
«Көкшетау» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 3 қабатты, жеке тұрған, типтік ғимаратқа ие, ол 1970 жылы пайдалануға берілген, 2001 жылы толық қайта жаңартылған, ал 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» бағдарламасы шеңберінде ғимараттың қасбеті қайта жаңартылған (күрделі жөндеу). Қайта жаңғырту барысында «Алюкобонд» қасбеттік кассетасы «Травертин» қасбеттік тастарына ауыстырылды, сондай-ақ цокольды керамикалық тақтайшалар гранит тақтайшаларға ауыстырылды. Ғимараттың қасбетіне LED-экран, жарықдиодты көлемді әріптерден тұратын маңдайша жазуы және жарықдиодты жарықтандырылған логотип орнатылды. Ғимараттың жалпы ауданы – 5242,2 м².
«Көкшетау» Мәдениет сарайының негізгі міндеттері – барлық жастағы тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру және рухани сұраныстарын қанағаттандыру, жас ұрпақты адамгершілікке және эстетикалық тәрбиеге баулу, ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтау және дамыту.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сарайда дыбыс күшейткіш және жарық беру аппараттарымен, үлкен LED-экранымен қамтылған 600 орындық көрермен залы, көрме, би және балет залдары, гримерлік және үйірме бөлмелері, дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, интернетке қосылған компьютерлер бар. Сондай-ақ екі киім сақтау бөлмесі концерттік шараларға арналған костюмдермен жабдықталған.
«Көкшетау» Мәдениет сарайы – қаланың және облыстың басты мәдени және қоғамдық орталығы. Жыл сайын 200-ден астам мәдени шара өткізіледі, оларды он мыңдаған көрермен тамашалайды.
Жыл сайын кәсіби және күнтізбелік мерекелерге арналған концерттер, мерейтойлық іс-шаралар, түрлі шығармашылық байқаулар мен фестивальдер ұйымдастырылады.
Мәдениет сарайында 28 шығармашылық ұжым жұмыс істейді, онда 4-тен 80 жасқа дейінгі 900-ден астам адам өнер көрсетеді. Оның ішінде 10 ұжымда «Халықтық», 4 ұжымға «Үлгілі» атағы бар.
Барлық мамандар мен шығармашылық ұжымдардың жетекшілері кәсіби білімі бар тәжірибелі мамандар. Мәдени-көпшілік жұмыс және бос уақытты ұйымдастыру бөлімі барлық іс-шараларды: концерттер, байқаулар, фестивальдер, шоу-бағдарламалар, ертеңгіліктерді және т.б. өткізумен айналысады. Сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың жұмысын үйлестіреді: қатысушыларды қабылдау, кесте жасау, олардың қызметі туралы ақпарат жинау, дайындық сабақтары, концерттік қойылымдар мен гастрольдерді бақылау жұмыстарын жүргізеді.
2024 жылы «Көкшетау» мәдениет сарайында 227 іс-шара өткізіліп, 114 125 көрермен қатысты. Ақылы қызметтер жоспары – 24 056,0 мың теңге, нақты орындалғаны – 36 602,8 мың теңге.
2024 жылы: «Көкшетау» халықтық би ансамблінің 50 жылдығы және «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблінің 25 жылдығы атап өтілді.
2024 жылы «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары 20-дан астам халықаралық және республикалық байқауларға қатысты.
1-10 ақпанда Мәскеу қаласында «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы:
Заманауи би саласындағы «Хореограф Сергей Смирнов сыйлығы» VI Ұлттық сыйлығы - III дәрежелі лауреат заманауи би (12-16 жас)
Эстрада және балалар биі саласындағы «Хореограф Елена Барткайтис сыйлығы» VI Ұлттық сыйлығы - Эстрада биі номинациясында I дәрежелі лауреаты (12-16 жас), «Би эксперименті» номинациясында II дәрежелі лауреат (12-16 жас).
17 ақпанда Петропавл қаласында «Көкшетау» халықтық би ансамблі «Таланты Казахстана» музыка және хореография саласындағы Қазақстан Ұлттық байқауында І дәрежелі лауреат және Гран-при иегері атанды.
17 ақпан, Астана – «Көркемтау» домбырашылар ансамблі «CREATIVE AWARDS» көпжанрлық өнер байқауында екі мәрте І дәрежелі лауреат, солист Азаматұлы Амирали Супер Гран-при иегері атанды.
16 наурызда Көкшетау қаласында «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі «THE LEGACY SHOW ART SPRING 2024» республикалық шығармашылық фестиваліне қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша ансамбльдің негізгі құрамы «Эстрадалық би» және «Классикалық хореография» номинациялары бойынша ІІ дәрежелі лауреат, орта топ «Классикалық хореография» номинациясы бойынша 11-14 жас санаты бойынша ІІІ дәрежелі лауреат, «Классикалық хореография» және «Эстрадалық би» номинациялары бойынша 7-10 жас санаты бойынша ІІ дәрежелі лауреат атанды.
24 наурызда Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «DISNEY FESTIVAL» халықаралық көпжанрлық байқауы өтті. «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің солистері Айкоркем Жасуланова, Марат Альмира, Дюсембек Айша және «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының солистері Айганым Амринова, Аминат Хасанова 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды. 1-дәрежелі дипломмен «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің солистері Егінбаева Карина, Абенова Адия және «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының солисі Есемсейітова Альмира марапатталды.
Сәуір айында Қарағанды қаласында V Халықаралық қашықтықтан өткізілген "Ты звезда! Неуловимые таланты” фестиваль-байқауы өтті. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Корея Республикасының кәсіби қазылар алқасына фортепиано студиясының оқушылары «аспаптық жанр» номинациясында өз шеберліктерін ұсынды. Зарлыкова Наргиз 13-15 жас аралығында І дәрежелі лауреат атанды. Нурганым Журумбаева 13-15 жас санатында II дәрежелі лауреат атанды. Ярослава Погорелова 10-12 жас санатында II дәрежелі лауреат атанды. Оқушыларды оқытудағы және даярлаудағы кәсібилігі үшін студия жетекшісі Гладкова Элла Владимировна алғыс хатпен марапатталды. I дәрежелі лауреаттар болып Мустафина Адия (7-9 жас санаты), Сулеймен Айганым және Орал Султан (10-12 жас), II дәрежелі лауреаттар Доскожина Айлин және Дизендорф Полина (7-9 жас санаты), Жетерова Нұрай (10-12 жас санаты) атанды. Оқушыларды оқытудағы және даярлаудағы кәсібилігі үшін студия жетекшісі Елена Александровна Анашкина алғыс хатпен марапатталды.
4 мамырда Алматы қаласында «Таланты Казахстана» халықаралық байқауы өтті. Байқауға «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы мен «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің солистері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының қатысушылары Жұмабай Дариға, Амринова Айғаным, Есемсеитова Альмира, Хасанова Аминат ІІ дәрежелі лауреат атанса, Нұрлан Іңкар Бас жүлдені иеленді. Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің қатысушылары Қойбағарова Адема мен Бағдатов Рауан II дәрежелі, Абенова Адия, Әлім Көзайым мен Егинбаева Карина I дәрежелі, Дюсембек Айша Бас жүлде иегерлері атанды.
Мамыр айында Қарағанды қаласында "Ты звезда! Правнуки Победы!" IV Халықаралық онлайн фестиваль-байқауы өтті. Фортепиано студиясының жптекшісі Элла Гладкованың оқушылары 16-18 жас аралығындағы «аспаптық өнер - фортепиано» номинациясына қатысты. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Корея Республикасының кәсіби қазылар алқасы музыканттардың өнерін лайықты бағалады. Қасымханов Айтуар І дәрежелі лауреат атанды. Анастасия Бекжанова II дәрежелі лауреат атанды.
17 мамырда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының XV Ұлттық жастар Дельфий ойындарының өңірлік іріктеу кезеңі өтті. «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы «11-13 жас» және «14-17 жас» санаттарында І дәрежелі лауреат атанды.
19 мамырда Көкшетау қаласында «Сувенир» халықтық би ансамблі «JAS DARYN» байқау жобасының «SHOW DANCE» Халықаралық байқау-фестиваліне қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ансамбльдің орта және кіші топтары І дәрежелі лауреат атанды, ансамбльдің орта тобы І дәрежелі лауреат және Гран-При иегері атанды, ансамбльдің негізгі құрамы Гран-При, VIP-Гран-При және 30 000 теңге сомасына ақшалай сертификат иегері атанды. Көкшетау қаласында «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы «JAS DARYN» байқау жобасының «SHOW DANCE» Халықаралық байқау-фестиваліне қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ұжым І дәрежелі лауреат және 3 Гран-При иегері атанды.
1 маусымда «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің кіші тобы Алматы қаласында өткен «Танцуй всей душой» халықаралық хореографиялық өнер байқауында І дәрежелі лауреат атанды.
2 маусымда Шымкент қаласында «Танцуй всей душой» халықаралық хореографиялық өнер байқауы өтті. Кәсіби қазылар алқасының құрамы «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің кіші тобын лайықты бағалады. Байқау қорытындысы бойынша ансамбль І дәрежелі лауреат атанды.
29 маусымда Астана қаласында «Жұлдыздар жарығы» халықаралық балалар-жасөспірімдер шығармашылық байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы мен «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің триосы Гран-при, «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының триосы мен «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі I дәрежелі лауреат атанды, солистері: Дюсембек Айша Гран-при иегері, Лукпанова Жанель мен Табын Анхар I дәрежелі лауреат атанды. Қатысушылардың жетекшісі Хасенова Айымгүл Ақылбекқызы Алғыс хатпен және «Сахна жұлдызы» медалімен марапатталды.
30 маусымда Астана қаласында «I am superstar» халықаралық шығармашылық өнер байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясының триосы мен «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің триосы Гран-при иеленді, «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі I орынды иеленді, солистер: Дюсембек Айша мен Табын Анхар Гран-при, Жанель Лукпанова I орын иеленді. Қатысушылардың жетекшісі - Хасенова Айымгүл Ақылбекқызы алғыс хатпен және «Үздік педагог» медалімен марапатталды.
13 шілде күні Ақтау қаласында балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында өткен республикалық көпжанрлы «Алтын қазына» фестиваль-байқауына «Он алты қыз» халықтық би ансамблі қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ансамбльдің негізгі құрамы Гран-при жүлдесін жеңіп алды, негізгі және орта тобы І дәрежелі лауреат атанды. Сонымен қатар, Каримжанова Лаура мен Ементаева Жансая – І дәрежелі лауреат, ал Аман Адина – Гран-при иегері атанды.
14 шілде күні Ақтау қаласында музыка және хореография саласындағы «Таланты Казахстана» атты ұлттық байқау өтті. Бұл байқауда ансамбльдің орта тобы Гран-при иегері атанды, ал негізгі топтың қатысушылары Лаура Каримжанова мен Жансая Ементаева Гран-при жеңімпаздары болды.
21-24 тамыз күндері Көкшетау қаласында «SILK WAY CREATIVE GAMES» шығармашыл жастар форумының аясында XV Ұлттық Дельфий ойындары өтті. Бұл байқауға «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы «Заманауи би» номинациясы бойынша қатысты. Кәсіби қазылар алқасының шешімімен ұжым 11-13 жас санатында ІІ дәрежелі лауреат, 14-17 жас санатында І дәрежелі лауреат атанды.
26 қыркүйек күні Қарағанды қаласында аға буын өкілдеріне арналған «Өнерім – өмірім» атты ашық шығармашылық байқауы өтті. Бұл байқауға халықтық ардагерлер хоры «Хор ұжымдары мен ансамбльдер» және «Жеке орындау» номинациялары бойынша қатысты. Кәсіби қазылар алқасының шешімімен Халықтық ардагерлер хоры мен вокалдық топ ІІ дәрежелі лауреат атанып, ақшалай сертификатқа ие болды. Байқауға қатысқан әрбір өнерпазға алғыс хаттар табысталды.
22-25 қазан аралығында Сочи қаласында өткен «Сердце Сочи» IX Бүкілресейлік хореографиялық өнер байқауына «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы қатысты. Кәсіби қазылар алқасының шешімімен ұжым «Заманауи би» номинациясы бойынша (аралас жас санаты) І дәрежелі лауреат, «Эстрадалық би» номинациясы бойынша (11-13 жас санаты) І дәрежелі лауреат, «Эстрадалық би» номинациясы бойынша (аралас жас санаты) І дәрежелі лауреат, «Заманауи би» номинациясы бойынша (11-13 жас санаты) ІІ дәрежелі лауреат атанды. Сонымен қатар, ұжым «Хореографиялық өнердегі шығармашылық ізденісі үшін» қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.
16 қараша күні Қарағанды қаласында «Сувенир» халықтық би ансамблі VIII Халықаралық «Storm dance» би чемпионатына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша ансамбль ГРАН-ПРИ, бес 1-орын және ақшалай жүлде иеленді. «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі VIII Халықаралық «Storm dance» би чемпионатына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ансамбль ГРАН-ПРИ, І орын және ақшалай жүлдеге ие болды.
22-25 қараша аралығында «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымының кіші тобы Сочи қаласында өткен Балалар биі саласындағы Гранттық Премияға қатысты. Кәсіби қазылар алқасының шешімімен ұжым «Эстрадалық би» (7-8 жас) номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат, «Эстрадалық би» (7-8 жас) номинациясы бойынша ІІ дәрежелі лауреат, ақшалай сыйлық сертификатының иегері, сондай-ақ Екатерина Гурвичтің арнайы жүлдесін («Голод ни тётка» нөміріндегі ерекше балетмейстерлік шешімі үшін) жеңіп алды. Ұжымға Мәскеу қаласында өтетін эстрадалық би премиясына («LevelUp» шығармашылық қозғалысының үздік хореографиялық ұжымдары арасындағы жабық бүкілресейлік байқау) шақыру берілді.
Желтоқсан айында Алматы қаласында І Республикалық «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» шығармашылық байқауы өтті. Байқау онлайн форматта ұйымдастырылды. «Музыкалық аспаптарда ойнау» номинациясы бойынша қазылар алқасының назарына фортепиано студиясы оқушыларының шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Педагог Элла Гладкованың оқушылары: Курметова Алина, Погорелова Ярослава, Журумбаева Нурганым, Зарлыкова Наргиз. Педагог Елена Анашкинаның оқушылары: Мустафина Адия, Жетерова Нурай, Орал Султан, Доскожина Айлин, Әлібек Сезім, Мейрамов Барух. Байқауға қатысқан барлық оқушылар әртүрлі жас санаттары бойынша І орын алғаны үшін дипломдармен марапатталды.
21 желтоқсан күні Астана қаласында «Көкшетау» халықтық би ансамблінің орта және негізгі тобы «Вспышка Талантов» халықаралық хореографиялық байқауында өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша ансамбль әртүрлі жас санаттары бойынша 6 ГРАН-ПРИ жеңіп алды.
2025 жылы «Көкшетау» мәдениет сарайы 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Сондай-ақ, «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің және «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің 25 жылдықтарына орай мерекелік концерттер ұйымдастырылады.