Ақмола облысы мәдениет басқармасының
2023 жылдың сәуір айында атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
2023 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:
- 248 мемлекеттік клубтық кәсіпорын, оның ішінде ауылды жерде – 226;
- 331 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылды жерде – 289 (Зеренді ауданы Баратай ауылында ауылдық кітапхана ашылды);
- 11 музей, оның ішінде ауылды жерде – 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы – 1;
- 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Мамыр айында мәдениет мекемелері 2 823 іс-шара өткізді, оған 409 395 адам қатысты.
Облыстың клубтық кәсіпорындарының негізгі және мерейтойлық іс-шаралары.
Байқау – бұл көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларға жаңа серпін беру және жандандыру, оның басты мақсаты – адамдардың шығармашылық әлеуетін ашу.
«Ақмола жұлдыздары» жыл сайынғы облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы өңірлік мәдениет саласындағы ең ірі, ең ауқымды жоба болып табылады. Биыл байқау Абылай ханның 310 жылдығы, Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы, Ақан Сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналды.
13-26 сәуір аралығында Жарқайың, Есіл, Жақсы, Астрахан, Егіндікөл, Шортанды, Ерейментау, Целиноград, Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Біржан Сал аудандарында және Көкшетау, Степногорск қалаларында аудандық көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Концерттік бағдарламаларға үздік шығармашылық ұжымдар мен ең жарқын дарындар қатысты. Қаныөты бағдарлама мен талантты қойылымдар ең жарқын әсер қалдырды.
Байқау аясында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды. Моншақтар мен тастардан жасалған ұлттық әшекейлермен қатар қағаздан, картоннан және басқа да материалдардан жасалған бұйымдар өз көрерменін тапты. Сондай-ақ, кесте тігу, гобилен, батик, ағаш ою және т.б. техникамен қолдан жасалған бұйымдар ұсынылды.
Біздің облыста осындай ауқымды іс-шара өткізілетіні қуантады, онда кез-келген адам өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.
Клуб мекемелерін (кәсіпорындарын) қаржыландыруға 356 590,7 млн. теңге бөлінді. Ақылы қызметтер жоспары 9 236,6 мың теңге, орындалуы 5 540,0 мың теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында облыстың 331 кітапханасында 27 936 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап беру 457 319 дананы құрады. Келушілердің жалпы саны – 315 858 адам.
Кітап қоры 4 579 131 дана, бір ай ішінде 9 817 дана әдебиет келіп түсті, 3 363 дана шығарылды.
Интернет желісіне 257 кітапхана қосылған, компьютерлендірілген – 308 кітапхана, телефондандырылған – 319 кітапхана.
Есепті кезеңде облыс кітапханаларында 2 227 іс-шара өткізіліп, оған 93 828 адам қатысты. Кітапхананы қаржыландыруға 79 672,8 мың теңге бөлінді.
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Балалар кітабы апталығы аясында бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті. Мазмұнды конкурстар, түрлі ойындар өткізілді.
№12 және №22 мектеп-лицейлерінің оқушылары үшін «Таңғажайып кітаптар әлемінде» атты салтанатты ашылуында зияткерлік викториналар, конкурстар мен ойындар, сондай-ақ кітаптардың сиқырлы әлеміне экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар өлеңдер мен тіл бұралаңдарын оқып, ертегі кейіпкерлері ретінде импровизация жасады.
Екінші күні №21 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары «Сиқырлы әлемге саяхат» актерлік шеберліктерін көрсетті. Балалар әндер орындап, спорттық жетістіктерімен бөлісті. «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» республикалық байқауларының жеңімпаздары қазақ поэзиясынан өлеңдер оқыды.
«Ертегілер әлеміне саяхат» іс-шарасына №12 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын толықтыру. Оқушылар әлемдік және қазақ авторларының оқыған ертегілері туралы өз пікірлерімен бөлісті.
«Шамшырақ» балалар коворкинг орталығында мектеп-лицей оқушыларымен «Сиқырлы кітаптар әлемінде» брейн-ринг өткізілді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін суреттеді, оқылған ертегілер туралы әңгімеледі, өлең оқыды, тіл бұралаңдарын жатқа айтты.
7 сәуірде Балалар кітабы апталығының салтанатты жабылуы өтті. Оқушылар үшін әр-түрлі ойын түрлері ұйымдастырылды, мысалы, жұмбақтар табу, жұмбақтарды шешу, әуенді табу. Әлеуметтік желілердегі оқушылар ертегі қойылымдарын сахналады. Іс-шараның бұл түрі оқушыларға ауызекі тілде сөйлеуге, жаңа сөздерді тез үйренуге, өз ойын еркін білдіруге үлкен көмек болады. Іс-шара көңілді фотосессиямен аяқталды.
2023 жылдың сәуір айында облыс музейлерімен 240 экскурсия, 27 дәріс, 25 көрме өткізіліп, 305 іс-шара ұйымдастырылды. Келушілер саны – 6 130 адам.
2023 жылдың 12 сәуірі күнi Әдебиет және өнер музейiнде көкшетаулық суретшi Виктор Кубриннiң қызы Елизавета Кубринамен бірлескен «Звуки природы» атты шығармашылық көрмесiнiң салтанатты ашылуы болып өттi.
Көрмеде суретшінің қаламымен жазылған әр-түрлі жылдардағы туындылары қойылған. Ол қазақ даласының, Бурабайдың көрікті жерлерін, қала пейзаждарын шебер бейнелеген.
Өңіріміздің өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін В.Кудринге Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Әміренованың алғыс хаты табыс етілді.
ХХ ғасырдың басында қазақ поэзиясына құбылыс болып келген ақын, алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Осы мерейтойды атап өту аясында еліміздің әр аймағында үлкенді-кішілі іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі «Мағжан көктемі» жыр мүшайрасы.
Мүшайрада Көкшетау қаласынан өзге, Бұланды, Зеренді аудандарынан және Степногорск қаласынан келген ақындар өнер көрсетті. Ереже бойынша әр ақын екі өлең ұсынды. Бірі Мағжан Жұмабаевқа арнау, екіншісі еркін тақырыптағы шығарма болу керек.
Ақындардың шығармаларына төрелік еткен қазылар алқасының шешімімен ынталандыру сыйлығымен Рамазан Бауыржан мен Оралбек Нүріш марапатталды. ІІІ орын Қуаныш Оспан мен Мерген Тоқсанбайға бұйырса, ІІ орынды Табысбек Үсен иеленді. Сайыстың жеңімпазы болып Степногор қаласынан келген ақын Нұрғайып Хавсемет танылды.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық музей қорынан коллекцияларды дәріптеу мақсатында «Сандықтағы музей» жобасы аясында Көкшетау қаласының №3 және №1 мектеп-лицейлерінде ғылыми-зерттеу және мәдени білім берудің көрмелері мен дәрістерін ұйымдастырды. Жоба қатысушылары көне сандықпен танысып, өткен тарихқа сүңгіп, музей жәдігерлерімен танысты.
Облыс музейлерін қаржыландыруға 47 718,0 мың теңге бөлінді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ақылы қызметтер жоспары – 346,0 мың теңгені, орындалуы – 319,1 мың теңгені құрады.
Облыста 1661 ескерткіш (2021ж.-1793) және тарихи-мәдени мұра объектісі бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар 5-і: Ш.Ш.Уәлиханов ескерткіші, Көкшетау қаласының тарихы музейі (бұрынғы В.Куйбышев үйі), Біржан сал ауданындағы Біржан сал қабірі, Қорғалжын ауданындағы Бытығай кесенесі және Бурабай ауданындағы Абылайхан алаңқайы, 1035 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 46 киелі орын, Ақмола облысындағы 11 нысан жалпыұлттық нысандар тізімі, 35 – аймақтық нысандар тізіміне енді.
Ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді. Киелі есткерткіштерді кеңінен насихаттау, сақтау, қорғау, сақталған ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған дүниежүзі бойынша бірқатар мерекелер атап өтіледі, бұл 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні.
Айтулы күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен және бұл күн 1984 жылдан бері атап өтілуде.
Осы орайда, мәдениет мекемелерімен 7 сәуір күні «Бабалар ескерткіші – ұрпақтарға аманат» экологиялық акциясы аясында аумақтарыңызда орналасқан ескерткіштер мен киелі жерлерге тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізілді.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ-мен бірлесіп, Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ студенттеріне Зеренді және Бурабай аудандарының киелі жерлеріне, мәдени тарих ескерткіштеріне экскурсия жүргізілді.
Студенттер еліміздің тарихы туралы көптеген пайдалы ақпарат алып, ризашылықтарын білдірді.
18 сәуірде Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы Ш.Уәлиханов, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерінің тарихшы ғалымдары, оқытушылары, өлкетанушы-зерттеушілер, археологтар және т.б. қатысуымен Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған «Ескерткіш – мәдени мұраның мәйегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Сәуір айында облыс театрлары 59 спектакль көрсетті, оның ішінде 1 премьера, барлығы 8 765 адам қатысты.
Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «№13» комедиясының премьерасы өтті.
«№13» - бұл жай ғана қонақ үй бөлмесі емес, онда көрермендер керемет оқиғаларды тамашалайды. Ағылшын драматургі Рэй Кунидің әлемге таныс тарихқа арналған ирониялық сатирасы: ықпалды саясаткер және оның сүйкімді хатшысы айналасында өрбиді.
Театрларды қаржыландыруға 60 831,0 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтердің орындалуы 6 454,1 мың теңгені құрады (Ақмола облыстық орыс драма театры – 5 144,0 мың теңге, Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры – 1 310,1 мың теңге).
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы ағымдағы жылдың сәуір айында 9 іс-шара өткізді, оған 1 622 көрермен қатысты.
11 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Көкшетау – тал бесігім» IX классикалық және халық музыкасы фестивалі басталды.
Фестивальдің алғашқы күні Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор, дирижер Жалғасбек Бегендіковтің шығармашылық кешімен ашылды.
Көкшелік көрермендердің назарына кеш иесі Жалғасбек Бегендіковтің жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде жалынды жыршы Махамбеттің «Жайық асуы», «Жұмыр қылыш» (Досхан Қалиенов, домбыра), «Қайран Нарын» (Бауыржан Балтин, домбыра) және тағы басқа да танымал Қазақстан композиторларының атақты төл туындылары ұсынылды.
Дәстүрлі әншілер Сәрсенбай Хасенов пен Жанар Сақтағанова Үкілі Ыбырайдың «Желдірмесін», Ақан серінің «Ақтоқтының аужарын» өнер сүйер қауымға тарту етті.
Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуінде (дирижерлер: Жалғасбек Бегендіков, Руслан Қойшыбаев, Жанат Рашит) «Мәдениет саласының үздігі» Эльмира Төлеубаева К.Салықовтың сөзіне жазылған Е.Рахмадиевтің «Ақ тырналар» әнін, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Аягөз Қалмағанбетова мен Серікболсын Бекмолдин Б.Жұманиязовтың «Махамбет» операсынан романс пен Махамбеттің үндеуін орындады.
«Көкшетау – тал бесігім» IX классикалық және халық музыкасы фестивалі фестивальдің көркемдік жетекшісі, дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдиновтың шығармашылық кешімен аяқталды.
Көкшелік көрермендердің назарына В.А.Моцарттың шығармалары, қазақстандық және шетелдік композиторлардың опералары мен оперетталарынан үзінділер ұсынылды.
Дирижер Тамара Миловановичтің (Сербия) жетекшілік етуімен симфониялық оркестр мен солист Джузеппе Нова (флейта, Италия) В.А.Моцарттың флейтаға арналған 3 бөліміннен тұратын соль мажор концертін орындады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева (сопрано) симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Сара ариясын, Шарль Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульетта вальсін, Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін, сондай-ақ Владислав Чижовпен (тенор) бірге Джузеппе Вердидің «Травиата» операсынан Альфред пен Виолетта дуэтін орындап, көрермендерін тәнті етті.
Ал В.Чижов концерттік бағдарламада Абайдың «Айтым сәлем, қаламқас» әнін, «Страна улыбок» опереттасынан Су Чонгтың ариясын да орындап, көршіліктің қошеметіне бөленді.
18 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары алматылық көрерменге «Арқанның кербез сұлу Көкшетауы» атты концерттік бағдарламаны ұсынды, онда қазақстандық композиторлардың туған жерінің көркін айшықтайтын және жеткізетін әйгілі әуендері шырқалды.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Эльмира Камарницкаяның «Песни любимых кинолент» атты жеке концерті өтті.
Көркемдік жетекші және бас дирижер Берік Сарыбайдың жетекшілігімен Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Мэри Поппинс, до свидания», «Тегеран-43», «Вам и не снилось» және басқа да кинофильмдерден әндер шырқалды.
Концерттің екінші блогында көркемдік жетекші және бас дирижер Ерназар Оразалиннің жетекшілігімен эстрадалық-үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен шведтік «Abbaә тобының репертуарынан хиттер, сондай-ақ испан және кубалық әншілер Наталья Орейро, Серхио Мендес және т.б. әндері орындалды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында филармонияны қаржыландыруға 62 598,0 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтерден түскен табыс 2 022,4 мың теңгені құрады.