Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекттік мекемесі бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы.

Кәсіпорынның мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218, тел. 8-716-2-25-68-06.

Функционалдық міндеттері:

Қабылданған шешімдердің салдары үшін толық жауапкершілікті ала отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдени-демалыс, қаржылық қызметті және өндірістік-шаруашылық жұмысты басқарады.

Аудандық мәдениет үйлерінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынасын ұйымдастырады, әлеуметтік-мәдени басымдылықтар мен клубтардың заман талабына сай дамуын есепке ала отырып, олардың қызметін клубтық жұмыстарды дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметіне басшылық жасайды; Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағарту жұмыстарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды ұйымдастырады; байқаулар мен фестивальдерді, халық шығармашылығы байқауларын, көркемөнерпаздар ұжымдары жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады.           

Білуге тиіс: Конституция; Бюджет кодексі; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс; Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бағыттар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану, кітапхана ісі) және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басқарушы персонал  лауазымындағы өтілі 5 жылдан кем емес.

         Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін түрде жазылған өмірбаян;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделегеннен кейін, әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесуді Ақмола облысының мәдениет басқармасында өтетін конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218. Анықтама телефоны: 8-716-2-29-79-33  каб.202.

 

  

 

 

    

 

Дата публикации
21 ноября 2022