Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

                                                                                             «БЕКІТЕМІН»

                                                                                              Ақмола  облысының мәдениет,

                                                                                              архивтер мен құжаттамалар 

                                                                                               басқармасы басшының м.а.

                                                                                               _____________ Г. Бекназарова

                                                                                               2021 жылғы 5 қантар

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

1.Қоғамдық қатынастар саласының атауы – мәдениет саласында.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы - Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы.

 

  1. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың тәртіп (іс-әрекет) қағидалары:

 

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

3.1.1. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

3.1.2  әдеп нормаларын сақтау үшін барлық қажетті шаралар  қабылдау;

3.1.3 мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде «Мемлекеттік сатып алулар туралы»  ҚР Заңын бұзушылықтарға жол бермеу:

А)  Мемлекеттік сатып алулар тәсілін таңдау  кезінде шешімді негіздеп қабылдау және мемлекеттік сатып алулар саласындағы  заңнаманың талаптарына қатаң сәйкес  болу;

Б) бір көзден  тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде тауарлар мен қызметтердің  бағасына   мониторинг жүргізу және өнім берушіні таңдауды   объективті түрде жүзеге асыру;

В) конкурс тәсілімен  мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде  жеке әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін қолдауға мүмкіндік  туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеу ;

Г)  өнім берушілердің  мемлекеттік сатып алулар туралы шарттың талаптарын орындамау немесе тиісті орындамау  кезінде  заңмен белгіленген  мерзімдерде  оларды  мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылары деп  тану  туралы талап арыздарды   беру; 

Д) сот шешімдерін  шығару кезінде мемлекеттік сатып алулардың  жосықсыз қатысушылар тізіліміне жосықсыз өнім берушілерді уақытылы енгізу;  

3.1.4. жалақыны есептеу кезінде зейнетақы қорына аударымды, салық аударымын уақытылы жіберу;

3.1.5.  Заңмен белгіленген мерзімдерде   материалдық құралдарға түгендеу жүргізу;

3.1.6. фото белгілеуді пайдаланумен активтерді есептен шығаруды алқалы түрде  жасау;

3.1.7.  жыл сайын сақтауға тиісті істерді жүйелендіру, тігу және мұрағатқа  сақтау үшін  тапсыру;

3.1.8. қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында  мәдениет ұйымдарының күнделікті  қызметінде ғимаратта  орнатылған  бейне бақылау  мүмкіндігін  барынша пайдалану ; 

3.1.9.  жұмысқа қабылдау кезінде,  еңбек шартын бұзу  кезінде,  қызметтік  іссапарларға  жолдау кезінде,  демалыстар беру кезінде  еңбек заңнамасын бұзуға  жол бермеу, ұлттық тиістілігі, жынысы, жасы және т.б. белгілері бойынша кемсітуге жол бермеу;

3.1.10.  мәдениет қызметкерлерінің құқықтық білімдерін арттыру мақсатында құқықтық барлығын оқыту бойынша сабақтарды жоспарлы түрде жүргізу;

3.1.11.  құқықтық барлығын оқыту  шеңберінде  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  заңнаманың бұзылуына жол бермеу және өз қызметтік  өкілеттіктерін  орындау кезінде заңдылықты  қатаң сақтау  туралы қызметкерлермен  үнемі түсіндіру әңгімені жүргізу;

        

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайында және қабылдау кезінде:

3.2.1. мүдделердің жанжалына жол бермеу, олар туындаған кезінде заңнамаға сәйкес   оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;

3.2.2.қолданыстағы заңнама бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында  бұйрықтар мен шешімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;

 

  1. 3. нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде:

3.3.1 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын  дайындау кезінде  қолданыстағы заңнаманы бұзбау: ҚР Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі», ҚР Азаматтық кодексі,  ҚР Еңбек кодексі, «Мәдениет туралы» ҚР Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы, Ұжымдық шарт және т.б.;

3.3.2.  нормативтік құқықтық актілердің жобалары жұртшылықты міндетті  талқылаумен әзірленуі тиіс, егер оның мазмұны азаматтардың  құқықтары мен міндеттерін  қозғайтын болса;

 

3.4. қызмет саласындағы ерекшеліктен туындайтын өзге де өзара қатынастар кезінде:      

3.4.1. заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

3.4.2. қызметкерлер   заңнаманы, соның ішінде   сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы  бұзған  жағдайда  тез арада кінәлі тұлғаларды тыю және жауапкершілікке тарту жөнінде  барабар  шаралар қабылдау;

 

3.5. Сыбайлас жемқорлық   фактілерімен соқтығысу кезіндегі іс-әрекеттер:

3.5.1. құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін  қажетті шаралар қабылдау, сонымен қатар  тез арада жоғары тұрған басшыны,   құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Дата публикации
17 июня 2020