Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 мамырда № 11238 тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Көркем өнерпаздық ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 30 cәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 05 мамыр
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру www.elіcense.kz, www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап бір жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданып, сақталады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасына сәйкес қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттың немесе мәдени құндылықтың (бұдан әрі - зат) меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
заттардың орналасу мақсаты мен шарттары туралы келісімшарттың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі келісімшартқа қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармалары қоса беріледі);
сараптамаға жататын заттың беттік және сыртқы жақтары көрсетілген электрондық түрлі-түсті фотосуреттері (2 дана);
заңды тұлғалар үшін – сұрау салуға қоса тіркелетін, уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшірмесін ұсынады.
Арыз иесі өтінішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының бірыңғай кедендік тарифі 21 бөлімінің 97 тобына сәйкес сыртқа шығарылатын тауар туралы ақпаратты көрсетеді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда – "жеке кабинетінде" қызмет алушының өтініштері тарихында мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші толық екендігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" затты "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-тармағына сәйкес құралған сараптама комиссиясына ұсынуы туралы тиісті хабарламаны жолдайды (бұдан әрі - комиссия).
Ереженің 7 және 8 тармақтарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламадан соң бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге затты ұсынады.
1) куәлік алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) комиссияның теріс сараптама қорытындысы;
3) әкетілетін мәдени құндылықтардың, оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
4) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
5) Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіз бола алады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап (5) бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы, немесе порталда алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
1) Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда.
|
|
"Мәдени құндылықтарды |
|
|
Нысан |
|
|
________________________ |
Өтініш
Келесі мәдени құндылықтарды
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
(атауы, сипаттама, саны)
уақытша әкету құқығына куәлік беруді сұраймыз.
Әкету мақсаты: __________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
3) ______________________________________________________________
(сипаты, тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН *21 бөлімінің 97 тобы)
4) ______________________________________________________________
(ЕАЭС СЭҚ ТН *қолданылатын өлшем бірліктері)
5) ______________________________________________________________
(саны)
Өтініш берушінің деректері: ________________________________________
(туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
________________________________________________________________
берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке немесе заңды
тұлға туралы деректемелер) _______________________________________
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің қолы _________ Күні ___________
* Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде жазбаша дәлелді түрде жауап береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті есептемегенде, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызметсіз көрсетіледі.
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) аса көрнекті тұлғаның еңбегін және айрықша оқиғаның маңызын растайтын архивтік және өзге құжаттардың көшірмелері;
3) Қағиданың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі;
4) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату жоспарланған ғимарат немесе құрылыс жайының меншік немесе заңды иесінің жазбаша келісімі.
5) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.
Көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органға.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) комиссияның теріс қорытындысы;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады: 1414, 8 800 080 7777.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің өзге талаптар
|
|
"Мемориалдық тақталарды |
|
|
Нысан |
|
|
_________________________ |
Өтініш
_______________________________________________________________
мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруіңізді сұраймын
_______________________________________________________________
(атауы, сипаттама)
Орнату мақсаты: ________________________________________________
Орналасқан жері (мекенжай)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(туған күні, азаматтығы, паспорт немесе жеке куәлік номері,
_______________________________________________________________
берілген уақыты, тұрғылықты жері, байланыс телефоны немесе
заңды тұлғаның реквизиттері)
Қосымша: _____ бетте.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(өтінішке Мемориалдық тақталарды орнату қағидаларының
6-тармағына сәйкес құжаттар тіркеледі)
Өтініш берушінің қолы ________________ Мерзімі__________________
Мөр қоятын орын (заңды тұлғалар үшін)
(болған жағдайда)__________________
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Көркем өнерпаздық ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушынан бір жұмыс күні ішінде құжаттарды алған кезінен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде жазбаша өтінішті одан әрі қарауға бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті қоспағанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
1) көркемөнерпаздар ұжымы басшысының қолы қойылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қосымшасының нысаны бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;
3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме:
жетекшілер туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777 немесе портал арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің өзге талаптар
|
|
"Көркем өнерпаздық |
|
|
_________________________ |
Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім
Көркемөнерпаздар ұжымына (ұжымның аты)
_______________________________
"Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қосымша: ___ парақ.
("Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес
құжаттар қосылады)
Өтінімнің толтырылған күні __________________
Қолы _____________________________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК