Ақмола облысы мәдениет басқармасының
2023 жылдың қазан айында атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
2023 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:
- 248 мемлекеттік клубтық кәсіпорын, оның ішінде ауылды жерде – 226;
- 331 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылды жерде – 289 (Зеренді ауданы Баратай ауылында ауылдық кітапхана ашылды);
- 11 музей, оның ішінде ауылды жерде – 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы – 1;
- 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Қазан айында мәдениет мекемелері 3 481 іс-шара өткізді, оған 430 009 адам қатысты.
Облыстың клубтық кәсіпорындарының негізгі және мерейтойлық іс-шаралары.
«Жігітке жеті өнер де аз» деген қазақ атамыз. Республика күнін мерекелеу аясында Красный Яр ауылы, «Құлагер» ипподромында Абылай ханның 310 жылдығына, Ақан серінің 180 жылдығына және Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған білімді жастарды анықтайтын, сегіз қырлы – бір сырлы жігіттер арасында «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауы өтті.
Өнер додасына Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан және Қосшы қаласынан 20-29 жас аралығындағы барлығы 14 жігіт қатысты.
Бірінші кезеңде жігіттер өздерін таныстырып, өнерімен таң қалдырып, Ақан серінің, Иманжүсіп Құтпанұлының әндерін орындаса, екінші кезеңде қатысушылар жамбы ату, аударыспақ, кір тасын көтеру, армрестлинг және қазақ күресі сияқты спорттық сайыстарда ептіліктері мен шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты.
«Жігіт сұлтаны» Бас жүлде иегері Павлодар облысынан келген Айбын Уахитов атанып, 500 мың теңге ақшалай сертификатқа ие болды.
Республика күнін мерекелеу аясында Даналық айына арналған Көкшетау қаласы, «Тәуелсіздік» алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі аталып өтті.
Көкшетау төрінде Көкшетау қаласы мен Степногорск, Аршалы, Бурабай, Целиноград, Зеренді, Егіндікөл және Сандықтау аудандарының ауылшаруашылық саласының белді-белді өкілдері сан алуан өнімдерін қала жұртшылығына ұсынды.
Концерттік бағдарламаны Целиноград, Қорғалжын, Бурабай, Егіндікөл, Зеренді, Шортанды, Ақкөл, Ерейментау, Есіл, Астрахан, Бұланды, Сандықтау, Жақсы, Біржан сал, Атбасар аудандары мен Степногорск, Қосшы, Көкшетау қаласының шығармашылық ұжымдары ұсынды.
Даналық күні – жарқын мереке, ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің мерекесі.
Мереке аясында «Көкшетау» мәдениет сарайында «Асыл қариялар» атты мерекелік концерті өтті.
Мерекелік кеш аясында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мәдениет ұйымдарының ардагерлерін Даналық күні мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Ақмола облысының үздік шығармашылық ұжымдарының орындауындағы мерекелік бағдарлама көрермендерге жағымды әсер қалдырып, керемет көңіл күй сыйлады.
«Ауыр еңбектің азабы ұмытылады, жемісі қалады, Қанды ұрыстың қазасы ұмытылады, жеңісі қалады» – демекші, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Роза Шамжанованың 100 жылдығына арналған «Ел ардақтысы – Роза Шамжанова» тақырыбында еске алу кеші өтті.
Жетімдер үйінде өткен жастық шағы еңбекпен қайнап бітіскен, бала кезінен мал шаруашылығын дамытуға қатысқан, еңбекте де, оқуда да озат болып өскен қазақстандық өжет қыз Роза Шамжанова мал шаруашылығының озаты атанып, кезінде оның есімі бүкіл Кеңес Одағын дүр сілкіндірген болатын.
Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру Министрінің орынбасары және Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының аға ғылыми қызметкері болды.
Роза Шамжанова «Құрмет» белгісімен, екі рет Ұлы Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков атындағы медалімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің құрметіне мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Іс-шара барысында Роза Шамжанованы танитын осы өңіріміздің құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері естеліктерімен бөлісті.
Қазақтың айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі.
Мәдениетіміздің айтыс өнерін баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау мақсатында Республика күніне және ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Азат рухтың Абылай ханы» республикалық ақындар айтысы өтті.
Тәуелсіздіктің маңыздылығын, саяси тұрақтылықты ұтқыр оймен жеткізе білу, суырып салып, табан астында тауып айтып, сөз өнерінің інжу-маржанын төгілдіру, дарынды ақындарды қолдау айтыстың басты міндетіне айналды.
Айтысқа Астана қаласы және Қостанай, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Ақмола облыстарынан 11 айтыскер ақын қатысты.
Республикалық айтысты Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабек Рахымбекұлы жүргізді.
Қазылар алқасының құрамына Дәулеткерей Кәпұлы – Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалының директоры, ақын, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, қазылар алқасының төрағасы, Алмас Темірбай – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Арман Бердалин – айтыскер, жазушы, танымал ақын енді.
Бас жүлдені және 1 млн. теңге ақшалай сертификатты Ерлан Дәулет (Ақмола облысы) қанжығасына байлады.
«Көкшетау» МС-ның шығармашылық ұжымдарының талантты қатысушылары «Өнерге қанат қаққандар» атты үлкен концерттік бағдарламамен жаңа шығармашылық маусымды ашты.
«Көкшетау» мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Астананың 25-жылдығына арналған «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты облыстық вокалдық байқауы өткізілді. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша
ІІІ орынды: Дариға Исмагулова (Атбасар ауданы), Мөлдір Мерейхан (Зеренді ауданы), Сабина Тогубаева және Олеся Асафова (Бурабай ауданы), Ерқанат Ербосынұлы (Ж. Мусин ат. Көкшетау Жоғары қазақ педагогикалық колледжі) иеленді.
ІІ орынды: Леонид Попков (Егіндікөл ауданы), Толқын Құралбекова (Аршалы ауданы), Вячеслав Волков (Көкшетау қ., №17 мектеп-гимназиясы) иеленді.
І орынды: Мәди Марат (Целиноград ауданы), Мөлдір Хисан (Астрахан ауданы) иеленді.
Сондай-ақ байқауға белсене қатысқаны үшін Алишер Тлеужанов (Көкшетау қ., Жоғары техникалық колледжі), «Бәйтерек» триосы (Көкшетау қ., №17 мектеп-гимназиясы), Меруерт Сержанқызы (Ж.Мусин атындағы Көкшетау Жоғары қазақ педагогикалық колледжі), Амина Багусова (Көкшетау қ, Жоғары медициналық колледжі) дипломдармен марапатталды.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында №1 мектеп-гимназиясында және №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясында 6-шы және 7-сынып оқушылары арасында «Менің Республикам – менің мақтанышым» атты балалар викторинасын өткізді.
«Көкшетау» МС-ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты балалар ән фестивалі өткізілді. Фестивальге Жалғас Мұрат, Кәусар Рамазанова (Жақсы ауданы, Қима ауылы «Ғ.Әбдірахманов ат. ЖОББМ»), Ералы Нұрғали, Инжу Каирлинова (№6 мектеп-лицейі), Егінбай Әділ, Жарас Байкен, Мирас Байкен (№14 ЖОББМ), Аруназ Балташева, Назым Сабит, Мади Кереев (№9 ЖОББМ), Рафаэль Сабитов (№13 «ЭКОС» мектеп-лицейі) қатысты. Қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Көрермендерге концерттік бағдарламаны «Шалқыма» және «Сувенир» халықтық би ансамблдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі және «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының солисі Адия Абенова ұсынды.
«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының қатысуымен өткен Республика күніне арналған салтанатты іс-шара барысында күн санап көркейіп келе жатқан егемен еліміздің еңсесін көтеріп, іргесін бекіте түсуге елеулі үлес қосып келе жатқан өңіріміздің бірқтатар ардақты, беделді азаматтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Марапат иелерінің құрметіне орай Ақмола облысының үздік шығармашылық ұжымдары мен Қазақстан мәдениет саласының жарық жұлдыздары концерттік бағдарламасын ұсынды.
Кеш барысында халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары «Көкшетау» халықтық би ансамблі, «Capella» вокалдық триосы, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижері Жанат Рашит, дирижері Руслан Қойшыбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Талғат Галеев, Бауыржан Исаев, Ақтілек Дюсебаева, Сакенов Азамат, Зәмзәгүл Смағұлова, Рустам Жүсіпов, Аякөз Қалмағанбетова, Әсем Сембина, Серікболсын Бекмолдин, Бекұлан Ерболатұлы, Бауыржан Балтин, Қайрат Жұмағалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еділ Құсайынов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жамиля Жарқымбаева, Астана қаласының музыкалық академиясының хоры және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева көрермен қауымына керемет көңіл күй сыйлады.
Ырысы мол, ынтымағы бекем дархан даланың төсіндегі дүбірлі еңбек шеруі бүгін ажарына әлем таң қалған Астана қаласына келіп тірелді.
28 қазан күні Астана қаласында Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Халқымыз айтқандай, әлемді еңбекпен нығайтамыз, өйткені еңбек ең басты құндылығымыздың бастауы. Жәрмеңке тек сауда-саттықтың думаны емес ол бейбітшілік пен шеберліктің, данышпандылықтың думаны.
Астана төрінде Ақмола облысының ауылшаруашылық саласының белді өкілдері сан алуан өнімдерін қала жұртшылығына ұсынды.
Елорда тұрғындары үшін жәрмеңке аясында даланың күйін, дананың әнін, дараның сәнін келтірген қанықты концерттік бағдарламаны Ақмола облысының үздік шығармашылық ұжымдары ұсынды.
Есепті кезеңде Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығын қаржыландыруға 8 896,0 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың қазан айында облыстың 331 кітапханасында 16 858 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап беру 451 158 дананы құрады. Келушілердің жалпы саны – 318 681 адам.
Кітап қоры 4 538 702 дана, бір ай ішінде 6 969 дана әдебиет келіп түсті, 15 789 дана шығарылды.
Интернет желісіне 263 кітапхана қосылған, компьютерлендірілген – 309 кітапхана, телефондандырылған – 320 кітапхана.
Есепті кезеңде облыс кітапханаларында 2 262 іс-шара өткізіліп, оған 182 068 адам қатысты. Кітапхананы қаржыландыруға 17 991,2 мың теңге бөлінді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Кітап – әр адамның өмірлік досы» демекші, дaнaлықтың қaйнap бұлaғы, биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы кітапхана ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы негізгі алтын көпір болып келеді.
Кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру мақсатында күні кеше Қазақстан Республикасы Үкіметінің «24 қазан – Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін жариялауы бүгінде ғасырға жуық тарихы бар білімнің, елімізді, егемендігімізді танытатын рухани орда қызметкерлері – кітапханашыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен құрметтің белгісі.
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Кітапханашылар күні кәсіби мерекесіне орай облыстың 17 ауданы мен 3 қаласынан кітапханашыларының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.
Мереке қарсаңында кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін облыс кітапханашылары Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызының алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік шараға арнайы шақырылған құрметті кітапхана саласының ардагерлері осы мерекені көптен бері аңсағандарын атап өтті. Адамзат дамуына, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер қауымына гүл шоқтары табысталды.
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты. Концерттік бағдарламаны Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солистері Жанар Сақтағанова, Ләззат Идрисова, Дмитрий Петюль, эстрада жұлдызы Жаңарту Бекмұрат, Республикалық байқауларының лауреаты Ермек Қасым және Бауыржан Нұрымбетов ұсынды.
Бұланды ауданының Макинск қаласында кітапханашының беделін арттыру және кітапхана ісінің жас мамандарын шығармашылық жетістіктерге ынталандыру мақсатында кәсіби мереке – Кітапханашылар күніне арналған l облыстық жас кітапханашылар форумы өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесінің 17 аудандық және үш қалалық орталық кітапхананың өкілдері, құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Ұйымдастырушылар алқасы демеушілік көмек көрсеткені үшін Көкшетау қаласының «Самұрық» кафесі, «Сказка» сауда компаниясы, Көкшетау қаласының «Ясин» дүкеніне алғысын білдірді.
2023 жылдың қазан айында облыс музейлерімен 207 экскурсия, 29 дәріс, 23 көрме өткізіліп, 259 іс-шара ұйымдастырылды. Келушілер саны – 5 883 адам.
27 қазан күні Ақмола облысының музей саласының қызметкерлері ҚР Ұлттық музейнде, қазіргі музей ісінің жетістіктерін, тәжірибелері мен нәтижелерін насихаттау, музей ісі мен музейлер қызметін заманауи бағытта ілгерілету, музейлердің ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру қызметін жетілдіру, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы музей рөлін дәріптеу және музейлер имиджін көтеру мақсатында, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, музей қызметкерлері мен жас зерттеушілер қатысуымен Қазақстан музей қызметкерлерінің І конгресіне қатысты.
Конгресс аясында: «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; «Өзбекәлі тағылымы» атты көрме; «Музей заттарын қалпына келтіру және жаңғырту» атты семинар-практикум; «Мәдени мұра» журналының 20 жылдығына орай шығармашылық кездесу өтті.
Өткізілетін шараларға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, музей қызметкерлері мен жас зерттеушілер қатысты.
12 қазан күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің облыстық музей мен І.Есенберлиннің әдеби музейі қорынан жасалған «Атбасар атамекенім» көшпелі көрмесінің тұсаукесері өтті. Павлодар тұрғындары мен қонақтарын музей қорында сақталған баға жетпес жасандыларымен және материалдық және рухани мәдениет жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік беріп, оларды өңірдің көп ғасырлық мұрасымен және қоғамның көркем ойындағы заманауи үрдістермен таныстырды.
Көрмеде көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай хан мен оның серіктері туралы материалдар ерекше орын алды.
«Қазақ халқының этномәдениеті және тұрмысы» бөлімінде этнографиялық жинақтардың үздік үлгілері (дәстүрлі музыкалық аспаптар коллекциялары, ұлттық ағаш және былғары ыдыстар, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық киімдері, күміс зергерлік бұйымдар) ұсынылған.
Сондай-ақ көрмеде ХХ-ғасырдың көрнекті өкілі, Ақмола облысының тумасы жазушы, қоғам қайраткері Ілияс Есенберлиннің жеке заттары мен құжаттары қойылған.
Ғылыми қоғамдастықтың, шығармашылық кәсіп өкілдерінің, ғалымдардың, және т.б. өлкетану саласындағы білім үшін, өлкетану бойынша ізденіс және зерттеу жұмыстарын жандандыру, өлкетану жұмысы бойынша тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеу әдістерін жетілдіру, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында облыстық музейде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Туған жерім – тұғырым» атты облыстық өлкетанушылар дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстел аясында өлкетанушылар қауымдастығының бағдарламасы мен жоспары талқыланды, Қауымдастықтың кеңесі мен хатшысы таңдалады, өлкетанушылардың зерттеу жұмыстары туралы хабарламалар, баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ өлкетанушылар мен дөңгелек үстелге қатысушылар «Алтын мұра» жобасы аясында ұсынылған облыстық музей қорына соңғы түсімдермен таныса алды.
Қарағанды қаласынан келген ҚР ҰҒА академигі Зейнолла Молдахметов бастаған химия ғылымдарының докторы, академик Арыстан Ғазалиев, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қайрат Аманбаев, Қадірбек Мейрамбеков, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Амантай Рахимович Мәлік Ғабдуллин музейінің құрметті қонағы болды.
Қарағанды қаласының құрметті азаматтары, Мәлік Ғабдуллиннің көзін көрген Зейнолла Молдахметов пен Амантай Рахимович жылы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, музей қорына өз қолтаңбасымен кітабын сыйға тартты.
16 қазан күні №6 орта мектеп лицейінің оқушыларына Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми қызметі туралы «Ғылым жолы, ғылымдық өнеге, шәкірттік алғырлық» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәрістің мақсаты – батыр Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен қызметін насихаттау арқылы жаңақазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Оқушылар лекцияға белсене қатысып, батырдың педагогикалық және ғылыми қызметі туралы өз пікірлерімен бөлісті.
23 қазан күні Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай қала мектептері оқушыларының арасында «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» атты жас суретшілер байқауының ақтық кезеңі өтті.
Іс-шараның мақсаты: сурет өнері арқылы қазіргі жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге атсалысу; сурет салуға бейімі бар балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бәсекелестіру арқылы шеберліктерін шыңдау болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынды №12 орта мектеп оқушысы Лопатина Ангелина, II орынды №6 орта мектеп оқушысы Орынбай Алтынай, III орынды №17 орта мектеп оқушысы Искендирова Даяна жеңіп алды.
Сондай-ақ, «Ұшқыр қиялы үшін» номинациясымен №16 орта мектеп оқушысы Тортай Меруерт, «Сюжеттік композиция» номинациясымен №5 «Таңдау» мектеп гимназиясынан Власенко Мария, «Сурет салу техникасы» номинациясымен Красный Яр №3 орта мектеп оқушысы Исабекова Аружан марапатталды.
Жүлдегер атанған жас суретшілерге ұйымдастырушы тараптың атынан дипломдармен мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Қазақстан Республикасы күніне орай, Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері Зеренді ауданына қарасты Қызылсая орта мектебінде «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты іс-шара өткізді. Танымдық-тағылымдық іс-шара барысында ұстаздар ұжымы мен оқушылар Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдерінен мағлұмат беретін жылжымалы көрме арқылы туған өлкеміздің тарихымен танысты.
Республика күні қарсаңында Құрылыс-техникалық колледжі студенттері назарына еліміз егемендік алғаннан бергі жылдардағы тарихи кезеңдер мен туған қаламыздың жетістіктерін бейнелейтін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты фотокөрме ұсынды.
12 қазан күні Әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Алтайдың кер бұғысы» тақырыбында әдеби отырыс өтті.
Биыл қарымды қаламгер, жампоз журналист, көсемсөзші Оралхан Бөкей көзі тірі болса 80 жасқа келер еді. Осы мерейтойды лайықты деңгейде атап өтуді мақсат тұтқан әдеби кешке қонақ болып әдебиетші-ғалымдар Сәбит Жәмбек пен Аян Қажыбай келді. Екі ғалым Оралхан суреткердің шығармаларындағы тіл ерекшелігі, көркемдік деңгейдің биіктігі мен ойының орамдылығы жайында әңгіме өрбітті.
Сәбит Жәмбек сөзінде «Ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе,бірде асқақтыққа, өршілдікке тартып, толғау-толғаныстары кең тынысты болатын» десе, Аян Төлегенұлы «Оралхан шығармаларынан романтикалық құштарлықты, публицистік от-жалынды, реалистік өткірлікті, бірде сағыныш-мұңға бөлейтін лирикалық әуенді аңғаруға болады» деп баға берді.
Мазмұнды өткен кеште көрермен қауым да ғалымдарға Оралханның әдеби мұрасы жайлы сқрақтар қойып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.
23 қазан күні Республика күніне орай өткен «Менің байтақ Республикам» атты іс-шарасына Желтоқсан көтерілісінің ардагерлері Ерлан Қиықов, Қайыргелді Ахетов, Айдар Қожабаевтар қатысты.
Тыңдармандар арасынан күмбірлетіп күй орындаған, жалындатып жыр оқыған талапты жастар да болды. Егемен елдің жастары әсерлі әңгіме, сырлы саз, сұлу сөз тыңдап көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
27 қазан күні қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдық мерейтойы қарасаңында «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты іс-шарасы өтті. Қатысушылар назарына музей экспозициясындағы Ақаннан қалған көнекөз жәдігерлер таныстырылды. Сондай-ақ, Ақан серінің өмірі мен шығармашылығынан мол ақпараттар берілді. Әсіресе, әуелете орындалған Ақан әндері көпшіліктің жүрегіне қуаныш сыйлады. Қазақ ән өнерін классикалық деңгейге әнші-композитордың аңызға толы өмірі мен ән мұрасы көпшілікті тәнті етті.
Облыс музейлерін қаржыландыруға 44 276,0 мың теңге бөлінді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ақылы қызметтер орындалуы – 762,8 мың теңгені құрады.
Облыста 1661 ескерткіш (2021ж.-1793) және тарихи-мәдени мұра объектісі бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар 5-і: Ш.Ш.Уәлиханов ескерткіші, Көкшетау қаласының тарихы музейі (бұрынғы В.Куйбышев үйі), Біржан сал ауданындағы Біржан сал қабірі, Қорғалжын ауданындағы Бытығай кесенесі және Бурабай ауданындағы Абылайхан алаңқайы, 1035 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 46 киелі орын, Ақмола облысындағы 11 нысан жалпыұлттық нысандар тізімі, 35 – аймақтық нысандар тізіміне енді.
Республика күніне орай, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Тәуелсіздік» стеласы алдында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенттерімен «Тәуелсіз елдің ұрпағы» акцияны өткізді. Мақсаты – жастардың өз Отанын сүйюге, туған халқының тілін, мәдениетін, тарихын біліуге, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу болып саналады.
Ұлттық тарихи-мәдени мұраны, өңірдің киелі объектілерін ілгерілету жөніндегі идеяларды насихаттау мақсатында Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы республикалық маңызы бар ескерткіш – Көкшетау қаласы тарихы музейінің ғимаратына, Ш.Уәлиханов ескерткішіне экологиялық акция өткізді. Акцияға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы, Ш.Уәлиханов атындағы КУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының докторанты Төлепбергенов Ғалымтай Малікұлы, сонымен қатар Ақмола облысының «Жастар ресурстық орталығы» МКМ өз үлестерін қосып, белсене қатысты.
16 қазан күні Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы «Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті.
Республикасы күніне арналған «Мәдени мұра-ел байлығы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясына өлкетанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысы өлкетанушылар қауымдастығының төрайымы Г.Д.Салық, Ш.Уәлиханов атынағы университетінің Жалпы тарих және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистры Төлепбергенов Ғ.М., техника ғылымдарының кандидаты, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру кафедрасының доценті Р.М.Мухамадеева, сонымен қатар Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының оқытушысы Д.К.Кенжебек және А.Мырзахметов атындағы КУ тарих факультетінің студенттері қатысты.
Қазан айында облыс театрлары 72 спектакль көрсетті, оның ішінде 2 премьера, барлығы 6 778 адам қатысты.
«Тартюф» комедиясы, авторы Ж.Б.Мольер, қоюшы-режиссері Б.Абдураззоков
Тартюф-Оргон мен оның анасы Пернель ханымның үйінде қонақ болад. Олар қонақтың шын жүректен сенетін, адамгершілігі жоғары, жалпыға үлгі болатын адам екеніне сенімді. Алайда, отбасының қалған мүшелері әулиенің шынайы екіжүзді табиғатын көреді... Қойылым Тартюфты әшкерелеу әрекеттері төңірегінде өрбиді.
«Станционный смотритель» спектаклі, авторы А.Пушкин, қоюшы-режиссері Т.Кулов.
Ақмола театрының «Станционный смотритель» спектаклі – бір-біріне пошта аттарымен айтылған әке мен қыздың өмірінен алынған оқиға. Оқиғаның өзі өмірдің өзі сияқты екіұшты.
Әр пошта жылқысының болған оқиғаның өзіндік нұсқасы бар. Біреу үшін ол махаббат туралы, екіншісі сатқындық туралы, үшіншісі жалғыздық туралы. Бірақ олардың ешқайсысы еш нәрсені талап етпейді.
Әңгіме желісін көрермендердің әрқайсысы өзі шешуге құқылы.
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXVII театр маусымы Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Жібек Бағысованың өнердегі жолына 65 жыл толуына орай «Алло, мама...» драмасымен ашылды.
Бар ғұмырын театр өнеріне арнап келе жатқан сахнагер Жібек Есекеқызының есімін ұлықтау, оның өнердегі өшпес ізін дәріптеу іс-шараның басты мақсатына айналды.
Сахнадағы алғашқы еңбек жолын 1959 жылы Талдықорғандағы қазақ театрынан бастаған жас өрен-жауқазын қыз Жібек Есекеқызы 1960 жылы Қызылордаға көшірілген театр құрамында Сыр өңіріне қоныс теуіп, осы өлкенің сырбаз көрермендері алдында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті.
Өнердегі өз қолтаңбасын қалыптастырып, өзіндік жолдың өрелі асуларын бағындырған танымал өнер тарланы 1995 жылдан бері қарай Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ақ жаулықты, ақ самайлы анасы болып, абыройлы да ардақты қызмет атқарып келеді.
Қазақ драматургтерінің айтулы шығармаларымен қатар шетел қаламгерлерінің даңқты пьесаларында бір-біріне ұқсай бермейтін аналар бейнесін, әйелдер образын, қыз тағдырын бейнеледі.
Театр сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Қарагөзіндегі» Қарагөз, «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысындағы» Ақтоқты, Сәкен Жүнісовтің «Ажар мен ажалындағы» Ажар, Дулат Исабековтің «Әпкесіндегі» Қамажай, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Әлиман мен Толғанай, У.Шекспирдің «Король Лиріндегі» Регана қатарлы сандаған образдарды сомдап, өшпес бейнелер қалыптастырды.
Киелі сахнаның өзіндік биігіне қол артқан жас актрисаға 1967 жылы «ҚазССР-інің еңбек сіңірген артисі», 1980 жылы «Қаз ССР-інің халық артисі» құрметті атақтары беріледі.
Іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы өнер иесіне ыстық ықылас тілектерін арнады.
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Көкшетау қаласында гастрольдік іс-сапарын «Әлиханның аманаты» қойылымымен ашты. Авторы Н.Сауданбекұлы, режиссері Ғ.Мирғалиева.
4 күн ішінде көкшелік көрермен үшін әр-түрлі жанрдағы қойылымдар сахналанды: «Құлпытастың көз жасы» драмасы (авторы Ж.Ерғаиев, режиссері Ә.Исаева); «Ханума», комедиясы (авторы А.Цагарели, режиссері Г.Мирғалиева), «Алладиннің сиқырлы шамы» ертегісі (режиссері Е.Бекен).
8 қазан күні Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры «Қорғансыздың күні» драмасымен (авторы М.Әуезов, қоюшы режиссері Г.Мирғалиева) Көкшетау қаласындағы гастрольдік іс-сапарын тәмамдады.
Жыл сайынғы «ТеАРТ-Көкше» Халықаралық театр фестивалі шығармашылық байланыстарды дамытуға және нығайтуға, өзара байытуға және театр өнерін танымал етуге ықпал ететін жоғары театр мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың жақсы дәстүріне айналды.
Осындай кең ауқымды іс-шараны өткізу Ақмола облысының театрлары үшін ғана емес, сонымен қатар Көкшетаудың өңірдің мәдени театр орталығы ретіндегі имиджін ілгерілету, театр мәртебесін арттырудағы үлкен мереке болып саналады.
Алты күндік фестиваль аясында көкшелік көрермен үшін Астана, Атырау, Петропавл, Ақтау, Теміртау қалаларының және Татарстан, Армения, Грузия, Қырғызстан және Ресейдің шет елдерінің үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Фестиваль аясында «Қазақтың Қыз Жібегі Көкшетауда» атты Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Өтекешова Меруерт Қаратайқызымен кездесу шығармашылық кеші өтті.
Қыз Жібек пен Меруерт Өтекешова – егіз ұғым. Жан сұлулығы ерекше жарасым тапқан ұлы даланың ару қызын Меруерт Өтекешова сондай шынайы, көркем сомдай білді.
Меруерт Қаратайқызының ұлттық театр және кино өнеріндегі актерлік шығармашылығы мен өмір жолы – жас буынға жарқын үлгі-өнеге.
Кеш барысында жазушы, драматург, публицист, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы, ҚР Халық әртісі Бағысова Жібек Есекеқызы өнер иесіне жылы лебізді тілектерін арнады.
13-18 қазан аралығында Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Б.Бахтыгереев әділ-қазылар құрамында Шымкент қаласында өткен «Didital Puppetland» атты І Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне қатысты.
Театрларды қаржыландыруға 63 029,0 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтердің орындалуы 6 062,3 мың теңгені құрады (Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры – 1 405,3 мың теңге, Ақмола облыстық орыс драма театры – 4 657,0 мың теңге).
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы ағымдағы жылдың қазан айында 14 іс-шара өткізді, оған 4 275 көрермен қатысты.
11 қазан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында көркемдік жетекші және бас дирижер Ерназар Уразалинның жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің «Филармония FM 4.0» концерті өтті.
Концертке Тула қ. (Ресей) Губернаторлық оркестрінің бас дирижері Владимир Леер қатысты.
Кеш қонағы дирижер Владимир Леер оркестрді басқарып қана қоймай, флюгергорн, гармоника және труба сынды аспаптарда да өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бағдарламасы қанықты тамаша концерт ұсынған оркестрдің үйлесімді жұмысын, шыңдалған шеберлігін атап өте отыра, солист-аспапшылардың шебер орындаулары көрермендерді баурап алды.
13 қазан күні ұлы композитор Джузеппе Вердидің 210 жылдығына арналған музыкалық кофехана өтті.
Кеш барысында дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко көрнекті музыканттың өмірі мен шығармашылығына тоқталды.
Көрермендер үшін Верди шығармашылығының шыңы саналатын ең танымал опералар «Риголетто», «Сила судьбы» және «Травиатадан» үзінділер орындалды.
19 қазан күні танымал сүйікті мультфильмдеріміздің сазды әуендері филармония сахнасынан төгіліп, өз көрермендерін тапты.
Алихан Идрисовтың жетекшілік етуімен «Саундтреки к популярным мультфильмам» симфониялық оркестрдің концертінде симфониялық оркестр, камералық хор (жетекшісі Галина Колесникова), филармония әншілері мен балалар музыкалық мектебінің оқушылары Ә.Бейсеуов, В.Шаинский, М.Дунаевский, Г.Гладков, К.Хачатурян және т.б. танымал композиторлардың музыкасына жазылған «Ну, погоди!», «Чиполлино», «Винни-пух», «Простоквашино», «Алдар Көсе», «Катерок», «Ақсақ құлан», «Крошка енот», «Бременские музыканты», «Мамонтёнок», «Фунтик» мультфильмдерінің саундтректерін орындады.
Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі Көкшетау төрінде өнер көрсетті. Жетекшісі ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Бауыржан Ақтай.
Күйші Құрманғазы бабамыз, күй анасы Дина туған қасиетті өлкеден шыққан өнер ұжымы Көкшетау баурайында «Алаш аманаты» атты концерттік бағдарламасын көрермендер назарына ұсынды.
Кеште ансамбль жетекшісінің «Алаш аманаты», «Көшпенділер рухы», «Кененсары», «Көктем сазы» сынды авторлық шығармалары және жетекшінің өңдеуіндегі туындылар орындалды. Сонымен қатар, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Бақытбек Сәрсенов өнер көрсетті.
Ағымдағы жылдың қазан айында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясын қаржыландыруға 55 803,5 мың теңге бөлінді.