"Заң керуені" акциясы өтті

"Заң керуені" акциясы өтті

Бүгін Қосшы қаласы әкімі Гайдар Қасенов, Ақмола облысы прокурорының орынбасары Серік Ілиясов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Есілбек Рамазанов , Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу Департаменті басқармасының басшысы Ерік Іңкәрбаев және облыстың мемлекеттік, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен "Заң керуені" акциясы өтті.
Акцияға 50-ден астам қала тұрғындары, кәсіпкерлер, облыс және қала Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Акция аясында халықтың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді, қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтардан сақтық шаралар, терроризм актілері туралы жалған хабарлардың, басқа ұлт өкілдері туралы жағымсыз сөздердің жол берілмейтіндігі туралы, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде тәртіп сақтау, соның ішінде заңсыз шерулерге (митингілерге) жол бермеу бойынша хабарлады.
Барлық қатысушыларға осы тақырып бойынша профилактикалық жадынамалар табыс етілді.
Акция қорытындысы бойынша облыс прокурорының орынбасары мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, мүдделі мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды.