«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық- драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы.
Кәсіпорынның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Ауэзов көшесі, 216 үй, тел. 8-716-2-40-10-08.
Функционалдық міндеттері:
театрлық ойын-сауық ұйымының шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді; мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін жауапты болады; Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді; қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер) шығаруды ұйымдастырады; қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді; Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі; шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді; Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады; бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, ҚР Бюджет кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексін, ҚР Еңбек кодексін, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", ҚР "Мәдениеті туралы", "ҚР Мемлекеттік мүлік туралы", "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын (бұдан әрі – дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары);
ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
білімі:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
жұмыс өтілі:
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сонымен қатар оның кандидатурасын келісу Ережелері негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттармен танысады және 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Ақмола облысының мәдениет басқармасында өтетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар келесі мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218. Анықтама телефоны: 8-716-2-29-79-33, 202-кабинет.