Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік мәселелер бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларының қатысуымен түсіндірме беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Қосшы қаласы әкімдігі тұрғындарды тұрақты түрде қабылдайды. Жеке қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тапсырыс беруші:Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, БСН 050140002890, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89-үй, тел.: +7 (716-2) 25-19-86, электрондық пошта: natur@aqmola.gov.kz.
Әзірлеуші:Аspan TauLTD» ЖШС, БСН 051040009034, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қалқаман-2 шағынауданы, Сланов көшесі, 6-үй, тел.: +7 (727-3) 72-20-78, электрондық пошта: tau_aspan@mail.ru.
Жобалық құжаттамамен ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстар 2026 жылғы 2 қарашадан бастап 10 жұмыс күні ішінде ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// қабылданады.
Қосшы қаласы әкімінің өкімімен Нұрсұлтан Нүркенұлы Мұхаметқалиев қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Нұрсұлтан Мұхаметқалиев 1993 жылы туған. Жоғары білімді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «Синергия» университетінде құқықтану ғылымының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2016 жылы құқық қорғау саласында бастаған. Әр жылдары Астана қаласының полиция департаментінде, экономикалық тергеу органдарында және жеке секторда түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2025 жылдан бастап Қосшы қаласы әкімінің аппаратында қызмет етіп, аумақтық-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы, кейін әкім аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған.
Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!
Қосшы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 4 тамыздағы Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев салтанатты түрде табыстады.
Жиын барысында қала әкімі марапат иелерін құттықтап, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегі мен отбасы институтын нығайтуға қосып жүрген өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелерін мемлекеттік наградаларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қала аумағында қоқыс шығару жұмыстарымен айналысатын компанияның жұмысын қарап, қоқыстың уақытылы шығарылмауы, қоқыс жәшіктері орналасқан аумақтардың тиісті деңгейде тазаланбауы және санитарлық талаптардың сақталмауы бойынша бірқатар кемшіліктерге ескерту жасады.
Анықталған кемшіліктерді жедел жоюға қатаң тапсырма берді.
Тапсырма тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда, компаниямен жасалған шартты бұзу мәселесі шұғыл қаралатын болады.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қала аумағында жалпы тазалық жұмыстары жүргізіледі.
📅 2 қазан
⏰ 15:00
📍 Қала аумағы
Қаламыздың көркін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстау — баршамызға ортақ іс.
Тазалыққа үлес қосып, қаламызды бірге көркейтейік!
Көкшетауда Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларынан аға буын өкілдерін біріктірген кездесу өтті. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған шара ардагерлерді мерекемен құттықтап қана қоймай, олардың ел дамуына қосқан көпжылдық еңбегі мен өмірлік тәжірибесіне алғыс білдіруге мүмкіндік берді.
Қонақтарға арнайы бағдарлама әзірленді. Олар «Жағалау» жағалауындағы серуенге қатысып, Kokshe Arena спорт кешені мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды. Күннің маңызды оқиғаларының бірі – Көкшетаудағы ауқымды қайта жаңғыртудан өткен жаңартылған теміржол вокзалының ашылу рәсіміне қатысу болды.
Іс-шара соңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен кездесу өтті. Жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде өңір басшысы аға буынның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы айрықша рөліне тоқталды.
«Сіздердің буындарыңыз Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосты. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен елге деген адалдықтарыңыз Отанымыздың тарихында мәңгі сақталады.
Бүгінгі таңда өңіріміздің қол жеткізген жетістіктері көп жағдайда сіздердің еңбектеріңіздің арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысы еңбекқорлық, жауапкершілік, бастамашылдық және өз ісіне адалдық сияқты құнды қасиеттерді өскелең ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын үнемі атап өтіп келеді», – деді Марат Ахметжанов.
Кездесу барысында көп жылын адал еңбекке арнаған азаматтарды құрметтеу рәсімі де өтті. Еңбек саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін Рашид Гайнуллин, Бейсембай Найкин және Галина Автаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Жәнібековтер отбасын алтын тойымен құттықтады. Сондай-ақ бірқатар аға буын өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды.
Кештің жылы атмосферасын концерттік бағдарлама жалғастырды. Қонақтарға шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бүгінде Ақмола облысында 118 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Ардагерлер қозғалысы 20 аудандық және қалалық кеңесті біріктіріп, 855 бастауыш ұйымның басын қосып отыр. Өңірде бір Ұлы Отан соғысының ардагері, 2,5 мыңға жуық тыл еңбеккері, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлері мен Қазақстанның Еңбек Ерлері тұрады.
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы
Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 қыркүйек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.