
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың орындалуы
Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде 63 өнім беруші қызмет көрсетеді, 220 үйірме жұмыс істейді, оларға 8,5 мың бала барады (барлығы 5 жыл ішінде ЖБ-дан 4 966,2 млн.теңге бөлінді. 2021 ж. -147,3 млн. тг., 2022 ж. - 1046,2 млн. тг., 2023 ж. - 1134,1 млн. тг., 2024 ж. -1279,3 млн. тг., 2025 ж. - 1359,0 млн. тг.)
Келесі бағыттар үлкен сұранысқа ие: кескіндеме, сурет салу, эстрадалық вокал, вокалды-хор ансамблі, хореографиялық ансамбльдер, заманауи эстрадалық билер, ұлттық халық билері, домбыра, халық әні, сәндік-қолданбалы өнер бағыттарының үйірмелері, бисер тоқу, кесу және тігу үйірмелері, тоқу, кесте тігу, актерлік өнер, компьютерлік графиканы оқыту. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың қатысушылары республикалық және халықаралық конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады, 2024 жылы 400-ден астам лауреат.