Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысы.
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Сағынтаев |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) архивтік анықтама – заңды тұлғаның (бұдан әрі – ұйым) хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;
2) архивтік көшірме – архивтік құжат мәтінін сөзбе-сөз дәл беретін, сақтау бірлігінің архивтік шифрі мен парақтар нөмірлері көрсетілген, осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес ресімделген көшірме;
3) архивтік құжаттарды сақтау қоймасы – архивтік құжаттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған сақтау қоймасы;
4) архивтік құжаттар көшірмелерін тақырыптық іріктеу – пайдаланушының сұратуы бойынша немесе ұйым архивінің бастамасымен ұйым архиві дайындаған архивтік құжаттар немесе олардың бөліктері көшірмелерінің белгілі бір тақырып бойынша жүйеленген жиынтығы;
5) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі – ретке келтіру) – архивтік құжаттарды сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) Қазақстан Республикасының ҰАҚ және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
6) архивтік құжаттардың тақырыптық тізбесі – архивтік құжаттар тақырыптарының, сақтау бірліктерінің белгілі бір тақырып бойынша жүйеленген, олардың даталары мен архивтік шифрлері көрсетілген, пайдаланушының сұратуы бойынша немесе ұйым архивінің бастамасымен жасалған қысқаша немесе аннотацияланған тізбесі;
7) архивтік сілтегіш – архивтік құжаттарда атап өтілетін заттар атауларының әліпбилік, жүйелік немесе өзге белгісі бойынша жасалған тізбесін білдіретін, оларды іздеу деректері көрсетілген архивтік анықтамалық;
8) архивтік үзінді – ұйымның хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, тұлғаға қатысты бөлігін сөзбе-сөз беретін, сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;
9) ақпараттық хат – архивте сақтаулы құжаттар туралы ақпаратты қамтитын, пайдаланушының сұратуы бойынша немесе ұйым архивінің бастамасымен ұйымның хат бланкісінде жасалған белгілі бір проблема, тақырып бойынша құжат;
10) архивтік шифр – әр сақтау бірлігіне оны есепке алу мен сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында қойылатын белгі;
11) аса құнды құжат – тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы жоғалмайтын, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар ҰАҚ архивтік құжаты;
12) аудиовизуалды құжаттама – техникалық құралдардың көмегімен жасалған, бейнелеу және (немесе) дыбыс ақпаратын қамтитын құжаттар кешені;
13) басқарушылық құжаттама – ұйымды басқарудың негізгі функцияларын іске асыру (ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, бақылау) кезінде пайдаланылатын құжаттар кешені;
14) ведомстволық архив – мемлекеттік заңды тұлғаның архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және ҰАҚ құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
15) ғылыми-анықтамалық аппарат (бұдан әрі – ҒАА) – архивтік анықтамалықтардағы архивтік құжаттар сипаттамасының жиынтығы, архивтік құжаттарды және олардағы құжаттық ақпаратты іздеуге арналады;
16) ҒАА жүйесі – архивтік құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы архивтік анықтамалықтардың бірыңғай ғылыми-әдістемелік негізде құрылатын өзара байланысты және бірін бірі толықтыратын кешені;
17) ғылыми-техникалық құжаттама – ғылыми, ғылыми-техникалық, өндірістік-техникалық, жобалау, құрылыс және басқа да қызмет процестері мен нәтижелерін тіркейтін құжаттар кешені;
18) жеке архив – архивтік құжаттарды жинауды, алуды, жиынтықтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі немесе жеке тұлғаның қызметі, жинауы және алуы нәтижесінде пайда болған оның архивтік құжаттары;
19) құжатты (хатты) босату – шығыс құжаттың автор – ұйымның ісінде қалатын данасы;
20) құжаттардың құндылығын сараптау – құжаттарды сақтау мерзімдерін белгілеу және оларды ҰАҚ құрамына енгізу үшін іріктеу мақсатында құжаттарды олардың құндылық өлшемшарттары негізінде зерделеу;
21) құжаттарды сақтауды ұйымдастыру – құжаттарды ұтымды орналастыруды, олардың қозғалысы мен физикалық жай-күйін бақылауды, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру мақсатында құжаттардың көшірмелерін жасауды, зақымдалуға немесе бұзылуға ұшыраған құжаттардың бастапқы немесе бастапқыға жақын қасиеттері мен сыртқы белгілерін қалпына келтіруді (реставрациялауды) қамтитын іс-шаралар жүйесі;
22) сақтау бірлігі – физикалық оқшау құжатты немесе құжаттар жиынтығын білдіретін өзіндік мәні бар өлшем бірлігі;
23) ұйым архивінде құжаттарды есепке алу – архивтік құжаттардың саны мен құрамын есепке алу бірліктерінде белгілеу және әр есепке алу бірлігінің белгілі бір кешенге және есепке алу құжаттарындағы олардың жалпы санына тиесілілігін тіркеу;
24) іс – жеке мұқабаға, папкаға ресімделген жеке архив құжаты (құжаттары);
25) істің куәландыру парағы – әр істің нөмірленген беттер санын қоса алғанда, белгілі бір ұйым архивінде істі ұстау және қалыптастыру ерекшеліктері туралы ақпараттан тұратын құжат;
26) істерді қалыптастыру – орындалған құжаттарды істер номенклатурасына және құжаттарды істер ішінде жүйелеуге сәйкес істерге топтау;
27) істердің, құжаттардың тізімдемесі – сақтау бірліктерінің құрамы мен мазмұнын ашуға, олардың жүйеленуі мен есепке алынуын бекемдеуге арналған архивтік анықтамалық;
28) электрондық архив – архивтік электрондық құжаттар жиынтығы;
29) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
30) электрондық тіркеу бақылау карточкасы (бұдан әрі – ЭТБК) –- электрондық құжат деректемелерін тіркейтін, белгіленген нысан бойынша құжат туралы есептік деректері бар электрондық құжат.
1) басқарушылық құжаттама, оның ішінде электрондық құжаттар архиві;
2) аудиовизуалды құжаттама, оның ішінде электрондық құжаттар архиві;
3) ғылыми-техникалық құжаттама, оның ішінде электрондық құжаттар архиві.
2-тарау. Істерді, құжаттарды қабылдау тәртібі
1-параграф. Істерді, құжаттарды сақтауға қабылдау тәртібі
Құжаттар ұйым архивіне олар жасалған жеткізгіштермен (әрқилы қағаз оның ішінде фотоқағаз, калька, үлдір, магниттік таспалар, электрондық жеткізгіштер) тапсырылады.
1) құрылымдық бөлімшенің істер тізімдемесіне сәйкес тұрақты, ұзақ уақыт сақталатын (10 жылдан артық) және жеке құрам жөніндегі істердің бар-жоғын;
2) істер номенклатурасы бойынша уақытша сақталатын (10 жылды қоса алғанға дейінгі) істердің бар-жоғын;
3) құрылымдық бөлімшенің істер тізімдемесі бойынша деректер бар істер парақтарының нөмірленуін;
4) іс құжаттарының ішкі тізімдемесінің дұрыс толтырылуын (бар болса);
5) істің куәландыру парағының бар-жоғын;
6) мұқаба деректемелерінің құрылымдық бөлімшенің істер, құжаттар тізімдемесіндегі тиісті жазбалармен сәйкестігін;
7) істердің физикалық жай-күйін тексереді.
1) құжаттардың жинақтылығын;
2) құжаттардың физикалық жай-күйін;
3) қоса берілетін мәтіндік ілеспе құжаттама құрамының жинақтылығын тексереді.
Мәтіндік ілеспе құжаттаманың құрамына:
1) киноқұжаттар үшін – аннотациялар, монтаждық парақтар, аяқталған туындыларға рұқсат куәліктері, техникалық жай-күйінің актілері, жарық және түс паспорттарының жазбалары;
2) фотоқұжаттар үшін – аннотациялар;
3) фоноқұжаттар және бейнеқұжаттар үшін – техникалық жай-күйінің актілері, сөйленген сөздердің мәтіндері, грампластинкалар каталогтары, сөз сөйлейтіндердің тізімдері, рецензиялар, мақалалар және қабылданатын фоноқұжаттар мен бейнеқұжаттарға қатысты басқа да құжаттар кіреді.
1) құжаттардың жинақтылығын (тапсырылатын барлық құжаттама тізбеленген ерекшеліктер ведомосіне, ерекшеліктерге, томдардың, альбомдардың, кітаптардың мазмұнына және басқа да құжаттарға сәйкес);
2) белгіленген қолдар мен даталардың бар-жоғын;
3) титулдық парақтардың және негізгі жазбалардың орындалу дұрыстығын;
4) құжаттардың физикалық жай-күйін тексереді.
1) құрылымдық бөлімшелер істерінің, құжаттарының тізімдемесіне сәйкес тұрақты, ұзақ уақыт сақталатын (10 жылдан астам) және жеке құрам жөніндегі электрондық құжаттардың бар-жоғын және тұтастығын;
2) істер номенклатурасы бойынша уақытша (10 жылды қоса алғанға дейінгі) сақталатын электрондық құжаттардың бар-жоғын және тұтастығын;
3) ұйым архивіне тапсыруға арналған жеткізгіштердің физикалық жай-күйін;
4) электрондық құжаттардың тұтастығы мен электронды цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын;
5) электрондық құжатқа тіркеу бақылау карточкасының мәліметтерін толтырудың дұрыстығын және толықтығын тексереді.
2-параграф. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі
1) Қазақстан Республикасының ҰАҚ және архивтер туралы заңнамасы;
2) сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттардың үлгілік немесе салалық тізбелері, типтік (үлгілік) істер номенклатурасы және ұйымның тиісті кезеңдегі істер номенклатурасы;
3) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) және мемлекеттік архивтердің әдістемелік құжаттары негізінде жүргізіледі.
Құжаттың пайда болу өлшемшарттарына:
1) мемлекеттік басқару жүйесіндегі немесе нақты саладағы (қызмет саласында) ұйымның рөлі мен орны, ол орындайтын міндеттер мен функциялардың маңыздылығы, қоғам өміріндегі жеке тұлғаның орны;
2) құжаттың пайда болған жері мен күні жатады.
Құжаттар мазмұнының өлшемшарттарына:
1) құжатта көрсетілген оқиғаның (құбылыстың, нысананың) маңыздылығы;
2) құжаттағы ақпараттың маңыздылығы, оның басқа құжаттарда қайталануы;
3) құжаттың түпнұсқалығы, түрі мен әртүрлілігі жатады.
Құжаттың сыртқы ерекшеліктерінің өлшемшарттарына:
1) құжаттың түпнұсқалылығы;
2) құжаттың заңдық дұрыстығы (лауазымды тұлға қолтаңбасының (электрондық цифрлық қолтаңбасының), ұйым мөрінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын өзге деректемелердің болуы);
3) ақпарат мазмұнын тіркеу және жіберу нысаны;
4) құжатты материалдық жеткізгіштің ерекшелігі;
5) құжаттың физикалық жай-күйінің ерекшелігі жатады.
1) аудиовизуалды құжаттардың көркемдік құндылығы;
2) аудиовизуалды құжаттардың композициялық-сюжеттік тұтастығы;
3) аудиовизуалды құжаттардың айқындылығы мен түпнұсқалығы;
4) ақпаратты жеткізгіштің өзіндік ерекшелігі, ақпаратты жазу және оны шығару тәсілі, аудиовизуалды құжаттардың техникалық жай-күйі қолданылады.
1) тұтастай мемлекеттің нақты салалары мен экономикасын дамыту үшін құжаттарда көрсетілген проблеманың (технологияның) немесе объектінің (жобаның, модельдің, конструкцияның, технологияның) енгізілген кездегі маңыздылығы;
2) проблеманы шешудің, конструкцияның, технологияның, жобаның қағидаттық жаңашылдығы, ерекшелігі, бірегейлігі;
3) ғылыми-техникалық құжаттаманың ғылыми зерттеу кезеңдеріне (техникалық әзірлеудің сатылығы) сәйкестігі қолданылады.
1) метадеректердің сақталуы;
2) электрондық құжаттардың тең түпнұсқалы болуы;
3) архивтік сақтауға қабылданған құжаттарда қайталанатын ақпараттың болмауы.
Ұйым қайта ұйымдастырылған (таратылған) кезде құндылыққа жоспардан тыс сараптама жүргізіледі.
Мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің жинақталу көздерінің ОСК (СК) шешімдерін мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, ЖАО құратын тиісті сараптау-тексеру комиссиясымен (бұдан әрі – СТК) келісілгеннен кейін ұйым басшысы бекітеді.
1) ұйым құжаттарының құрамын талдау;
2) мемлекеттік архивке, Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне (мемлекеттік архивтің, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің жинақталу көздері үшін) тапсыру үшін сақтау мерзімі тұрақты істерді іріктеу және дайындау;
3) құжаттардың түпнұсқа даналарының бар-жоғын тексеру және істеріне осы құжаттар енгізілген құрылымдық бөлімшелерді айқындау;
4) олардағы ақпараттың басқа құжаттарда қайталану сипатын, қайталаудың түрін, нысанын және толықтығын нақтылау жүзеге асырылады.
Қайталанатын ақпараты бар құжаттарды және дублеттік құжаттарды жоюға бөлу олар тұрақты сақтауға іріктелген құжаттармен салыстырылғаннан кейін ғана жүргізіледі.
1) құжаттарды аталған іске жатқызудың негізділігі;
2) құжаттың заңды күші (деректемелердің бар-жоғы);
3) іс мұқабасы деректемелерінің дұрыс ресімделуі және бар-жоғы;
4) істер парақтарының дұрыс нөмірленуі;
5) құжаттың физикалық-химиялық және техникалық жай-күйі тексеріледі.
Құрылымдық бөлімшелерде құжаттарды ұйым архивіне тапсыруға дайындау кезінде құжаттардың екінші және одан кейінгі даналары, шимайқағаздары, құжаттардың ресімделмеген көшірмелері алынбаса, олар қарап шығу (тыңдау) барысында алып тасталады.
Анықталған кемшіліктерді ұйым архивінің жұмыскері жояды. Қажет болған кезде істердің тақырыптары нақтыланады, істер сөгітіледі және қайта қалыптастырылады.
Қағаз түпнұсқасы болмаған не салыстырудың нәтижесі теріс болған кезде ұйымның ОСК-мен (СК) және мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві немесе ЖАО СТК-мен келісу бойынша электрондық құжаттардың көшірмелерін жою туралы акт жасалып, оны ұйым басшысы бекітеді.
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ұйымның тұрақты сақталатын құжаттарының істер тізімдемесі;
2) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша жеке құрам жөніндегі істер тізімдемесі;
3) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша уақытша (10 жылдан астам) сақталатын құжаттардың істер, құжаттар тізімдемесі;
4) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт жасалады.
Тізбе екі данада жасалады. Ол бекітілгеннен кейін бір данасы тиісті мемлекеттік архивке, Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне жіберіледі, екіншісі ұйымда қалады.
Ғылыми-зерттеу және патенттік-лицензиялық құжаттамалар үшін Тізбе жасалмайды.
Ақау, әсіресе химия-биологиялық сипаттағы (сарғаю, көгеру, эмульсияның қабыршақтануы) ақау табылған кезде сол өндіріс жылындағы, сақталу жағдайлары бірдей барлық аудиовизуалды жазу құжаттарына бақылау жүргізіледі.
Ақауы бар аудиовизуалды құжаттарға реставрация-профилактикалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
3-параграф. Істердің, құжаттардың тізімдемесін жасау тәртібі
Істер, құжаттар тізімдемесі енгізілген тақырыптардың саны 9999 (тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғызға) жеткенде аяқталады.
Келесі істер, құжаттар тізімдемесіне кезекті реттік нөмірі беріледі.
Ұйым қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде істер, құжаттар тізімдемесі енгізілген істер, құжаттар тақырыптарының жалпы санына қарамастан аяқталады.
Іс тізімдемесіне істің түскені немесе шығарылғаны туралы жазба құжаттары енгізілгеннен кейін соңғы қорытынды жазба толтырылады, онда енгізілген өзгерістердің негіздемесі де көрсетіледі.
Жеке құрам жөніндегі істер тізімдемесі ұйымның ОСК-мен (СК), мемлекеттік архивтің, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің немесе ЖАО СТК-мен келісіледі және ұйым басшысы бекітеді.
Уақытша (10 жылдан астам) сақталатын істердің, құжаттардың тізімдемесін ұйымның ОСК-мен (СК) келісілгеннен кейін ұйым басшысы бекітеді.
1) тұрақты сақталатын, оның ішінде ҰАҚ құрамына жатқызылған істердің, құжаттардың;
2) "СТК" белгісі бар құжаттардан қалыптастырылған, ұйымның сол жылғы істер номенклатурасымен салыстырылғаннан, істерді қалыптастыру мен ресімдеудің дұрыстығы тексерілгеннен кейін уақытша сақталатын мерзімдері бар істерден бөлінген істердің;
қажет болған жағдайларда істер тақырыптары нақтыланады;
3) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана ұйымдары басшыларының іс жүргізу аяқталған жеке істерінің;
4) саяси мемлекеттік қызметшілердің іс жүргізу аяқталған жеке істерінің;
5) жоғарғы айырым белгілері, құрметті мемлекеттік және өзге де атақтары, наградалары, ғылыми дәрежелері бар жұмыскерлердің іс жүргізу аяқталған жеке істерінің тақырыптары енгізіледі.
Істердің дұрыс қалыптастырылмағаны анықталса, істер сөгітіледі және қайта қалыптастырылады.
Архив қорының сақтау бірліктерін (істерді) жүйелеу архив қорын ішкі ұйымдастыруға негіз болып табылады және архив қоры істерінің тізімдемесімен (тізімдемелерімен) бекітіледі.
1) құрылымдық (сақтау бірлігінің тиісті құрылымдық бөлімшеге тиесілілігіне сәйкес);
2) хронологиялық (сақтау бірлігі жатқызылған кезеңдер немесе күндері бойынша);
3) функционалдық, салалық, тақырыптық, пәндік-мәселелік (сақтау бірлігінің мазмұнына қатысты ұйымның функциясын, тақырыбын немесе мәселелерін есепке ала отырып);
4) номиналдық (іс жүргізу нысаны бойынша – құжаттардың түрлері мен әртүрлілігі);
5) корреспонденттік (ұйымдармен және тұлғалармен хат алмасу нәтижесінде пайда болған сақтау бірліктері);
6) географиялық (құжаттардың мазмұны, олардың авторлары, корреспонденттері байланысты болатын белгілі бір аумақтарға, елді мекендерге және басқа да географиялық объектілерге сәйкес);
7) авторлық (құжаттың авторы болып табылатын ұйымның атауы немесе тұлғалардың тегі бойынша) белгілермен айқындалады.
1) түрлеріне қарай (фильмдер, арнайы шығарылымдар, киножурналдар, жеке кино- және телесюжеттер);
2) фильмдердің, арнайы шығарылымдардың, киножурналдардың шығу жылдарына қарай; жеке кино- және телесюжеттердің өндірістік нөмірлері бойынша;
3) есепке алу бірліктері (жиынтықтары) бойынша;
4) түстілігі (түрлі-түсті, ақ-қара);
5) үлдірдің форматы (8 миллиметр (бұдан әрі - мм), 16 мм, 35 мм, 70 мм және басқа) бойынша жүйеленеді.
1) әр түсті негативтер (түрлі-түсті немесе ақ-қара) және 2-8 цифрларымен белгіленген көлемдері (2 цифры 2,5 сантиметр (бұдан әрі – см) х 3,5 см, 3 – 6 см х 6 см, 4 – 6 см х 9 см, 5 – 9 см х 12 см, 6 – 10 см х 15 см, 7 – 13 см х 18 см, 8 – 18 см х 24 см) көлемдегі негативтерге сәйкес келеді) бойынша жүйеленеді.
Көлемі шағын, 6-8 мөлшерлі негативтерді жүйелеу кезінде оларды бір топқа біріктіруге рұқсат етіледі;
2) әр түсті слайдтар (диапозитивтер);
3) позитивтер, фототаңбалар;
4) фотоальбомдар;
5) диафильмдер;
6) "Э" әрпімен белгіленетін электрондық құжаттар (цифрлық немесе заманауи жеткізгіштегі фотоқұжаттар) бойынша жүйеленеді.
4-параграф. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актіні жасау тәртібі
Актіде жеке істердің тақырыптары немесе біртектес істердің топтық тақырыптары көрсетіледі.
3-тарау. Ұйым архивінің құжаттарын сақтау
1-параграф. Құжаттардың сақталуын ұйымдастыру тәртібі
1) құжаттарды сақтаудың материалдық-техникалық базасын (ғимарат және сақтау қоймалары (үй-жайлар), құжаттарды сақтау құралдары, жабдықтар, күзету және сақтау қауіпсіздігі құралдары, климаттық бақылау құралдары, құжаттарды көшіріп алу және зақымдалғандарын қалпына келтіру құралдары) құру мен дамыту бойынша шаралар кешені;
2) құжаттарды сақтаудың нормативтік шарттарын (сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитариялық-гигиеналық, күзету режимдері) жасау және сақтау бойынша шаралар кешені;
3) превентивті сипаттағы (құжаттардың физикалық-химиялық сақталуын қамтамасыз ету, архив қоймаларынан құжаттардың берілуін регламенттеу, құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеруді жүргізу, аса құнды құжаттарды табу, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру) шаралар жүзеге асырылады.
1) құжаттарды сақтауға арналған архив қоймасынан;
2) зерттеушілердің жұмыс істеуіне арналған бөлмеден (оқу залы);
3) архив жұмыскерлеріне арналған жұмыс бөлмелерінен;
4) серверлік және коммуникациялық жабдықтарға арналған бөлмеден тұрады.
Архив қоймалары оқшауланған үй-жайларда орналасады.
Бөгде адамдар архив қоймасына ұйым басшысының рұқсатымен және ұйым архиві қызметкерінің қатысуымен ғана кіргізіледі.
Архив қоймалары негізгі өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. Ұйым архиві үй-жайларының өрт сөндіру жүйелерінде және құралдарында бейтарап, құжаттар үшін қауіпсіз заттар қолданылады.
Архив қоймаларында отты, қыздыру құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді. Олардың ішінде газ, су, кәріз құбыржолдарын және басқа да магистралдық құбыржолдарды орналастыруға рұқсат етілмейді.
Табиғи немесе жасанды желдеткіш, ауа алмасу дүркінділігі сағатына 2-3 рет болса, терезесіз үй-жайларды архив қоймалары ретінде пайдалануға рұқсат етіледі.
Ұйым архивінен құжаттарды ғимараттан тысқары жерге алып шығу ұйым басшысы белгілеген тәртіппен арнайы рұқсаттамалар бойынша ғана жүзеге асырылады.
2-параграф. Істерді орналастыру және сақтау тәртібі
Фоно- және бейнеқұжаттарды сақтауға арналған стеллаждар ферромагнитті емес материалдан әзірленеді.
Сақтау құралдарын орналастыру арақашықтықтың мынадай нормаларына сәйкес жүзеге асырылады:
1) стеллаждар қатарларының аралығы (басты өтетін жер) – 120 см;
2) стеллаждардың аралығы (өтетін жер) – 75 см;
3) ғимараттың сыртқы қабырғасы мен сыртқы қабырғаға параллель тұрған стеллаждардың аралығы – 75 см;
4) қабырға мен стеллаж немесе шкаф бүйірінің (сейфтер) аралығы– 45 см;
5) еден мен стеллаж немесе шкаф (сейфтің) төменгі сөресінің аралығы – кемінде 15 см, цоколь қабаттарда – кемінде 30 см.
Ғылыми-техникалық құжаттама жабдықтар мен сызбалардың форматтарына қарай ораулы, ашық немесе басқа түрде сақталуы мүмкін.
Магниттік таспадағы фоноқұжаттар жазбаны тыңдау жылдамдығына байланысты түсі әртүрлі ракордтармен ресімделеді. Бастапқы ракордқа жұмыс жүргізілмейтін жағынан шифрлеу белгісі қойылады. Құжат жұмыс жүргізілетін қабаты сыртқа қаратылып өзекшеге оралады (рулондағы шығып тұрған орамдардың биіктігі 0,05 мм аспайды). Фоноқұжатты орау бағыты магнитофонда тыңдалған кезде сағат тіліне қарсы айналдырылатын рулонның айналуына сәйкес келеді.
Аудиовизуалды құжаттың әр сақтау бірлігі бастапқы, содан кейін –екінші қаптамаға оралады. Бастапқы қаптама құжаттарға тікелей тиіп тұрады және шаң мен дымқылдан қорғайды, ал екінші қаптама – құжат пен бастапқы қаптаманы механикалық зақым келуден, жарықтан және қоршаған ортаның басқа да әсерінен қорғайды. Қаптама биозақымданудың пайда болуына кедергі келтіретін, құрамында хлор, азот жоқ, сондай-ақ құжаттардың зақымдануына әкеп соқпайтын немесе оларға жабыспайтын химиялық инерттік, материалдардан дайындалады.
Үлдірдегі, фотоқағаздағы, шыны фотопластиналардағы фотоқұжаттар жарық өтпейтін қышқылсыз қара қағаздан жасалған конверттермен қапталады.
Магниттік таспадағы фоноқұжаттар полиэтилен үлдірден жасалған пакетпен және зауыттық қораппен қапталады немесе заттаңбаларға арналған ойықтары бар полиэтилен футлярға (контейнерге) салынады.
Дискілік жеткізгіштердегі аудиовизуалды құжаттар зауыттық қаптамаға салынады, ал содан соң қорап ыдысқа орналастырылады.
Бейнефонограммалар берік полимерлік материалдан жасалған арнайы зауыттық қаптамада сақталады.
Әр стеллажға уәкілетті орган бекітетін нысанға сәйкес стеллаж бойынша топографиялық сілтегіштер карточкасы жасалады. Стеллаж бойынша топографиялық сілтегіштер карточкалары әр жеке архив қоймасының шегіндегі стеллаждардың нөмірленуіне сәйкес жүйеленеді.
Құжаттарды орналастырудағы барлық өзгерістер стеллаж бойынша топографиялық сілтегіштерде уақтылы көрсетіліп отырады.
1) ақпаратты сенімді енгізуді қамтамасыз ететін ағынды сканерлермен;
2) сұрау салуларды қатар өңдеуді жүргізуге қабілетті серверлермен;
3) мәтіндік, графикалық және аудиовизуалды құжаттардың көп ағынын енгізуге және өңдеуге бағдарланған өнімділігі жоғары (100 Мбит/c және одан көп) есептеуіш желімен;
4) жүйенің іздестіру деректеріне өнімділігі жоғары және өте сенімді қол жеткізуді қамтамасыз ететін жабдықтармен;
5) деректерді компакт немесе магнитті-оптикалық дискілерге көшіретін жабдықтармен;
6) магниттік таспаға резервтік көшіріп алу жабдықтарымен;
7) мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеуге бағдарланған автоматтандырылған жұмыс орындарымен;
8) үздіксіз қоректендіру көзімен;
9) ең жаңа модификациядағы принтерлермен және модемдермен;
10) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына (мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган болып айқындалған ақпараттандырудың өзге де субъектілері үшін) қол жеткізуді қамтамасыз ететін жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
1) деректердің қомақты ауқымын өңдеуге бағдарланған операциялық желілік орта және дерекқорды басқару жүйесі;
2) деректерді көрсету мен өңдеу құралдары;
3) санкциясыз кіруден қорғау құралдары және вирусқа қарсы құралдар кіреді.
1) ақпаратты электрондық жеткізгіштегі құжаттарды тұрақты іздестіру жүйесін тиімді сүйемелдеу құралдары;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерді танып білудің бірыңғай құралдары;
3) деректер базасына ақпаратты енгізудің бірыңғай технологиясын қамтамасыз ететін құралдар;
4) ақпараттарды жедел іздестіру құралдары және ақпараттарды жедел талдау құралдары;
5) пайдаланушылардың сұрау салуларын әзірлеу және оңтайландыру құралдары;
6) ұйымның электрондық құжаттар архивінің ақпаратына рұқсатсыз кіруден бағдарламалық және аппараттық қорғау құралдары кіреді.
3-параграф. Құжаттарды сақтау режимін қамтамасыз ету тәртібі
Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондардағы жанатын лампалар қолданылады. Люминисцентті лампалар сәулелену спектрінің ультракүлгін учаскесі азайған кезде қолданылады.
1) ақпаратты қағаз жеткізгіштердегі құжаттар үшін – температура +17 - +190 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-55 %;
2) ақпаратты ақ-қара үлдір жеткізгіштердегі құжаттар үшін – температура + 150 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;
3) ақпаратты түрлі-түсті үлдір жеткізгіштердегі құжаттар үшін – температура +2 - +50 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 %;
4) магниттік таспадағы және диск жеткізгіштердегі құжаттар үшін – температура +8 – ден +180 С-ге дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 45-65 %;
5) ақпаратты электрондық жеткізгіштегі құжаттар үшін – температура +15- +200 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 50-65 %.
Бақылау-өлшеу аспаптары (термометрлер, психометрлер, гигрометрлер) басты өткелде стеллажға жылытқыш және желдеткіш жүйелерден алшақ орналастырылады. Аспаптар көрсеткіштері тіркеу журналдарына жазылады, оның нысанын ұйым анықтайды.
Архив қоймаларындағы температуралық және ылғалдылық көрсеткіштерінің ауытқуына жол берілмейді.
Жылдың жылы уақытында ашылатын терезелер, сондай-ақ архив қоймаларының қабырғаларындағы, төбелеріндегі, едендеріндегі желдету тесіктері және желдету жүйелерінің сыртқы тесіктері ұяшықтарының диаметрі 0,5 мм аспайтын торлармен жарақтандырылады.
Архив қоймаларына сырт киімдермен, дымқыл және лас аяқ киіммен кіруге, азық-түлік өнімдерін сақтау мен пайдалануға рұқсат берілмейді.
Биологиялық зиянкестер табылған жағдайда санитариялық-эпидимиологиялық қызметтердің көмегімен дезинфекция және дезинсекция бойынша шұғыл шаралар жүргізіледі.
4-параграф. Архив қоймаларынан істерді, құжаттарды беру тәртібі
1) ұйым жұмыскерлерінің пайдалануы үшін;
2) жеке тұлғалардың оқу залында пайдалануы үшін;
3) басқа ұйымдарға уақытша пайдалану үшін;
4) құжаттардың физикалық жай-күйін жақсарту мақсатында оларды арнайы өңдеу үшін беріледі.
1) ұйым жұмыскерлерінің пайдалануы үшін бір айдан;
2) құжаттарды оқу залында пайдалану үшін бір айдан;
3) басқа ұйымдарға уақытша пайдалану және құжаттарды көрмеге қою үшін үш айдан аспайтын мерзімге уақытша пайдалануға беріледі.
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша істерді оқу залына және ұйым жұмыскерлеріне беруге арналған тапсырыстармен;
2) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ұйымның ортақ бланкісінде ресімделетін істерді, құжаттарды уақытша пайдалануға беру туралы актілермен;
3) құжаттардың көшірмесін жасау және реставрациялау жұмыстарын жүргізуге тапсырыстармен ресімделеді.
Архив қоймасынан берілетін әр істің уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша пайдалану парақтары болады.
Құжаттардың немесе олардағы жекелеген парақтардың жетіспеуі, сондай-ақ істердің зақымдануы анықталған жағдайда, ұйым архивінің жұмыскері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту үшін бұл туралы ұйым басшысына хабарлайды.
5-параграф. Архивтік істердің, құжаттардың бар-жоғы мен жай-күйіне тексеру жүргізу тәртібі
1) істер, құжаттар басқа архив қоймасына ауыстырылғанға дейін және одан кейін;
2) оларды мемлекеттік архивке, Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне сақтауға берер алдында;
3) істерді көшіруге (эвакуациялауға) немесе архив қоймасына бөгде тұлғалардың кіруіне әкеп соққан төтенше жағдайлардан кейін;
4) ұйым архивінің басшысы (архивке жауапты адам) ауысқаннан кейін;
5) ұйым қайта құрылған (таратылған) жағдайда жүргізіледі.
1) ұйым архивінде сақтаудағы құжаттардың нақты бар-жоғын анықтау;
2) құжаттарды есепке алудағы кемшіліктерді анықтау мен оларды түзету;
3) жоқ құжаттарды анықтау және оларды іздеуді ұйымдастыру;
4) реставрациялауды, консервациялауды және профилактикалық өңдеуді талап ететін құжаттарды анықтау және есепке алу жүзеге асырылады.
Құжаттардың бар-жоғы мен жай-күйін тексеру барысында істердің, құжаттардың әр тізімдемесіндегі істердің дұрыс нөмірленуі, істер, тақырыптарын нөмірлеудің істер, құжаттар тізімдемелеріндегі қорытынды жазбаларға және есепке алу құжаттарына сәйкес келуі тексеріледі.
Істер, құжаттар тізімдемесі бөлімінің сипаттаушы баптарын істер мұқабаларындағы деректемелердің мазмұнымен (шифрлер, қортүзушінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің атауы, істердің іс жүргізу индекстері, істердің тақырыптары, істердің даталары, парақтар саны) салыстыру жүргізіледі.
Аса құнды құжаттары бар істер, брошюраланбаған істер парақтап тексеріледі. Тексеру қорытындылары істердің куәландыру парақтарында тіркеледі.
1) стеллаждардағы және бастапқы сақтау құралдарындағы құжаттардың орналасу тәртібін сақтау;
2) тексеру барысында дұрыс қойылмағаны анықталған істер мен құжаттарды өз орындарына қою;
3) істердің, құжаттардың тиісті тізімдемелерінің бөлімдеріне тақырыптары енгізілмеген істерді алу;
4) көгерген немесе басқа биологиялық зиянкестермен бүлінген істер мен құжаттарды алу және оқшаулау;
5) физикалық ақаулары бар құжаттарды анықтау қажет.
Архив қорын тексеру аяқталғаннан кейін тексеру парақтары аталған архив қорының істеріне енгізіледі.
Істердің бар-жоғы мен жай-күйін тексеру барысында тексеру парағының бағанында көзделмеген кемшіліктер анықталған жағдайда параққа қосымша бағандар енгізіледі. Егер тексеру нәтижесінде кемшіліктер анықталмаса, тексеру парағы архив қорының ісіне енгізілмейді.
Істердің, құжаттардың (есепке алу кітаптары мен сипаттамалары) тізімдемелерінің қорытынды жазбаларында ескерілмеген литерлік және қалып қойған реттік нөмірлер, белгіленген тәртіпке сәйкес шығарылған сақтау бірліктері анықталған жағдайда қорытынды жазба қайта жасалады.
Табылмаған архивтік құжаттардың картотекаларын жүргізу орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Табылмаған істерді, құжаттарды іздестірген кезде:
1) істер, құжаттар құрылымдық бөлімшеден ұйым архивіне тапсырылған тізімдемелерді зерделеу;
2) тексеру кезінде табылмаған істерді, құжаттарды ұйымның оларды жасаған тиісті құрылымдық бөлімшелерінде іздестіруді ұйымдастыру;
3) архив қорының ісіндегі құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы актілерді зерделеу;
4) архив қорының жанына табылған істерді тексеру;
5) жақын орналасқан архив қорларындағы істерді тексеру жүзеге асырылады.
Іздестіру істердің, құжаттардың жетіспеушілігі анықталғаннан кейін бір жыл ішінде жүргізіледі.
6-параграф. Құжаттардың қорға тиістілігін айқындау тәртібі және архив қорын құру (жабу)
1) ұйымның қызметі барысында қалыптасқан құжаттардан тұратын ұйымның архив қоры;
2) өзара тарихи және/немесе логикалық шартты байланыстары бар (қызметтердің біртектілігі және сабақтастығы, бағыныстылығы, қызмет объектілері мен уақытының біртұтастығы, орналасу жері және басқалары) екі немесе одан көп ұйымдардың құжаттарынан қалыптастырылған біріктірілген архив қоры болып табылады.
1) кіріс құжаттары оларды алған ұйымның архив қорына жатқызылады (көрсетілген құжаттардың қорға тиістілігі адресат, құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі, қарар, құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені, құжаттың мәтіні сияқты деректемелермен айқындалады);
2) шығыс құжаттарының сақталатын нұсқасы олардың авторлары болып табылатын ұйымның архив қорына жатқызылады (олардың қорға тиістілігі қолтаңба, құжаттың мәтіні сияқты деректемелермен, сондай-ақ құжаттардың сақталатын нұсқасындағы іс жүргізу белгілерімен айқындалады);
3) ішкі құжаттар олардың авторы болып табылатын ұйымның архив қорына жатқызылады (олардың қорға тиістілігі ұйымның ресми атауы, қолтаңба, құжаттың мәтіні, бұрыштама сияқты деректемелермен айқындалады).
1) қызметінің түбегейлі өзгеруіне әкеп соқпаса, қайта ұйымдастырылғанға (қайта құрылғанға) дейінгі және одан кейін ұйымның;
2) меншік нысаны мемлекеттіктен мемлекеттік емеске ауыстырылған, бірақ жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің үлесі басым болатын ұйымның;
3) өз қызметін уақытша тоқтатқан және сол міндеттері мен функциялары қалпына келтірілген ұйымның;
4) ұйымның және оның жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органдардың;
5) ұйымның және оны тарату (конкурстық) комиссияның құжаттары құрайды.
1) белгілі бір аумақта әрекет ететін, нысаналы мақсаты мен функциялары біртектес ұйымдардың;
2) белгілі бір аумақта әрекет ететін басшы органның және оған бағынысты ұйымдардың;
3) қызмет объектісімен біріктірілген ұйымдардың;
4) осы ұйымның жұмыскерлері мүшелері болып табылатын ұйымдардың және қоғамдық (кәсіподақтық, ғылыми-техникалық және басқа) ұйымдардың;
5) алдыңғыларының функциялары мұрагерлеріне толық немесе ішінара берілген болса және беріліп жатса, сондай-ақ олардың істерін қалыптастыру, бөлуге жатпайтын құжаттардың байланысты кешенін құруға әкелген үздіксіз процестер ретінде жүрсе, бірінен соң бірін алмастырған ұйымдардың архивтік құжаттарынан қалыптасады.
Құжаттары біріктірілген архив қорына кірген ұйымдардың атаулары есептік құжаттарда көрсетіледі.
Біріктірілген архив қорын құру оның құрамына кірген қорлардың құжаттарын бөлмеу шартымен жүзеге асырылады.
1) ұйым қызметінің нысаны өзгергенде;
2) ұйымның меншік нысаны өзгерген жағдайларда құрылады.
Таратылған ұйымның құжаттары жеке архив қорын құрайды.
1) ұйымның қайта аталуы немесе оның қызметінің немесе функцияларының әкімшілік-аумақтық шекараларының өзгеруі;
2) оларға алғашқы ұйымның жекелеген функцияларын бере отырып, ұйымнан бір немесе бірнеше жаңа ұйымның бөлініп шығуы;
3) ұйым мүлкінің меншік нысанын өзгертпей, осы ұйым құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ауысуы;
4) ұйымды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру);
5) ұйымның республикалық меншіктен коммуналдық меншікке және керісінше ауысуы негіз болып табылмайды.
1) ұйымның архив қоры үшін құқықтық актілердің негізінде белгіленетін олардың құрылған (тіркелген) және таратылған ресми даталары (бірнеше құқықтық акт бар болса, онда олардың ішіндегі неғұрлым ерте датасы ұйымның құрылған датасы ретінде алынады);
2) біріктірілген архив қоры үшін құжаттары біріктірілген архив қорының құрамына енгізілген ұйымдар қызметінің мерзімі бойынша ең ерте құрылған (тіркелген) және ең кеш таратылған даталары.
7-параграф. Архив қоры шегінде құжаттарды ұйымдастыру тәртібі
1) киноқұжаттар үшін – физикалық тұрғыдан оқшауланған киноүлдір орамы;
2) фотоқұжаттар үшін – физикалық тұрғыдан оқшауланған кадр (негатив, дубль-негатив, позитив, слайд (диапозитив), диафильмнің рулоны, фототаңба, фотоальбом, дискілі жеткізгіш және панорамалық түсірілімнің физикалық тұрғыдан оқшауланған кадрлары;
3) фоноқұжаттар үшін – физикалық тұрғыдан оқшауланған магниттік таспаның рулоны, дискілі жеткізгіші және физикалық тұрғыдан оқшауланған аудиокассета;
4) бейнеқұжаттар үшін – физикалық тұрғыдан оқшауланған бейнекассета, физикалық тұрғыдан оқшауланған дискілі жеткізгіші.
Мыналар аудиовизуалды құжаттардың сақтау бірліктері болып табылады:
1) киноқұжаттар үшін – кинотуындыға немесе белгілі бір оқиғаны түсіруге қатысты сақтау бірлігінің бөлігі, бір немесе бірнеше сақтау бірлігі;
2) фотоқұжаттар үшін – мағыналық мазмұнымен біріктірілген, бір оқиғаны көрсететін сақтау бірлігінің бөлігі, бір немесе бірнеше сақтау бірлігі;
3) фоноқұжаттар үшін – белгілі бір оқиғаның, авторлық, орындаушылық, тақырыптық және басқа да белгілермен біріктірілген әдебиет пен өнердің бір немесе бірнеше туындыларының дыбыстық жазбасы бар бір немесе бірнеше сақтау бірлігі;
4) бейнеқұжаттар үшін – белгілі бір оқиғаның, авторлық, орындаушылық, тақырыптық және басқа да белгілермен біріктірілген әдебиет пен өнердің бір немесе бірнеше туындысы жазылған сақтау бірлігінің бөлігі, бір немесе бірнеше сақтау бірлігі.
Жобалық құжаттама:
1) тұрғын үй-азаматтық құрылыс бойынша;
2) өнеркәсіптік құрылыс бойынша;
3) ауыл шаруашылығы құрылысы бойынша;
4) энергетикалық және су шаруашылығы құрылысы бойынша;
5) көліктік құрылыс бойынша бөлінеді.
Топтарды кіші топтарға бөлуге болады.
Жобалық сатыдағы құжаттар жобалау кезектілігі бойынша орналастырылады.
Үлгілік жобалар сериялардың нөмірлері бойынша жүйелендіріледі.
Түрлендірілген бұйымға конструкторлық құжаттама базалық бұйымға жасалған құжаттамадан кейін орналастырылады.
Бұйымдардың сынақтары бойынша құжаттар хронология бойынша, ал жылдың шегінде – техниканың мақсаты, тіркеу нөмірлері бойынша орналастырылады.
Басқа ұйымдардың тапсырыстары бойынша орындалған есептер бөлек жүйеленеді.
1) өнеркәсіптік меншік объектілері (өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, өсімдік сұрыптары, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері);
2) күзеттік құжат (патенттер, куәліктер) бойынша орналастырылады.
Әр түрдің шегінде – патенттердің немесе куәліктердің нөмірлері бойынша, күзеттік құжаттарды беру туралы шешім қабылданған өтінімдердің нөмірлері және күзеттік құжатты беруден бас тарту туралы шешім қабылданған өтінімдердің нөмірлері бойынша.
Есепке алу бірліктерінің ішінде сақтау бірліктері заттаңбаларда белгіленген өндірістік нөмірлердің тәртібімен, ал жиынтықтың ішінде мынадай реттілікпен – түпнұсқалар, көшірмелер болып орналастырылады.
1) түрлеріне қарай – фильмдер, арнайы шығарылымдар, киножурналдар, жеке кино- және телесюжеттер болып;
2) фильмдердің, арнайы шығарылымдардың, киножурналдардың шығу жылдарына қарай, жеке кино- және телесюжеттердің өндірістік нөмірлері бойынша;
3) есепке алу бірліктері (жиынтығы) бойынша;
4) түстілігі (түрлі-түсті, ақ-қара) бойынша;
5) үлдірдің форматы (8 - мм), 16 мм, 35 мм, 70 мм және басқа) бойынша жүйеленеді.
Сақтау бірліктері жиынтықтың элементтері бойынша, олардың ішінде – киноқұжат бөлімдері нөмірлерінің реті бойынша орналастырылады.
Киноқұжаттың жиынтығы бір фильмге, арнайы түсірілімге, киножурналға, кино- және телесюжетке жататын түпнұсқадан және көшірмелерден тұрады.
Белгілі бір түрдің киноқұжаттары мен бейнеқұжаттарына жеке тізімдеме жасалады.
1) түсі әртүрлі негативтер (түрлі-түсті немесе ақ-қара) және 2-8 цифрларымен белгіленетін мөлшерлері (2 цифры 2,5см, х 3,5см., 3 – 6 см х 6 см, 4 – 6 см х 9 см, 5 – 9 см х 12 см, 6 – 10 см х 15 см, 7 – 13 см х 18 см, 8 – 18 см х 24 см) мөлшердегі негативтерге сәйкес келеді) бойынша жүйеленеді.
Көлемі шағын, 6-8 мөлшерлі негативтерді жүйелеу кезінде оларды бір топқа біріктіруге рұқсат етіледі;
2) түсі әртүрлі слайдтар (диапозитивтер);
3) позитивтер, фототаңбалар;
4) фотоальбомдар;
5) диафильмдер;
6) "Э" әрпімен белгіленетін электрондық құжаттар (цифрлық немесе өзге де заманауи жеткізгіштердегі фотоқұжаттар).
Белгілі бір түрдің фотоқұжаттарына жеке тізімдеме жасалады.
Есепке алу бірліктерінің ішінде сақтау бірліктері заттаңбаларда белгіленген өндірістік нөмірлердің тәртібімен, ал жиынтықтың ішінде мынадай реттілікпен – түпнұсқалар, көшірмелер болып орналастырылады.
Фоноқұжаттың жинақтамасы белгілі бір есепке алу бірлігіне жататын түпнұсқадан және көшірмелерден тұрады.
8-параграф. ҰАҚ құжаттарын мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы министрліктерінің, Қазақстан Республикасы агенттіктерінің, Қазақстан Республикасы министрліктері комитеттерінің құжаттары – 15 жыл;
2) Қазақстан Республикасы министрліктерінің, Қазақстан Республикасы агенттіктерінің, Қазақстан Республикасы министрліктері комитеттерінің аумақтық органдарының құжаттары – 10 жыл;
3) акцияларының бақылау пакеті мемлекет меншігіне жататын ұйымдардың, республикалық деңгейдегі өзге де мемлекеттік заңды тұлғалардың құжаттары – 10 жыл;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 10 жыл;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) деңгейдегі мемлекеттік ұйымдардың құжаттары – 10 жыл;
6) қаланың (ауданның) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 5 жыл;
7) қалалық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік заңды тұлғалардың құжаттары – 5 жыл;
8) азаматтық хал актілерінің жазбалары, шаруашылық кітаптар, азаматтарды тіркеу кітаптары, нотариалдық іс-әрекеттердің жазбалары және сот істері мен құжаттары – 75 жыл;
9) ғылыми-зерттеу, технологиялық және патенттік-лицензиялық құжаттама – 10 жыл;
10) тәжірибе-конструкторлық құжаттама – 15 жыл;
11) күрделі құрылыс жөніндегі жобалау құжаттамасы – 20 жыл;
12) картографиялық құжаттама – 25 жыл;
13) геодезиялық құжаттама – 25 жыл;
14) телеметриялық құжаттама – 5 жыл;
15) аудиовизуалды құжаттама – 3 жыл;
16) электрондық құжаттар 5 жыл.
1) тапсырылатын құжаттардың жинақталуы;
2) ілеспе құжаттаманың жинақталуы және дұрыс жасалуы;
3) жеткізгіштердің физикалық және техникалық жай-күйі;
4) вирустардың және өзге де зиянды компьютерлік бағдарламалардың бар-жоғы;
5) мемлекеттік архивтің, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің бағдарламалық құралдарымен бақылау сипаттамаларының көрсетілуі тексеріледі.
Ілеспе құжаттама дұрыс дайындалмаған жағдайда электрондық құжаттары бар жеткізгіштер және ілеспе құжаттама қайта пысықтауға ұйымға қайтарылады.
4-тарау. Архивтік құжаттарды есепке алу
1-параграф. Ұйым архивінің құжаттарын есепке алу тәртібі
Архивтік шифр істердің, құжаттардың, сақтау бірліктерінің тізімдемелері мемлекеттік архивке, Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне тұрақты сақтауға алғаш рет келіп түскен құжаттар ресімделгеннен кейін мемлекеттік архив, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві беретін архив қорының нөмірлерінен тұрады.
1) архив қоры, архивтік коллекция;
2) сақтау бірлігі болып табылады.
Барлық есептік құжаттар архив қоймаларындағы сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша құжаттардың келіп түсуі мен шығарылғандығын есепке алу кітабы;
2) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша істердің, құжаттардың тізімдемесі болып табылады.
Істер, құжаттар тізімдемесі тұрақты, ұзақ (10 жылдан астам) сақталатын істер мен жеке құрам жөніндегі істерді есепке алудың бастапқы есептік құжаты болып табылады.
Қандай да бір аяқталған тізімдеменің барлық істері шығарылған кезде оның нөмірі басқа тізімдемеге берілмейді. "Ескертпе" деген бағанда әрбір шығарылған сақтау бірлігінің тұсына "Шығарылған" деген белгі қойылады.
Жекелеп есепке алу әрбір сақтау бірлігіне жеке нөмір бекіту жолымен жүзеге асырылады.
Тізімдемелердегі істерді, құжаттарды жиынтық түрде есепке алу тізімдемеге қорытынды жазба жазу арқылы жасалады. Қорытынды жазбада сақтау бірліктерінің саны (цифрлармен және дөңгелек жақшаның ішінде жазумен), жиынтық тізімдеме бойынша сақтау бірлігінің бірінші және соңғы нөмірлері көрсетіледі, бар болса жазылмай қалып қойған нөмірлер, литерлік нөмірлері бар сақтау бірліктері, шығарылған сақтау бірліктері туралы ескертіледі.
Жылдық бөлімдерден тұратын аяқталған істер, құжаттар тізімдемелерінде барлық тізімдемелерге ортақ қорытынды жазба болады.
Істердің шығарылуына, келіп түсуіне, біріктірілуіне немесе бөлінуіне байланысты тізімдемедегі істер, құжаттар көлемінің әрбір өзгерісі тиісті құжаттар негізінде тізімдемеге жасалған қорытынды жазбада көрсетіледі.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің істер, құжаттар тізімдемелері тізімдемеге енген жылдардың істері мемлекеттік архивке, Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне тұрақты сақтауға тапсырылғанға немесе жоюға бөлінгенге дейін архив қорының істерінде сақталады;
3) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша істің куәландыру парағы;
4) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ұйымдар архивтерінің паспорттары;
5) архив қорының ісі жасалады.
Ұйым архиві қосымша есепке алу құжаттарын: архив қорларының істердің, тізімдемелердің қозғалысын есепке алу кітабын, жеке құрам жөніндегі істерді есепке алу кітабын, басқа архивтерге тапсырылған құжаттарды есепке алу кітабын, жоюға бөлінген істерді есепке алу кітабын жүргізуге құқылы.
Қосалқы есепке алу құжаттары қағаз және/немесе электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.
Құжаттардың әрбір келіп түсуі немесе шығуы дербес реттік нөмір алады.
Егер құжаттар бірнеше архив қорынан келіп түссе, онда әрбір архив қоры бойынша деректер (архив қорының атауы, бар болса оның нөмірі және тағы басқалары) сол реттік нөмірмен жаңа жолдан жазылады.
Жыл сайын құжаттардың келіп түсуін және шығуын есепке алу кітабында жыл бойы келіп түскен және шыққан құжаттар санының қорытындысы шығарылады.
1) тарихи анықтама;
2) архив қорын жүйелеу схемасы;
3) тексеру парақтары;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшелері істерінің тізімдемелері (осы жылдардағы істер мемлекеттік архивке, Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне тұрақты сақтауға тапсырылғанға немесе жоюға бөлінгенге дейін);
5) істерді, құжаттарды тиісті мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыру актілері;
6) сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілер;
7) табылмаған архивтік құжаттарды есепке алу карточкалары;
8) істердің бар-жоғы мен жай-күйін тексеру туралы актілер және архив қорының құрамы мен көлеміндегі өзгерістерді белгілейтін басқа да құжаттар ұйым архивінің барлық есептік құжаттарына өзгерістер енгізілгені туралы белгі қойылғаннан кейін ғана архив қоры ісіне енгізіледі.
Актілер архив қоры шегінде актілердің түрлері бойынша жалпы тәртіппен нөмірленеді.
Архив қоры істеріндегі барлық құжаттар олардың құрылуының хронологиялық ретімен орналастырылады. Архив қоры істерінің құжаттарына ішкі тізімдеме жасалады, істің парақтары нөмірленеді, қор ісіне уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша куәландыру парағы толтырылады. Архив қорының толықтырылуына қарай куәландыру парағы мен ішкі тізімдеме қайта жасалады.
Архив қорының әр ісіне тиісті архив қорының нөмірі қойылады.
Жеке түгендеу кітаптары:
1) жобалық құжаттаманың түпнұсқаларына;
2) басқа ұйымдардың жобалық құжаттарының көшірмелеріне;
3) үлгілік жобаларға жүргізіледі.
Жобалық құжаттама көшірмелері түптелген томдар бойынша есепке алу карточкаларында тіркеледі.
Конструкторлық және технологиялық құжаттаманың қабылданған түпнұсқалары түйіндер бойынша парақтап тіркеледі.
Басқа ұйымдардан қабылданған конструкторлық және технологиялық құжаттардың көшірмелері әрбір папкаға, альбомға немесе жеке құжатқа жасалатын жеке түгендеу кітабында және есепке алу карточкаларында тіркеледі.
Электрондық құжаттар архив қорының құрамында тұрақты сақталатын электронды құжаттардың тізімдемелері, есепке алу бірліктері және сақтау бірліктері бойынша есепке алынады. Электрондық ақпарат жеткізгіштегі құжаттардың ақпараттық көлемі мегабайттарда (бұдан әрі – Мбт) көрсетіледі.
2-параграф. Деректер базасын есепке алу және жүргізу тәртібі
Есептік деректер базасында дәстүрлі негізгі есепке алу құжаттарының деректемелері пайдаланылады.
5-тарау. Архивтік құжаттарды пайдалану
1-параграф. Ғылыми-анықтамалық аппарат үшін архивтік құжаттарды сипаттау тәртібі
Ұйымдар архивтерінің ҒАА жүйесінің сабақтастығы оны құрудың талаптары мен қағидаттарының біртұтастығына негізделеді.
1) архив қоры;
2) сақтау бірлігі;
3) архивтік құжат.
1) идентификациялау ақпараты (архив қорының, сақтау бірлігінің атауы мен анықтамалық деректері);
2) ақпараттың құрамы мен мазмұны туралы;
3) ақпаратқа қол жеткізу шарттары және пайдалану шарттары туралы;
4) архив қорының тарихы жөніндегі мәліметтерді қамтитын сипаттаушы бап болып табылады.
1) архив қорының атауын;
2) архив қоры туралы анықтамалық деректерді (архивтік шифр (қор нөмірі), құжаттаманың түрлері бойынша сақтау бірліктеріндегі архив қорының көлемін, құжаттаманың әрбір түрі бойынша архивтік құжаттардың соңғы даталарын, қолда бар қорішілік ғылыми-анықтамалық аппараттың тізбесін;
3) архив қорына тарихи анықтаманы;
4) архивтік құжаттардың құрамы және мазмұны туралы аннотацияны;
5) қолжетімділік туралы ақпаратты;
6) библиографияны қамтиды.
1)сақтау бірлігінің реттік нөмірін;
2)бұрынғы тіркеу нөмірін;
3)сақтау бірлігінің тақырыбын;
4)сақтау бірлігі туралы анықтамалық деректерді;
5)түпнұсқалығын немесе көшірмесін көрсетуді;
6) жеткізгіш түрін немесе жарыққа шығару тәсілін көрсетуді;
7)сақтау бірлігінің архивтік құжаттардың қолжетімділік шарттары, тілі және сыртқы ерекшеліктері туралы ақпаратты қамтиды.
Басқару құжаттамасының сақтау бірлігінің, жеке тұлғалардың архивтік құжаттарын сақтау бірлігінің тақырыбы архивтік құжаттар түрінің атауын, архивтік құжаттың (құжаттардың) авторын (авторларын), құжаттар жіберілген немесе алынған адресатты (адресаттарды) немесе корреспондентті (корреспонденттерді), көрсетілген құжаттардың мазмұнына қатысты болатын мәселені немесе нәрсені, оқиғаның, фактінің, орнының атауын, тұлғаның тегі мен аты-жөнін, оқиғаның датасын қамтиды.
Қажетті мәліметтер болмаған жағдайда тақырыпқа түсіндірме ақпарат – "авторы белгісіз", "датасы жоқ", "ж....бұрын емес" жазылады.
Жобалық немесе конструкторлық құжаттаманың сақтау бірлігінің тақырыбы объектінің шифрін, жобаның, сатының, бөліктің атауын, томның нөмірін, авторын, әзірлеменің аяқталған жылын қамтиды.
Кинобейнеқұжатты есепке алу бірлігінің тақырыбы фильмнің, арнайы шығарылымның, киножурналдың авторлық атауын немесе кинода немесе телесюжетте бейнеленген оқиғаның атауын, шығарылған датасын және/немесе түсірілімнің датасын, түсірілім режиссерінің және/немесе операторының тегі мен инициалдарын, құжаттың тілін қамтиды.
Фоноқұжатты есепке алу бірлігінің тақырыбы фоноқұжаттың атауын және жанрын, фоноқұжатта көрсетілген оқиғаның атауын, орнын және датасын қамтиды. Фононқұжаттың атауы болмаған жағдайда теле- немесе радиохабардың, сөйленген сөздің, әңгіменің және басқаларының негізгі мазмұны көрсетіледі. Әдебиет және өнер туындысының жазбасы бар фоноқұжатты есепке алу бірлігінің тақырыбы туындының және оның жанрының атауын, егер фоноқұжатта авторлық атауы белгісіз және бұрын жарияланбаған туынды болса, тырнақшаға алынған мәтіннің бірінші жолын, туындының өзінің, содай-ақ оның өңделуінің, үзіндісінің, аудармасының авторларының және/немесе орындаушыларының тегі мен инициалдарын, фоноқұжаттың тілін қамтиды.
Фотоқұжатты сақтау бірлігінің тақырыбы суреттің немесе фотоальбомның, слайдтың, негативтің сипаттамасын, автордың тегі мен инициалдарын, түсірілген орны мен датасын қамтиды.
Сақтау бірлігі туралы анықтамалық деректер архивтік шифрдің (архив қоры нөмірін, істердің, құжаттардың тізімдеме нөмірлерін, сақтау бірлігінің нөмірін) элементтерін, сақтау бірліктерінің деректер көлемін, архивтік құжаттардың соңғы даталарын қамтиды.
Сақтау бірлігінің архивтік құжаттарына қол жеткізу шарттары, тілі және сыртқы ерекшеліктері туралы ақпарат оларға қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе қор жасаушымен шектелген архивтік құжаттардың бар болуы туралы мәліметті, сондай-ақ аса құнды құжаттар түпнұсқаларының бар болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы ұлттық игілік объектілеріне жатқызылған құжаттар мен физикалық жай-күйі қанағаттанғысыз жағдайдағы құжаттар туралы, пайдалану қорының бар болуы туралы архивтік құжаттың тілі мен сыртқы ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтиды.
Сипаттаушы бап архив қоры мен оның құрылымдық бөліктерінің (істер, құжаттар тізімдемесі) атауымен, жекелеген архивтік құжаттардың немесе олардың осы сақтау бірлігі топтарының аннотациясымен толықтырылады.
1)архивтік құжаттың тақырыбы;
2)архивтік құжат туралы анықтамалық деректер;
3)түпнұсқалығына/көшірме екеніне нұсқау;
4)жеткізгіштің түрі (немесе жарыққа шығару тәсілі).
5)архивтік құжатқа қол жеткізу шарттары, тілі және сыртқы ерекшеліктері туралы ақпарат.
Архивтік құжаттың тақырыбы – архивтік құжат түрінің атауын, авторын, құжат жіберілген немесе алынған адресатты немесе корреспондентті, көрсетілген құжаттың мазмұнына қатысты мәселені немесе нәрсені, оқиғаны, фактіні, тұлғаны, орынның атауын, оқиғаның датасын қамтиды. Қажетті мәліметтер болмаған жағдайда тақырыпқа "авторы анықталған жоқ", "датасы қойылмаған" деген түсіндірме ақпарат жазылады. Тақырып, қажет болған жағдайда, осы құжат тақырыбында көрсетілмеген мазмұнын ашатын аннотациямен толықтырылады.
Архивтік құжат туралы анықтамалық деректер архивтік шифр элементтерінен (қор нөмірінен, істер, құжаттар тізімдемесінің нөмірінен, сақтау бірлігінің нөмірінен, парақтар нөмірлерінен), архивтік құжаттың көлемінен (парақтар санынан), оның жасалған датасынан тұрады.
Архивтік құжаттарға қол жеткізу шарттары, тілі және сыртқы ерекшеліктері туралы ақпарат оларға қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе қор жасаушымен шектелген аса құнды құжаттың Қазақстан Республикасының ұлттық игілік объектілеріне жатқызылған құжаттың және/немесе физикалық жай-күйі қанағаттанғысыз жағдайдағы құжаттың мәртебесі туралы мәліметтерді қамтиды.
Бір мәселе бойынша іс жүргізудің бірізділігіне байланысты құжаттардан тұратын сот, тергеу, жеке, дербес, төрелік және басқа істердің тақырыптары "іс" деген сөзбен басталады.
Бір мәселе бойынша іс жүргізудің бірізділігіне байланысты емес құжаттардан тұратын сақтау бірліктерінің тақырыптары, негізгі құжатқа (бұйрыққа, өкімге, хаттамаға) қосымша-құжаттар немесе жеке тұлғалардың архив қорындағы құжаттың түрі бойынша әрқилы құжаттар "құжаттар" деген сөзбен аяқталады. Мұндай тақырыптың соңында жақшада осы құжаттардың түрлері көрсетіледі.
Хат алмасуды қамтитын сақтау бірлігінің тақырыбында корреспонденттердің ресми атаулары және хат алмасудың мәселесі (мәні) көрсетіледі. Хат алмасу біртекті корреспонденттермен жүргізілген жағдайда, тақырыпта корреспонденттердің жалпы түрінің атауы көрсетіледі.
Құжаттардың мазмұнын білдіретін мәселені (мәнін) баяндау тақырыптың негізгі бөлігі болып табылады және істің түрін, құжаттардың авторы, корреспонденті (адресаты) көрсетілгеннен кейін жазылады.
Статистикалық есептерді қамтитын сақтау бірліктерінің тақырыптары статистикалық есеп нысандарының нөмірлері көрсетіліп құрастырылады.
Баспа материалдарын аннотациялау кезінде құжаттың түрі, оның атауы немесе құжаттың бастапқы сөздері (атауы болмаған кезде), шығу деректері көрсетіледі.
Сызба және басқа бейнелеу материалдарының аннотацияларында құжаттың материалы, түрі, пішіні және оның орындалу тәсілі, карталар үшін – масштабы көрсетіледі.
Аннотацияның соңында "атап өтіледі" деген айдармен тұлғалардың аты, ұйымдардың атауы, географиялық атаулар және құжаттарда айтылған әрі айтарлықтай маңызы бар мәліметтер келтіріледі (санамаланады).
Аннотацияланатын құжаттардың көлемі ауқымды болса, аннотация құжаттың мұқабасы мен бірінші парағының арасына салынатын жеке парақта жасалады.
2-параграф. Құжаттарды сипаттау кезінде даталарды қою тәртібі
Құқықтық актілердің даталары оларға қол қойылған (бекітілген) уақыт бойынша көрсетіледі. Егер құжаттардың датасы көрсетілмеген болса, онда даталар жарияланған немесе күшіне енген күні бойынша көрсетіледі.
Бағдарламалар, жоспарлар, шығыстар сметалары, штаттық кестелер, есептер үшін даталар қойылмайды.
Егер істегі қосымша-құжаттарға істің ең бірінші құжатынан бұрын даталар қойылған болса, онда олардың даталары жаңа жолдан "... жылғы құжаттар бар" деп атап өтіледі.
Тіркеу кітаптары мен журналдарының бастапқы және соңғы даталары бірінші және соңғы жазбаның даталары болып табылады.
Іс түпнұсқаларынан айтарлықтай кейінірек жасалған немесе қор жасаушы алған құжаттардың көшірмелерінен тұратын істердің бастапқы және соңғы даталары көшірмелерді дайындау даталары болып табылады (түпнұсқалардың даталары тақырыпта көрсетіледі).
Егер іс бір ұйымда басталып, басқа ұйымда аяқталса, онда үш дата: бірінші ұйымның іс жүргізуінде істің басталу датасы, оның екінші ұйымға келіп түскен датасы және соңғы ұйымның іс жүргізуінде оның аяқталған датасы (алғашқы екі дата бөлшек түрінде белгіленеді) көрсетіледі.
3-параграф. Істердің, құжаттардың тізімдемесін жасау тәртібі
1) сақтау бірлігінің реттік нөмірін;
2) іс жүргізу индексін немесе өндірістік нөмірін;
3) сақтау бірлігінің тақырыбын;
4) құжаттардың соңғы даталарын;
5) сақтау бірлігіндегі парақтар санын;
6) құжаттардың көшірмелілігіне нұсқауды;
7) құжаттарды жарыққа шығару тәсілін қамтиды.
Қажет болған жағдайда сипаттаушы бап сақтау бірлігінің жекелеген құжаттарының аннотациясымен толықтырылады.
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша титулдық парақ;
2)мазмұны (тақырып мазмұны);
3)алғысөз;
4)қысқартылған сөздер тізімі;
5)сілтегіштер кіреді.
4-параграф. Тарихи анықтаманы жасау тәртібі
Архив қорына тарихи анықтама қор жасаушының тарихы және архив қорының тарихы бойынша ақпарат негізінде қалыптастырылады.
Қор жасаушының тарихы жөніндегі ақпарат оның құрылған даталарын, ведомстволық бағыныстылығын, құрылымы мен функциясын, бұрынғы ұйым мен құқықтық мұрагерінің атауын, тіркелген күнін немесе атауы өзгерген, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ таратылған жағдайларда қайта тіркелген даталарын қамтиды. Жеке тұлғалардың архив қорының қор жасаушысы туралы ақпарат оның қысқаша өмірбаян деректерін (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), бүркеншік есімін (бар болса), қыз кезіндегі тегін (бар болса), өмірінің даталарын, кәсібін, қызметтік және қоғамдық қызметі туралы деректерді) қамтиды. Отбасының, әулеттің архив қоры үшін осындай мәліметтер туыстардың әрқайсысы туралы беріледі. Біріктірілген архив қоры үшін ортақ тарихи анықтама жасалады.
Архив қорының тарихы жөніндегі ақпарат оның архивке келіп түскен датасын, архивтік құжаттардың көлемі мен бастапқы және соңғы даталарын, олардың сақталу дәрежесін, қалыптастыру, сипаттау және жүйелеу ерекшеліктерін, архив қорының құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер мен олардың себептері туралы, басқа ұйымдардың немесе тұлғалардың архивтік құжаттарының бар болуы туралы (қорға енгізілуі), архив қорына ҒАА құрамы туралы ақпаратты қамтиды. Архивтік коллекция үшін уақыты, шарттары, оның жасалуының себептері, қалыптастыру қағидаттары, архивке келіп түскенге дейінгі коллекцияның тұрған орны, құрастырушы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қорға тарихи анықтама архив қорының көлемі өзгерген кезде, сондай-ақ қор жасаушы қайта ұйымдастырылған, құрылымы, функциялары өзгерген жағдайларда толықтырылады.
Архив қорының архивтік құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы аннотация тақырыптар хронологиясын көрсетіп және олардың географиялық (әкімшілік-аумақтық) шекараларын белгілей отырып, қор жасаушының қызмет бағытын айқындайтын құжаттардың түрі бойынша қысқаша қорытынды сипатын және тақырыптары бойынша олардың мазмұнын қамтиды.
Архив қорының архивтік құжаттарына қол жеткізудің және оларды пайдаланудың шарттары оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе қор жасаушымен шектелген архивтік құжаттардың бар-жоғы туралы мәліметті, сондай-ақ аса құнды құжаттардың түпнұсқаларының бар-жоғы, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық игілік объектілеріне жатқызылған құжаттар мен физикалық жай-күйі қанағаттанғысыз жағдайдағы құжаттар туралы, пайдалану қорының бар-жоғы туралы мәліметтерді қамтиды.
Архив қорына жасалған библиография осы қор бойынша анықтамалықтар мен оның негізінде орындалған құжаттық жарияланымдар тізімін қамтиды.
Тарихи анықтама төрт данада басылады. Үш данасы архив қоры құжаттары бірінші тапсырылған кезде мемлекеттік архивке, Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне беріледі, біреуі ұйым архивінің қор ісінде сақталады.
5-параграф. Каталогтар мен картотекаларды жасау тәртібі
Әртүрлі каталогтар жиынтығы каталогтар жүйесін құрайды.
Каталогтау жұмыстың жеке түрі ретінде (тақырыптық әзірлеме), сондай-ақ құжаттарды сипаттаумен және іздеп табумен байланысты жұмыстың басқа түрлері процесінде (қосымша (жолай) каталогтау) жүргізілуі мүмкін.
Каталогтау кезінде саралап жіктеу әдісі қолданылады, ол:
1) архив қорын, олардың құрылымдық бөліктерін таңдау ретін анықтауға;
2) істерді, құжаттарды және олардан ақпаратты іріктеуге;
3) құжаттық ақпаратты сипаттаудың тиісті әдістерін қолдануға сайып келеді.
1) жіктеу схемасын құрастыруды;
2) құжаттарды іздеп табуды және іріктеуді;
3) каталогтық карточкаларда сипаттауды;
4) карточкаларды жүйелеуді;
5) каталогтарды жүргізуді қамтиды.
Құжатты ақпараттық жіктеу схемасы белгіленген ретпен орналасқан және көрсетілген бөліктер бойынша құжаттардан мәліметтерді бөлуге арналған каталогтардың бөлінген жіктелу тізбесі бар жазба немесе графикалық құжат болып табылады.
Атаулы каталогта құжаттық ақпарат құжаттарда аталатын немесе олардың авторы болып табылатын тұлға тегінің әліпбиі бойынша жіктеледі. Одан әрі жүйелеу хронологиялық немесе қисынды жүйелілік пен жүргізіледі.
1) ұйым архивінің атауы;
2) индексі;
3) айдар, айдарша;
4) оқиға уақыты, оқиға орны;
5) мазмұны;
6) архив қорының нөмірі, архив қорының атауы;
7) істер (құжаттар) тізімдемесінің, сақтау бірлігінің, парақтардың нөмірі;
8) құжат тілі;
9) құжатты жаңғыртудың әдісі кіреді.
Каталогтар бөлімдерінің арасындағы немесе каталогтар бөлімдері мен басқа архивтік анықтамалықтардың арасындағы байланыс үшін сілтеме жасау жүйесі қолданылады.
1) жұмысты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
2) карточкаларға индекстер қою;
3) карточкаларды индекстер мен айдарлар бойынша жүйелеу;
4) каталогқа сілтеме аппаратын құрастыру;
5) каталогты жетілдіру кіреді.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жекелеген архив қорлары (немесе олардың топтарын) каталогтау бойынша әдістемелік құралдар, каталогтарды жіктеудің жұмыс схемаларын әзірлеуді, оларды нақтылау мен толықтыруды қамтиды.
Карточкаларға индекстер қою жіктеудің схемасы бойынша индексті таңдау немесе құрастыру және оны каталогтық карточканың тиісті ақпаратына жатқызу болып табылады. Атаулы каталогта карточкаларға индекс қойылмайды және ол әліпби бойынша орналасады.
1) киноқұжаттың авторлары (режиссері, сценарисі және операторы) туралы мәліметі бар атаулы картотека, киноқұжаттың шығарылған уақыты туралы мәліметі бар хронологиялық картотека, киноқұжаттардың атаулары туралы, әліпбилік ретпен орналасқан, мәліметі бар әліпбилік картотека;
2) фотоқұжаттарда өздері туралы ақпарат қамтылған тұлғалар туралы мәліметі бар атаулы картотека және фотоқұжаттарда олар туралы ақпарат бар объектілер, оқиғалар туралы мәліметтері бар объектілік картотека;
3) фоноқұжатқа жазылған көркемсуреттің, музыкалық немесе құжаттық туындының авторы және орындаушысы туралы мәліметі бар атаулы картотека, фоноқұжатқа жазылған көркемсуретті, музыкалық немесе құжаттық туындылар туралы мәліметі бар жанрлық картотека;
4) бейнеқұжаттардың әліпбилік реттегі атаулары туралы мәліметі бар әліпбилік картотека, бейнеқұжаттың шығарылған күні туралы мәліметі бар хронологиялық картотека.
1) күрделі құрылыс объектілеріне және құрастыру объектілеріне объектілік каталог;
2) жобалардың, әзірлемелердің, бұйымдардың, зерттеу тақырыптары авторларының тегі бойынша құрастырылған атаулы каталог;
3) орналасқан орны бойынша жобалау объектілеріне географиялық каталог;
4) әліпбилік ретімен ғылыми-техникалық әзірлемелер атаулары бойынша әліпбилік каталог.
Жалпы пәндік сілтегіш әртүрлі ұғымды қамтиды.
Арнайы пәндік сілтегіш біртектес ұғымдарды (құжаттар түрін, авторлардың тегін, ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауларын, салалардың атауларын) қамтиды.
Атаулы сілтегіш әліпби тәртібімен жасалады және тегін, атын, әкесінің атын (әркелкі оқылуы, бүркеншік есім, лақап аты, жалған аты) және өмірбаяндық анықтаманы қамтиды.
Географиялық сілтегіш мемлекеттің, әкімшілік-аумақтық бірліктің, теңіздің, өзеннің және өзге де географиялық объектілердің атауларын қамтиды.
Жалпылаушы ұғымдар немесе әкімшілік-аумақтық атаулар сілтегішке түсіндірмесіз енгізіледі.
Шолу жекелеген құжаттар кешенінің құрамы мен мазмұны туралы жүйеленген мәліметтерді қамтиды.
Аннотацияда сақтау бірлігі, құжаттар тобының мазмұны баяндалады, құжаттардың негізгі түрлері, олардың авторлары, хронологиялық шектері, түпнұсқалығы, іздестіру деректері көрсетіледі.
Архив қорының шолуында іздестіру деректері істер, құжаттар тізімдемелерінің, сақтау бірлігінің, сақтау бірлігі парақтарының нөмірлерінен тұрады. Қораралық тақырыптық шолуда іздестіру деректері қорлардың нөмірлерімен толықтырылады.
Шолудың ҒАА титулдық парағы, мазмұны (тақырып атаулары), алғы сөз, қысқартылған сөздер тізімі, сілтегіштер кіреді. Тақырыптық шолуға олар туралы ақпарат шолуда қамтылған архив қорларының тізімі және тақырып бойынша библиография жасалады.
Шолуға алғы сөзде қор жасаушының тарихы және архив қорының тарихы, шолудың құрылымы, ҒАА құрамы бойынша мәлімет баяндалады.
Кино, - бейнеқұжаттың монтаждық парағы – аяқталған кинотуындының (фильмнің, арнайы шығарылымның, киножурналдың, телесюжеттің) әр кадрын сипаттауды білдіреді. Монтаждық парақ кинотуындыны жасау процесінде түзіледі және киноқұжатқа немесе бейнефонограммаға мәтіндік ілеспе құжаттама құрамында ұйым архивіне түседі.
Кинобейнеқұжаттың монтаждық парағы болмаған жағдайда ол ұйым архивінде жасалады және бас әріптен жазылған жазулардан, сипаттаушы баптардан және қорытынды жазбадан тұрады.
1) архивтің атауы;
2) монтаждық парақтың нөмірі және оның сипаттамасы (дыбысталуы, түсі, бөлімдер санын) көрсетілген киноқұжаттың атауы;
3) студияның атауы, киноқұжат шығарылған дата, фильмнің авторлары (режиссерлер, операторлар, сценарий авторлары) көрсетіледі.
Кинобейнеқұжаттың монтаждық парағында мәліметтер мынадай реттілікпен көрсетіледі:
1) реті бойынша жоспардың нөмірі;
2) жоспарды айқындау (жалпы, орташа немесе ірі);
3)жоспардың метражы (кадрдың оннан біріне дейінгі дәлдікпен);
4) киноқұжат жоспарын бейнелеудің қысқаша мазмұны.
Монтаждық парақ соңында монтаждық парақты құрастырушының лауазымы, тегі және құрастырылған күні көрсетіледі.
6-параграф. Ұйым архивінің автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратын жасау тәртібі
Автоматтандырылған режимде істердің электрондық номенклатурасы болған жағдайда істегі құжаттарды есептен шығару және істерден құжаттарды алу жүзеге асырылады.
Істер номенклатурасының негізгі іздестіру деректемелері – істің индексі, істің (томның, бөлімнің) тақырыбы, істің (томның, бөлімнің) саны, тізбе бойынша сақтау мерзімі мен тармағы болып табылады.
1) жазбаның реттік нөмірі (істің нөмірі);
2) істің индексі;
3) істің тақырыбы;
4) түпнұсқалығына (көшірмесіне) нұсқау;
5) құжаттардың соңғы күндері;
6) істегі парақтар саны;
7) құжаттар аннотациясы.
Электрондық каталогта сипаттаудың негізгі деректемелері:
1) индекс, айдар, айдарша;
2) оқиғаның уақыты, оқиғаның орны;
3) мазмұны;
4) архив қорының атауы, архив қорының нөмірі;
5) істер, құжаттар тізімдемесінің нөмірі;
6)істің, құжаттың нөмірі, парақтың нөмірі болып табылады.
Архив қорының атауы, архив қорының нөмірі, істер, құжаттар тізімдемесінің нөмірі, істің нөмірі, парақтың нөмірі есептік сипаттамаларды қамтиды және олар есепке алудың автоматтандырылған жүйесінен өзгереді.
Сипаттау объектісін сипаттайтын түйінді сөздер жүйеге сипаттау процесінде немесе ол аяқталғаннан кейін енгізіледі. Түйінді сөздер пайдаланушыға архив қоры, істер тізімдемесі, іс, құжат деңгейіндегі ақпаратты жедел іздестіруге мүмкіндік береді.
Материалдардың толық мәтінін (архивтік құжаттарды, журнал мақалаларын, заңнамалық актілерді) қамтитын толық мәтінді деректер базасы бойынша ақпарат іздеу пайдаланушының қажет болған жағдайда тиісті мәтінге ауыса отырып, құжат тақырыбының бөлімдеріне назар аударуын көздейді.
Пайдаланушыға құжаттың толық мәтінінің көшірмесін жедел алуға мүмкіндік беріледі.
Толық мәтінді құжаттар бойынша ақпарат іздеу тезаурустың баспа нұсқаларынан таңдап алынатын дескрипторлар, жіктеу индекстері немесе құжат мәтінінен алынған сөздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Автоматтандырылған ҒАА деректер базасының құрылымында деректемелердің болуы және осы деректемелер бойынша электрондық форматта ақпарат беру ұйым архивінің деректер базасы мен мемлекеттік архивтің автоматтандырылған ҒАА үйлесуін қамтамасыз етеді.
7-параграф. Пайдаланушылардың сұратуларын орындау тәртібі
Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ жекеменшіктегі архивтік құжаттардың меншік иесінің немесе иесінің өкіміне сәйкес қол жеткізу шектелмесе, барлық архивтік құжаттар ашық болып табылады.
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған мәліметтерді қамтитын архивтік құжаттар;
2) дербес деректерді қамтитын архивтік құжаттар;
3) меншік иесі немесе иесі оларға қол жеткізу мен оларды пайдалануға шектеу белгілеген архивтік құжаттар жатады.
Қол жеткізу шектелген архивтік құжаттарға физикалық жай-күйі қанағаттанғысыз деп танылған құжаттар да жатады.
Пайдаланушылардың көрсетілген құжаттарға қол жеткізуі, сондай-ақ оларды пайдалануы, ерекше жағдайларда, ұйым басшысының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
1) пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша, сондай-ақ бастамашылық тәртіппен ұйым архивінде қандай да бір құжаттардың бар-жоғы және олардың мазмұны туралы ақпарат беру;
2) ұйым архивінің оқу залында жұмыс істеу үшін құжаттар беру;
3) құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану;
4) ақпараттық іс-шараларға (көрмелер, конференциялар, презентациялар) дайындалу;
5) құжаттарды уақытша пайдалануға беру болып табылады.
1) архивтік анықтама;
2) архивтік көшірме;
3) архивтік үзінді;
4) ақпараттық хат;
5) архивтік құжаттардың тақырыптық тізбесі;
6) архивтік құжаттар көшірмелерінің тақырыптық іріктемесі;
7) архивтік құжаттарды тақырыптық шолу болып табылады.
1) белгілі бір проблема, тақырып, оқиға, факт бойынша ақпарат беру туралы сұратулар (тақырыптық сұратулар);
2) екі немесе одан көп тұлғалардың туыстығын, туыстық байланысын, отбасының тарихын, тегін анықтау үшін қажетті ақпарат беру туралы сұрату (генеалогиялық сұрату);
3) әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрату (жұмыс өтілі мен жалақы мөлшерін, жасын растау, отбасының құрамы, білімі, марапатталуы, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылғаны, ғылыми дәреже мен атақтар берілгені, жазатайым оқиғалар, емделуде, эвакуациялауда болғаны, қуғын-сүргін қолданылғаны туралы, ақталғаны туралы, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметі, экологиялық апат аймағында тұрғаны, бас бостандығынан айыру орынында болғаны туралы, азаматтық хал актілері туралы сұратулар.
Архивтік анықтаманың мәтінінде архивтік құжаттардың архивтік анықтама жасауға негіз болған мазмұны бойынша өзгерістерге, түзетулерге, түсініктемелерге, орындаушының жеке тұжырымына жол берілмейді.
Архивтік анықтамаға архивтік анықтамада баяндалған мәліметтерді растайтын архивтік құжаттардың көшірмелері немесе олардан үзінділер қоса беріледі.
Әрбір үзіндінің басталуы мен соңы, сондай-ақ архивтік құжат мәтініндегі жекелеген сөздердің болмағаны көп нүктемен белгіленеді.
Архивтік үзінді мәтініне ескертпеде түпнұсқа мәтінінің түсініксіз жазылған, автор түзеткен, мәтіннің бүлінуі салдарынан оқылмайтын бөліктері туралы тиісті ескертулер жасалады. Түпнұсқаның дәлдігіне күмән келтірілетін жекелеген сөздері мен тіркестері "Түпнұсқа мәтінінде солай", "Құжатта осылай" деген сөздермен ескертіледі.
Сұрату бойынша берілген архивтік үзінділердің теңтүпнұсқалығы ұйым басшысының қол қоюымен және ұйымның мөрімен куәландырылады.
Архивтік көшірменің немесе архивтік үзіндінің мәтінінен кейін құжаттың архивтік шифрі және архивтік құжаттың сақтау бірліктерінің парақтар нөмірі көрсетіледі. Егер көшірме немесе үзінді бір парақтан артық болса, архивтік шифр әрбір парақтың сырт жағына қойылады. Архивтік көшірменің немесе архивтік үзіндінің барлық парағы тігіледі, нөмірленеді және тігілген жерде ұйым архивінің мөрімен бекітіледі.
Жеке құжаттардың түпнұсқасы ұйым басшысының рұқсатымен өтініш білдірушілерге жеке басын куәландыратын құжатын, ал олардың туыстарына немесе сенім білдірілген адамына нотариалды куәландырылған сенімхатты көрсеткен кезде беріледі. Жеке түпнұсқа құжаттар өтініш білдірушіге бағалы хатпен жіберіледі.
8-параграф. Істерді, құжаттарды оқу залына және уақытша пайдалануға беру тәртібі
Оқу залының жұмыс тәртібін ұйым басшысы белгілейді.
Ұйым архивінде оқу залына арнайы бөлінген бөлме болмаған жағдайда пайдаланушылар құжаттармен жұмысты ұйым архивінің немесе басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыс бөлмелерінде ұйым архиві қызметкерінің бақылауымен жүргізеді.
Жеке өтініште немесе хатта пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, тақырыбы және зерттеудің хронологиялық шегі көрсетіледі.
Оқу залында жұмыс істеуге рұқсатты ұйым басшысы пайдаланушыға қажетті мерзімге, ресімделген күнінен бастап 1 жылдан аспайтын мерзімге береді.
1) физикалық жай-күйі нашар болса;
2) пайдаланылуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген немесе қор жасаушы белгілеген шектеулер болса;
3) қызметтік тапсырманы орындау үшін құжаттар ұйым архиві жұмыскерлерінің пайдалануында болса;
4) құжаттар уақытша пайдалануға немесе оқу залында басқа пайдаланушыға берілген болса істерді, құжаттарды беруден бас тарту немесе кейінге шегеру жүзеге асырылады.
Ұйым архивінің құжаттарды беруден бас тартуы оның себептері көрсетіліп жазбаша нысанда беріледі.
Физикалық жай-күйі қанағаттанғысыз архивтік құжаттардан көшірме алу жүргізілмейді.
Қол жеткізу шектелген (құпия және жасырын ақпараты бар) архивтік құжаттардан көшірме алу белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Көшірме түсіруге тапсырыстарды есепке алу қағаз немесе электрондық нысанда жүргізіледі.
9-параграф. Құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану тәртібі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК