Мәдениет туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мұражай", "мұражайларға", "мұражайлардың" деген сөздер тиісінше "музей", "музейлерге", "музейлердің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
1-1) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын басылым (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;
1-2) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1-3) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1-4) көркем құндылықтар – шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;
2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;
2-1) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі – баспасөз архиві) – Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;
2-2) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар;
2-3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогі – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс;
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;
3-1) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы – қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3-2) қоғамдық маңызы бар әдебиет – қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар;
3-3) қоюшы (қоюшы режиссер, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретші) (бұдан әрі – қоюшы) – дербес көркемдік шешім негізінде театр, цирк немесе өзге де өнер туындыларының қойылымын жүзеге асыратын жеке тұлға;
3-4) материалдық емес мәдени мұраны қорғау – материалдық емес мәдени мұраның сәйкестендірілуін, құжаттандырылуын, зерттелуін, сақталуын, қорғалуын, кеңінен танылуын, рөлiнің артуын, сондай-ақ жаңғыртылуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолдану;
3-5) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі – Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтар тізбесі;
4) мәдениет – жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтар жиынтығы;
5) мәдениет қызметкері - кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;
7) мәдениет саласындағы қызмет – мәдени қызмет субъектілерінің мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, қорғау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын тарту жөніндегі қызметі;
8) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені;
9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) мәдениет ұйымдары - қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау - мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
12) мәдени құндылықтар – тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар;
12-1) мәдени қызмет субъектілері – мәдениет саласындағы қызметке қатысатын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар;
13) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;
13-1) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;
13-2) музей дерекқоры – музей заттары мен музей коллекцияларының мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ететін, музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтердің жиынтығы;
13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарда өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар;
13-4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
13-5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
13-6) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
13-7) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер – шақырушы мәдениет ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмайтын шығармашыл қызметкерлер;
13-8) театрлық қойылым – театр өнерінің драмалық, музыкалық-драмалық немесе әдеби шығармалар негізінде жасалған, көркем ойы мен нақты атауы бар туындысы;
14) ұлттық мәдени игілік – ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтар;
15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ұстау, қалпына келтіру, қорғау және пайдалану жөнінде мемлекет қабылдайтын шаралар;
16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық - мәдени игіліктің тізбесі;
16-1) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16-2) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16-3) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16-4) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16-5) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16-6) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16-7) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) шығармашыл қызметкер - кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке адам;
18) шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсілмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған қызмет;
19) шығармашылық одақ - мәдениеттің бір немесе бірнеше жанры кәсіби шығармашыл қызметкерлерінің өздерінің жеке мүшелігі негізінде құрылатын қоғамдық бірлестігі.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.01.2016 № 446-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы
3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері:
1) мәдениетті мемлекеттік қолдау. Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
3) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
5) қазақтың ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер жасау;
7) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) мәдени қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;
10) Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету;
11) мәдени құндылықтарды сақтау, қорғау және дамыту үшін қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды ендіру болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері
Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
5) халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;
6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;
9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;
10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;
13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) мәдениет саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім қабылдайды;
9) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру тәртібі мен қағидаларын белгілейді;
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;
1-1) мәдениет саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
6-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;
7) театр, музыка өнерін, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
9-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату, сондай-ақ ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастырады;
9-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9-3) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясын құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;
10-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
11-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
12) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;
12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережелерін әзірлейді және бекітеді;
13) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
15) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекітеді;
15-1) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;
17-1) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;
18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;
18-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;
20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20-2) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) салалық көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
21-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;
23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;
23-3) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
23-5) мәдениет саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
23-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
23-8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
23-9) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
23-10) жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
23-11) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
24) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
26) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;
28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
29) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссия құрады;
30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі;
31) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
32) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
35) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 170-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;
35-2) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35-3) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
35-4) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
35-5) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;
7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
10-1) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
14-1) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
14-2) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
1-1) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
4) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
6) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі
1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ
10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары
Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) мәдени құндылықтарды сақтауға қамқорлық жасауға;
3) қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар және мәдениет саласындағы өзге де іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС
(ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
13-бап. Шығармашыл қызметкердің мәртебесі
Ескерту. 13-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет қызметкерінің құқықтары мен міндеттері
1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің шығармашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін ақпаратты қорғауға;
2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;
3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға;
4) шығармашылық және кәсіби мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;
5) шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін архивтерге, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына кіруге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.
1) кәсіптік, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
2) кәсіби қызметін, оның ішінде қайырымдылық көмекті тарту есебінен де жүзеге асыру үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
3) егер мемлекеттік емес мәдениет ұйымының қызметкері болса, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
4) мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақыға және үстемеақыға;
6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекеттің мәдениет саласындағы міндеттерін шешуге қатысуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.
Мәдениет ұйымы мәдениет қызметкерінің атқарып отырған лауазымы бойынша санатын жоғарылату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-1-бап. Кәсібінің өзіндік ерекшелігі бар мәдениет ұйымдары әртістерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерден "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары ұстап қалынады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
"Балет әртісі" біліктілігі берілген тиісті хореографиялық білімі бар, лауазымдық міндеттеріне хореографиялық партияларды орындау кіретін және кәсіби ұжымдарда, опера және балет театрларында, музыкалық және музыкалық-драмалық театрлар мен концерттік ұйымдарда штаттық кестеге сәйкес "балет әртісі" лауазымын атқаратын әртіс балет әртісі болып табылады.
Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Шығармашылық одақтар
5-1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік
18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар
Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар азаматтардың, мәдениет ұйымдарының және басқа да заңды тұлғалардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-1-бап. Мәдениет саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
Автор мен орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты мәдениет саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
19-бап. Мәдениет ұйымдары
Мәдениет саласындағы қызметті халықаралық мәдениет ұйымдары жүзеге асыра алады.
театрлар;
концерттік ұйымдар (филармониялар);
цирктер;
кинематографиялық ұйымдар;
кітапханалар;
музейлер;
мәдени-демалыс ұйымдары;
көркемөнер галереялары (салондар);
студиялар;
шеберханалар;
мәдени-тарихи орталықтар;
мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары);
реставрациялау орталықтары;
музей-қорықтар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы;
мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19-1-бап. Салалық көркемдік кеңестер
Салалық көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Ескерту. 5-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Ескерту. 5-тарау 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-бап. Мәдениет ұйымдары
Ескерту. 20-бап алып тасталды- ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау
Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі
"Ұлттық" мәртебені Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
2-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен "Орталық" мәртебесін береді.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Театрлар
1-1. Театр қызметінің негізгі міндеттері театр мәдениетінің өзіндік болмысын, ұлттық сана-сезімді және Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту, сондай-ақ, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету, театр қызметінде инновациялық жобаларды іске асыру болып табылады.
Әрбір театрлық қойылымның қоюшы тобы мемлекеттік театрдың шығармашыл қызметкерлері және (немесе) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер арасынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік театрдың көркемдік кеңесінің құрамын және ол туралы ережені театр басшысы бекітеді.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
22-1-бап. Цирктер
2-1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
Ескерту. 5-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Концерттік ұйымдар
3-1. Шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Кітапхана ісі
Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
2-2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мемлекеттік кітапханалар:
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;
6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;
9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;
10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.
Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
1) баспасөз архивін статистикалық есепке алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді;
2) баспасөз архивіндегі баспа өнімін мерзімсіз сақтауды қамтамасыз етуді;
3) баспа өнімін библиографиялық өңдеудi;
4) баспасөз архивінде сақталатын баспа өнімінің электрондық жеткізгіштерге көшірілуін ұйымдастыруды;
5) жарғыға сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тарау 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары
Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында басылымның міндетті тегін даналарын дайындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.
Ескерту. 5-тарау 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-бап. Музейлер
Музей қорларын жинақтау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік музейлерде құрылатын қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиялары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жүзеге асырады.
Мемлекеттік музейлерден музей заттары мен музей коллекцияларын жеке меншікке беруге тыйым салынады.
3-1. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған музей заттарына және музей коллекцияларына сараптаманы Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдар өтеулі негізде жүзеге асырады.
Мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсынуға;
3) фото және бейне түсірілімдер жасауға;
4) кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізуге;
5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге;
6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыруға құқығы бар.
5-1. Музей қорының құрамына енгізілген музей заттары және музей коллекциялары туралы алғашқы жариялау құқығы осы музей заттары және музей коллекциялары бекітіп берілген музейге тиесілі болады.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
26-бап. Ауыл мәдениеті
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.24 N 111-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары
1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;
2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға;
3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға;
4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;
5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;
6) этномәдени бірлестіктерді қолдауға;
7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28-бап. Кинематография
Ескерту. 28-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-1-бап. Ұлттық фильм
Ескерту. 28-1-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру
Ескерту. 28-2-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-3-бап. Фильмдердің индекстері
Ескерту. 28-3-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
Ескерту. 28-4-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-5-бап. Фильмдердің түрлері
Ескерту. 28-5-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау
Ескерту. 28-6-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдік қызметі
30-бап. Халық көркем шығармашылығы
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК
32-бап. Мәдени құндылықтар
1) археологиялық олжалар;
2) өсімдіктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгілері және палеонтология үшін қызығушылық тудыратын заттар;
3) ғылым мен техника тарихын, соғыстар мен қоғам тарихын, ұлттық мәдениет тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, ойшылдардың, ғалымдардың, ақын-жазушылар мен әртістердің өмірімен және ірі ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;
4) жекелей немесе коллекциялардағы ерекше (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне және сирек кітаптар, құжаттар және басылымдар;
5) жекелей немесе коллекциялардағы елу немесе одан көп жыл бұрын шығарылған почта маркалары, салықтық және осы тәрізді маркалар;
6) қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;
7) көне және бірегей музыкалық аспаптар;
8) дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;
9) тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;
10) этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;
11) айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;
12) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнекті ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерінің өмірімен байланысты объектілер, соның ішінде музей заттары және музей коллекциялары;
13) кез келген негіздегі және кез келген материалдан жасалған қол жұмысының полотнолар, картиналар және суреттер түріндегі көркем құндылықтары (сызбаларды және өнеркәсіп бұйымдарын, қолдан жасалған әшекей заттарды қоспағанда);
14) мүсін өнерінің кез келген материалдан жасалған соны туындылары;
15) бірегей гравюралар, эстамптар және литографиялар;
16) тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрамдас бөліктері жатады.
1) материалдық емес мәдени мұраның жеткізгіші ретінде тілді қоса алғанда, пайымның ауызша дәстүрлері мен нысандары;
2) орындаушылық өнерлер;
3) салттар;
4) әдет-ғұрыптар;
5) мейрамдар;
6) табиғат пен әлемге жататын білім және салттар;
7) дәстүрлі кәсіптермен байланысты білім және дағдылар жатады.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
33-бап. Ұлттық мәдени игілік объектілерін есепке алу және жүйелеу
1) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі;
2) осы Заңның 32-бабының 3-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізіледі.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі
Мемлекеттік тізілімге енгізілген ұлттық-мәдени игілік объектілерін уәкілетті органның әрбір нақты объект бойынша өзі құратын сарапшы комиссиясының ұсынымы негізінде беретін арнайы рұқсатынсыз жоюға, басқа жерге ауыстыруға, өзгертуге, түрлендіруге немесе реставрациялауға жол берілмейді.
Ұлттық-мәдени игілік объектісі меншік иесінің құқықтарын іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық-мәдени игілік объектілері сатылған жағдайда, оларды мемлекет иеленуінің басым құқығы көзделіп, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген бақылаумен және тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттары
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті беруден бас тартуға:
1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
2) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
3) мәдени құндылықтардың осы Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Шығармашылық ұжымдарды, мамандарды, мәдени құндылықтарды және мәдениет саласындағы қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мәдениеттің түрлі салаларындағы ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесін алмасуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға қатысу
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
|
Қазақстан Республикасының |
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК