|
«АQМОLА ОBLYSYNYŃ МÁDENIЕТ, АRHIVTER МЕN QUJATTAMALAR BASQARMASY» МЕМLЕКЕТТІК МЕКЕМЕSІ |
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «УПРАВЛЕНИЕ КУЛЬТУРЫ, АРХИВОВ И ДОКУМЕНТАЦИИ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» |
БҰЙРЫҚ 2020 ж. 18.08. № 61 ПРИКАЗ
Көкшетау қ. г. Кокшетау
Ақмола облысы мәдениет,
архивтер мен құжаттамалар
басқармасының 2020-2022 жылдарға
арналған бюджеттік
бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 32 бабына сәйкес, «Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №6С-40-2 «2020 - 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 6С-47-2 шешімінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:
2020-2022 жылдарға арналған Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының келесі бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:
1.001 «Жергiлiктi деңгейде мәдениет және архив ісін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».
2.005 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау».
3.008 «Театр және музыка өнерін қолдау».
4.010 «Архив қорының сақталуын қамтамасыз ету».
5.032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары».
6.088 «Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге кредит беру».
7.113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».
Басқарма басшысының м.а. Г.Бекназарова
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_____________Қ.Дүзелбаев
2020 жылғы «____»__________