Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы.
Кәсіпорынның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218 үй, тел. 8-716-2-29-79-20.
Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұжымның мәдени-демалыс қызметін,қаржылық және өндірістік-шаруашылық ісін басқарады, қабылданған шешімнің нәтижесіне толық жауап береді. Аудандық мәдениет үйлері құрылымдық бөлімшелерінің өзара қатынасын ұйымдастырады, әлеуметтік-мәдени басымдылықтар мен клубтардың заман талабына сай дамуын есепке ала отырып, олардың қызметін клубтық жұмыстарды дамытуға және жетілдіре түсуге бағыттайды.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Бюджет кодексін;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;
Еңбек кодексін;
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;
ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
білімі:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
жұмыс өтілі:
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сонымен қатар оның кандидатурасын келісу Ережелері негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттармен танысады және 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Ақмола облысының мәдениет басқармасында өтетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар келесі мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218, Анықтама телефоны: 8-716-2-29-79-33, каб.202.