Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12671 болып тіркелді.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсаннаң Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1) "Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9369 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 мамырдың жарияланған);
2) "Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 522 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12287 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаранның жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Б.Сұлтанов |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ақпараттық қызмет – ақпараттық ресурсты пайдаланушыларға беру қызмет;
2) веб-порталға қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
3) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
4) еңсерілмес күш жағдайлары – зілзала апаттар немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес, веб-порталдың не тұтастай алғанда жүйенің жұмыс істеуін немесе тиісінше жұмысқа қабілеттілігін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге жағдайлар;
5) интерактивтік қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
6) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі - ҚР СбҮТ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдаланумен шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын мемлекеттік техникалық қызмет;
7) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
8) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
9) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;
10) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
11) техникалық және алдын алу жұмыстары – есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың жұмыс істемеуінің және оның уақытынан бұрын тозуының алдын алу мақсатында алдын алуды, ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықтарды, қосымша қондырғылар мен жадыларды орнатуды және теңшеуді және пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;
12) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші – аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
13) ЭМС АИАЖ (бұдан әрі – Жүйе) – "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
14) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
15) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
16) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
Осы Қағидаларда көрсетілмеген басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппаратты-бағдарламалық қамтымды орнатады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында не Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының куәландырушы орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаның сертификаттарын (Кеден одағының қатысушы елдерінің пайдаланушылары үшін) белгіленген тәртіппен алады;
3) веб-порталда тіркелу рәсімін өтеді.
веб-портал пайдаланушыларын ақпараттандыру үшін веб-порталдың жаңа мүмкіндіктері туралы;
оператор орындайтын, регламенттелген техникалық және профилактикалық жұмыстар туралы және оларды жоюдың жоспарлы мерзімдерімен бірге веб-порталдағы техникалық істен шығулар туралы хабарландыруларды ақпаратты орналастырады.
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ақпаратқа рұқсат етілмеген әсер ету – ақпаратқа қол жеткізудің жария болуына, бұрмалануына, жасандылығына, жойылуына, оқшаулануына, сондай-ақ ақпаратты тасығыштың жоғалуына, жойылуына немесе жұмыс істеуінің іркілуіне әкеп соқтыратын қол жеткізудің белгіленген құқықтарын және/немесе қағидаларын бұза отырып, қорғалған ақпаратқа әсер ету;
2) веб-порталға қатысушы (бұдан әрi – қатысушы) – тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу веб-порталында тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;
3) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
4) жүйенің стандартты жұмыс істеуі – нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес ақпараттық жүйенің техникалық іркілістер болмаған кезде өңделетін ақпараттың берілген режимдері мен көлемінде жұмыс істеуі;
5) Жұмыс тобы – мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін талдау және сапасын жүйелендіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын, тұрақты негізде әрекет ететін алқалы орган;
6) тежеусіз күш жағдайлары – зілзала апаттар немесе тұтастай алғанда жүйенің жұмыс істеуін немесе тиісінше жұмысқа қабілеттілігін тоқтатуға әкеп соқтыратын көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар;
7) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
8) мемлекеттік сатып алу веб-порталына қызмет көрсету жөніндегі жоспардан тыс іс-шаралар – мемлекеттік сатып алу веб-порталының күрделілік осалдығын жою мақсатында не істен шыққан жабдықты ауыстыруға байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді күрделі жаңартуларды орнатуға байланысты техникалық және профилактикалық жұмыстары;
9) оператор мамандарының заңсыз әрекеттері – мынадай себептермен мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысының төмендеуіне, тоқтауына, онда техникалық іркілістердің туындауына әкеп соққан оператор қызметкерлерінің әрекеттері:
мемлекеттік сатып алу веб-порталының жүйелік журналдарында тіркелген оператор мамандарының рұқсат етілмеген әрекеттерді орындауы;
иеленуші мен оператор арасындағы тиісті шартта көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталының аппараттық-бағдарламалық кешенін сүйемелдеу, әкімшілендіру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі талаптарды бұзу және (немесе) тиісінше орындамау;
10) техникалық әкімшілендіру бөлімі (бұдан әрі – бөлім) – электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың мемлекеттік веб-порталының бағдарламалық-аппараттық кешенін әкімшілендіруге және мониторингтеуге жауапты құрылымдық бөлімшесі;
11) техникалық және профилактикалық жұмыстары – есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың жұмыс істемей қалуын және оның уақытынан бұрын тозуын болдырмау мақсатында профилактиканы, ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықтарды, қосымша қондырғылар мен жадыларды орнатуды және теңшеуді және пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;
12) техникалық іркіліс – бір немесе бірнеше қатысушылардың Жүйені пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкеліп соғатын Жүйенің аппараттық-бағдарламалық кешенінің немесе оның жеке құрауыштарының жоспарланбаған уақытша істен шығуы (апаттық тоқтауы, жады мазмұнының күйреуі, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету ресурстарының артық жүктемесі және қабылданған технологияны елеулі бұзатын және жүйенің жағдайында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға мүмкіндік бермейтін басқа да ахуалдар, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету беретін қате шығыс деректері (нәтижелері);
13) электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйені иеленуші (бұдан әрі - иеленуші) – көрсетілген объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
14) электрондық мемлекеттiк сатып алу (бұдан әрі – сатып алу) – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
15) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
16) Веб-порталдың байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – пайдаланушының жүгіну сипатына байланысты оператордың басқа бөлімшесі мәселені одан әрі корреляциялаумен (қажет болған кезде) инциденттерді (техникалық іркілістер) тіркеуді қамтамасыз ететін оператордың сервистік-диспетчерлік қызметі.
17) ЭМС АИАЖ (бұдан әрі – Жүйе) – "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі.
2-тарау. Жүйе инциденттерінің (техникалық іркілістерінің) сыныптамасы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) операторға байланысты:
оператор қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің салдары;
Жүйе ақпаратына рұқсат етілмеген әсерге әкеп соқтырған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етпеу салдары;
оператордың немесе оның қызметкерлерінің кінәсінен жүйенің және (немесе) оны құрайтындардың физикалық зақымдануы салдары.
2) операторға байланысты емес:
үшінші тұлғалардың кінәсінен жүйенің және оны құрайтындардың физикалық зақымдануы және (немесе) өшу салдары;
жүйенің коммуникациялық жабдығының жұмысын тоқтатуды тудыратын ықтимал жаппай сыртқы шабуылдардан жүйенің қол жетімсіздігі салдары;
пайдаланушы шарттық қатынастарда айқындалған шамада веб-порталға қосылу үшін пайдаланатын деректерді беру желілерінің және (немесе) электр энергиясының болмауы не кепілдендірілген жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуы салдары;
пайдаланушыға веб-порталда толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін пайдаланушының компьютерлік техникасында бағдарламалық-техникалық шектеулердің және күйге келтірудің болуы, сондай-ақ қажетті бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктердің болмауы салдары;
Жүйенің зақымданған файлды немесе файлдар мұрағатын орналастыру мүмкіндігін автоматты түрде бұғаттауына байланысты пайдаланушының веб-порталда жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін зиянды бағдарламалық қамтамасыз етумен пайдаланушының компьютерлік техникасының зақымдануы салдары;
веб-порталда жұмыс істеу кезінде пайдаланушының веб-портал жұмысының тәртібін және пайдаланушылар нұсқаулықтарын тиісінше сақтамау салдары;
электрондық цифрлық қолтаңба кілтін сақтау қағидаларын сақтамау, веб-порталда жұмыс істеуге жауапты адам ретінде тағайындалған пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңба кілтін тиісті өкілеттігі жоқ үшінші тұлғаларға беруі салдары.
3-тарау. Техникалық іркілістің туындауы туралы ақпарат көздері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
пайдаланушының хабарламасы;
веб-порталдың жұмыс істеуіне мониторингті орындайтын оператор мамандарының хабарламасы;
техникалық іркілістер байқалған Жүйе функционалының жұмыс қабілеті мен қолжетімділігін айқындау үшін пайдаланылатын веб-порталдың ақауларын мониторингтеу және айқындау бойынша бағдарламалық-ақпараттық құралдар;
техникалық іркілістердің туындауы немесе туындау ықтималдығы туралы куәландыратын жазбалар тіркелетін Жүйенің жүйелік журналдары болып табылады.
4-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану кезінде техникалық іркілістер туындаған жағдайда пайдаланушылардың, оператордың және оператор мамандарының іс-әрекеті
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) техникалық іркіліс анықталған күнді және уақытты Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, сондай-ақ байланыс деректерін көрсете отырып және растаушы материалдары қоса бере отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық почта арқылы бір сағаттан кешіктірмей байланыс орталығын хабардар етеді.
Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық почта бойынша жіберу мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей байланыс орталығын хабардар етеді.
2) оператор маманы жүйе жұмысында немесе конфигурациясында стандартты жұмыс істеуге сәйкес келмейтін өзгерістерді тапқан жағдайда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық іркілістер туындауы туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық іркілістің туындаған күні мен уақытын тіркейді.
Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне байланысты жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды (телефон, электрондық почта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) қамтамасыз етеді:
жұмыс күндері – Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс уақытында;
Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 8) және 11) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларға жұмсалатын уақытты қоспағанда, веб-портал пайдалану үшін тәулік бойы қол жетімді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық почта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны түскі үзілістен кейін отыз минут ішінде тіркейді.
Егер техникалық іркіліс туралы пайдаланушының өтініші Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыстан тыс уақытта электрондық почта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.
Байланыс орталығының операторы есепке алу журналын пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу бойынша оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық іркілістері расталған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының және оператор әрекетінің тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) төмен – сатып алу рәсімдерін өткізуге және оларға қатысу мүмкіндіктеріне кедергі жасамайтын іркілістер;
2) орташа – Жүйені пайдаланушылардың алдыңғы жұмыстарының нәтижесіздігіне әкеп соқтыруы мүмкін немесе әкеп соқтырған ақаулықтың ықпалына ұшыраған бір және (немесе) бірнеше қатысушылардың сатып алуға қатысу мүмкіндігінің болмауына әкелген іркілістер;
3) жоғары – Жүйенің бір және (немесе) одан да көп модульдерінің тоқтауын немесе қол жетімсіздігін тудыратын іркілістер және (немесе) оқиғалар, бұл ретте веб-порталды пайдаланушылардың барлығында сатып алуға қатысу мүмкіндігі болмайды.
1) техникалық іркіліс расталған кезде отыз минут ішінде техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушының электрондық почтасы, телефоны арқылы техникалық іркілістің күрделілік деңгейі, техникалық іркілісті жоюдың жоспарлы уақыты мен күні туралы хабарлайды.
Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда Жүйені пайдаланушыға қайта хабарлайды;
2) техникалық іркіліс себептерін жоюға дереу кіріседі;
3) техникалық іркіліс жойылғаннан кейін веб-порталдағы қатысушының тіркеу деректерінде көрсетілген электрондық почта, телефон арқылы, не техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушының телефоны арқылы жұмыс жүргізудің аяқталғаны және техникалық іркілістің жойылғаны туралы қайта хабарлайды.
Төмен күрделілік деңгейі бар техникалық іркіліс жойылған жағдайда сатып алуды тоқтата тұру және мерзімдерін ауыстыру жүргізілмейді.
1) дереу жазбаша, электрондық почта және телефон арқылы Жұмыс тобының мүшелерін туындаған техникалық іркіліс туралы хабардар етеді;
2) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап отыз минут ішінде веб-порталдың басты бетіне хабарландыру мен лоттардың нөмірін көрсете отырып, техникалық істен шығу, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты мен күні, сатып алуды ұзарту мерзімі туралы ақпаратты орналастырады.
Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда ақпаратты қайта орналастырады;
3) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап бір сағат ішінде техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушының, сондай-ақ техникалық іркіліс туындаған сатып алуға қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің электрондық почтасы, телефоны арқылы техникалық іркіліс, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты мен күні, сатып алуды ұзарту мерзімі туралы хабарлайды.
Осы ақпарат өзгерген жағдайда техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушыға, сондай-ақ техникалық іркіліс туындаған сатып алуға қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілерге қайта хабарлайды;
4) аукцион тәсілімен сатып алуды қоспағанда, техникалық іркілісті жою үшін қажет уақытта туындаған техникалық іркілістегі конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді және (немесе) баға ұсыныстарын қабылдау рәсімдерінің уақытын техникалық іркіліс уақытына дереу ұзартады;
5) техникалық іркіліс туындаған аукцион тәсілімен сатып алу бойынша аукционның екінші раундын оны жою фактісі расталғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстырады.
Жүйе аукцион өткізу нәтижелері туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырған жағдайда мұндай хаттама мен берілген өтінімдер жойылады;
6) өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімінен асып кететін техникалық іркілісі бар сатып алу бойынша өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдауды аяқтау мерзімін келесі жұмыс күніне ұзартады;
7) сатып алу бойынша, сондай-ақ осыған ұқсас техникалық іркіліс анықталған жағдайда басқа сатып алу бойынша техникалық іркілісті жоюға кіріседі;
8) техникалық қолдау үшін жүгінген пайдаланушының, техникалық іркіліс туындаған сатып алуға қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің электрондық почтасы, телефоны арқылы техникалық іркілістің жойылғаны, нақты жою күні мен уақыты туралы қайта хабарлайды, сондай-ақ веб-порталдың басты бетінде хабарландырулар мен лоттардың нөмірлері көрсетіле отырып, жаңа өткізу мерзімдері көрсетіліп сатып алуды ұзарту фактісі туралы ақпаратты орналастырады;
9) иеленушіге, Жұмыс тобы мүшелеріне техникалық іркілістің туындау себебі мен жою бойынша орындалған іс-шаралар, жою нәтижесі, жаңа өткізу мерзімдері көрсетіліп сатып алуды ұзарту фактісі, техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсыныстар туралы жазбаша хабарлайды.
1) туындаған техникалық іркіліс жазбаша, электрондық почта, телефон арқылы Жұмыс тобын дереу хабардар етеді;
2) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап техникалық іркілісті жою үшін қажетті өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімдері Жүйенің тиісті модуліндегі техникалық іркіліс пен уақыты қатар келген барлық сатып алуды ұзартады;
3) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап отыз минут ішінде веб-порталдың басты бетіне техникалық іркіліс, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты мен күні туралы ақпаратты орналастыру жолымен пайдаланушыларды хабарландырады.
Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда Жүйені пайдаланушыларға ақпаратты қайта хабарлайды;
4) конкурс, аукцион, тұрғын үйлердi сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді және (немесе) баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі ішінара сәйкес болған кезде өтінімдерді және (немесе) баға ұсыныстарын қабылдау рәсімдерінің уақытын ұзартады;
5) аукцион тәсілімен сатып алуда техникалық іркіліс уақыты және аукцион тауарларының кезеңін уақтылы өткізудің ішінара немесе толық сәйкес болған кезде аукцион тауарларын өткізу кезеңі техникалық іркілісті жою фактісі расталғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстырады.
Жүйенің аукционды өткізу нәтижелері туралы хаттама автоматты түрде қалыптастырылған жағдайда мұндай хаттама және берілген өтінімдер күшін жояды;
6) өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімінен асатын техникалық іркіліс болған жағдайда, мұндай сатып алулар бойынша өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімін ұзартады.
7) "Баға ұсыныстарын сұрату", "Аукцион", "Конкурс", "Тұрғын үйлердi сатып алу" тәсілдерімен сатып алуға берілген баға ұсыныстарын ашу мүмкіндігін болдырмайтын техникалық іркіліс кезінде, егер техникалық іркіліс кезінде өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі бітпеген болса, оператор сатып алуды іркілісті жою уақытына ұзартады және өнім берушілерге өтінімдерді және баға ұсыныстарын қайта беру қажеттігі туралы хабарлайды.
8) "Баға ұсыныстарын сұрату", "Аукцион", "Конкурс", "Тұрғын үйлердi сатып алу" тәсілдерімен сатып алуға берілген баға ұсыныстарын ашу мүмкіндігін болдырмайтын техникалық іркіліс кезінде, егер техникалық іркіліс кезінде өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі біткен болса, тәсілдерімен сатып алуға берілген баға ұсыныстарын толық жазу мүмкіндігін ескере отырып, оператор өтінімдерді немесе баға ұсыныстарын қабылдау мерзімін іркіліс жойылған сәттен бастап, бес жұмыс күніне ұзартады және өнім берушілерге өтінімдерді және баға ұсыныстарын қайта беру қажеттігі туралы хабарлайды.
Тежеусіз күш жағдаяттары басталған жағдайда оператор иеленушіні дереу хабардар етеді және аталған жағдаяттардың бүкіл орын алу уақытында тоқтаған сәтіне дейін иеленушіге қабылданып жатқан шаралар мен аталған жағдаяттардың дәлелдемелерін ұсынады. Мұндай жағдайларда иеленуші келісім бойынша, жағдаяттар созылған сағаттардың (күндердің) санына сатып алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды;
7) техникалық іркілісті жоюға кіріседі;
8) веб-порталдың басты бетінде хабарландырулар мен лоттардың нөмірлері көрсетіліп, техникалық іркілістің нақты жойылған күні мен уақыты, сатып алуды ұзарту фактісі туралы ақпаратты орналастыра отырып, техникалық іркілістің жойылғаны туралы пайдаланушыларды қайта хабарландырады;
9) иеленушіге, Жұмыс тобы мүшелеріне техникалық іркіліс, туындау себебі және жою бойынша орындалған іс-шаралар, жою нәтижесі, техникалық іркілісті болдырмау жөнінде ұсыныстарды көрсете отырып, сатып алуды ұзарту фактісі туралы жазбаша бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
6-тарау. Оператордың жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізуі кезінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс тәртібі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7-тарау. Техникалық іркіліс туындаған жағдайда веб-портал жұмысының мәселелері бойынша оператордың Жұмыс тобымен өзара іс-қимыл тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
оператордың басшылығы және бөлімнің жауапты тұлғалары қол қойған Есепке алу журналынан үзінді көшірмені;
техникалық іркілістер туындау себептері, жою бойынша орындалған іс-шаралар, жою нәтижелері, техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсыныстар туралы ақпаратты;
өтінімнің орындалуын қамтамасыз ету сомаларын көрсете отырып, сатып алуға қатысуға өтінімнің орындалуын қамтамасыз етуді әлеуеттік өнім берушінің жоғалтуына ықпал еткен қол қойылған техникалық іркіліс туралы актілердің көшірмелерін береді.
|
|
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының |
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының туындаған техникалық іркілістер туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналы
|
р/с № |
Жүгінген ұйымның атауы |
БСН, ЖСН |
Өтініш күні мен уақыты |
Пайдаланушы жүгінген байланыс деректері |
Техникалық іркілістің сипаттамасы |
Өтінім қабылдаған қызметкердің Т.А.Ж |
Расталды/расталмады |
Растаудың/растамаудың күні мен уақыты |
Қабылданған шешім |
Оператор қолданған шаралар |
Техникалық іркілісті жою күні мен уақыты |
Техникалық іркілістің туындау себептері |
Күрделілік деңгейі |
Техникалық іркілістің түрі |
Бұдан былай техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсыным |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оператордың басшысы |
(қолы) аты-жөні |
|
Техникалық әкімшілендіру бөлімінің жауапты тұлғасы |
(қолы) аты-жөні |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК