«Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ескертпе
|
1 |
Қызмет көрсететін мемелекеттік орган |
Ақмола облысының мәдениет басқармасы (одан әрі - өкілетті орган) |
|
2 |
Қызметті тұтынушылар |
Жеке және заңды тұлғалар |
|
3 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі |
Жартылай автоматтандырылған |
|
4 |
Қызмет көрсету орны |
Мемлекеттік қызмет өкілетті органмен: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі,1, 102 кабинет мекенжайы бойынша көрсетіледі. |
|
5 |
Қызмет көрсету тәртібі |
1) Тұтынушы өкілетті органға қызмет көрсету туралы өтініш білдіреді;2) өкілетті орган канцеляриясы өтінішті қосымша ұсынылған құжаттар мен заттарды қоса тіркеуге алады;3) өкілетті орган жетекшісі сараптаманың жүргізу орны мен мерзімін, орындаушыны анықтайды;4) орындаушы құжаттар мен заттарды сараптау комиссиясына сараптамаға жолдайды;5) сараптау комиссиясы мәдени құндылығын немесе уақытша шетке шығарылатын мәдени құндылықтың түпнұсқалығын анықтау мақсатында сараптама жүргізеді;6) орындаушы өкілетті органның шешімі мен куәлігіне мөр басып бекіту, сонымен қатар тұтынушыға куәліктің бір данасы мен заттарды беру бойынша ұйымдастырушының жұмыстарын жүзеге асырады.Порталда:1) Электронды өтінімді қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады. Өтініш автоматты түрде мәдениет басқармасына - адресатқа таңдап алынған қызмет түріне сай жолданады.Орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді де, құжаттар жетіспеген жағдайда мәдениет басқармасына тапсырылған немесе портал арқылы электрондық өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыны хабардар етеді.Құжаттардың қабылдап алынғандығы туралы тұтынушыға (немесе сенімхат бойынша бекітілген өкілге) өкілеттік орган канцеляриясының қызметкерінің тегі, аты-жөні, уақыты мен мерзімі көрсетілген түбіртек берілуімен дәлелденеді.Мемлекеттік қызмет алушы портал арқылы жүгінген жағдайда өтінім қабылданғандығы туралы қабылдаушының қабылдап алған мерзімі, нәтиже туралы есебі жолданады.Мәдени құндылықтар болып саналатын заттар сараптама комиссиясына жіберіледі. Өзі келген жағдайда дайын құжаттар алушыға түбіртек негізінде қолма-қол беріледі.Портал арқылы жүгінгенде куәлік электрондық түрде алушының порталдағы мемлекеттік қызметтердің жеке кабинетіне жолданады. |
|
6 |
Қажетті құжаттар тізімі |
Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы (немесе сенімхат бойынша бекітілген өкіл) мәдени құндылықтар болып есептелетін құжаттар мен заттарды тапсырады:1) басқармаға:белгіленген формадағы өтініш;мәдени құндылықтарды жекешелендіру құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі;қабылдап алушының мәдени құндылықтың шарттары мен мақсаты туралы келісімшартының көшірмесі;мәдени құндылықтың А5 форматтағы беттік және артыңғы жағынан түсірілген фотосуреті;мекеме басшысының тағайындаған адамға мәдени құжаттардың уақытша шығарылуы кезіндегі жауапкершілігін жүктеу туралы бұйрығы;сараптауға жататын мәдени құндылықтар;мәдениет басқармасына сараптау үшін тапсырылған заттар қабылдау және беру журналында белгіленеді.2) порталға:электронды түрдегі электронды цифрлік қол (ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет алушының өтінімі.өтінімде келесі құжаттар туралы ақпараттар көрсетіледі:мәдени құндылықтарды жекешелендіру құқығы туралы құжаттардың сканерленген көшірмелері;қабылдаушы тараптың сканерленген көшірме түріндегі мәдениет құндылықтарының мақсаты мен сақталуы туралы келісімшарт;мәдени құндылықтардың А-5 форматтағы екі жақты электронды суретінің 2 данасы;мекеме басшысының тұлғаға сканерленген көшірме түрінде уақытша шетке шығарылатын мәдени құндылықтардың сақталуына жауапкершілік артуы туралы бұйрығы - заңды тұлғалар үшін.Мәдени құндылық болып саналатын өтінім басқармаға қолма-қол тапсырылады.Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді басқарма тиісілі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ арқылы электронды құжат түрінде портал арқылы алады. |
|
7 |
Қызмет түрлері мен төлем тәртібі |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
|
8 |
Қызмет көрсету мерзімі |
Мәдениет басқармасына жүгінген жағдайда - қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;қажетті құжаттарды басқармаға немесе электронды өтінім түрінде тапсырғанда кезекті тосу мерзімі - 15 минуттан ұзақ емес; мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсету уақыты - 10 минуттан ұзақ емес. Портал арқылы жүгінген жағдайда құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде. |
|
9 |
Қызмет көрсету нәтижесі |
Қызмет көрсету нәтижесі ретінде порталдан берілетін мәдени құндылықтарды уақытша шетке шығару туралы электрондық құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетілмейтіндігі туралы себебі көрсетілген электрондық құжат түріндегі жауап.Қызмет алушының куәлікті қағаз жүзінде алу туралы өтінімі түскен жағдайда куәлік электрондық форматта рәсімделіп, басқарма басшысының қолымен және мөрімен бекітіледі. |
|
10 |
Нормативтік құқылық актілер |
«Мәдениет туралы» ҚР заңының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы 7 бабының 22 тармақшасы; «Ақпараттандыру туралы» ҚР 11.1.2007 жылғы заңының 29 бабы, «Мәдени құндылықтарды уақытша шетке шығару құқығын растайтын куәлік беру Ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 30.05.2007 №440 шешімі және ҚР Үкіметінің 19.12.2012 №1614 «ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №83 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдесіне қарасты №745 «Жеке және заңды тұлғалардың көрсететін мемлекеттік қызметтерінің тізілімін бекіту туралы» қаулысы. |