Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Көкшетау» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы  мәдениет басқармасының жанындағы «Көкшетау» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.

Кәсіпорынның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 90 үй, тел. 8-716-2-52-37-38.

Функционалдық міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің                             Қаржы-шаруашылық нәтижелері үшін жауапты болады;

шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады;

қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады;

ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

Білуі тиіс: ҚР Конституцияны, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, ҚР еңбек кодексін, "ҚР Мәдениеті туралы", "ҚР Мемлекеттік мүлік туралы", "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану, кітапхана ісі) және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сонымен қатар оның кандидатурасын келісу Ережелері негізінде  өткізіледі. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • еркін түрде жазылған өмірбаяны;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • білімі жөніндегі құжаттар көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының, соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау туралы және  еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтарынан үзінді көшірме;
  • бекітілген нысан бойынша денсаулық жөніндегі анықтама.

Конкурсқа  қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттармен танысады және 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Ақмола облысының мәдениет басқармасында өтетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.

Конкурсқа  қатысу үшін  қажетті құжаттар келесі мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218. Анықтама телефоны: 8-716-2-29-79-33, 202-кабинет.

 

Дата публикации
03 марта 2022