Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 05.01. № А-1/2 қаулысымен
бекітілген
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1) облыс аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;
1) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, облыс мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз ету;
2) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (аймақтық) байқаулар, фестивальдар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
3) уәкілетті органның келісімі бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық байқаулар мен фестивальдарды өткізуді ұйымдастыру;
4) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай –ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру және осы жөнінде ережені бекіту;
6) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді;
7) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
9) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда өзге де есептерді беру;
10) облыстың мәдениет нысандарына құрылыс жүргізу, қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары бойынша тапсырыс беруші болып табылады;
11) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
12) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
13) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
14) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
15) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді;
16) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
17) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзеді;
18) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
19) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғауды және пайдалануды жүзеге асырады;
20) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды қарастырады;
21) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;
22) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен өзге де әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
23) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдеу және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылау;
24) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;
25) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiндегі комиссиялар құру туралы ұсыныс енгізедi;
26) монументалды өнердің жаңа үймереттерін орнату жұмысын жүргізеді;
27) мемориалды тақта орнату жұмысын жүргізеді;
28) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, құрылыс салу және реконструкциялау жобаларын қарайды және келiседi;
29) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
30) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;
31) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) Ақмола облысы мәдениет басқармасының қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу;
2) облыс әкіміне мәдениет саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу, басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру, ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзу;
3) мәдениет объектілерін жобалау және салу бойынша ұсыныс енгізу, облыстың мәдениет және өнер салуды, техникалық базасын кеңейтуді бақылау;
4) ведомстволық бағынысты коммуналдық ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
5) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың жарғыларын (ережелерін) әзірлеуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысу;
6) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын белгілеу;
7) өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, сотта талап қоюшы және жауапкер болу.
1) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметінің қаржы-шаруашылық жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді белгіленген мерзімде қарау, келісу және бекіту, ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
3) коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органмен коммуналдық заңды тұлғаға тапсырылған немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді келісу;
4) «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты мәдени ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесін ұсынады.
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ ведомствоға бағынысты мәдени ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, сондай-ақ, ведомствоға бағынысты мәдени ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқауларын бекітеді.
жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Ақмола облысының
мәдениет басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша
Ақмола облысы мәдениет басқармасының қарамағындағы кәсіпорындар тізбесі
Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі