Ақмола облыстық мәслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-12-2
«2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 409 851 531,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 54 807 364,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 419 931,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 59 596,8 мың тенге;
трансферттер түсімі – 349 564 639,1 мың теңге;
2) шығындар – 413 297 430,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 326 021,1 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 523 097,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 197 075,9 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 771 920,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 771 920,1 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша – 100 %;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 100 %;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 100 %;
4) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 100 %;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша – 100 %;
6) облыстық бюджетке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша – 100 %.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте 6 625 980,8 мың теңге сомасында қарыздарды өтеу қарастырылғаны ескерiлсiн, оның ішінде: жергілікті атқарушы органның борышын өтеу – 4 058 628,0 мың теңге, жергiлiктi атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 2 567 352,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
|
М. Балпан |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 17.03.2022
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 27153 болып енгізілді
Результаты согласования
Акмолинский областной маслихат - главный инспектор-юрист аппарата Акмолинского областного маслихата Рахима Избасаровна Капанова, 15.03.2022 19:15:35, положительный результат проверки ЭЦП
Акмолинский областной маслихат - Секретарь Акмолинского областного маслихата Мұрат Сағатұлы Балпан, 15.03.2022 19:16:19, положительный результат проверки ЭЦП