына жоғары баға берді.
15 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау аясында халық әндері мен халық композиторларының мұраларын зерттеуші әрі насихаттаушы, әнші Кенжебай Мұқышевпен кездесу кеші өтті.
Бала күнінен ән мен жырға, музыка мен домбыраға әуес өнерпаз үлкенді-кішілі сахнада халқымыздың бай, мазмұнды ән мұрасын насихаттап келеді. Басшылық қызметте жүрсе де өнер ауылынан алыс кетпеді. Ұл-қыздары да өрелі өнер өлкесінен алыс емес.
Кездесу кешке Кенжебай Мұқышевтың әндерін сағынған көрермен қауым көптеп жиналды. Әсерлі әңгіме, әуезді әнмен көмкерілген кеште Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың әндері әуелеп, көпшіліктің көңілінен шықты. Әр әннің тарихы мен мәтіндеріндегі ерекшеліктерге тоқталып,жан-жақты мағлұмат беріліп отырды.
Кеш соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Кенжебай Мұқышевтың өнерін жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі. Бұл кездесу кеші әншінің шығармашылық ғұмырындағы ұмытылмас әсерлі шақтардың бірі болып қалары хақ.
Облыс музейлерін қаржыландыруға 50 939,0 мың теңге бөлінді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ақылы қызметтер орындалуы – 180,7 мың теңгені құрады.
Облыста 1661 ескерткіш (2021ж.-1793) және тарихи-мәдени мұра объектісі бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар 5-і: Ш.Ш.Уәлиханов ескерткіші, Көкшетау қаласының тарихы музейі (бұрынғы В.Куйбышев үйі), Біржан сал ауданындағы Біржан сал қабірі, Қорғалжын ауданындағы Бытығай кесенесі және Бурабай ауданындағы Абылайхан алаңқайы, 1035 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 46 киелі орын, Ақмола облысындағы 11 нысан жалпыұлттық нысандар тізімі, 35 – аймақтық нысандар тізіміне енді.
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі студенттеріне Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазықсыз жаламен тоталитарлық жүйенің құрбаны болған «Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары» атты тарих сабағы өтті. Дәріс барысында дауылпаз ақынның өмірбаяны, шығармашылығы және оның қатысуымен «Тіршілік» атпен шығарылған қазіргі «Арқа ажары» гезетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллин есімімен байланысты 2017 жылы орнатылған ескерткіш тақта, сондай-ақ мұсылман зиратында жерленген ұлы Аянға орнатылған естелік тақта туралы айтылды.
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында Көкшетау жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттерімен «Ана-өмір шуағы» викторинасын өткізді. Викторинаны өткізу кезінде аналарға, батыр қыздарға және тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арналған Ақтоқты, Балкадиша, Қаныкей, «Ананың ақ тілігі» мүсіні, Мәншүк Мәметова, Мария Рекина, Өрес ханым, Полина Осипенко сынды тарихи ескерткіштерге қатысты сұрақтар қойылды. Викторинада аталған тарих ескерткіштерінің әрқайсысы бойынша фотосуреттер мен қосымша түсініктемелер көрсетілді. Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді студенттер аталып, Ақмола облысының киелі ескерткіштері туралы кітаптар табысталды.
19 наурыз күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» қызметкерлері Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті тарих факультетінің 2,3 курс студенттеріне «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Наурыздың тарихы, мәні мен мағынасы және әдеп-ғұрыптар, ұлттық киімдер, ұлттық тағам Наурыз көженің дайындалуы туралы айтылды.
Наурыз айында облыс театрлары 77 спектакль көрсетті, 6 премьера, барлығы 6 806 адам қатысты.
Есептік кезеңде балаларға арналған – 15, отандық авторлар – 49, шетелдік авторлар – 28 қойылымдары сахналанды. Республикалық немесе халықаралық фестивальдерге қатысу – 0.
«Қоғамдық келісім» мекемесінде ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызымен «Ханбибі – хан ордасында» атты кездесу кеші өтті.
Әдемі рухани жүздесуді жас ақын Манарбек Қыдырбайұлы жүргізді.
Іс-шараға Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы және Ақмола облысының зиялы қауым өкілдері мен студент жастары қатысты.
Халық жадындағы «Нұрикамал», «Алтынай» сынды танымал әндердің сөзін жазған ақын Ханбибі Есенғарақызы өз шығармашылығынан сыр шертіп, сырлы өлеңдерін көрермен қауымына арнады.
«Нұрикамал» драмасы, авторы және қоюшы режиссері Е.Төлеубай
Бүгінде ел арасына кеңінен танылған «Нұрикамал» әнінің шығу тарихы қызық. Әннің сөзін жазған – Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы – Тұрдықылыш Ізтаев. Шығармашылық адамының жан сезімі мен жай күйін бейнелей отырып нәзік иірімдерімен баурап алатын қойылым «Нұрикамал» әнінің шығу тарихынан сыр шертеді.
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Ш.Құсайынов атындағы қазақ-музыкалық драма театрында @КЕЛіН_КӘ.KZ» әзіл-сықақ аралас думанды бағдарламасы өтті.
Ауыл өмірінен сыр шертіліп, адамдарының түрлі мінез-құлықтары қызықты оқиғалармен өрбиді. Жасы біразға дейін келсе де үйлене алмай жүрген сүрбойдақ жігіт қаланың сылқым қызына қалай жолыққаны туралы қойылым Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарының ыстық ықыласына бөленіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.
Облыстық театрларда кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Наурыз-базарлық» маусымы «Қаңбақ шал» ертегісі және «Әз-Наурыз» ойын-сауық бағдарламасының, «Эй, детвора, Наурыз встречать пора!» атты интерактивті-ойын бағдарламасы аясында қойылымдары сахналанды.
Ақмола облыстық орыс драма театрымен «Калека с острова Инишмаан» қойылымы (қоюшы-режиссер: Рача Махатаев, қоюшы-суретші: Ксения Бодрова, композитор: Ярослав Жуков) және Самуэль Беккеттің «В ожидании Годо» қойылымының (қоюшы-режиссер: Аян Алимбаев) тұсаукесерлері өтті. Терең мағынаға толы шығарма көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырғаны сөзсіз.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай театр ұжымы «Как в кино» концерттік бағдарламасы мен «Пригласи маму в театр» акциясын көрермен қауымына ұсынды. Музыканың керемет атмосферасы, ерекше энергиясы мен жылуын көрермендерге арнады.
Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі.
Театр – халықтың рухани қазынасы, ұлт байлығы. Тарихты да, махаббатты да, қуаныш пен қайғыны да көрермен қауымына қауыштыратын сиқырлы армандар әлемі.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры мен Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымдарын төл мерекесімен құттықтап, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызы, Ақмола облысы мәдениет басқармасының алғыс хаттарын табыстады.
Театрларды қаржыландыруға 62 035,0 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтердің орындалуы 5 307,0 мың теңгені құрады (Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры – 2 287,0 мың теңге, Ақмола облыстық орыс драма театры – 3020,0 мың теңге).
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы ағымдағы жылдың наурыз айында 15 іс-шара өткізді, оған 2 906 көрермен қатысты.
Осы жылы Қазақстанның танымал композиторы Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толып отыр. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы мерейтой иесіне арналған «Романтика романса» романс кешін өткізді.
Қазақ музыка тарихына зор үлесін қосып, 30 жылдан астам шығармашылық жолында барлық негізгі жанрларды қамтыған Сыдық Мұхамеджановтың асыл шығармалары күміс көмей әншілердің орындауында көпшіліктің назарына ұсынылды.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембірова, Наталья Грицаева, Ольга Гергель, Жанар Искакованың фортепианода сүйемелдеуімен Халықаралық байқаулардың лауреаты Батыржан Смаков, Аякөз Қалмағанбетова, Жанар Сақтағанова, Саида Сағди композитордың «Шолпаным», «Кім таласар сенімен», «Өзің де, жігіт, қызықсың», «Жан сәулем» және т.б. да жарқын туындыларын шарықтата шырқады.
15 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Наурыз мейрамына арналған «Гәкку» би ансамблінің «Шақырады көктем» атты мерекелік концерті өтті.
Халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблі - «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаеваның жетекшілік етуімен талай асуларды бағындырып, жетістіктерге жетіп жүрген кәсіби би ұжымы. Ансамбльдің репертуары өте бай, қазақ халық билерінен бастап, басқа халықтардың биі мен заманауи би үлгілері де бар.
«Шақырады көктем» концерті әсемдік пен нәзіктіктің, үйлесім мен сұлулықтың шынайы көрінісін ашып, көрермендеріне көктемгі көңіл-күй сыйлап, керемет сезімдерге бөледі.
Қанықты жарқын нөмірлермен қамтылған мерекелік концерттік бағдарламаға «Айнакөл» фольклорлық ансамблі (жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Әнуарбек Файзуллин) мен «Аманат» би мектебінің ортаншы және ересектер тобы да қатысты. Сонымен қатар, көпшілік би өнерінің қазіргі заманғы тарландары: А.Шәмшиев, З.Әжібекова, А.Тати туралы, «Гәкку» би ансамблі жайындағы бейнебаяндарды ықылас қоя тамашалады.
14-20 наурыз аралығында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Кел наурызым, Берекелі жыл басым!» атты балаларға арналған музыкалық қойылымы сахналанды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясын қаржыландыруға 58 644,0 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтердің орындалуы 1 101,0 мың теңгені құрады.