«Театр на колесах» инновациялық жобасы
Ақмола орыс драма театры "Театр на колесах" инновациялық жобасын жүзеге асыруды бастауда. Актерлер шалғайда орналасқан облыс ауылдарының тұрғындары үшiн театр қойылымдарын барынша қолжетiмдi етуге тырысады.
Жобаның мiндеттерi мен мақсаттары:
-балалар қауымын рухани және адами тұрғыдан тәрбиелеу;
- театр өнерiнiң қолжетiмдiлiгi;
- спектакльдi жүзеге асыруда сапалы қызмет ету;
- қойылымдарға келудi арттыру, жоспарды орындау;
- ауылдық мекенде театр өнерiн дәрiптеу;
- мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiктi дамыту.
Жобаның мазмұны:
Аталған жоба автобус көлiгiнде марионеткалар мен қолғап қуыршақтардан құралған жылжымалы театр түрiнде ұсынылады. Бұл — орналасқан орынды еркiн ауыстыруға, кең ауқымды көрермендер аудиториясын қамтуға және қоғам арасында артып келе жатқан мәдени-көпшiлiк iс-шараларға қатысу қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi.
Жобаның маңыздылығы:
Жоба балалар қауымы арасында қызмет етудiң сапасын және қауiпсiздiгiн арттыруда, және азаматтардың мәдени деңгейiн көтеруде оң септiгiн тигiзедi. Жобаның қызмет ету аясын кеңейту үшiн ересектер аудиториясына арналған спектакльдердiң қойылымы және жалға беруi жоспарлануда. Мегаполистердiң орналасу ерекшелгiне байланысты негiзгi мәдени мекемелердiң барлығы дерлiктей қаланың әкiмшiлiк орталығында шоғырланған. Алайда, көптеген аудандар мен ауылдар орталықтан алыс орналасқандықтан, қаланың мәдени өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылған. Бәрiнен бұрын бұл жайт балалар өмiрi үшiн қолайсыз, өйткенi балалар үнемi жағымды эмоциялар мен әсер алуды қажет етедi және өнер шығармаларының негiзгi «тұтынушылары» болып табылады. Кәсiби театрға келу мәселесi көтерген жағдайда, бұл алыс орналасқандықтан қаржылық, және ұйымдастыру жағынан да үлкен проблема болып табылады, (көлiк қамтамасыз ету қажет, келiсiм, iлестiру, бақыдлауды, және т.б.).
Жоғарыда көрсетiлген себептерге байланысты Ақмола облыстық орыс драма театры басшылығы «Театр на колёсах» жобасын ашуды жоспарлап отыр. Аталған жоба балаларға арналған сыйымдылығы 40 орындық жылжымалы қуыршақ театры түрiнде ұсынылады.
Театр балаларға арналған жалға берiлетiн спектакльдердi жарыққа шығармақ. театр өз орнын еркiн ауыстыра алатындықтан тұтынушылардың кең ауқымды аудиториясын қамту көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiгi болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету және тапсырмаларды шешу үшiн келесi әрекеттер жүзеге асырылды:
- техникалық жағдайларды жасау;
- көркемдiк- қойылым тобын белгiлеу;
- қуыршақ қойылымдарына негiзделген қоюшы — режиссерлердi шақыру;
- жобаның шарттары даярланып қалыптастырылды;
- жарнамалық-ақпараттық жұмыс ұйымдастырылып қамтамасыз етiлдi;
- жобаны жүргiзуде серiктестердi тарту.
Бүгiнгi күннiң балалары елiмiздiң ертеңгi әл-ауқатын айқындайды, бұл сапалы, адал тәрбиелеуге тiкелей байланысты. Баланың эмоционалды-адами тәжiрибе алу мәселесi бүгiнгi күнге өзектi мәселе болып саналады. Бiздiң балаларымыз тәрбиелi, арлы, мейiрiмдi болса, бұның өзi жеткiлiктi. Өмiрдiң өзiнен ақ пен қараны ажыратып, дұрыс жолмен жүрсе болғаны.