Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы жанындағы "Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысының мәдениет,архивтер мен құжаттамалар басқармасы жанындағы «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы.

Кәсіпорынның мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218 үй, тел. 8-716-2-25-68-06.

Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұжымның мәдени-демалыс қызметін, қаржылық және өндірістік-шаруашылық ісін басқарады, қабылданған шешімнің нәтижесіне толық жауап береді. Аудандық мәдениет үйлері  құрылымдық бөлімшелерінің өзара қатынасын ұйымдастырады, әлеуметтік-мәдени басымдылықтар мен клубтардың заман талабына сай дамуын есепке ала отырып, олардың қызметін клубтық жұмыстарды дамытуға және жетілдіре түсуге бағыттайды.

Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мәдениет туралы» заңдары мен басқа да нормативті құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «өнер» немесе «гуманитарлы білім» немесе «қызмет көрсету» мамандығы бойынша жоғары білімнің бар болуы және басшы лауазымында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі. 

Конкурс Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сонымен қатар оның кандидатурасын келісу Ережелері негізінде  өткізіледі. 

     Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • еркін түрде жазылған өмірбаяны;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • білімі жөніндегі құжаттар көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының, соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау туралы және  еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтарынан үзінді көшірме;
  • бекітілген нысан бойынша денсаулық жөніндегі анықтама.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттармен танысады және 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасында өтетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218,  209-кабинет. Анықтама телефоны: 8-716-2-29-79-33, 8-716-2-29-79-32, каб.209.

Дата публикации
04 марта 2021