Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

19.03.2025 ж.

Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев орынбасарларымен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Келген азаматтар тарапынан тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек, балаларға ойын алаңын салу, көше жарығы, қала ішін қардан тазарту, жол құрылысы, құжат және коммуналдық тариф бойынша мәселелер көтерілді.

Барлық сұрақ назарға алынды, тиісті шешім қабылданатын болады.