Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2 "2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешімі

2020 - 2022 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына,  «Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. 2020–2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3  қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 247 263 113 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 26 285 747 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 299 128 мың теңге;

трансферттер түсімі – 219 678 238 мың теңге;

2) шығындар – 247 242 040 мың теңге;

3) таза бюджеттік  кредиттеу – 3 338 383 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 6 024 731 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 686 348 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 90 000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит) – -3 407 310 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –                3 407 310 мың теңге.

  1. Облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша – 100%;

2) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша – 100%;

3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша – 100%.

  1. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте Көкшетау қаласының бюджетінен 4 453 318 мың  теңге  сомасында бюджеттік алып қоюлардың қарастырылғаны ескерілсін.
  2. 2020 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттердің көрсетiлген сомаларын бөлу облыс әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берiлетiн 53 095 659 мың теңге сомасындағы субвенциялар көлемi көзделгені ескерілсін, оның iшiнде:

Ақкөл

3 144 044

мың теңге;

 

Аршалы

2 307 401

мың теңге;

 

Астрахан

2 479 545

мың теңге;

 

Атбасар

2 885 067

мың теңге;

 

Біржан сал

2 264 443

мың теңге;

 

Бұланды

3 062 974

мың теңге;

 

Бурабай

4 125 965

мың теңге;

 

Егіндікөл

1 057 391

мың теңге;

 

Ерейментау

2 806 938

мың теңге;

 

Есіл

2 947 046

мың теңге;

 

Жақсы

2 627 403

мың теңге;

 

Жарқайың

2 342 617

мың теңге;

 

Зеренді

3 503 301

мың теңге;

 

Қорғалжын

1 979 293

мың теңге;

 

Сандықтау

2 277 906

мың теңге;

 

Целиноград

8 140 674

мың теңге;

 

Шортанды

2 562 562

мың теңге;

 

Степногорск қаласы

2 581 089

мың теңге.

 

  1. 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыстарының құрамында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне 5-қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттердің көзделгені ескерiлсiн.

Нысаналы трансферттердің көрсетiлген сомаларын бөлу облыс әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджетке 2 617 421 мың теңге сомасында бюджеттік несиелердi өтеу қарастырылғаны ескерiлсiн, оның ішінде: жергілікті атқарушы органның борышын өтеу – 1 300 000 мың теңге, жергiлiктi атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 1 317 421 мың теңге.
  2. 2020 жылға арналған облыстық жергілікті атқарушы органның резерві 551 653мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 9. 2020 жылға арналған облыстың жергiлiктi атқарушы органы қарызының лимитi 51 339 324 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
  4. 2020 жылға арналған облыстық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын облыстық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi           6-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
  5. 2020 жылға арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 7-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
  6. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Ақмола облыстық                                   Ақмола облыстық

мәслихаты сессиясының                        мәслихатының

       төрайымы                                                          хатшысы

       

_______________                           _________

 

 

 

       «КЕЛІСІЛДІ»

 

       Ақмола облысының

       әкімі                                                       

       ______________  Е. Маржықпаев

       2019 жылғы «» желтоқсандағы

 

       «Ақмола облысының

       экономика және  бюджеттік

       жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

       мекемесінің басшысы                           

 

   ______________ Қ. Дүзелбаев  

       2019 жылғы «» желтоқсандағы

 

 

Дата публикации
11 июня 2020