UMAI өнер саласындағы ұлттық сыйлық бойынша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) UMAI өнер саласындағы ұлттық сыйлығының тағайындалғаны туралы хабарлайды.

Сыйлық төрт негізгі номинацияда ұсынылған: «Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», олардың әрқайсысында өз номинациялары белгіленген.

Сонымен қатар, «Umai-2022» сыйлығы аясында Қазақстандағы балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлдесі тағайындалды.

Айта кету керек, Ұйымдастыру комитеті мен сараптама комиссиясының құрамына өнер саласындағы танымал тұлғалар кірді. Конкурстық өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер бола алады. Номинанттарды ұсынуды республикалық, өңірлік немесе жергілікті билік органдары, мәдениет ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық одақтар мен қауымдастықтар, мәдениет пен өнер саласындағы оқу орындары жүзеге асыра алады.

По Национальной премии в области искусства Umai
Дата публикации
22 сентября 2022