
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ облыс әкімінің 2001 жылғы 29 қарашадағы № А 7/43 қаулысы негізінде құрылып, мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын Орталықтың құрылтайшысы Ақмола облысының әкімдігі болып табылады.
Ақмола облысы әкімдігінің 12.08.2005 ж. № а-8/264 қаулысы негізінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.
Орталық қызметінің мақсаты, тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, қалпына келтіру, насихаттау және пайдалану жөніндегі жұмысты үйлестіру.
Ақмола облысының аумағында 1780 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бар. Оның ішінде: 1239 - археология ескерткіштері; 533-қала құрылыс және сәулет ескерткіштері; 8 - табиғи ландшафт. Оның ішінде: Республикалық маңызы бар 6, жергілікті маңызы бар – 1037, алдын ала есепке алу – 737. Киелі нысандар 47, оның ішінде жалпыұлттық маңызы - 10, өңірлік маңызы бар - 37.
Жыл сайын дерлік «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасы аясында археология ескерткіштерінде барлау, күзет-құтқару жұмыстары жүзеге асырылады. Олардың ортақ мақсаты — ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету.
Бұдан басқа, мекеме қызметінің басым бағыттары БАҚ арқылы тарихи-мәдени мұраны насихаттау, тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жай-күйін бақылау болып табылады.