"Көкшенің тарихи тұлғалары" жобасы

«Көкшенің тарихи тұлғалары» жобасы

 

Кіші жоба «Аймақтың мәдени өмірі»

Жоба «Мәдени даму»

Негізгі бағыт «Туған жер»

Кіші бағдарлама «Рухани қазына»                                  

 

Мақсаты:- Ұлы даланың ұлы есімдерін зерттеп, дәріптеу арқылы өскелең жас ұрпақтың тарихи санасын жаңғырту;

-  қызметтері Көкше жерімен тығыз байланысты ұлы тарихи тұлғалар – елді жаудан қорғаған хан Абылай, Уәли хан, Кенесары хан, дуан сұлтаны Шыңғыс Уәлиұлы, сұлтан Ғұбайдолла Уәлиханов, ғалым, шығыстанушы Шоқан Уәлихановтардың ерлікке толы өмірі мен қызметі арқылы туған өлке тарихын зерттеу және дәріптеу;

- есімдері туған ел тарихында алтын әріппен жазылған ұлы тұлғалардың ерлік өмірлері мен қызметтері мысалында заманауи, бәсекеге қабілетті, жоғарыбілімді қазақстандық жастарды қалыптастыру және тәрбиелеу;

- жастардың   бойында Отанға, туған өлкеге деген патриотизмді тәрбиелеу; елінің тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуге және сақтауға баулу, тарихи сана-сезімін  қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтиже: - Туған өлкенің тарихы, өмірлері  мен қызметтері Көкше өлкесінің құрылу және дамуымен тығыз байланысты тарихи тұлғалар туралы материалдарды жинақтау, сақтау, зерттеу;

 - өскелең ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастыру, ел тарихына, туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын ояту;

- жастардың бойында патриоттық сезімді, өз халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген мақтаныш пен құрмет сезімдерін  қалыптастыру.

 

Индикаторлар: 1. Музейге келушілер санын арттыру.

  1. Жастар арасында туған өлке тарихын, салт-дәстүрлерін дәріптеп, насихаттау, ұлттық құндылықтарымызға баулу.

3.Жылжымалы көрмелер, дәрістер, интерактивті бағдарламалар, кездесу-кештер, өзге де форматта мәдени-танымдық іс-шаралар өткізу.

 

Дата публикации
15 июня 2020