Көркемөнерпаздар ұжымына «халықтық» (үлгілі)» атағын беру тәртібі
«Көркемөнерпаздар ұжымына «халықтық» (үлгілі)» атағын беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы No112 бұйрығымен бекітілген «Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне сәйкес ұсынылады. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру шығармашылық ұжымдар жұмысында қосымша ынталандыру тудыру, шығармашылық белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, дарынды адамдардың әуесқой орындаушыларына барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған), қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) күн, қызмет ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қоса тіркелген қосымшаны жібереді:
көшбасшылар туралы ақпарат;
ағымдағы жылға арналған репертуар және тәрбие жұмысының жоспары;
ұжымның орындау бағдарламасы;
қатысушылардың тізімі.