Ақмола облыстық мәслихатының
2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2
«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020–2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 273 176 483,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 28 337 071,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 431 944,9 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 243 407 466,8 мың теңге;
2) шығындар – 283 700 865,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 29 737 029,2 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 33 028 413,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 291 384,6 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 136 000,0 мың теңге:
қаржы активтерiн сатып алу – 136 000,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40 397 410,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 40 397 410,9 мың теңге.»;
7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджетке 3 384 381,1 мың теңге сомасында бюджеттік несиелердi өтеу қарастырылғаны ескерiлсiн, оның ішінде: жергілікті атқарушы органның борышын өтеу – 1 300 000,0 мың теңге, жергiлiктi атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 2 083 930,5 мың теңге, республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару - 450,6 мың теңге.»;
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«8. 2020 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органының резерві 1 700 599,7 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
|
Сессияның төрағасы, Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
|
А. Жаксылыков |
|
Сессияның төрағасы, Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
|
А. Жаксылыков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысының
әкімдігі
«Ақмола облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» мемлекеттік
мекемесі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 18.08.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 7990 болып енгізілді
Результаты согласования
Акмолинский областной маслихат - главный инспектор-юрист аппарата Акмолинского областного маслихата Рахима Избасаровна Капанова, 18.08.2020 13:01:46, положительный результат проверки ЭЦП
Акмолинский областной маслихат - Председатель сессии, исполняющий обязанности секретаря Акмолинского областного маслихата Асен Дулатович Жаксылыков, 18.08.2020 13:02:34, положительный результат проверки ЭЦП
Акмолинский областной маслихат - Председатель сессии, исполняющий обязанности секретаря Акмолинского областного маслихата Асен Дулатович Жаксылыков, 18.08.2020 13:02:45, положительный результат проверки ЭЦП
Акимат Акмолинской области - Аким Акмолинской области Ермек Боранбаевич Маржикпаев, 18.08.2020 16:23:43, положительный результат проверки ЭЦП
Управление экономики и бюджетного планирования Акмолинской области - руководитель управления Канат Малгаждарович Дузелбаев, 18.08.2020 16:19:58, положительный результат проверки ЭЦП
Республиканское государственное учреждение «Департамент юстиции Акмолинской области Министерства юстиции Республики Казахстан» - Заместитель руководителя РГУ «Департамент юстиции Акмолинской области МЮ РК» Гульмира Муталлаевна Акимова, 18.08.2020 17:08:27, положительный результат проверки ЭЦП