«Ұлттық қолөнер – қасиетті төлөнер» жобасы
Өзектiлiгi: Ата-баба кәсiбiн меңгерiп, дамытып жүрген жергiлiктi заманауи iсмерлердi анықтап, өнерлерiн өскелең ұрпаққа дәрiптеу; атадан балаға мирас болған салтымыздың өзық үлгiлерiн насихаттау арқылы мәдениетiмiздiң өркендеп дамуына үлес қосылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақалада көтерiлген мәселелердiң бiрi -рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, насихаттау, келер ұрпаққа жалғастыру жүзеге асырылады.
Ұлы Жiбек жолы-Шығыс пен батыс халықтарының экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуда үлкен рөл атқарған тарихи қалыптасқан халықаралық сауда жолы. Ұлы Жiбек жолының ежелгi мәдени дәстүрлерi бүгiнгi күнi де дамып келедi. Халық және сәндiк-қолданбалы өнер көркем мәдениеттiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қолданбалы өнер туындылары ұлттың көркемдiк дәстүрлерiн, әлем түсiнiгiн, әлемдiк қабылдау мен халықтың көркемдiк тәжiрибесiн бейнелейдi, тарихи жадыны сақтайды. Халық сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының құндылығы табиғи әлем, материалдық мәдениет болып қана қоймай, сонымен қатар олардың рухани мәдениет ескерткiштерi болып табылады. Халық өнерi пәндерiнiң рухани маңыздылығы әсiресе қазiргi уақытта артып келедi. Қолөнердi дамыту маңызды, өйткенi ұлттық салт-дәстүр мен халықтың құндылықтарын жүзеге асырады.
Жастардың қолөнерге деген қызығушылығын оята отырып, бұл оларды ұлттық құндылықтарды қадiрлеуге үйретедi. Бұл жоба халық қолөнерiн кеңiнен таратуға мүмкiндiк бередi, Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының талантты қолөнершiлерiнiң жаңа есiмдерiн ашады, мәдени ынтымақтастық саласындағы музей серiктестерiнiң шеңберi кеңейтiледi,тарихи-мәдени мұраларға және сәндiк қолданбалы өнердiң дәстүрлi түрлерiне қызығушылық танытатын келушiлер саны артады. Музей қоры толықтырылады.
Мақсаты: Көнеден бүгiнге дейiн сақталып, атадан балаға мирас болған ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп сақтау, мәдени мұрамыздың дамуына үлес қосу. Туған өлкемiздiң, халқымыздың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелiгiне және эстетикалық талғамына байланысты өзiндiк ерекшелiгi мен өшпес iз қалдырып келе жатқан асыл мұра — қолөнердi өскелең ұрпаққа сабақтастыру. Ұлтымыздың сәндiк қолданбалы өнерi арқылы мәдениетiмiздiң маңыздылығын, қасиеттiлiгiн таныту.
Индикаторлар: Жаңа қолтаңбалы шеберлер туралы материалдарды жинақтау, зерделеу. Жастар ұйымдарының қатысуымен iс-шаралар, кездесулер, көрмелер, мастер-класстар өткiзу. Брошюралар, каталогтар шығару. Музей қорын толтыру.