"Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығы

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №
113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27
сәуірде № 22634 болып тіркелді
З Қ А И - н ы ң е с к е р т п е с і !
Осы бұйрық 01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабының 35-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және
өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі
департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз
етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 113 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы
нормативтік қаржыландыру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы
нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мәдениет туралы" 2006
жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-13)
тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік шығармашылық тапсырысты (бұдан
әрі – мемлекеттік тапсырыс) қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін
есептеу кезінде бірыңғай тәсілді айқындайды.
Әдістеме осы Әдістеменің 1-қосымшасында (бұдан әрі – 1-қосымша) көзделген
шығармашылық үйірме түрлерінің тізіміне қатысты, осы Әдістеменің 2-қосымшасына (
бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес шығармашылық үйірме түрлеріне қойылатын
талаптарды ескере отырып қолданылады.
2. Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) арнайы балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды немесе
бір нозологиялық топтағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды ғана қабылдауға жол
берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар
тобы;
2) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – инфрақұрылымды,
мүлікті ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстарды және жан басына
шаққандағы қаржыландыру нормативін негізге ала отырып айқындалатын
шығармашылық процесті жүзеге асыруға арналған шығыстарды қаржыландыру;
3) инклюзивті балалар тобы – әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері
шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына 2 баладан
аспайтын балаларды қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі
бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы; 4) интеграцияланған балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар
тобына немесе әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға 2-
ден астам баланы қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі
бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;
5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы
қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық
үйірмелер үшін балалар мен жасөспірімдерге мәдениет саласында көрсетілетін
қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету
нормативі (бұдан әрі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі);
6) нозологиялық топ – денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ауытқуларын
сипаттайтын санаттарға жіктелуі;
7) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық
бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, заңды тұлға немесе дара
кәсіпкер;
8) шығармашылық процесс – баланың интеллектуалды және эмоционалды дамуына
бағытталған шығармашылық үйірмелерде айналысатын балаларды тәрбиелеу, оқыту
және дамыту процесі;
2-тарау. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы
нормативтік қаржыландыруының есептеу алгоритмі
3. Есеп беру кезеңінде өнім берушінің балаларға көрсеткен қызметтерінің құнын
есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
S = N * T, мұндағы:
S – төленетін сома, теңгемен;
N – айына нақты бару саны, бірақ 2-қосымшаға сәйкес белгіленген шектен артық емес;
T – бір сабақ үшін құны, теңгемен;
Инклюзивті, интеграцияланған және арнайы топтардағы балалармен сабақ өткізу
үшін көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу мүмкіндіктері шектеулі және ерекше
білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін есептеу құнын бөле отырып жүзеге
асырылады.
4. Бір сабақтың құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
T = ИМАҚТ + ШПТ, мұндағы
ИМАҚТ – өнім берушінің инфрақұрылымын және мүлкін ағымдағы қамтамасыз
етуге арналған шығыстар;
ШПТ – шығармашылық процесті жүзеге асыруға арналған шығыстар.
5. Бір сабақтың ИМАҚТ құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
ИМАҚТ = ИМАҚҚ + (ИМАҚҚ * ӨҢІРК) + (ИМАҚҚ + ИМАҚҚ * ӨҢІРК *
ИҚТК-V, мұндағы: ИМАҚҚ – өнім берушінің инфрақұрылымын және мүлкін ағымды қамтамасыз етуге
арналған шығыстардың базалық құны ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен
есептеледі, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, жалға алу, интернет және телефон
байланысы, бейнебақылау қызметтерін, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге
арналған шығындарды, ағымды жөндеу жүргізуді және сабақ өткізу үшін
инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын,
күнделікті шығыс материалдарын қоспағанда, өзге де ағымды шығындарды қамтиды.
Қызмет көрсетудің стационарлық режимі үшін көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК *
0,045 құрайды, қашықтықтан қызмет көрсету режимі үшін (бейнеконференцбайланыс
технологияларын пайдалана отырып) 1 АЕК * 0,01125 құрайды;
ӨҢІРK – осы Әдістеменің 3-қосымшасында (бұдан әрі – 3-қосымша) ұсынылған
мәндерге сәйкес өнім берушінің қызметтер көрсету өңіріне түзету коэффициенті.
ИҚТК-V – шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшада ұсынылған мәндерге
сәйкес өнім берушінің инфрақұрылымын қамтамасыз етудің күрделілігіне түзету
коэффициенті және инфрақұрылымның жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсетуді және
жөндеуді қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын сатып алуды қамтиды.
Арнайы жабдықты қажет ететін, инфрақұрылымды пайдаланатын өнім берушілерге
қолданылады және түзету коэффициенттерінің келесі диапазонына ие:
инфрақұрылымның
күрделілігі
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы жабдықтауды қажет етпейтін
шығармашылық түрлері үшін маңыздылығы
орта 1,00
төмен 0,50
өте төмен 0,30
Мемлекеттік орган тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, оның
ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге бармауына әкеп соғатын шектеу
шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ИМАҚТ шығыстарын есептеу 5-
тармақтың формуласына сәйкес әрбір өткізілмеген сабақ үшін толық көлемде жүзеге
асырылады.
6. Бір сабақтың ШПТ құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK + (ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK) * МШ-ШПК + ШПK-М,
мұндағы:
ШПҚ – шығармашылық процесті жүзеге асыру үшін еңбекке ақы төлеу
шығыстарының базалық құны ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі
және негізгі әрі қосалқы персоналдың еңбегіне ақы төлеуді, әлеуметтік аударымдарды,
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар
мен аударымдарды және бірыңғай жиынтық төлемді (өзін-өзі жұмыспен қамтыған
адамдар үшін), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
еңбекке ақы төлеудің қосымша төлемдері мен өтемақыларына байланысты шығыстарды қамтиды. Топтарда сабақтар өткізу режимі үшін көрсеткіш шамасының
мәні 2-қосымшаға сәйкес орташа жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлері үшін
(айына 8 сабақ) 1 АЕК * 0,3 және жоғары жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің
түрлері үшін (айына 12 сабақ) 1 АЕК * 0,215 құрайды;
сабақтарды өткізудің жеке режимі үшін 2-қосымшаға сәйкес орташа жиіліктегі
шығармашылық үйірмелердің түрлеріне 1 АЕК * 0,39 және жоғары жиіліктегі
шығармашылық үйірмелердің түрлеріне 1 АЕК * 0,28 (айына 12 сабақ) құрайды.
МШ-ШПК – шығармашылық процесті мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім
беру қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген арнайы оқу бағдарламаларымен
қамтамасыз ету қажеттілігіне түзету коэффициенті шығармашылықтың әрбір түрі үшін
2-қосымшаға сәйкес мәнге ие: 1, егер қажеттілік болса және 0, егер қажеттілік болмаса.
ШПK-М – сабақ аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын, сабақтар өткізу үшін
күнделікті шығыс материалдарына арналған шығындар. Қажеттілік
шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшамен анықталады, ең төменгі есептік
көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және күнделікті шығыс материалдарымен
жабдықтау қажеттілігі болса, 1 АЕК * 0,08, егер талап етілмесе 0 құрайды.
Мемлекеттік органдар тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына,
оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге бармауына әкеп соғатын
шектеу шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ШПТ шығыстарын есептеу әрбір
өткізілмеген сабақ үшін мынадай формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK, мұндағы ШПҚ – көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК
* 0,054 құрайды.
Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
1-қосымша
Шығармашылық үйірме түрлерінің тізімі
№
р/с
Шығармашылық
түрінің атауы
Ж а я у
қолжетімділік
әлеуеті*
Сабақтарды жыл бойы
өткізу мүмкіндігінің
әлеуеті**
Жаппай
таралушылық
әлеуеті***
Ұлт мәдениеті үшін
әлеуметтік маңызы бар
әлеует ****
1 2 3 4 5 6
Би үйірмелері
1. Ұ л т т ы қ (
Халықтық) билер орташа иә орташа пайдаланылмайды
2. Балет орташа иә орташа пайдаланылмайды
3. Бал билері орташа иә орташа пайдаланылмайды4. Заманауи (
Эстрадалық)
билер
жоғары иә жоғары пайдаланылмайды
5. Хореографиялық
ансамбль орташа иә орташа пайдаланылмайды
Бейнелеу өнері үйірмелері
6. Кескіндеме, сурет
салу
жоғары иә жоғары пайдаланылмайды
7. Графика жоғары иә орташа пайдаланылмайды
8. К ө р к е м
фотосурет жоғары иә орташа пайдаланылмайды
9. Керамика және
мүсін жоғары иә орташа пайдаланылмайды
10. Мүсіндеу жоғары иә орташа пайдаланылмайды
Декоративтік-қолданбалы шығармашылық үйірмелер
11. Тоқу, кілем тоқу төмен иә төмен иә
12. Кестелеу жоғары иә орташа пайдаланылмайды
13. Бисермен өру жоғары иә орташа пайдаланылмайды
14. Тоқу жоғары иә орташа пайдаланылмайды
15. Киіз басу (тоқу) орташа иә орташа пайдаланылмайды
16. Ағаш ою орташа иә төмен жоқ
17. Зергерлік өнер орташа иә төмен иә
18. Макраме жоғары иә орташа пайдаланылмайды
19. Құрақ тігу жоғары иә орташа пайдаланылмайды
20. Тері өңдеу орташа иә төмен жоқ
21. Батик жоғары иә орташа пайдаланылмайды
22. Қағаз модельдеу,
оригами
жоғары иә орташа пайдаланылмайды
Театр және кино үйірмелері
23. Актерлік өнер жоғары иә жоғары пайдаланылмайды
24. Цирк өнері орташа иә орташа пайдаланылмайды
25. Қуыршақ
үйірмесі орташа иә орташа пайдаланылмайды
26. Режиссерлік өнер орташа иә орташа пайдаланылмайды
27. Сахналық сөйлеу орташа иә орташа пайдаланылмайды
28.
Деректі және
ойын (көркем)
киносы
орташа иә орташа пайдаланылмайды
29. Анимация и
мультипликация
орташа иә орташа пайдаланылмайды
30. Бейнетүсірілім
және монтаждау
орташа иә орташа пайдаланылмайды
31. Компьютерлік
графика орташа иә жоғары пайдаланылмайды
Заманауи АРТ-индустрия үйірмелері32. Визаж, грим жоғары иә жоғары пайдаланылмайды
33. Дефиле өнері орташа иә орташа пайдаланылмайды
34. Киімдерді үлгілеу
, пішу және тігу жоғары иә орташа пайдаланылмайды
35. Флористика,
икебана жоғары иә орташа пайдаланылмайды
Вокалдық үйірмелер
36. Эстрадалық вокал орташа иә жоғары пайдаланылмайды
37. Вокалдық
ансамбль орташа иә орташа пайдаланылмайды
38. Хормен ән айту орташа иә орташа пайдаланылмайды
39. Академиялық ән
айту орташа иә орташа пайдаланылмайды
40. Домбырамен ән
салу
орташа иә орташа пайдаланылмайды
41. Гитарамен ән
айту орташа иә орташа пайдаланылмайды
42. Халық әні орташа иә орташа пайдаланылмайды
Аспаптық орындаушылық үйірмелер
43. Пернелі аспаптар орташа иә жоғары пайдаланылмайды
44. Ішекті аспаптар орташа иә жоғары пайдаланылмайды
45. Үрмелі аспаптар орташа иә орташа пайдаланылмайды
46. Эстрадалық
аспаптар
орташа иә жоғары пайдаланылмайды
47. Ұрмалы-соқпалы
аспаптар
орташа иә орташа пайдаланылмайды
48. Халық аспаптары орташа иә орташа пайдаланылмайды
49.
Оркестр,
аспаптық
ансамбль
орташа иә орташа пайдаланылмайды
50. Домбыра орташа иә жоғары пайдаланылмайды
Музей ісі үйірмелері
51. Өлкетану орташа иә төмен иә
52. Археология орташа жоқ төмен иә
53.
М ә д е н и
құндылықтарды
реставрациялау
төмен иә төмен иә
54. Гид (экскурсия
жүргізуші) орташа иә төмен иә
Әдеби үйірмелер
55. Айтыс орташа иә төмен иә
56. Поэзия, проза жоғары иә төмен иә
57. Көркем оқу жоғары иә төмен жоқ
58. Шешендік өнер жоғары иә орташа пайдаланылмайдыБасқалары
59. Шығармашылық
шеберхана
Ескерту:
*Жаяу қолжетімділік әлеуеті – білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының
қолда бар инфрақұрылымы, тұрғын үй инфрақұрылымы негізінде сабақ өткізу үшін
өнім берушінің инфрақұрылымын іске қосу жеңілдігі бойынша шығармашылық түрін
бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің
әлеуетін бағалау үшін мынадай жіктеуішті пайдаланады:
"жоғары": көппәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольдық және тұрғын
үй-жайларда өрбіту мүмкіндігі;
"орташа": білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының
объектілері мен құрылыстарының базасында өрбіту мүмкіндігі;
"төмен": арнайы жабдықтары мен үй-жайлары бар арнайы құрылыстар жағдайында
ғана және ұлт мәдениеті үшін елеулі маңызы болған жағдайда өрбіту мүмкіндігі;
** Сабақтарды жыл бойы өткізу мүмкіндігінің әлеуеті – шығармашылық түрін
маусымдылық пен ауа райы жағдайларына арнайы тәуелділіктің болуы немесе болмауы
бойынша бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган
шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуішті пайдаланады:
"ия": қызметтер жыл бойы көрсетілуі мүмкін;
"жоқ": маусымдық тәуелділік бар және тізімге енгізілмейді.
***Жаппай таралым әлеуеті – факторлар кешенімен, оның ішінде жаяу жүру
қолжетімділігімен, ілеспе шығындардың құнымен және тарихи қалыптасқан
сұраныспен байланысты халық арасында шығармашылық түрін бағалау өлшемшарты.
Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін
келесі жіктеуішті пайдаланады:
"жоғары": шығармашылықтың түрі халықтың кең ауқымында тұрақты жоғары
сұранысқа ие;
"орташа": шығармашылықтың түрі халықтың кең ауқымында қалыпты сұранысқа
ие;
"төмен": шығармашылықтың түрі халықтың шағын шеңберінде ғана сұранысқа ие
және ұлт мәдениеті үшін маңызды;
**** Ұлт мәдениеті үшін елеулі маңызы бар әлеуеті – жаяу қол жетімділіктің және
жаппай таралымның төмен көрсеткіштері бар түрлерге қолданылатын шығармашылық
түрін бағалау өлшемшарты. Ол талап етілетін әлеуметтік ортадағы балалардың мәдени
және шығармашылық дамуына әсер ету тұрғысынан шығармашылықтың осы түрінің
маңыздылығын талдау үшін қолданылады. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган
шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуіштер пайдаланылады:
"иә": қызметтің маңызды әлеуметтік мәні бар; "жоқ": көрсетілетін қызметтер көлемінің статистикасына сәйкес қызметтің айқын
әлеуметтік басымдығы жоқ.
***** Осы қосымшаның тізіміндегі бірнеше қызмет түрлерін оқыту кезектескен
кезде (араласатын), бірақ белгілі бір бөлімнен шығармашылықтың 3 түрінен аспайтын
шығармашылық үйірмені жүргізу тәсілі. Әртүрлі бөлімдерден қызметтерді
алмастыруға жол берілмейді.
Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
3-қосымша
Шығармашылық үйірмелер қызметтерін ұсынуға қойылатын талаптар
№
р/
с
Қызметтің атауы
Сапа нормативті Материалдық-техникалық базаға
қойылатын талаптар
бір балаға
айына сабақ
жиілігі (
төленетін
сабақтардың
ең көп саны
)
бір балаға
жылына
төленетін ішкі
есептік
іс-шаралардың
ең көп саны
сабақтың
басталуы
үшін
баланың
е ң
төменгі
жасы,
жыл
10 жасқа
дейінгі
балаларға
арналған
сабақтың
ең аз
ұзақтығы
, минут
1 0
жастан
асқан
балаларға
арналған
сабақтың
ең аз
ұзақтығы
, минут
инклюзивті
н е м е с е
интеграцияланған
т о п т а ғ ы
балалардың ең
көп саны, адам
арнайы
топтағы
балалардың
ең көп
саны, адам
жабдықтау
ж ә н е
қызмет
көрсету
күрделілігі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
БИ ҮЙІРМЕЛЕРІ
1.
Ұлттық (
Халықтық)
билер
12 6 4 60 90 20 10 орташа
2. Балет 12 6 4 60 90 20 10 орташа
3. Бал билері 12 6 6 60 90 20 10 орташа
4.
Заманауи (
Эстрадалық)
билер
12 6 6 60 90 20 10 орташа
5. Хореографиялық
ансамбль 12 6 10 90 20 10 орташа
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ҮЙІРМЕЛЕРІ
6. Кескіндеме,
сурет салу
8 4 4 60 90 10 8 өте төмен
7. Графика 8 4 6 60 90 10 8 өте төмен
8. К ө р к е м
фотосурет 8 4 10 - 90 10 8 низкая
9. Керамика және
мүсін 8 4 6 60 90 10 8 орташа
10
.
Мүсіндеу 8 4 4 60 90 10 8 өте төменДЕКОРАТИВТІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР
11
.
Тоқу, кілем тоқу 8 4 10 - 90 10 5 орташа
12
.
Кестелеу 8 4 10 - 90 10 5 өте төмен
13
.
Бисермен өру 8 4 6 60 90 10 5 өте төмен
14
.
Тоқу 8 4 10 - 90 10 5 өте төмен
15
.
Киіз басу (тоқу) 8 4 10 - 90 10 5 өте төмен
16
.
Ағаш ою 8 4 10 - 90 10 5 орташа
17
.
Зергерлік өнер 8 4 10 - 90 10 5 орташа
18
.
Макраме 8 4 6 60 90 10 5 өте төмен
19
.
Құрақ тігу 8 4 10 - 90 10 5 өте төмен
20
.
Тері өңдеу 8 4 10 - 90 10 5 орташа
21
.
Батик 8 4 10 - 90 10 5 төмен
22
.
Қағаз модельдеу,
оригами
8 4 6 60 90 10 5 өте төмен
ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО ҮЙІРМЕЛЕРІ
23
.
Актерлік өнер 8 4 10 90 10 8 орташа
24
.
Цирк өнері 8 4 10 90 10 8 орташа
25
.
Қуыршақ
үйірмесі 8 4 6 60 90 10 8 орташа
26
.
Режиссерлік
өнер
8 4 10 90 10 8 орташа
27
.
Сахналық
сөйлеу 8 4 10 90 10 8 өте төмен
28
.
Деректі және
ойын (көркем)
киносы
8 4 10 90 10 8 орташа
29
.
Анимация и
мультипликация
8 4 10 90 10 8 орташа
30
.
Бейнетүсірілім
және монтаждау
8 4 10 90 10 8 орташа
31
.
Компьютерлік
графика 8 4 10 90 10 8 орташа
ЗАМАНАУИ ART-ИНДУСТРИЯ ҮЙІРМЕЛЕРІ32.
Визаж, грим
8
4 10 90 10
5 төмен
33.
Дефиле өнері
8
4 10 90 10
5 орташа
34.
Киімдерді
үлгілеу, пішу
және тігу
8
4 10 90 10
5 орташа
35.
Флористика,
икебана
8
4
6 60 90 10
5 төмен
ВОКАЛДЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР
36.
Эстрадалық
вокал
8
4
4 60 90 10
8 орташа
37.
Вокалдық
ансамбль
8
4
6 60 90 10
8 орташа
38.
Хормен ән айту
8
4
6 60 90 10
8 орташа
39.
Академиялық ән
айту
8
4
6 60 90 10
8 орташа
40.
Домбырамен ән
салу
8
4
6 60 90 10
8 орташа
41.
Гитарамен ән
айту
8
4
6 60 90 10
8 орташа
42.
Халық әні
8
4
4 60 90 10
8 орташа
АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРІ
43.
Пернелі
аспаптар
12
6
6 60 90 10
5 орташа
44.
Ішекті аспаптар 12
6
6 60 90 10
5 орташа
45.
Үрмелі аспаптар 12
6 10 90 10
5 орташа
46.
Эстрадалық
аспаптар
12
6 10 90 10
5 орташа
47.
Ұрмалы-соқпалы
аспаптар
12
6 10 90 10
5 орташа
48.
Х а л ы қ
аспаптары
12
6
6 60 90 10
5 орташа
49.
Оркестр,
аспаптық
ансамбль
12
6 10 90 10
5 орташа
50.
Домбыра 12
6
6 60 90 10
5 орташа
МҰРАЖАЙ ІСІ ҮЙІРМЕЛЕРІ
51.
Өлкетану
8
4
6 60 90 10
8 өте төмен
52.
Археология
8
4
6 60 90 10
8 төмен53
.
М ә д е н и
құндылықтарды
реставрациялау
8 4 10 90 10 8 орташа
54
.
Гид (экскурсия
жүргізуші) 8 4 10 90 10 8 өте төмен
ӘДЕБИ ҮЙІРМЕЛЕР
55
.
Айтыс 8 4 10 90 10 5 өте төмен
56
.
Поэзия, проза 8 4 10 90 10 5 өте төмен
57
.
Көркем оқу 8 4 10 90 10 5 өте төмен
58
.
Шешендік өнер 8 4 10 90 10 5 өте төмен
БАСҚАЛАРЫ
59
.
Шығармашылық
шеберхана
Ескертпе:
*Мәдениет саласындағы уәкілетті органның сабақтар өткізу үшін жарақтандырудың
және инфрақұрылымға қызмет көрсетудің күрделілігін бағалау өлшемшартының келесі
мәндердің жол берілетін тізбесі болады:
"өте төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көппәтерлі
тұрғын үйлердің базасында, жертөле, цокольді үй-жайларда, оның ішінде тұрғын
үй-жайлар мен пәтерлерде жұмыс істей алатын инфрақұрылым;
"төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көп пәтерлі тұрғын
үйлер базасында, жертөле, цокольді үй-жайларында жұмыс істей алатын
инфрақұрылым;
"орташа" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін инфрақұрылым, бірақ
арнайы жабдықтың болуына байланысты қолданыстағы білім беру ұйымдарының
инфрақұрылымы, мәдениет және спорт ұйымдарының нысандары мен құрылыстары
негізінде ғана өрбуі мүмкін;
**Жеке қызмет ретінде шығармашылық шеберханаға қойылатын талаптар
шығармашылық шеберхананың құрамына кіретін қаржыландырудың ең жоғары жан
басына шаққандағы нормативі бар шығармашылық үйірме сияқты белгіленеді.
Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
3-қосымша
Түзету коэффициенті мәндерінің тізімі ӨҢІРК
№ р/с Өңір Мәні
1 2 31. Ақмола облысы 0,29
2. Ақтөбе облысы 0,36
3. Алматы облысы 0,29
4. Атырау облысы 0,57
5. Батыс Қазақстан облысы 0,30
6. Жамбыл облысы 0,29
7. Қаоағанды облысы 0,37
8. Қостанай облысы 0,37
9. Қызылорда облысы 0,29
10. Маңғыстау облысы 0,37
11. Павлодар облысы 0,29
12. Солтүстік Қазақстан облысы 0,29
13. Түркістан облысы 0,12
14. Шығыс Қазақстан облысы 0,64
15. Нұр-Сұлтан қ. 0,73
16. Алматы қ. 0,75
17. Шымкент қ. 0,29
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМ

Дата публикации
13 мая 2021