Мәдениет және архивтер саласының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және төзімділік қағидатын қалыптастыру
Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасында 2020 жылдың 29 мамырында мәдениет және архивтер саласының қызметкерлерi арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi және төзiмдiлiк қағидатын қалыптастыру тақырыбында семинар-кеңес өткiзiлдi. Оған ведомстваға бағынысты мекемелердiң басшылары мен бас бухгалтерлерi, басқарма қызметкерлерi қатысты.
Семинар басқарма басшысының м.а. Гүлмира Бекназарованың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк және оның кез келген көрiнiстерiне қатысты сөз сөйлеуiнен басталды. Семинарға қатысушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметi дайындаған "мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық" бейнефильмi көрсетiлдi.
Семинар жұмысына Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары Д. М. Хайруллин, Есiл ауданының iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi басшысының м. а. З. К. Тасмағамбетова, Зерендi ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы А. К. Балтағарина қатысты.
Iс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәдениетiн қалыптастырудың өзектi мәселелерi талқыланды, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға ықпал ететiн негiзгi себептер мен жағдайлар қаралып, талқыланды және Еңбек кодексiне енгiзiлген өзгерiстер бойынша түсiнiктемелер берiлдi.