Уәли хан кесенесі

Уәли хан кесенесі

Уәли хан (1781-1821) - Орта жүздің ханы. Жасынан билікке араласып, Жоңғария мен Орталық Азиядағы Абылай ханның жорықтарына катыскан. 1769 жылы Қытайға қазақ елшілігін басқарып барған. 1781 жылы әкесі Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Абылай ханның еркіне сай, халық жиналысы оның үлкен ұлы Уәлиді Орта жүздің жаңа ханы етіп сайлады. Уәли хан Петербург пен Пекинге өзінің тағайындалуын хабарлап, Ресей және Қытай үкіметтерінен өзін Орта жүздің ханы деп тануларын сұрап хат жібереді. Сол 1781 жы­лы Ресей мен Қытай Уәлиханның хандык өкілеттігін мойындайды. Қаңтар айының басында Цинь импера­торы тарапынан Уәли хан дәрежесінде бекітіледі. Осы жылдың 23 ақпанында Орта жүздің ханы болып арнайы патшаның хатымен мақұлданады.

Ол қайтыс болғаннан кейін екінші әйелінен туған ұлдары мұрагер болды. Оның ішіндегі мұрагері болып саналатын Ғұбайдолла мен кіші әйелі Айғанымнан туған Шыңғыс Уәлиханов, Көкшетау және Қосмұрын округтерінің алғашқы аға сұлтаны болып сайланған. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - Уәли ханның немересі.

Кесене Зеренді ауданы Қазақстан ауылында орналаскан.

Дата публикации
30 июня 2020