Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы  мәдениет басқармасының жанындағы «Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы.

Кәсіпорынның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Ауэзов көшесі, 216 үй, тел. 8-716-2-40-10-08.

Функционалдық міндеттері:

театрлық ойын-сауық ұйымының шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді; мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның қызметінің                             қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін жауапты болады; Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді; қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер) шығаруды ұйымдастырады; қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді; Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі; шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді; Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады; бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      Білуі тиіс:  ҚР Конституциясын, ҚР Бюджет кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексін, ҚР Еңбек кодексін, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", ҚР "Мәдениеті туралы", "ҚР Мемлекеттік мүлік туралы", "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

         Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сонымен қатар оның кандидатурасын келісу Ережелері негізінде  өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • еркін түрде жазылған өмірбаяны;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • білімі жөніндегі құжаттар көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының, соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау туралы және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтарынан үзінді көшірме;
  • бекітілген нысан бойынша денсаулық жөніндегі анықтама.

          Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

          Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттармен танысады және 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Ақмола облысының мәдениет басқармасында өтетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар келесі мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218. Анықтама телефоны: 8-716-2-29-79-33, 202-кабинет.

 

 

Дата публикации
02 февраля 2023