Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4632 болып енгізілді.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.
|
Министр |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру тәртібі
1) 5 жылдан кем емес үздіксіз шығармашылық қызметті жүзеге асыруы;
2) орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейінің болуы;
3) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша өткізуі: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;
4) репертуарында отандық және шетелдік өнері шығармаларының, халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылықтың үздік үлгілерінің, халықтың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін шығармаларының бар болуы, сонымен қатар орындаушылық шеберлікті жетілдіруі;
5) мәдени іс-шараларға (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстар, фестивальдерге) қатысқаны үшін жүлделі орындардың болуы;
6) көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы өңірлік және/немесе республикалық деңгейлерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (3 мақаладан кем емес) кезінде беріледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және төрағадан, мүшелер мен хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 7-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұжым басшысы кеңсеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ұжым басшысының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мәдениет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шағым әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
|
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1 (бір) жұмыс күні |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат болып табылады. Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесі туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. |
|
|
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары: 1) мәдениет саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында; 2) мемлекеттік қызметті берушінің интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: 1) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім; 2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы; 3) келесі ақпаратты көрсете отырып, көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме: жетекшілер туралы мәлімет; репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары; ұжымның концерттік бағдарламасы; қатысушылар құрамының тізімі; 4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері; 5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес). порталға: 1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім; 2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі; 3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме: жетекшілер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі; репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі; ұжымның концерттік бағдарламасының электрондық көшірмесі; қатысушылар құрамы тізімінің электрондық көшірмесі; 4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері; 5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың электрондық көшірмесі болуы (3 мақаладан кем емес). |
|
|
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
Өтінімді қабылдаудан бас тарту себебі - көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары мәдениет саласындағы уәкілетті органның ресми www.msm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына: 1414, 8 800 080 7777 жүгіну арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
"Көркемөнерпаздар |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
|
Астана, Алматы, Шымкент |
|||
|
|
көркемөнерпаздар ұжымы |
|||
Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________
(атауы)
көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге
өтінім қабылдауды сұраймын.
Қосымша: ___ парақ.
("Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын
беруге өтінімдерді қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің
8-қосымшасына сәйкес құжаттар
қосылады)
Мен ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты
пайдалануға келісемін
Өтінімнің толтырылған күні __________________
Қолы ____________________________
|
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына |
|
|
Нысан |
|
|
_______________________ |
|
|
көркемөнерпаздар ұжымы |
|
|
_______________________ |
Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы арқылы _________________________________ (атауы) көркемөнерпаздар
ұжымдарына құжаттар тізбесіне сәйкес "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын
беруге өтінім қабылдау расталады, атап айтқанда:
Құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) _______________________________;
_________________________________;
_________________________________;
_________________________________;
_________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының,
облыстық жергілікті атқарушы органынан
уәкілетті лауазымды тұлға ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр үшін орын ______________ (болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
|
|
Көркемөнерпаздар ұжымдарына |
|
|
Нысан |
|
|
_______________________ |
|
|
көркемөнерпаздар ұжымы |
|
|
_______________________ |
Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы
органдарының атауы
Құжаттардың толық болмауына байланысты ____________________________
(атауы) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын
беруге өтінімді қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
атауы:
1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы
органынан уәкілетті лауазымды тұлға ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр үшін орын ______________
(болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК