Ақмола облысы мәдениет басқармасының
2023 жылдың ақпан айында атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
2023 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша облыста барлық меншік нысанындағы 618 мәдениет объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:
- 248 мемлекеттік клубтық кәсіпорын, оның ішінде ауылды жерде – 226;
- 331 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде ауылды жерде – 289 (Зеренді ауданы Баратай ауылында ауылдық кітапхана ашылды);
- 11 музей, оның ішінде ауылды жерде – 2;
- 2 театр;
- Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы – 1;
- 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;
- 1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Ақпан айында мәдениет мекемелері 2 348 іс-шара өткізді, оған 363 902 адам қатысты.
Облыстың клубтық кәсіпорындарының негізгі және мерейтойлық іс-шаралары.
Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы «2022 жылғы жұмыс қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы» АМҮ директорлары, көркемдік жетекшілері үшін семинар-кеңес өткізді. Ақмола облысының клубтық мәдениет объектілері жұмысының екпініне баса назар аударыды.
2023 жылдың 24 ақпанында Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған жыл сайынғы «Ән аға-Шәмші аға» облыстық байқауын өткізді.
Ұйымдастыру комитетіне Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан барлығы 45 өтінім келіп түсті. Қашықтық форматта өткен іріктеу турының қорытындысы бойынша үздік 20 орындаушы анықталды. Олардың барлығы қорытынды гала-концерттің қатысушылары болды.
Концертке облыстың әр-түрлі жастағы және кәсіптегі қалалары мен аудандарынан вокалистер, орындаушылар қатысты: Нұғманова Асылзат (Ақкөл ауданы), «Сұңқар» квартеті (Аршалы ауданы), Өмірзақ Құрбанов (Бурабай ауданы), «Жас дәурен» вокалдық тобы (Бурабай ауданы), Сағидолда Сейілжан (Бұланды ауданы), «Арқа әуені» халықтық фольклорлық ансамблі (Зеренді ауданы), «Мұра» тобы (Степногорск қ.), Мұратбек Нұрберген (Степногорск қ.), Байділдин Айдар (Шортанды ауданы), Абдрахман Ақтоты (Красный Яр ауылы), Сұлтан Ернұр (Целиноград ауданы), «Назерке» камералық хоры, Әйгерім Дәулетхан (Көкшетау қ.), Сансызбай Аян және Газезова Балаус (Жарқайың ауданы), Алагазинова Ангелина (Егіндікөл ауданы), Әбубәкірова Гүлшат (Қорғалжын ауданы) дуэті.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Байділдин Айдар (Шортанды ауданы), I орынды – Қуатбаев Мағауия (Степногорск қаласы), II орынды - Абдрахман Ақтоты (Красный Яр кенті), III орынды – Құрбанов Өмірзақ (Бурабай ауданы) жеңіп алды.
Қорытынды концерттің қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздары Нұрлан Әміров пен Арайлым Баярлина болды. Үздік орындаушылардың қойылымдары байқауды ұйымдастырушының Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланды.
Клуб мекемелерін (кәсіпорындарын) қаржыландыруға 368 535,9 млн. теңге бөлінді. Ақылы қызметтер жоспары 12 576,6 мың теңге, орындалуы 5 688,2 мың теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстың 331 кітапханасында 42 970 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап беру 498 100 дананы құрады. Келушілердің жалпы саны – 339 422 адам.
Кітап қоры 4 573 586 дана, бір ай ішінде 6 920 дана әдебиет келіп түсті, 8 091 дана шығарылды.
Интернет желісіне 255 кітапхана қосылған, компьютерлендірілген – 324 кітапхана, телефондандырылған – 319 кітапхана.
Есепті кезеңде облыс кітапханаларында 1 893 іс-шара өткізіліп, оған 99 908 адам қатысты. Кітапхананы қаржыландыруға 16 559,0 мың теңге бөлінді.
2023 жылдың ақпан айында облыс музейлерімен 160 экскурсия, 38 дәріс, 31 көрме өткізіліп, 20 іс-шара ұйымдастырылды. Келушілер саны – 6 528 адам.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ағымдағы жылдың ақпан айында Көкшетау қаласы мектептерінің 3-6 сынып оқушыларына арналған «Жетінші элемент» атты музей квестінің жаңа жобасын іске қосты. Ағымдағы айда квестке 155 оқушы қатысты.
3 көшпелі көрме ұйымдастырылды:
- Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 34 жылдығына арналған Көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінд «УАҚЫТ БІЗДІ ТАҢДАДЫ» атты көрмесі;
- Ақмола облысының Мемлекеттік қызмет академиясында Қазыбек биге арналған Ашық есік күнін өткізу аясында этнографиялық көрме;
- «Стартум» балалар сауықтыру орталығында славян тұрмыс заттарының этнографиялық көрмесі.
Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллиннің өмірін, шығармашылығы мен қызметін дәріптеу мақсатында а.ж. ақпан айында М.Ғабдуллин музейі Алматы қаласына «Мәліктің рухы халықпен» атты ағартушылық экспедициясын ұйымдастырды.
Экспедиция барысында музей қызметкерлері Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінде «Ағалы-іілі қос батыр, қияметтік дос батыр» кешін өткізіп, кездесуге қатысушыларға «Ғажап өмір баспалдақтары» жылжымалы көрмесін; «Мәлік Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлы арасындағы рухани байланыс кезеңдерідәрісін ұсынды.
Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев музейіне барып, академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейімен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы меморандум жасалды, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай кентіндегі М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектепте «Жас ғабдуллиндер» республикалық клубына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатына қатысты.
16 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жамбыл Жабаев атындағы ғылыми-зерттеу орталығында филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамының, Алматы қаласының студенттері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Мәлік Ғабдуллин-әдебиеттанушы ғалым» және «Бауыржан Момышұлының кітабына негізделген соғыс психологиясы» дәрістері өткізілді.
27 ақпан күні ұлы Ақан Серенің қазақ мәдениеті мен мұрасын дәріптеу мақсатында М.Ғабдуллин музейінің қызметкерлері Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері», «Сәкенің Ақан Серісі» романы бойынша әдеби-ағарту кешін өткізді. Кешке «El Jastar Teatry» театрының әртістері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Серік Жетпісқалиев, Құдайберли Мырзабек, Ерболат Баят, Қуаныш Оспан, Бақытбек Бекмұратұлы қатысып, сахнадан ұлы Ақан Серенің шығармашылығына арналған өздерінің поэтикалық шығармаларын оқыды.
Облыс музейлерін қаржыландыруға 38 913,7 мың теңге бөлінді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ақылы қызметтер жоспары – 289,0 мың теңгені, орындалуы – 141,6 мың теңгені құрады.
Ақпан айында облыс театрлары 65 спектакль көрсетті, оның ішінде 3 премьера, барлығы 7 595 адам қатысты.
Ақпан айында Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Отелло» (У.Шекспир, трагедия) және Ақмола облыстық орыс драма театрында «Девочка со спичками» (Г.Х.Андерсен, қуыршақ ертегісі), «Варшавская мелодия» (Л.Зорин, лирикалық драма) спектакльдерінің премьералары өтті.
Театрларды қаржыландыруға 51 221,0 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтердің орындалуы 5 141,9 мың теңгені құрады (Ақмола облыстық орыс драма театры – 3 718,9 мың теңге, Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры – 1 423,0 мың теңге).
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы ағымдағы жылдың ақпан айында 13 іс-шара өткізді, оған 2 956 көрермен қатысты.
Ақпан айында концерттер өтті:
Көкшетаулық көрермендер «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» Рамазан Стамғазиевтің «Дариға-дәурен» концертін тамашалады. Сарыарқаның ән өнерін орындау техникасы мен тәсілін насихаттайтын әншінің орындауындағы танымал, сүйікті әндері шырқалды.
Айдың екінші маңызды концерттік оқиғасы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» Ақмола облысының филармониялық сахна примасы Шолпан Дүкімбаеваның жеке концерті болды.
Ақын, композитор және журналист Кәрім Ілиясовтың 95 жылдығына арналған «Сағыныш» музыкалық кеші қала тұрғындары үшін керемет тосын сый болды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында филармонияны қаржыландыруға 46 609,2 мың теңге бөлінді. Ақылы қызметтерден түскен табыс 2 494,0 мың теңгені құрады.